«Неке (ерлі-зайыптылық) жңне отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы №518-іv кодексі


бап. Өлі туған немесе өмірінің алғашқы аптасында шетінеген баланы



Pdf көрінісі
бет230/295
Дата08.02.2022
өлшемі0,99 Mb.
#119178
түріКодекс
1   ...   226   227   228   229   230   231   232   233   ...   295
Байланысты:
Неке

бап. Өлі туған немесе өмірінің алғашқы аптасында шетінеген баланы 
мемлекеттік тіркеу
1. 
Өлі туған баланы және өмірінің алғашқы аптасында шетінеген баланы мемлекеттік 
тіркеу тіркеуші органда бала туған немесе шетінеген кезден бастап бес тәуліктен 
кешіктірілмей жүргізіледі.
2. Баланың өлі тууы медициналық ұйым немесе жеке дәрігерлік практикамен 
айналысатын дәрiгер берген перинатальдық қайтыс болуы туралы медициналық куәліктің 
негізінде тіркеледі.
Өлі туған баланың туу туралы куәлігі берілмейді. Ата-анасының өтініші бойынша өлі 
туған баланы мемлекеттік тіркеу фактісін растайтын құжат беріледі.
3. Бала өмірінің алғашқы аптасында қайтыс болған жағдайда оның тууын мемлекеттік 
тіркеу - туу туралы медициналық анықтаманың негізінде, ал қайтыс болған жағдайда 
перинатальдық қайтыс болуы туралы куәліктің негізінде жүргізіледі.
Туу және қайтыс болу туралы жасалған актілер жазбаларының негізінде тек қайтыс 
болуы туралы куәлік қана беріледі. Ата-анасының өтініші бойынша баланың тууын 
мемлекеттік тіркеу фактісін растайтын құжат беріледі.
Одан әрі қайтыс болу туралы куәлік қана қайтадан беріледі.
4. Тіркеуші органға баланың өлі тууы туралы немесе баланың тууы және өмірінің 
алғашқы аптасында қайтыс болғандығы туралы мәлімдеу міндеті: 
1) бала туылған немесе бала шетінеген медициналық ұйымның басшысына;
2) дәрігері баланың өлі тууы, баланың өмірінің алғашқы аптасында қайтыс болуы 
фактісін анықтаған медициналық ұйымның басшысына; 
3) медициналық ұйымнан тыс жерде туған жағдайда жеке дәрігерлік практикамен 
айналысатын дәрiгерге жүктеледі.
198-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   226   227   228   229   230   231   232   233   ...   295




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет