бап. Баланың тууын мемлекеттік тіркеу кезінде оған тегін, атын, әкесінің атын беру тәртібі 1. Тууды мемлекеттік тіркеу кезінде баланың тегі ата-аналарының тегімен
айқындалады. Ата-аналарының тегі әртүрлі болған кезде балаға ата-анасының келісімі
бойынша әкесінің немесе анасының тегі беріледі. Ата-аналарының тілегі бойынша
баланың тегі ұлттық дәстүрлер ескеріле отырып, баланың әкесінің немесе атасының
атымен жазылады. Баланың тегіне қатысты ата-аналарының арасында туындаған
келіспеушіліктер сот тәртібімен шешіледі.
2. Азаматтардың тілегі бойынша ұлты қазақ адамдардың тегі мен әкесінің атын жазуда
қазақ тіліне тән емес: -ов, -ев, -ова, -ева, -ин, -н, -ины, -на, - овна, - евна, - ович, - евич
аффикстері алып тасталады, ал олардың орнына әкесінің атына: - ұлы, - қызы деген сөздер
қосылып бірге жазылады.
Жеке адамның тегіне «тегі», «ұрпағы», «немересі», «шөбересі», «келіні» деген және
басқа да сөздерді қосып жазуға жол берілмейді.
3.
Ұлты қазақ адамдардың әкесінің аты тегін ауыстырған кезде оның міндетті түрде
бірінші болып тұруына, одан кейін атының жазылуына жол беріледі, ал әкесінің аты
жазылмайды.
4. Басқа ұлт адамдарының тілегі бойынша олардың тегін, атын және әкесінің атын
жазу олардың ұлттық ерекшеліктеріне сәйкес жүргізілуі мүмкін.
195-