«Неке (ерлі-зайыптылық) жңне отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы №518-іv кодексі



Pdf көрінісі
бет202/295
Дата08.02.2022
өлшемі0,99 Mb.
#119178
түріКодекс
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   295
Байланысты:
Неке

бұр.ред.қара
)
3. Осы Кодекстің 
139-
бабына
 
сәйкес кәмелетке толмаған балаларға төленетін алимент 
бойынша берешектің мөлшерін алимент төлеуге міндетті адамның алимент өндіріп 
алынбаған кезеңдегі жалақысы мен өзге де кірісін негізге ала отырып, сот орындаушысы 
айқындайды. Егер алимент төлеуге міндетті адам осы кезеңде жұмыс істемеген болса 
немесе оның табысы мен өзге де кірісін растайтын құжаттар тапсырылмаса, алимент 
бойынша берешек сол берешекті өндіріп алу кезіндегі Қазақстан Республикасындағы 
орташа айлық жалақының мөлшері негізге алына отырып айқындалады.
Бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан адамдар үшін, егер 
борышкер осы кезеңде жұмыс істемеген болса, алимент бойынша берешек бір айлық 
есептік көрсеткіш мөлшерінде айқындалады. 


4. Сот орындаушысының алимент бойынша берешекті айқындауымен келіспеген 
кезде кез келген тарап Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен сот 
орындаушысының іс-әрекетіне шағым жасай алады. 
5. Баланың алимент төлеуден жалтарып жүрген ата-анасын іздестіру кезеңінде 
төленген, балаға Қазақстан Республикасының балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік 
жәрдемақылар туралы 
заңнамасында
 
белгіленген ай сайынғы жәрдемақы сомалары 
төленген сомалардың он пайызын бюджет кірісіне есептеу арқылы сол ата-аналардан 
өндіріп алынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   295




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет