200-
бап. Баланың тууын салтанатты жағдайда мемлекеттік тіркеу
Ата-аналардың тілегі бойынша тіркеуші орган баланың тууын салтанатты жағдайда
мемлекеттік тіркеуді өз үй-жайында не арнайы осыған арналған мемлекеттік неке
сарайларында қамтамасыз етеді.
201-
бап. Баланың туу туралы жазбалар кітабына енгізілетін мәліметтер
Баланың туу туралы акт жазбасына мынадай деректер:
1) баланың тууын мемлекеттік тіркеу күні;
2) балаға берілген жеке сәйкестендіру нөмірі;
3) баланың туу туралы акт жазбасының нөмірі;
4) тегі, аты, қалауы бойынша - әкесінің аты, баланың жынысы, туған күні, айы, жылы,
туған жері;
5) туған балалардың саны (біреу, егіз немесе одан да көп бала);
6) баланың тірі туғандығы туралы немесе баланың өлі туғандығы туралы белгі;
7) баланың туу фактісін растайтын құжат туралы мәліметтер;
8) баланың заңды мекенжайы;
9) ата-аналарының тегі, аты, әкесінің аты (егер бар болса), туған күні, айы, жылы,
жасы, тұрақты тұрғылықты жері, заңды мекенжайы, азаматтығы, табыс көзі немесе жұмыс
орны, білімі және, егер жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілген болса,
олардың ұлты;
10) соның негізінде баланың әкесі туралы мәліметтер енгізілген құжат туралы
мәліметтер;
11)
өтініш беруші туралы мәліметтер;
12) берілген туу туралы куәліктің сериясы мен нөмірі енгізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |