Неке және отбасы құқығы бойынша тест сұрақтары



Дата08.02.2022
өлшемі24,28 Kb.
#121818
түріКодекс
Байланысты:
Ж. Неке ж не отбасы ы ы бойынша тест с ра тары


30.04.2020 ж.
Неке және отбасы құқығы бойынша тест сұрақтары

1.ҚР неке және отбасы кодексі қандай қатынастарды реттемейді?


А)неке-отбасы (ерлі-зайыптылық-отбасы) қатынастарын реттеудің мақсаттарын, міндеттерін, қағидаттарын және құқықтық негіздерін айқындайды
Б)отбасының дамуын Қазақстан Республикасының мемлекеттік әлеуметтік саясатының басым бағыты ретінде айқындайды
В)отбасы мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз етеді.
Г)ҚР азаматтарының мүліктік және мүліктік емес қатынастарын
Д) Барлығын.

2. Адамды дараландыратын және оның құқықтары мен міндеттерінің туындауымен, болуымен және тоқтатылуымен байланысты болатын заңдық тұрғыдан ресімделген мән-жайлар қалай аталады


А)Азаматтық хал актілері
Б)Азаматтық хал сипаттамалары
В)Азаматтық хал жағдайлары
Г)Азаматтық хал ақуалдары

3. Бір адам оны алуға құқығы бар екінші адамға беруге міндетті ақшалай немесе материалдық қаражат қалай аталады:


А)Алимент
Б)Компенсация
В)Моральдық өтемақы
Г)Сақтандыру төлемі

4.Ата-ана құқықтарының шектелуiне немесе олардан айрылуына, хабарсыз кеткен деп танылуына, қайтыс болған деп жариялануына, әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлетi шектелген деп танылуына, бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеуiне, бала тәрбиелеуден немесе оның құқықтары мен мүдделерiн қорғаудан жалтаруына, оның ішінде баланы тәрбиелеу немесе медициналық ұйымнан алудан бас тартуына байланысты, сондай-ақ ата-ана қамқоршылығы болмаған және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өз құқықтары мен мүдделерінің қажетті қорғалуын қамтамасыз етуге мұқтаж болған өзге де жағдайларда жалғыз ата-анасының немесе екеуінің де қамқорлығынан айрылған бала (балалар) қалай аталады:


А)ата-аналарының (ата-анасының) қамқорлығынсыз қалған бала (балалар)
Б)Ата-анаға мұқтаж балалар
В)Асырап алынған балалар
Г)Жетім балалар

5. Бала (балалар) дегеніміз кім:


А) он сегіз жасқа (кәмелетке) толмаған адам;
Б) он алты жасқа (кәмелетке) толмаған адам;
В) он төрт жасқа (кәмелетке) толмаған адам;
Г) жиырма бір жасқа толмаған адам;

6.Ата-аналар (ата-ана), балалар, асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек ағалы-інілер мен апалы-сіңлілер (аға-қарындастар), ата, әже, немерелер неке және отбасы заңнамасына сәйкес қалай аталады:


А)жақын туыстар
Б)туған-туыстар
В)құда-жекжаттар
Г)ағайындылар

7.Ерлі-зайыптылардың немесе олардың біреуінің отбасын құру ниетінсіз, Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен қиылған неке (ерлі-зайыптылық) қалай аталады:


А)жалған неке (ерлі-зайыптылық)
Б)заңсыз неке (ерлі-зайыптылық)
В)жалған неке (ерлі-зайыптылық)
Г)азаматтық неке (ерлі-зайыптылық)

8.Он төрт жасқа толмаған балалардың және сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғаудың құқықтық нысаны қалай аталады:


А)қорғаншылық
Б)қамқоршылық
В)патронаттық
Г)бала асырап алу

9.Он төрттен он сегіз жасқа дейінгі баланың (балалардың), сондай-ақ спирттік ішімдіктерге немесе есірткі заттарына салыну салдарынан сот әрекет қабілетін шектеген кәмелетке толған адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғаудың құқықтық нысаны қалай аталады:


А)қамқоршылық
Б)патронаттық
В)бала асырап алу
Г)қорғаншылық

10.Ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттерді туғызатын, отбасын құру мақсатында Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімімен жасалған еркек пен әйел арасындағы тең құқықты одақ қалай аталады:


А)неке
Б)отбасы
В)жанұя
Г)мемлекет

11. Жетім балалар, ата-аналарының (ата-анасының) қамқорлығынсыз қалған балалар қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган мен баланы (балаларды) тәрбиеге алуға тілек бiлдiрген адам жасайтын шарт бойынша отбасыларға патронаттық тәрбиеге берілетін тәрбие нысаны қалай аталады:


А)патронат
Б)приют
В)жанұялық отбасы
Г)балалар үйі

12.Шартқа сәйкес тапсырыс берушілер үшін қосалқы репродуктивтік әдістер мен технологиялар қолданылғаннан кейін құрсақ көтеретін және бала (балалар) туатын әйел:


А)суррогат ана
Б)қамқор ана
В)патронат ана
Г)тәрбиеші ана

13.Неке (ерлі-зайыптылық) жасы еркектер мен әйелдер үшін:

А)он сегіз жас
Б)Он алты жас
В)Жиырма жас
Г)Он жеті жас

14.Дәлелді себептер болған жағдайда неке жасы төмендетілуі мүмкін:


А)16 жасқа
Б)14 жасқа
В)15 жасқа
Г)17 жасқа

15.Неке қию (ерлі-зайыпты болу) некеге отыруға (ерлі-зайыпты болуға) тілек білдірушілер тіркеуші органға өтініш берген күннен бастап қанша мерзім өткен соң жүргізіледі:


А)бір ай мерзім
Б)екі ай мерзім
В)он күн мерзім
Г)он бес күн мерзім

16. Некені бұзу туралы өтініш түскен сәттен бастап неше айдан кейін бұзылады


А)1 ай
Б)2 ай
В)3 ай
Г)4 ай

17.Сот тараптарға татуласу үшін қанша айға дейін мерзім бере отырып, істі қарауды кейінге қалдыруы мүмкін


А)6 ай
Б)5 ай
В)3 ай
Г)4 ай

18.Жарамсыз деп танылған некеден туындаған мүліктік мәселелер қай заңнамаға сәйкес сотта қаралады:


А)ҚР азаматтық кодексімен
Б)ҚР неке және отбасы кодексімен
В)ҚР жеке және заңды тұлғаларлдың өтініштерін қарау туралы заңға сәйкес
Г)ҚР Әкімшілік кодексімен

19.Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері қай кезден бастап туындайды:


А)неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркелген күннен бастап
Б)бірге тұрған сәттен бастап
В)өтініш жазған күннен бастап
Г)балалары дүниеге келген сәттен бастап

20.Ерлі- зайптылардың бірлескен ортақ меншігі дегеніміз:


А)Ерлi-зайыптылар некеде тұрған (ерлі-зайыпты болған) кезінде жинаған мүлiктері
Б)Ерлi-зайыптылар некеге тұрғанға (ерлі-зайыпты болған) дейінгі жинаған мүлiктері
В)Ерлі-зайыптылардың әпқайсысының өз қаражатына жеке сатып алған мүліктері
Г)Ерлі-зайыптылардың отбасына кіргізген пайдасына қарай есептелетін мүліктері

21.Некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдардың келiсiмi немесе ерлi-зайыптылардың некедегi (ерлі-зайыптылықтағы) және (немесе) ол бұзылған жағдайдағы мүлiктiк құқықтары мен мiндеттерiн айқындайтын келiсiм қалай аталады:


А)неке шарты
Б)келісім шарт

В)сыйға тарту шарты


Г)өтемақы шарты

22.Неке шартының заңды нысаны:


А)Жазбаша
Б)Жазбаша немесе ауызша
В)Ауызша
Г)Мәмілеге келу жолымен

23. Неке шарты нотариалды түрде куәландыруға жатады ма:


А)Міндетті түрде
Б)Міндетті емес
В)Егер жұбайлар қажет деп тапса
Г)Тек АХАЖ органына тіркесе жеткілікті

24. ҚР шығу тегі, ұлтына және азаматтығына қарай некеге тұруға:


А)Тиым салынбайды
Б)Тиым салынады
В)ҚР азаматтарына шетел азаматтарымен некеге тұруға тиым салынады
Г)Егер халықаралық шартта рұқсат етілмесе шетел азаматымен ҚР азаматына некеге тұруға тиым салынады.

25. Бір жынысты адамдардың арасында некеге отыруға рұқсат етіледі ме?


А)Жоқ
Б)Ия
В)Заң тиым салмаған
Г)Заң ол мәселені қарастырмаған

26. Некеге отыруға (ерлі-зайыпты болуға) тілек білдірушілерге медициналық, сондай-ақ медициналық-генетикалық тексеруден өту міндетті ме?


А)Жоқ
Б)Міндетті
В)Егер АХАТ органы қажет деп тапса міндетті
Г)Егер, ата-аналары қажет деп тапса міндетті
Д)Егер екі тараптың біреуі қажет деп тапса міндетті.

27. Некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдарды зерттеп қараудың нәтижелері :


А)Медициналық құпия болып табылады
Б)Медициналық құпия болып табылмайды
В)Бәріне қолжетімді ақпарат болып саналады
Г)Мемлекеттік құпия болып саналады
Д)Мемлекеттік құпия болып саналмайды

28. Некені (ерлі-зайыптылықты) зайыбының жүктілігі кезеңінде және бала туғаннан кейінгі неше жыл ішінде оның келісімінсіз бұзуға болмайды:


А)1
Б)2
В)5
Г)Бала кәмелет жасқа толмайынша
Д)Бала үш жасқа толмайынша.

29.Қандай заттар неке бұзылған жағдайда бөлінуге жатпайды?


А)кәмелетке толмаған балалардың қажеттерiн қанағаттандыру үшiн сатып алынған заттар (киiм-кешек, аяқкиiм, мектеп және спорт керек-жарағы, музыкалық аспаптар, балалар кiтапханасы және басқалары) бөлуге жатпайды
Б)барлық заттар бөлінуге жатады
В)тұрмыстық техника
Г)бағалы қағаздар
Д)банктегі әр жұбайдың өз салымы мен есеп шоттағы жинақтары.

30. Ата-ана құқықтарынан айыруды кім шешеді?


А)Сот
Б)Ата-аналар кеңесі
В)АХАЖ органы
Г)Нотариус
Д)Прокурор

31. Ата-ана құқықтарынан айыру ата-аналарды өз баласын күтіп-бағу мiндетiнен босатады ма?


А)босатпайды
Б)босатады
В)ішінара босатады
Г)толықтай босатады
Д)ондай мәселе заңда қарастырылмаған.

32. Ата-ана құқықтарынан айыру ата-аналарды өз баласын күтіп-бағу мiндетiнен қай кезде толықтай босатады?


А)Баланы өзге адамдар асырап алған жағдайда
Б)Бала кәмелеттік жасқа толғанда ғана
В)Бала өзі өтініш берген кезде ғана
Г)Бала мемлекеттің қамқорлығына өткен кезде ғана
Д)Ешқашан босатылмайды.

33.Ата-аналық құқықты қалпына келтіру мүмкін емес:


А)Егер бала асыралып алынса
Б)Бала қаламаса
В)Сот мүмкін емес деп шешсе
Г)АХАЖ органы басшысы қарсы болса
Д)Бұл мәселе заңда мүлде қарастырылмаған.

34. Бала асырап алушы мен асырап алынушы баланың жас айырмасы кем дегенде неше жас болуға тиіс?


А) он төрт
Б)он жеті
В)он сегіз
Г)он бес
Д) он алты.

35. Неше жастан бастап баланы асырап алу үшін оның келісімі қажет:


А)10
Б)12
В)13
Г)14
Д)16

36.ҚР неке және отбасы кодексі қашан қабылданды?


А)2011 жылғы 26 желтоқсанда
Б)2010 жылғы 26 желтоқсанда
В)2012 жылғы 26 желтоқсанда
Г)2013 жылғы 26 желтоқсанда

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет