170-
бап. Алимент бойынша берешекті төлеуден босату
1. Алимент бойынша берешекті төлеуден босату немесе тараптардың келісімі
бойынша алимент төлеген кезде осы берешекті азайту, кәмелетке толмаған балаларға
алимент төлейтін жағдайларды қоспағанда, тараптардың өзара келісімі бойынша
жүргізілуі мүмкін.
2. Алимент төлеуге міндетті адамның талап-арызы бойынша сот, егер алимент осы
адамның науқастануына байланысты немесе басқа да дәлелді себептер бойынша
төленбегенін және оның материалдық және отбасылық жағдайы алимент бойынша пайда
болған берешекті өтеуге мүмкіндік бермейтінін анықтаса, оны алимент бойынша
берешекті төлеуден толық немесе ішінара босатуға құқылы.
Достарыңызбен бөлісу: |