бап. Бір жасқа толған және одан үлкен баланың тууын мемлекеттік тіркеу 1.
Бір жасқа толған және одан үлкен баланың тууын мемлекеттік тіркеу медициналық
ұйым немесе жеке дәрігерлік практикамен айналысатын дәрiгер берген белгіленген
нысандағы туу туралы құжаты болған кезде ата-аналарының немесе өзге де мүдделі
адамдардың жазбаша өтініші бойынша жүргізіледі.
Бала кәмелетке толғаннан кейін тууын мемлекеттік тіркеу оның жазбаша өтініші
бойынша жүргізіледі.
Өтінішке туу туралы медициналық куәлік, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің
тіркеуші органының туу туралы акт жазбасының жоқтығы туралы хабарламасы,
денсаулық жағдайы туралы анықтамалар, ата-анасының жеке басын, некесін (ерлі-
зайыптылығын) куәландыратын құжаттар, өтініш берушінің жеке басын куәландыратын
құжат қоса берілуге тиіс.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2- тармақ жаңа редакцияда ( бұр.ред.қара )
2. Бір жасқа толған және одан асқан баланың тууын мемлекеттік тіркеуді облыс,
республикалық маңызы бар қала, астана әкімдігінің тіркеуші органның қорытындысы
негізінде ауданның, қаланың тіркеуші органы жүргізеді.