Өтінішке бала тауып алынған кездегі уақыт, орын және мән-жайлар көрсетіле отырып,
ішкі істер органы немесе қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды
жүзеге асыратын орган жасаған хаттама немесе акт; тауып алынған баланың жасы мен
жынысын растайтын медициналық ұйым берген құжат және басқа да бала туралы дербес
мәліметтер қоса тіркеледі.
2. Медициналық ұйымда баладан бас тартылған жағдайда, осы ұйымның әкімшілігі
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нысан бойынша анасының
жазбаша өтінішін ресімдеу жөнінде шаралар қолданады.
3. Баланы белгісіз ана қалдырып кеткен жағдайда медициналық ұйымның әкімшілігі
екі куәгердің қатысуымен хаттама жасайды. Тууды мемлекеттік тіркеу кезінде хаттамалар
тастанды (ата-анасы бас тартқан) баланы тіркеу туралы медициналық ұйымның
лауазымды адамының өтінішіне қоса беріледі.
197-
Достарыңызбен бөлісу: