Немат Келімбетов Үміт үзгім келмейді


—  Əй, Раушан! Сен қашан доктор боласың? — дейтін. Мұндайда əзілге ол əзіл сөзбен жауап беретін: —



Pdf көрінісі
бет12/18
Дата30.11.2023
өлшемі1,09 Mb.
#194265
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   18
Байланысты:
Үміт үзгім келмейді

— 
Əй, Раушан! Сен қашан доктор боласың? — дейтін. Мұндайда əзілге ол
əзіл сөзбен жауап беретін:
— 
Бір үйге бір доктор жетпей ме? Еркектердің намысына тигім келмейді.
Озып кетсем Ақылбек ренжиді ғой. Əйтпесе осы күнге дейін академик
боп қалар едім.
Ақылбек ойда жоқта, аяқ астынан, өз үйінде отырып- ақ ауыр
дертке тап болды. Бірден ашу үстінде аяқ-қолы істемей сал боп
қалды. Дəрігерлер миға қан құйылған — геморрагиялық инфаркт,
яғни инсульт деп тапты.
Бір қызығы мұндай науқасқа үндемес, ешкімнің бетіне қарсы
келмейтін, сырт көзге қойдан жуас, қозыдан момақан боп көрінетін
адамдар көбірек шалдығады екен. Өйткені осындай көңіл жықпас,
«ұстамды» жандар өздерін басқалар жерден алып, жерге салып жəбірлеп
жатса да мыңқ етпейді ғой. Қарсы келіп, ауыз ащпайды. Өзінің əділдігін
айтып, əділетсіз жалаға қарсы күреспейді. Бойында қазандай қайнап,
асаудай тулап жатқан қыруар ашу- ыза толқындарын ақылға жеңдіріп
сыртқа шығармай басып тастай береді.
Бірақ адам табиғаты мұндай «қорлыққа» шыдамайды. Жамандық
бірте-бірте ұмытылып, өзінен-өзі ғайып боп кетпейді. Құдды удай ащы
запыран тəрізді адамның жүрегіне там-тұмдап жылдар бойы жинала
береді екен. Адам бойындағы тулаған албырт та, асыл сезімді ұдайы
тұншықтыра беру де қиянат емес пе? Біз өз бойымыздағы бұдқынып


жатқан ыстық сезімді ұдайы ақыл-парасатқа жығып бере берсек не
болмақ?
Тым құрыса екеуінің тізгіннің қатар ұстасақ қайтеді? Жұртқа шамадан тыс
сыпайы,
«ұстамды» боп көріну үшін тиісті сөзіңді де айтпай, қоқыр-соқырдың
бəрін кепелеп ішке жинай беру дұрыс па?
Ақылбек бүгін осындай ауыр ойларға шомып жатыр еді. Əсіресе, ол
əйеліне, сірə, қарсы келіп, өз пікірін айтып, дəлелдеп көрген емес.
Отбасын құрып, бір шаңырақтың астында бірге өмір сүргелі бері бір
мəрте де Раушанға «Мынауың дұрыс емес», — деген жоқ. Рас, жаңадан
қосылған жылдары оқта-текте болса да өз пікірін айтып қалатын. Бірақ
одан ештеңе өнбейтініне көзі жеткен соң ауыз ашпайтын боп алды
Ал, əйелі сөзін малданбаған соң онымен айтысып жатудан не
пайда деп ойлайтын Анда-санда дөң айбат көрсетіп, ашуын
тарқатып алуға балалары да үйде емес
Шіркін-ай, кезінде адамға бала да керек, баланың сотқарлығы да керек
екен-ау. Үйдің шаңын шығарып, қым-қиғаш қызыл шеке боп жатқан
ылғи боқташақ тентектерге «Тəйт! Ойқастамай тыныш отырыңдар!» —
деп бір зекіп тастасаң да əжептəуір бойың жеңілдеп, онша-мұнша шерің
тарқап қалмай ма?


Басы аман, бауыры бүтін кезінде-ақ Ақылбек балаларын аңсайтын.
Сағынатын Оқта- текте ауылға бара қалса, балаларын оңаша шығарып
алып «Бір рет мені папа деп айтшы, құшақташы мені, құлыным», — деп
өз балаларына өзі жалынатын
Əйтсе де, Ақылбек өз жүрегінің терең түпкірінде «мен мұндалап»
тулап жатқан осы бір аялы ойларын əйеліне сездірген емес. Не де болса
іштей күйіп, іштен тынып, лəм-мим демей жүре беретін. Ерлі-
зайыптылар сонша жыл ішінде бір рет те ағынан жарылып сырласқан
емес. Бет жыртысып, ұрысқан да емес. Сырттай сыйластық сақтайтын-
ды
Адамның ішкі жан-дүниесі əлемдегі жақсы-жаман қазынаның бəрі
ішіне сыйып кете беретін ертегіде кездесетін сиқырлы қапшық емес қой.
Қанша мықты десек те, сыр сандықтың қақпағын оқтын-оқтын ашып,
ішкі сырды сыртқа шығарып тұрмаса қиын екен. Мұндай «төзімді»
адамдар күндердің күнінде аяқ астынан жарылып, бүлқан-талқан
болғанда өзін танымай қаласыз. Құдды қопарғыш зат — динамит
абайсызда от тиіп жарылғандай оқыстан гүрс ете түседі. Мұндайда
алдымен əлгі адамның өзі мертігіп кетуі ықтимал деп кім ойлаған
десеңізші.
Ақылбектің осыған əбден көзі жетіп, көңілі сенгелі қашан. Он тоғыз
жыл бойы там- тұмдап жиналған ашу- ыза ақыры ішіне сыймай асып-
тасып бір күні фонтанша атылды. Бұған əйелінің: «Арман оқуға түсті ғой,
енді оны институттың жатақханасына жіберейік»,
— 
деген бір ауыз сөзі себеп болды. Мұны естігенде Ақылбек бірден аппақ,
қудай боп-боз боп, жүзінде бір тамшы қаны қалмай, қасындағы
креслоға мықшиып отыра кетті.
Ə дегенде, ол тапа-тал түсте төбесінен жай түскендей есеңгіреп,
əйелінің не айтып, не қойғанын ұқпай, аңқиып тұрып қалғандай еді.
Біраздан кейін ғана есін жиып алғандай, əлгі сөздердің шын мəн-
мағынасын аңғарғандай болды. Сонда ғана көздері қанталап, түгі
сыртына шығып, Раушанды тірідей жүндемек боп тұра ұмтылды. Сабыр
суы сарқылды-ау деймін. Бірақ бір-екі аттады да, тəлтіректеп барып сылқ
құлап түсті.
Оны ес-түссіз күйінде жедел жəрдем машинасы ауруханаға əкетті.
Ең беделді деген дəрігерлер көрді. Алайда, Ақылбек сол жығылғанынан
қайтып тұра алмай-ақ қойды.
Иə, Ақылбек жер қозғалып, əлем-тапырық боп жатса да былқ


етпей, жайбарақат жүре беретін ауыр мінезді жан еді. Өмір атты алып
мұхиттың қаһарлы толқындарына да бейне бір мызғымас жартастай
бəріне де төтеп беріп, қасқиып тұра беретін-ді.
Əйтсе де, таудай долы толқындар күндіз-түні тынымсыз соққылай
берсе, сол жартастың өзі де сүйектей мүжіліп, бірте-бірте шегіне түсетін
сəттері де ұшырасады екен. Өмір соққысы кімге де болса жеңіл
соқпайтыны мəлім ғой. Əйтсе де, Ақылбек шегінген жоқ. Ол өзгелер
тəрізді басқа түскен тауқыметке аһлап, уһлеп күйіп- піскен емес.
Көлденең келген көк аттыға мұңын шағып, жүрегін дастарқанша жайған
жоқ. Қол сынса жең ішінде деп, өз отбасының сырын сыртқа
шығармауға тырысты. Зілдей ауыр ойларын тірі жанға тіс жарып айтқан
емес, сірə.
Ал, оның қазіргі жан төзгісіз азап қасіреті адам түгілі, атан түйеге
ауырлық қылар еді. Екі аяғы да сал боп, қыбыр етіп қозғалуға мұршасы
келмей, үш жылдан бері төсегінен бір мəрте де тұрып көрмей, көк
жамбас боп сарғайып жападан-жалғыз жатқан Ақылбектің көзіне тік
қараудың өзіне адамның жүрегі дауалай бермейтін.
Иə, ол үш жылдан бері жападан-жалғыз жатыр. Жоқ. Əйелі
Ақылбекті тастап, ажырасып кеткен жоқ. Осы үйде. Арман да осында.
Бəрі осы үйде. Əйтсе де, Ақылбек жалғыз...
Рас, алғашқы күндері Раушан күн сайын күйеуін ваннаға өзі көтеріп
салып, шомылдырып, жиі-жиі көрпетөсегін ауыстырып, күні-түні бəйек
боп қасынан шықпай жүрді. Күн ұзаққа тырп етпей төсекте жатқан
күйеуінің жанында үн-түнсіз отырып, кейде


көзіне жас алатын. Ақыры Ақылбектің де көңілі жібіп, жаны бусанып
алғашқы райынан қайта бастады. Бəрі де біртіндеп өзінің бұрынғы,
үйреншікті ырғағына түсіп келе жатқандай еді.
Бірақ бітіп келе жатқан жараның бетін көп ұзамай Раушан қайта
тырнап, дал-дұлын шығарып тастады.
Бұл оқиға ойда жоқта, аяқ астынан болды. Ақылбектің науқасын
дəрігерлер егжей- тегжейлі зерттей келіп, ақыры ол енді өз аяғымен жер
басып жүре алмайды деген қорытындыға келді. Бірінші топтағы
мүгедек ретінде оны құрметті демалысқа шығару жөнінде шешім
қабылданды.
Мұны естігенде, Раушан есінен танып қала жаздады. Өз құлағына
өзі сенерін де, сенбесін де білмеді. Оған қас қағымда айнала төңіректің
бəрі бұлдырап, сағымданып, тұман басып кеткендей болды. Өзіне
əлденелерді айтып жатқан бір топ ақ халатты адамдардың ауыздары
жыбырлап, қолдары ербеңдеп көрінсе де, дауыстары естілмейтін сияқты.
Бейне бір кино көріп отырғандай еді.
Раушан құдды сең соққан балықтай есеңгіреп, есінен айрылып
қалғандай болды. Жоқ. Ақылбекке жаны ашып емес, оны елең қылған
да жоқ. Раушан қазір өз қамы, өз тағдыры үшін ғана абыржып отыр.
Оған тап қазір ақыр заман болатындай, кең дүние өзінен-өзі тарылып
бара жатқандай боп кетті. Төрт бөлмелі үйде, сіресіп тұрған дүние-
жиһаздар да, ай сайын екі рет өзі шытырлатып санап алатын
профессордың айлығы да қолынан сусып шығып, түпсіз тұңғиыққа
батып бара жатқандай боп көрінді.
Бөлмеде ерлі-зайыпты екеуі ғана қалды. Ақылбекті ауруханадан
əкелген бір топ адам қоштасып шығып кетті. Жаңа есік алдында күйеуін
жедел жəрдем машинасынан түсіріп жатқанда, Раушан терезеден қарап
тұрған. Бұлардың пəтері зəулім үйдің бесінші қабатында еді. Төрт жігіт
терлеп-тепшіп жүріп, Ақылбекті бесінші қабатқа əрең шығарды. Ол өзі
онша ауыр да емес еді. Мына қуықтай тап-тар, жыландай ирелеңдеп
жатқан тас баспалдақтардан ұп-ұзын, ебедейсіз зембілді алып жүру
ақыреттен қиын болды.
Зембілдің бір жағын бас дəрігердің өзі көтеріпті. Соның өзінен-ақ
Раушан іштей тіксініп, секем алып қалған еді. Сол күдігі расқа
шықты.
Міне, Ақылбек биік кереуетте шалқасынан түсіп, қыбыр етпей
жатыр. Аз күнде-ақ жалы жатып, қоңы түсіп қалған секілді. Əлде жаңа


ғана айтылған «зейнеткер», «мүгедек» деген сөздер еңсесін езіп жіберді
ме екен? Əлде бүгінгі күнге дейін маңдайын күн шалмаған мына
əйелінің ертеңгі күні не болады деп толғана ма? Əлде əкесіне жоламай,
тосырқап, жатырқап жүрген ұлы Арманның өз колында өспегеніне, оның
балалық қылықтарын көре алмағанына өкініп жатыр ма? Кім білсін?
Əйтеуір шаңыраққа қараған күйінде бір нүктеден көзін алмай, мелшиді
де қалды.
Жаңағы бас дəрігердің бір ауыз сөзі Раушанның бүкіл өмірін көз
алдына елестетіп жібергендей болды. Ол Раушанды оңаша шақырып
алып, күйеуіне енді күні-түні күтім қажеттігін қайта-қайта табыстады:
— 
Ең бастысы — ықылас. Əдетте мұндай науқастар жасық, тіпті жылауық
боп қалады. Ренжітіп алмаңыз. Қас- Қабағына қараңыз. Бір-екі ай, біраз
көндігіп алғанша үйде болыңыз. Көбірек қасында отырыңыз. Институт
директорымен өзім сөйлесем. Сізді бір- екі айға қызметтен босатуын
сұраймын. О жағынан қам жемеңіз. Жадыңызда сақтаңыз.
Ақылбектің ендігі дəрігері Сіз боласыз. Бəрі де енді сізге байланысты.
Ал, біз қолдан келгенін аянбаймыз. Біздің көмегіміз қажет бола қалса,
қысылмай дереу телефон соғыңыз.
Раушанның есіне бұдан бірнеше жыл бұрын дүние салған өз анасы
түсті. Ол да нақ осы Ақылбек сияқты ойда жоқта екі аяғынан бірдей
айрылып, сал боп қалған еді. Сол


жылы Раушан өзінің туып-өскен аулындағы орта мектепті бітіріп,
кəмелеттік аттестат алды.
Көйлек-көншегін чемоданға салып, Раушан қалаға оқуға
жүрмек боп жиналып жатқанда да ауыл қариялары əлгіндей ақыл
айтып, жынына тиген:
— 
Шырағым, əкең болса соғыста өлді. Мына шешең байғұс аяқтан қалды.
Мешел кемпірді жалғыз тастап қайда барасың?! Сен бұл бейшараның
маңдайдағы жалғызысың ғой, оқу қашпас. Əзірге оны қоя тұр. Қайда
барсаң да екі қолға бір жұмыс қой. Осы колхозда-ақ істе. Біз де саған
бөтен емеспіз. Қарап қалмаспыз.
Бірақ бұл сөздер айдарынан жел есіп тұрған он сегіз жасар
Раушанның құлағына кіріп те шыққан жоқ. «Ақылы алқымынан аспаған
мына кəрі-құртаңның данышпансып, біреуге кеңес бергенін қарашы» деп
ойлады ол. Мен он жыл бойы не үшін оқыдым? Үйде омалып отыру
үшін бе? Əлде колхоздың сиыр қорасын тазалап, бүкшеңдеп сиыр сауып
жүру үшін бе? Жоқ. Мектепте менен де нашар оқыған қыздар білім іздеп
басы ауған жаққа кетіп жатыр ғой. Солардан қай жерім кем? Мен де
барам қалаға. Ал, шешем өзі-ақ түсінеді ғой. Қарсы болып, бағымды
байлай қоймас. Асарын асап, жасарын жасап болған жоқ па ол?!
Қасында отырғанда не тындырам? Бəрібір ол ауруынан айығып, аяғына
мініп кетпейді ғой. Дəрігерлер солай деді. Демек, жолымнан қалмауым
керек.
Ақыры Раушан екі аяғы бірдей сал боп жатқан шешесін
жамағайындарының біріне табыс етіп, бір-екі айда кеп қалам деп қалаға
тартып отырды. Ауру кемпір бөтен адамның қолына қарап, жалтаң көз
боп қала берді. Күн ұзаққа есікке телміре қарап қызын күтіп жатады да
қояды. Бірақ қызы сол кеткеннен мол кетті. Институтты бітіріп
Ақылбекке тұрмысқа шыққанша аулына қарап аяқ басқан жоқ. Бара қалса
ажал аузында жатқан анасы етегіне жармасып, жабысып, жібермей
қоятындай боп тұратын.
Бірақ бес жылдан кейін Раушан туған аулына Ақылбекті ертіп
барғанда анасы жармасқан да, жабысқан да жоқ. Тіпті қызының сəлемін
де қабыл алмады. Бейне бір өзіне таныс емес бөгде адамды көргендей үн-
түнсіз бедірейіп жата берді.
Тек сəлден кейін барып қана алдымен кебірсіген еріндері дір-дір
етті де, артынша қарлыққан өлсіз дауыспен сөйлей бастады:
— 
Тасбауыр! Келдің бе, ақыры?! Бес жыл бойы қараңды көрсетпей қайда


қаңғып жүрсің?! Ақша бетің тілінгір- ау, енді не деп кеп тұрсың?!
Тумай, туа шəккір! Мыналар,
— 
деп кемпір өзі жатқан үйдің адамдарын иегімен меңзеп, — маған
тумаса да туғандай болды, мені бөтенсімей алақандарына салып, жас
баладай əлпештеп отыр. Өле-өлгенше өкіметке де ризамын. Кешегі
азды-көпті еңбегімді ұмытпапты. Зейнетақы берді. Обалы не керек, осы
ауылдың кəрі-жасы мен десе аяқтарынан тік тұрады. Сыйлайды. Соғыс
құрбаны болған əкеңнің аруағын құрметтейді. Мен бейбақ сені жалаң
аяқ жар кешіп, қызыл аяқ қыр кешіп, жесір жүріп өсіріп едім, жетпегір.
Сондағы көрсеткенің осы ма?!
Ел-жұртқа масқара қылдың! Жоқ. Туған анаңнан безіп, сен өзің жұртқа
масқара болдың ғой. Құдай- ау, мен бала емес, қара тас туған екем! Енді
ант мезгілім де алыс емес, — деп кемпір бір ауыр күрсініп алды. — Сен
шіріген жұмыртқа! Бар айтарым, ақ сүтімнің айы ұрсын сені, қарабет!
Кемпір ашу-ызаға булығып, одан əрі сөйлей алмай ентігіп, алқынып,
жөтеліп кетті. Сосын көпке дейін сазарып, үн-түнсіз жатты да қойды.
Тек Раушан үйден шығып кеткен соң ғана құдды қара тасты қақ жарып
шыққан жалғыз тамшыдай кемпірдің көзінен бір бүртік жас ыршып
түсті.
Өмірінде өз кінəсін, сірə, өзге түгілі өз арының алдында да мойындай
қоймайтын адамдар болады. Таудай қылмыс жасап қойса да ондайлар
өзін-өзі ар сотына салып, күйіп-


пісіп, əлекке түсіп жатпайды. Бар айыпты басқаларға арта салады да, өзі
сүттен ақ, қардан таза, бейкүнə періште боп жайбарақат жүре береді.
Раушан да сондайлардың бірі еді. Анасының аяғына жығылуға
барған жоқ ол. Ел- жұртқа мақтану үшін барды. Институт бітіргенін
білсін, күйеуге шыққанын көрсін. Дос- дұшпанның іші күйсін деп
ойлаған еді. Бірақ оған ешкім көз тоқтатып тамсанған жоқ.
Қайта кейбіреулер жиіркене қарағандай болды.
Ауылдан ол жай кеткен жоқ. Бетіне қарсы келген, яки «мұның не»
деген ағайын- туғанның бəрімен бет жыртысып, ала арқанын үзіп кетті.
«Алжып қапты», — деп анасын да айыптап кетті.
Сол жолы жұрттың бəрін өлердей жек көріп кетті. Абайсызда араға
таланып қалған адамдай алды-артына қарамай қашты. Сол кеткеннен
аулына ат ізін салған жоқ. Тіпті анасы марқұм болғанда да тырс еткен
жоқ. Бармады. Безірейіп жүре берді. Қайта бұрынғысынан гөрі арқабасы
кеңіп қалғандай сезінді.
Ақылбек өз əйелінің кім екенін арада он тоғыз жыл өткен соң ғана
там-тұмдап түсіне бастағандай еді. Басы аман, бауыры бүтінде ол хақында
шындап ойланған емес. Жұмыс басты, ер жанышты боп жүре берген екен.
Міне, бүгін Раушан да ой түпкірін ақтарып отыр. Бір кезде ағайын-
туыстары оған:
«Науқас анаңды бақ, қасында отыр», — деп еді. Ал бүгін тағы оған:
«Науқас күйеуіңді бақ, қасында отыр», — дейді. Бұл не? Тағдырдың
тəлкегі ме? Соңғы жылдары Раушан осы
«отыр» деген сөзді жиі естігені сондай, біреу «отыр» десе аза бойы қаза
болады.
«Лабароторияда отыр, кітапханада отыр, архивте отыр». Енді келіп, үйіңде
отыр дейді.
Əйтсе де, соның бəріне қасарысқандай-ақ Раушан отырған жоқ.
Қайта тыным таппай жүре берді. Қолды-аяққа тұрмады. Сəн ательесінде,
шаштараз салондарында, концерт залдарында, қонақта, дүкендерде тағы
басқаларда жүрді. Əлі де жүре бермек еді. Бірақ ойда жоқта Ақылбек
аяғына тұсау боп оралғалы тұр.
Жоқ! Ошақтың үш бұтынан шықпай, үй күшік боп езіліп отыра
беретін шор аяқ күң мен емес! — деп түйді Раушан іштей. Кетем! Көз
көрмес, құлақ естімес жаққа қаңғып кетем. Омалып отырғанда кімді
күтем? Нені күтем? Сарылып тағы жүз жыл күтсем де, Ақылбек бəрібір
енді қайтып аяғымен жер басып жүре алмайтыны хақ. Осылай масыл боп


жатқаны жатқан. Тіпті өздігінен дəрет сындыруға дəрмені келмейді.
Ертелі-кеш соның боқ-сідігін төгіп не мұратқа жетем? Ал, ол өз
мақсатына жетті: профессор болды. Сол кезде ол маған қарайлаған жоқ.
Қарасқан жоқ. Əйтпесе зерттеу тақырыбымыз да жақын еді. Неше рет
ашып айттым да. Бірақ ол желігі басылмай тұрғанда, жалына қол тигізбей
маңайына жуытпай қойды ғой. Тіпті маған бір жолы «Аузы-мұрның
қисаймай сондай сөзді қалай ғана айтасың?» — деп кейіп тастады емес
пе? Ол өзі кандидат, доктор да болды. Демек, əркім өзі үшін. Қара бастың
қамы үшін. Бұл — өмір заңы. Тағдырдың айдауына, өмірдің илеуіне
көнбейтін жан бар ма?! Ертең өсе келе Арман да өз жөнімен, өз жолымен
кетеді. Сонда мына менің қасымда кім қалады? Ақылбек пе? Бұрынғы
Ақылбек жоқ енді. Тек сүлдесі ғана қалған. Өлі мен тірінің арасында өз
жанымен арпаласып жатқан бейшара Ақылбек кімге керек дейсің.
Мүгедек ол. Тырп етуге дəрмені жоқ. Бірінші топтағы мүгедек. Алдына
қойған асты алып ішуге шамасы келмейтін мүгедек. Екі аяғы бірдей сал
боп, сарғайып жатқан жарымжан кімге сүйеу, кімге тіреу боп жарытар
дейсің.
Демек, дереу ажырасу керек. Бұған Ақылбек те қарсы бола қоймас.
Түсінеді ғой бəрін. Енді ешқашанда орнынан тұрып, жер басып жүре
алмасын біледі ол. Сондықтан
«Мен өлгенше қасымда күзетіп отыр» деуге өзінің де аузы бармас.
Бағымды байламас.


Өзі-ақ айтар деп ойлап едім, тырс етер түрі жоқ. Өлімнен басқаның
ертесі жақсы ғой. Тезірек ажырасып, тынсақ екен.
Əрине, неке бұзу онша қиынға соқпас. Заң мен жағында. Өлсең де,
тірілсең де мүгедекпен бірге тұр деп, сірə, мені ешкім зорлай алмайды.
Рас, дос-жарандар біраз күн өсек қылар. Мейлі. Бəрібір жұртқа
жақпайсың. Сөйлесең тақ-тақ дейді, сөйлемесең ақымақ дейді.
Гəп басқада. Ғұмыр бойы тірнектеп жиған дүниені қалай бөлісеміз?
Өзіміз бе, өлде сот арқылы ма? Өзіміз тындырсақ қатып кетер еді. Сот
араласса-ақ істің бүлінгені. Менің табысым тырнақ боятуға да жетпей
қалатыны рас. Ол менен бес есе көп жалақы алып келді. Демек, мына
дүние-жиһаздың көбі соған қала ма? Жоқ! Аузына түсіп тұрған астан
айрылып қалатын босбелбеу ынжығың мен емес, — деп Раушан іштей
өзін-өзі қайрай түсті. Арпалысып, алысып өлем! Ине-жіп те
қалдырмаймын. Бəрін əкетем. Күні-түні тыным таппай, көрінгенге көз
түрткі боп жинаған көз құртындай бұйымдарымды қалай ғана қиып
тастап кетем? Егер мен тырнақтап жинамасам мына араб кілемдері мен
жапон фарфорлары, румын үй жиһаздары мен чех хрустальдары қайдан
келер еді?! Аспаннан түсер ме еді? Жоқ. Ақылбек бəрін біледі. Арқа етім
арша, борбай етім борша боп осы кілемдерді қалай тасығанымды өзі де
көрген. Сол кезде- ақ үйге бір нəрсе алайын десем, керек емес деп
байбалам салатын. Мүмкін, оған қазір де керегі жоқ шығар? Шынында
да, мен несіне қайдағы бір қалың қайғыны төндіріп отырмын? Бір аяғы
жерде, бір аяғы көрде жатқан байғұсқа дүние-жиһаздың керегі не?!
Ақылбек өлердей бір беткей, тымырық адам ғой деп түйді Раушан.
Көпшігі қисайып кетпей тұрғанда ептеп- септеп көңілін аулай беру керек.
Əйтпесе ертең қызыл көз бəле арқасына қол тигізбей ойқастап кетсе...
Онда халім мүшкіл. Маған түк тимей, жер сипап қалуым ықтимал.
Тағы да мені құдай сақтапты деп Раушан іштей өз ойын ұштай түсті.
Тегінде, оқ қағарым бар шығар. Əйтпесе Ақылбектің қалай инсульт боп
қалғанын жұрт біліп қойса, екі аяғымды бір етікке тығады ғой. Өзі де
ауыз ашып, тірі жанға айтпапты. Қалай болғанын əзірге дəрігерлер де
білмейді. Əйтеуір бір күні аузынан қағынып қалмаса игі еді. Оған бармас.
Ынжықтығы жібере қоймас оған. Бұл сыр ашылмай, өзімен бірге молаға
көмілсе екен.
Жүзінде бір тамшы қан-сөл жоқ, боп-боз боп, ес-түссіз жатқан
Ақылбекті ауруханаға əкетіп бара жатқанын көргенде Раушан күйеуін
іштей өлілердің қатарына қосып қойған еді. Бірақ Ақылбек өлмепті. Оны


үш ай емдеп, бас дəрігердің өзі машинамен үйіне əкеп салды. Бұл белгілі
ғалымға, инабатты азаматқа көрсетілген зор құрмет еді. Оны Раушан
бірден түсінді.
Міне, Ақылбектің үйіне қайтып келгеніне де бүгін он бір күн боп
қапты. Бірақ науқастың беті бері қарар емес. Қайта күннен-күнге
əлсіреп, жанары сөніп бара жатқан сияқты.
Раушанның осы бір күдігі барған сайын қоюлана түсті. Əсіресе, ол
бүгін таңертең Ақылбек жатқан бөлмеге кіргенде иманы ұшты. Көзі
адырайып, жақ сүйектері ыржыңдап, адам бейнесі кеткен, құдды тірі
аруақтай үрейлі біреудің өзіне тесіле қарап төсекте жатқанын көргенде,
Раушан төбесінен мұздай су құйып жібергендей селк ете түсті.
Екі күннен бері ол күйеуі жатқан бөлмеге бас сұқпаған еді. Қас
қағымда өн бойы қалшылдап, мұздап кеткендей болды. «Бүгін өлетін
шығар» деген жымысқы ой Раушанға табанда сап етіп жармаса түсті.
Сұмдық бір қорқыныш сезімі оны билеп-төстеп, жан алқымнан
тұншықтырып əкетіп бара жатты.


Жоқ! Раушан тап қазір тағдыр қосқан жарынан, жан серігінен, үш
баланың əкесінен айрылып қалам-ау деп қорыққан жоқ. Бұл əйелдің
зəресін қашырып, үрейін алған мүлдем басқа нəрселер еді. Қазір оны сол
бір ауыр ойлар діңкелетіп, қыл мойынға тақап бара жатты.
Күйеуінің жамбасы жерге тиген күні-ақ ол өзінің қаздай қалқып,
үйректей жүзіп жүрген бейғам өмірінен, күйеуінің құрметіне
көрсетілген қошеметтен айрыларын, тіршіліктің бар тауқыметі өз
басына түсерін ұқты. Раушан осындай ойлардан үрейленген болатын.
17
Ақылбек мүгедек боп қалғалы бері де талай рет ауруханаға жатып
шықты. Ол оқтын-оқтын есінен танып, талықсып қала беретін дертке
ұшыраған еді. Ауруы күннен- күнге меңдеп бара жатты.
Бір жолы ол ауруханада үш айдай жатып қалды. Кеселі асқынып
кеткен екен.
Дəрігерлердің күшімен тірі қалыпты. Ажал аузынан аман шығыпты.
Ауруы ушығып Ақылбек қайта-қайта талықсып кетіп, қатты
қиналып жатқан күндердің бірінде аурухананың бас дəрігері
Раушанды шақыртып алды:
— 
Мына кризис өткенше аурудың жаныңда күндіз-түні күзетіп отыратын
адам керек. Мүмкін, өзіңіз отырарсыз. Күйеуіңіздің халі тым нашар.
Мұндай жағдайда науқастың қасында жақын кісілерінің болуына біз
рұқсат етеміз. Соны өзіңізбен ақылдасу үшін шақыртқан едім, — деді
бас дəрігер.
— 
Ойбай-ау, күндіз-түні сарылып отыратын уақыт қайда менде?! Қызмет
бар, үй ішінің шаруасы да аз емес. Оның үстіне, аурухана ішіндегі дəрі-
дəрмектің иісіне бір минут та төзе алмаймын. Ұнамсыз иіске аллергиям
бар. Кешірерсіз, — деді Раушан бет- аузы бүлк етпей.
— 
Жұмыс орныңызға біз өзіміз телефон соғып келісер едік, — деді дəрігер
енді қарсы алдында пəлсініп отырған Раушанға жақтырмай қарап.
Раушан əлденеден шошып кеткен адамдай-ақ ат-тонын ала қашты:
— 
Атай көрмеңіз. Ес-түссіз жатқан ауруды көрсем-ақ зəрем
ұшады.
Кешірерсіз... Өздеріңіз амалдап...
Раушан зып беріп кабинеттен шыгып кетті. Бас дəрігер бағанадан
бері бұлардың əңгімесін есітіп тұрған медсестра əйелге қарады.


Дəрігердің бұл көзқарасынан: «Көрдіңіз бе, қандай қатыгез əйелдер
болады» дегенді аңғару қиын емес еді.
Осы қара торы əйелді бас дəрігер өз ісін жетік білетін, аса ұқыпты
фельдшер ретінде ғана емес, ақ көңіл, инабатты адам ретінде де құрмет
тұтатын-ды.
Міне, бүгін осы медсестра жөніндегі ойының дұрыстығына тағы да
көзі жеткендей болды. Қашан да көздері мейірім ұшқынын шашып
тұратын əйел бас дəрігерден қиылып сұранып тұр:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет