171- бап. Алиментті уақтылы төлемеу 1. Алимент төлеу туралы келісім бойынша алимент төлеуге міндетті адамның және
(немесе) сот шешімі бойынша алимент төлеуге міндетті адамның кінәсінен берешек пайда
болған кезде кінәлі адам алимент алушыға кешіктірген әрбір күні үшін төленбеген
алимент сомасының оннан бір пайызы мөлшерінде тұрақсыздық айыппұлын төлейді.
2. Алимент алушы алименттің уақтылы төленбеуіне кінәлі адамнан алиментті төлеу
жөніндегі міндетін орындауды кешіктіруден келтірілген бүкіл залалының тұрақсыздық
айыппұлымен жабылмаған бөлігін де өндіріп алуға құқылы.
172-