мiндеттер жүктелген органдардың
немесе ұйымдардың өтініштері,
сондай-ақ
прокурордың талабы бойынша қаралады.
2. Ата-ана құқықтарынан айыру туралы iстер прокурордың және қорғаншылық немесе
қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын
органның қатысуымен
қаралады.
3. Ата-ана құқықтарынан айыру туралы iстi қарау кезiнде сот ата-ана құқықтарынан
айырылған ата-аналардан алимент өндiрiп алу туралы мәселенi шешедi.
4. Егер сот ата-ана құқықтарынан айыру туралы iстi қарау кезiнде ата-аналардың iс-
әрекетiнен қылмыстық жазаланатын
әрекет белгілерін байқаса, ол
мұны жеке қаулымен
прокурордың назарына жеткiзуге мiндеттi.
5. Ата-ана құқықтарынан айыру туралы сот шешiмi заңды күшiне енген күннен бастап
үш күн iшiнде сот бұл шешiмнiң үзінді көшiрмесiн баланың
тууын мемлекеттiк тiркеу
орыны бойынша тіркеуші органға және баланың тұратын
жері бойынша қорғаншылық
немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге
асыратын органға жіберуге
мiндеттi.
Достарыңызбен бөлісу: