Жәдитшілдік және әйел теңдігі мәселесі
немесе
Жәдидтік қозғалыстағы әйелдердердің рөлі
Қуандық М.
Астана халықаралық университетінің тарих 22-А тобының
студенті. Астана қ.
ғылыми жетекші: т.ғ.к., доцент Өскембаев Қ.С
Оқу-ағарту жолындағы жәдид қозғалысының негізін қалаған Исмаил Гаспринский, ол 1884 жылы Қырымда алғашқы жаңа әдіснамалық мектептің ашылуына себеп болды, дегенмен джадидизмнің бастауы әлдеқайда ертерек – XIX ғасырдың басында пайда болды [1]. Джадидизм өзінің мәні бойынша ақыл-ойдың ояуны жолында еңбек етті және мұсылмандарды еуропалық мәдениетке жақындатуға, қоғамның уақыттың қажеттіліктеріне сәйкес болуына бағытталған Ерекше мәдени қозғалыс болды. Алайда, Джадидизм тарихнамасында оны бүкіл мұсылман әлемі аясында исламды модернизациялау немесе мұсылман модернизмі ретінде анықтауға талпыныстар болды [2]. И. Гаспринскийдың идеясы Орта Азия территорияларына келіп жетті, Жәдитшілік ең жарық тұлғасы Ысмайыл Ғаспыралы еді. Еділдегі татарлардың арасында жәдидизмні Мұса Бигиев, Әбдінәсір Құршауи таратты. Кейін, жәдитшілік идеялары қазақ даласына және Түркістанға, Орта Азияға келген. Мұстафа Оразай, Әлихан Бөкейхан, Халел Досмұхамедұлы, Мағжан Жұмабаев, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Міржақып Дулатұлы жәдитшілік толқыны арқасында өз потенциалын көрсете алған. Өзбек халқы арасында М. Бехбуди, А. Авлони, И. Рахматуллаев, М. Расули, Комил Хорезми, Ы. Абиди, З. Фахриддин-заде деген жәдиттердің аттары қалған. М. Акмулла, М. Уметбаев, Р. Фахретдинов, З. Расулев та жәдитшілік «жарық жұлдыздары» болып саналанады [3].
Жәдидшілер өздерін халық арасында білім мен сауаттылықты таратуға, білімді өмір сүрудің ажырамас бөлігі деп тәрбиелеуге жауапты санады. Ал сауатты қоғам әрқашан ұлттық сананысы? ояу болады деп есептеді. Осының бәрі сайып келгенде, саяси реформалардың қажеттілігіктің өте маңызды екенін және алға қойылған міндеттерге қол жеткізу үшін тәуелсіздікке қол жеткізу қажет деген түсінікке әкелді [4]. Сол үшін жәдиттер оқу-ағарту мәселесіне ірі реформа керек деп мәлімдеді, діни сауаттылық емес еуропалық нақыштағы білім алуды алға тартты. Осы мақсатта олар жаңа әдіс бойынша мұсылмандық мектептерде оқушылар ұлттық тәлім-тәрбиеге негізделген дін пәндерімен қатар жазу, есеп, география, тарих, орыс тілі, т.б. өмірге қажетті пәндерді оқитын болды. Жәдид Мектептері “Ібтидай” (бастауыш) немесе “рушти” (5 - 6 жылдық) болып, жергілікті халықтың қаражатымен ашылды. Мектептерде балаларға бұрынғы “иман шартының” орнына “Муаллим эввел” (Бірінші мұғалім) және “Муаллим сани” (Екінші мұғалім) ұсынылды. Сонымен бірге балаларды мектепте ана тілінде оқуға, жазуға үйретіп, география, тарих, арифметика және т.б. пәндерден алғашқы білім беріле бастады. Жәдидшілер балаларды “жаңа әдіспен” оқытуды жақтады, ал олардың құрған мектептері жаңа әдіс, яғни “ұсулы жәдид” мектебі аталды. Балаларды “жаңа әдіспен” оқыту жолындағы ағым Еділ бойындағы татарлардан басталады. Содан Астрахан, Орынбор арқылы Батыс Қазақстанға, біртіндеп Қазақстанның өзге өңіріне тарады. Қазақстанда кеңінен етек жая бастаған Жәдид Мектептері мен медреселердің ішіндегі ірілері “Мамания”, “Расуле”, “Ақтас”, т.б. болды. Мұнда жоғарыда аталған оқулықтармен бірге араб, түркі, қазақ, орыс, дін, тарих, география, жануартану пәндерінен ғылыми түсінік беретін кітаптар пайдаланылды [5]. Мұсылман реформаторлардың өздерінің алға қойған алғы мақсатттары болды,олар Ислам діні арқылы көптеген білімге арналған пайдалы реформалар мен сол заманда қоғамда көтерілмеген басты проблема әйел теңдігін орнатуды алға қойды. Джадидизмнің маңызды аспектілерінің бірі оның әйелдердің сауаттылығы мен қоғамдағы теңдікке аса қатты көңіл бөлу болды. Жадиттік қозғалысқа дейін мұсылмандар басым көптеген аймақтарда әйелдердің білімі әрі құқығы шектеулі болды және көбінесе, үйде отырып қоғамнан оқшауланып діни біліммен тұрмыстық шаруалармен шектеліп ғана отырды.Жадиттік реформаторлар мұсылман қоғамына модернизация мен жаңалықтар қосты.Ағартушылар тек қана діни білімдер емес, сонымен еуропалық стандартта сәйкес қатар математика, жаратылыстану ғылымдары, әдебиет және тілдер сияқты пәндерді қамтитын заманауи біліммен қамтамасыз ету үшін мектептер ашу жолында көптеген еңбек етті. Бұл мектептер нәзік жандылар қауымын сауаттылығын арттыру және әйелдерге білім берудегі жолдарында тұрған дәстүрлі кедергілерді жоюда біраз жұмыстарды бастан атқарды Джадид қозғалысы Орталық Азиядағы және ол әсер еткен басқа аймақтардағы әйелдердің сауаттылық деңгейін арттыруда маңызды рөл атқарды. Жалпы, жәдитшілдік 20 ғасырдың басында білім беру реформасы мен гендерлік теңдікке деген кең тенденцияны көрсете отырып, әйелдердің сауаттылығы мен білім беруінің мұсылмандар басым болған аймақтарда таралуына үлкен ықпал етті. Әйелдер қауымның білім алуы ел үшін маңызды деп санады ағартушылар, өйткені сауатты әйелдер ұлт үшін келер ұрпақтың саналы болуына тікелей қатасы бар деп есептеді және олар бұл жолында көп еңбек етті.ХІХ ғасырда Ыбырай атамыз қазақ қыздарын оқытуды ұсынып, ер мен қыздың бірдей білім алуын алға тартса.Кейінрек бұл идеяны ХХ-ғасырда Жәдид ағартушылар қайтадан бас көтерді,бұл үшін ағартушылар көптеген батыл қадамдар жасады. Жәдид ағартушылары әйелдердің артта қалуын, басты себебтері изоляция мен сауатсыз болуы деп санады. Ағартушылар егер ұлтымыз алға жылжып дамығысы келсе, әйелдер қауымы өз-өздерін өзгерту керек деп жариялады[6]. Қазақ даласындағы алғашқы қыздарды оқыту орталығы, 1911 жылы Орда қаласында 2 қыздар мектебі шәкірттер қабылдады. Сол жылы Бөкей ордасы аумағында бір 4 кластық қалалық училище және оның жанындағы педкурс, төрт 2 кластық (олардың біреуі – қыз балаларды оқытуға арналған отыз бес бастауыш мектеп (олардың 29-ы ер балаларға, 6-ы қыз балаларға арналған), оқыту ордалары ашылды [7]. Реформаторлар бұнымен қоймады олар әйелдердің қоғамда алған орындары мен көрген азапттарын өз шығармаларында баяндады, олар нәзік жандылардың жан-айқайын жеткізген олардың ішінде: Хамза, Бату, Шәкір Сүлеймен бар. Әбділхамит Сүлейменұлы Шолпан ойынша әйелдерді оқшаулау, түрмеде ұстаумен бірдей болды ол керемет өлең шумақтары мен оқшауланған әйелдерді отарланған шығыспен теңеді.
Достарыңызбен бөлісу: |