Неолит ескерткіштерінің шоғырланған аймақтары, олардың негізгі белгілері. Қазақстан Республикасындағы саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың атқаратын қызметтерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын талдаңы



бет3/7
Дата08.10.2019
өлшемі124,82 Kb.
#49385
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
1 билет Неолит ескерткіштерінің шоғырланған аймақтары


  • 11-билет 1. Қазақ хандығының құрылуына байланысты жазылған ортағасырлық деректерді талдаңыз. 2. Ф.И.Голощекиннің Қазақстандағы партия ұйымының басшылығына тағайындалуы жəне оның «Кіші Қазан» идеясы. 3. Энеолит дəуірінің қоныстарын (Ботай, Шебір) карта бойынша көрсетіңіз. Жауабы: 1.Қазақ хандығының құрылуына байланысты жазылған ортағасырлық деректерді талдаңыз. Мұхаммед Хайдар Дулати «Тарих-и-Рашиди» атты еңбегінде былай дейді: «Ол кезде Дешті Қыпшақты Əбілхайыр хан биледі. Ол Жошы əулетінен шыққан сұлтандарға күн көрсетпеді. Нəтижесінде Жəнібек хан мен Керей Моғолстанға көшіп барды. Есенбұға хан оларды құшақ жая қарсы алып, Моғолстанның батыс шегіндегі Шу мен Қозыбасы аймақтарын берді. Олар барып орналасқан соң, Əбілхайыр хан дүние салды да, өзбек ұлысының шаңырағы шайқалды. Ірі-ірі шиеленістер басталды. Оның үлкен бөлігі Керей хан, Жəнібек ханға көшіп кетті. Сөйтіп, олардың маңына жиналғандардың саны 200 мыңға жетті. Оларды өзбектер - «қазақтар» деп атады. Қазақ сұлтандары 870 жылдары (1465—1466) билей бастады...». 2. Ф.И.Голощекиннің Қазақстандағы партия ұйымының басшылығына тағайындалуы жəне оның «Кіші Қазан» идеясы. Қазақстандағы тоталитарлық жүйенің күшеюі Ф.Голощекин есімімен байланысты болды. 1925-1933ж.ж. өлкелік партия комитетінің басшысы болған Ф.И.Голощекин ауыл Қазан төңкерісін сезген жоқ деп «Кіші Қазан» төңкерісі идеясын ұсынды. И.В.Сталин Голощекиннің саясатын «бірден-бір» саясат деп қолдады. Голощекин «ауылды кеңестендіру»ұранымен Қазақстанда «жаңа революция» жүргізудің идеялық-саяси негізін жасады. 1926 жылдың өзінде-ақ Голощекиннің бағытына наразы болған қазақ зиялылары С.Сəдуақасов пен С.Қожановқа «ұлтшыл» деген айып тағылды. С.Сейфуллин,М.Мырзағалиев,Н.Нұрмақов,С.Меңдешев жəне т.б қуғынға ұшырады. Олардың көбі республикадан қуылып,С.Сəдуақасов,Ж.Мыңбаев қызметтен босатылды. 1928 жылдың аяғында Голощекиннің саяси қарсыластары алғаш рет тұтқындалды. Олардың қатарында А.Байтұрсынов,М.Дулатов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаевтар болды. Екі жылдан кейін М.Тынышбаев,Ж.Досмұхамедов жəне ұлт зиялыларының басқа да көптеген өкілдері тұтқындалды. Голощекин ауылдарға 4800 уəкіл жіберді, астық дайындау барысында 31 мыңдай шаруа жазаланды, 277 шаруа атылды. 1928 ж «Аса ірі бай шаруашылықтар мен жартылай феодалдарды компескелеу(тəркілеу) туралы» декрет қабылданды. Бай-феодалдар өздерінің мүліктік жəне қоғамдық ықпалымен ауылды Кеңестендіруге кедергі жасайды деген ұстаным негізге алынды. 657 бай жер аударылды. 145 мың мал тартып алынды. Бай-кулактардың ауыл шаруашылық құралдары 877 ұжымшарға,24491 жеке шаруашылыққа бөлініп берілді. Тəркілеу заңды бұзу арқылы жүзеге асырылды. Республика Халық Комиссарлар Кеңесінің төрағасы О.Исаев қазақ халқының мүшкіл жағдайы жөнінде Сталинге жазған хатында хабарлады. Онда қазақтардың басқа аймақтар мен республикаларға жаппай қоныс аударуының кшейіп,қазақ халқы жағдайының ауырлай түскені, адамдардың аштық пен жұқпалы аурулардан қырыла бастағаны, қазақ халқының іс жүзіндегі жағдайын боямалап көрсетіп отырғаны айтылды. О.Исаев өз хатында Қазақ өлкелік партия комитетінің бірінші хатшысы Ф.И.Голощекинді орнынан босатуды ұсынды. Сталиген 1933 ж.Т.Рысқұлов та хат жазған.Көрнекті қазақстандық мəдени қайраткерлердің 1932ж.жазда жазған «Бесеудің хаты» атанған хаты да Қазақстан тарихында ерекше орын алады. 3. Энеолит дəуірінің қоныстарын (Ботай, Шебір) карта бойынша көрсетіңіз.

  • 12-билет 1. Қазақ хандығындағы билердің рөлі мен атқарған қызметіне жан- жақты баға беріңіз. 2. Қазақстандағы социалистік индустрияландыру саясатының мазмұны, нəтижелері мен салдарын ашып көрсетіңіз. 3. Оғыз мемлекетінің аумағын карта бойынша белгілеңіз. Жауабы: 1.Қазақ хандығындағы билердің рөлі мен атқарған қызметіне жан-жақты баға беріңіз. Қазақ даласындағы құқықтық ережелердің қолданылу тарихы тереңде жатыр жəне оның өзіндік қайталанбас ерекшеліктері бар. Онда туындаған əдет-ғұрып нормалары ұлттық сана-сезімнің көрінісі əрі құқықтық мəдениеттің іргетасы. Қазақтарға ар- ождан қашанда қымбат, «малым жанымның садағасы, жаным арымның садағасы» деген сөзге бас иген. Хандықтағы билер кеңесінің беделі күшті болғаны соншалық, хандар кеңестің келісімі мен қолдауынсыз мемлекеттік маңызы бар мəселелерді шеше алмаған. Ханның қолында негізінен атқарушы билік шоғырланса, заң шығарушылық қызмет пен сот билігін билер кеңесі атқарған. Билер кеңесі ханның қызметіндегі кейбір мəселелер бойынша таласқа түсіп, оны қайта қарауға құқылы болды. Дəстүр бойынша хандық билік мұрагерлік жолмен беріліп отырса да (оның өзінде халық ақ киізге көтеріп сайлауы тиіс), мемлекеттік маңызды мəселелер билер кеңесісіз шешілмеген. Біз бұдан қазақ даласында атам заманнан ақ билік бөлінісі принципінің болғанын көреміз.Ұлы билер Төле, Қазыбек, Əйтеке өмір сүрген кезең – тарихымыздың тəлімі көп, ел үшін үлгі болатын ерекше кезеңі. Олар жаугершіліктің кесірінен ыдыраған халқының есін жиған, əділетті билік шешімдерінен айнымай, келешекке көз салып, үміт отын жағу арқылы көрегендік пен ұйымдастырушылық көрсете білген. Билердің оқығаны көп болмаса да, тоқығаны мол, парасатты, азаматтық тұғырлары биік қасиеттерін, рухани мол қазынасын жария ететін аңыздар мен шежірелер бүгінгі күнге де жеткен.Тарихи деректерге сүйене отырып, зерттеушілер қазақ билерінің іс қарауы қоғамдық іс-шара ретінде қаралып, қандай дау болса да билердің шешімі бүкіл жұртшылықты қанағаттандырғанын көрсетеді. Қазақтар еркін өмір сүрген халық. Бізде сөз бостандығы да болған, жəне де ол басты құндылық ретінде бағаланған: «Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ» деген аталы сөзге жүгінген халықпыз. Тіптен жаны қысылғанда ханның өзіне де «Дат, тақсыр!» – деп қарапайым адамдар да өз ойларын еркін білдіре алған. Қазіргі заманғы демократияның басты құндылығында – адам мен азаматтың саяси құқықтары мен бостандықтарында бұл аталған мəселелердің шоқтығы биік Қазақ халқы үшін əділдіктің тең таразысы бола білген билер қоғам өмірінің саяси- құқықтық, əлеуметтік-экономикалық, əскери-дипломатиялық салаларына тығыз араласып, ел бірлігі мен ынтымағын нығайтуға үлестерін қосты. 2.Қазақстандағы социалистік индустриаландыру саясатының мазмұны,нəтижелері мен салдарын ашып көрсетіңіз Партияның 1925 жылы өткен 14 съезі елді социалистік индустрияландыру жоспарын жүзеге асыру міндетін қойды. Алайда большевиктер партиясының басшылығымен жүзеге асырылған елді индустрияландыру аясаты ұлттық аймақтар, оның ішінде Қазақстан үшін отаршыл бағытта болды. Жалпы қазақстанда индустрияландыру саясатының бағыты қандай болу керек деген мəселе сол кездің өзінде үлкен пікір таластар тудырды. Бір топ өлкедегі кеңес жəне партия қызметкерлері көшпелі халық бірден социализмге өте алмайды деп есептеді. Бұл бағытты большевиктер «уклонистер» деп атады. Келесі бір топтың өкілі С.Садуақасов өнеркəсіптің дамуы қазақ халқын ауыл шаруашылығынан алыстатып, қазақтың дəстүрлі мал шаруашылығының құлдырауына əкеледі деп есептеді. Бірақ ол индустрияландыру саясатына қарсы болмады. Оның пікірі бойынша Қазақстанның өндірістік бағытта алға жылжуы үшін республикада индустриялық өнеркəсіптерді көптеп салып, оны əрі қарай дамыту керек болды. С.Садуақасов шикізат қоры көзіне өнеркəсіптерді жақындатуды көздеді. Қазақстанға өнеркəсіпті күштеп кіргізу мүмкін емес деген пікірлер де болды.Қазақстанда индустрияландыру саясатын жүзеге асыру барысы елдің орталық аудандарымен салыстырғанда өте ауыр болды. Қазақстанда индустрияландыру барысында кеңес үкіметі түсті металлургия, көмір жəне мұнай өндіріс орындарына үлкен мəн берді. Екінші бесжылдық кезінде Қарағанды көмір бассейні мен Балқаш мыс қорыту комбинатын салу жоспарланды. Бұл өндіріс орындары тез қарқынмен салынды. Қазақстанда индустрияландыру барысында Текелі полиметалл жəне Жезқазған мыс қорыту комбинаттары салынды. Бұлар бүкіл елді өніммен қамтамасыз етті. 1933 жылы Ақтөбе химия комбинаты мен Аралсульфат комбинаттары салынды. 4.Қазақстан 20-30 жылдары аграрлы елден индустриялы елге айналды. Алайда қазақстанда өндірілген шикізаттарды өңдейтін өнеркəсіп орындары салынбады. Осындай сипатта жүргізілген саясаттың қазақ халқы үшін зардабы зор болды. Біріншіден, өлкенің экономикалық дəстүрі толығымен өзгерді, екіншіден, хала қалқының саны өсті. Үшіншіден, бұл жағдай демографиялық өзгерістерге əкелді. 3. Оғыз мемлекетінің аумағын карта бойынша белгілеңіз.

  • 13-билет 1.«Анимизм», «тотемизм», «фетишизм» терминдерінің мағынасына түсінік беріңіз. 2.Қазақстандағы ұжымдастыру саясаты жəне оған қарсы көтерілістерді талдаңыз. 3. Қарлұқ мемлекетінің аумағын карта бойынша белгілеңіз. Жауабы: 1.«Анимизм», «тотемизм», «фетишизм» терминдерінің мағынасына түсінік беріңіздер. Ертедегі адамдар табиғаттан бөлініп шыққаннан кейін, қоршаған табиғаттан өздерінің қандай айырмашылықтары бар екенін түсінбеді. Олар табиғат алдында дəрменсіз еді, дүние туралы наным-сенімі – анимизм болды. Анимизм (латын тілінен animus-жан, рух). Жан мен рухты тірі жəне өлі табиғаттың сезіммен қабылданатын барлық заттары мен құбылыстарында жасырынып жататын, оларды басқарып отыратын жаратылыстан тыс күш деп санайды. Анимистік ұғымда егер жан жеке затпен яки оның бір бөлігімен байланысты болса, онда рух дербес тіршілік етеді, белгілі бір затқа дари алады. Ол алғашқы қауымдық құрылыста пайда болған құбылыс. Мұнда дуализм мен антропоморфизм негізге алынған. Əлем бұ дүние жəне о дүние болып бөлінеді. О дүниеде рухтар мекен етеді. Бастапқы бұл рухтар осы дүниедегі қасиеттердің бəріне ие болып келген. Бертін келе рух, жан дегендер материалдық емес денелер ұғым орныққан. Фетишизм («ерекше қасиеті бар зат»). Жансыз заттардың ерекше құдіретті күштеріне сену, мысалы, үңгірлер, тастар, ағаштар, белгілі бір еңбек құралдары мен тұрмысқа қажетті заттар, т.б. Фетишистік түсініктер – жансыз денелерді жанды дүние ретінде қабылдау. Мысалы, адамдарды өлімнен сақтап қалушы үңгір немесе ашаршылықта адамдар жемісін қорек еткен ағаш, аң аулағанда қолданылған садақ т.б. – фетиш болып саналды. Тотемизм ( оның тегі). Тотемизм құбылысын зерттеген ғалым дін социологиясының негізін салушы Э.Дюркгейм діннің көне наным нысандары жəне олардың бертінгі көріністері əлеуметтік интеграция факторы болып табылады деген тұжырым жасайды. Тотем белгілі бір əлеуметтік топ үшін оның генеологиялық бастауы əрі желеп-жебеушісі, рəміз əрі ең басты құндылық. Сондықтан ол (құс, аң н/е өсімдік) құлшылық объектісі, осымен бірге сол топты біріктіруші, рулық, тайпалық тұтастығын сақтаушы. Көне заманда тотем зооантропоморфты (адам жəне хайуан кескінді) бейнеленіп келді. Біртіндеп реинкарнация, яғни адамның өлген соң тотем бейнесінде дүниеге қайта оралуы туралы ұғым қалыптасты. Осыдан тотемдік жануарды, өсімдікті т.б. өздерінің бұрынғы ата-баба аруағы санап, оларды асқа пайдаланбау, ерекше қадірлеу салты орнықты. 2.Қазақстандағы ұжымдастыру саясаты жəне оған қарсы көтерілістерді талдаңыз. 1927 жылы 13-15 қарашада өткен Бүкілқазақтық 6 партия конференциясында қазақ шаруаларын жермен қамтамасыз ету мəселесі қаралды. Бұл мəселе аясында қазақ байларын тəркілеу саясатын Ф.И.Голощекин ұсынды. 1928 жылы наурызда Қазақстан Өлкелік комитетінің бюросы қазақ байларын тəркілеу туралы заңды нақтылады. Заң бойынша малы, дүние- мүлкі тəркіленіп, өзі жер аударылуға тиісті ірі байларға: көшпелі аудандардаірі қараға шаққанда 400-ден астам малы бар, жартылай көшпелі аудандарда 300-ден астам малы бар, отырықшы аудандарда 150-ден астам малы барлар жəне бұрынғы сұлтандар мен хандардың ұрпақтары жатқызылды. 1928 жылы тамыздың 30-да Қазақ АКСР ХКК-нің «Қазақстанның көшпелі жəне отырықшы аудандарын белгілеу туралы» арнайы қаулысы қабылданды. Науқанды 1928 жылдың 1-қарашасында аяқтау жоспарланды. Науқан төтенше əдістермен іске асырылды. Қазақ АКСР əкімшілік ұйымдарының қызметкерлері жер-жерге уəкіл ретінде аттанды. Үлкен асыра сілтеушіліктер орын алды. Алдын-ала жасалған жоспар бойынша үкімет байлардың 225972 бас малын тəркілейміз деп үміттенген еді. Бірақ бұл үміттері орындалмады. Іс жүзінде 144474 бас мал ғана тəркіленді. Тəркіленген малдың 118919 басы жеке шаруашылықтарға жəне колхоздарға таратылып берілді. Тəркіленген малдар негізінде 292 колхоз құрылды. Қазақстанда большевиктер ауыл шаруашылығын социалистік жолмен қайта құру тəжірибесінде тəркілеу саясатымен шектелмеді. Шаруа қожалықтарын біртіндеп, ерікті түрде кооперативтендіру арқылы социалистік ірі ауыл шаруашылық ұжымына біріктіру туралы 1927 жылдың желтоқсанында өткен партияның 15 съезінің шешімдерін жүзеге асыруға кірісті. Алайда үкімет біртіндеп құрылып жатқан колхоздарға материалдық жағынан көмекті күшейту орнына, керісінше, нұсқаулар беру арқылы күштеу əдістерінің кең етек алуына жол ашты. Қазақстанда ұжымдастыруды 1932 жылдың көктемінде аяқтау жоспарланды. Бұл науқан да қарқынды жүргізілді. Асыра сілтеулер кеңінен етек алды. Қазақстанда 1928 жылы шаруа қожалықтарының тек 2 проценті ғана ұжымдастырылса, 1930 жылы 50 проценті, 1931 жылы 65 проценті ұжымдастырылды. Құрылған колхоздардың жағдайлары нашар болды. Большевиктер жүргізген ұжымдастыру қазақ ауылына үлкен соққы болды. Мал шаруашылығы қатты күйзеліске ұшырады. 1929 жылы Қазақстанда 40 млн. мал болса, 1933 жылы 4 млн. Қалды. Ұжымдастыру саясатының зардаптары қазақ халқының басына үлкен апат əкелді.Күшпен ұжымдастырылған жəне материалдық жағынан өте əлсіз шаруашылықтар күйзеліске ұшырап, нəтижесінде 1932-33 жылдары халық аштыққа ұшырады. Екінші бесжылдық жоспарын орындау кезінде 1933-37 жылдары кеңес үкіметі ауыл шаруашылығын ұжымдастыруды аяқтап, ауыл шаруашылығын қайта құру, нығайту міндеттерін белгіледі. 1935 жылы үкімет колхоздарға жерді мəңгі пайдалануға берді. 1939 жылы 8 шілдеде БК(б(П Орталық комитеті «Колхоздарда қоғамдық малды дамыту шаралары туралы» қаулы қабылдады.Қаулы негізінде колхоздарды екі-үш товарлы фермалар құру жоспарланды. 3. Қарлұқ мемлекетінің аумағын карта бойынша белгілеңіз.

  • 14-билет 1. Беғазы-Дəндібай мəдениеті мен Андрон мəдениетінің ерекшеліктерін салыстырыңыз. 2. 1920-1930 жж. Кеңес өкіметінің мəдениет пен ғылым саласындағы жетістіктері мен қайшылықтарына талдау жасаңыз. 3.Түркеш қағанатының аумағын карта бойынша белгілеңіз Жауабы: 1.«Андронов» мəдениеті мен «Беғазы-Дəндібай» мəдениетін салыстыра отырып,талдау жасаңыз. Қола дəуірінде Қазақстан жерінде бірінен соң бірі жалғасып келетін екі мəдениет болған. Оның көнесі –Андронов мəдениеті (б.з.б.ХVІІІ-ХІІғғ.). Ал б.з.б. ХІІ-VІІІғғ. яғни соңғы қола дəуірінде Беғазы-Дəндібай мəдениеті қалыптасты. Қазақстанның қола дəуірі ескерткіштерінің ең көп таралған жəне жақсы зерттелген аймағы – Орталық Қазақстан. Ə.Х.Марғұланның кезеңдеуі бойынша Орталық Қазақстанның қола дəуірі ескерткіштері екі мəдениетке - Андронов жəне Беғазы-Дəндібай мəдениеттеріне жатады. Андронов мəдениеті екі кезеңге бөлінеді: а) алдыңғысы –Нұра кезеңі; ə)кейінгісі – Атасу кезеңі. Нұра, Атасу өзендері атымен аталады. Андронов мəдениеті алғашқы ескерткіші Оңтүстік Сібірдегі Ачинск қаласының маңындағы Андроново селосынан табылған, сондықтан осы селоның атымен аталады. Беғазы-Дəндібай мəдениеті: Орталық Қазақстандағы Беғазы жəне Дəндібай мекеніндегі обаларға байланысты қойылған. Андронов мəдениетіндегі жерлеу орындары: а) Нұра кезеңінің жерлеу орындары кішігірім қазандай жалпақ тастарды жерге жартылай батырып орнатқан қоршау түрінде болып келеді. Қоршау пішімі əртүрлі-дөңгелек, тік төртбұрышты, шаршы түрінде кездеседі.Қабір қабырғалары кішігірім жалпақ тастардан қаланған тас сандық сияқты, тас сандықты –циста деп атайды. ə)Атасу кезеңінің жерлеу орындары да Нұранікіндей дөңгелек, төрт бұрышты қоршаулар болып келеді.Қабірлері, негізінен, үлкен қақпатастардан салынған, тас сандықтар-циста жоқ.Кейде жер қабір, кейде ағаш рама түрінде де кездеседі.Бұл кезеңде қос қабір(бір қоршау ішіне) немесе көп адамды бір зиратқа жерлеу кездеседі. Беғазы-Дəндібай мəдениетінің жерлеу орындары: үйлердің, жерлеу орындарының құрылыстары өте ірілігімен, тас қашау, тас қалау өнерінің жетілгендігімен ерекшеленеді. Қабырғаларына екі қатар болып қаланған тастар бір-бірімен иленген балшық арқылы байланыстырылып, ішкі, сыртқы жақтарына тастың тегіс бетін қаратып қалаған. Андронов мəдениетіндегі адамды жерлеу ғұрпы: а) Нұра кезеңінде көбінесе адамның сүйегін жартылай өртеп қойған, кейбірзираттарда адамды өртемей қою ғұрпы да кездеседі.ə) Атасу кезеңінде адамды сол күйінде жерлеген, өртеу ғұрпы сирек кездеседі. Беғазы-Дəндібай мəдениетінің адамды жерлеу ғұрпы: үлкен патриархалды отбасыларға арналған, көп адам жерленген зираттардың орнына бір-ақ адам жерленген үлкен жерлеу құрылыстары кездеседі. Бұл- осы кезеңдегі ру, тайпа көсемдерінің, беделді бай адамдардың зираты. Ыдыс жасау ерекшеліктері: Андронов мəдениетінің Нұра кезеңі қыш ыдыстарының иіні дөңгеленіп келсе, Атасу кезеңі ыдыстарының мойнынан бүйіріне ауысар тұсы тіктеу болып келеді. Нұра кезеңі ыдыстарындағы өрнек мойнынан бүйіріне дейін біртұтас, Атасу кезеңі ыдыстарында өрнек мойнында, ортан белінде, кейде түп жағына да бедерленген. Беғазы-Дəндібай мəдениетінің ыдыс жасау ерекшеліктері:ернеуі тік, бүйірі шар тəріздес болып томпайып келген, түбі тегіс.Құмыра өрнектері –тарақ жүзді, үзік сызықты үш бұрышты, ұштаған таяқшамен салынған жəне батырып салынған таға сияқты, моншақ, түйін өрнектер кездеседі. 2.1920-1930 ж.ж. Кеңес өкіметінің мəдениет пен ғылым саласындағы жетістіктері мен қайшылықтарына талдау жасаңыз. 20-шы жылдардың екінші жартысынан бастап қазақстанда əкімшіл- əміршіл жүйе қалыптасты. Бұл жағдай коммунистік партияның билік тармақтарын қолына шоғырлануынан көрінді. Осы жылдары жүргізілген саяси-экономикалық науқандар партияның басшылығымен жүргізілді. Ал кеңестік Конституцияда тəуелсіз деп көрсетілген сот-прокуратура ұйымдары партияның қолшоқпарына айналды. Нəтижесінде мемлекетте тоталитарлық тəртіп орнады. Республиканың қоғамдық- саяси өмірдегі толғағы жеткен мəселелерді шеше алатын, жергілікті халыққа түсінікті жəне жақын кеңестік аппарат құру қиын болды.Жаңа кеңестік аппаратқа тартатын қазақ қоғамында сауатты адам аз болды. Алашордалықтарды кеңес үкіметі биліктен алшақтатты, сенімсіздікпен қарады.Əкімшілік органдардағы европалық ұлт өкілдерінің көбі шовинистік пиғылда болды. Кеңес үкіметі өлкеде сауатсыздықты жою, яғни халықтың сауатын ашу мəселесін көтерді.Əсіресе ол үкіметтің 1929 жылы «Сауатсыздықты жою жөніндегі жұмыс туралы» қаулысынан кейін өріс алды. Алайда қаржы мен мұғалімдердің жетіспеуі науқан барысында қиындықтар туғызды. 1926 жылы мектеп жасындағы балалардың 16 пайызы тартылса, 1935 жылы 91 пайызы тартылды. Кеңес үкіметі қазақстанда кеңестік ғылымның қалыптасуына жол ашты. Алғашқы ашылған ғылыми-зерттеу мекемелер:1922 жылы- Денсаулық халкомының қасынан өлкелік химия-бактериологиялық лаборатория, 1924 жылы - өлкелік өсімдікті қорғау станциясы т.б. ашылды. 1932 жылы қазақстанда 12 ғылыми-зерттеу институттары, 15 тəжірибе станциялары, 15- 86 лаборатория мен т.б. ғылыми орталықтар жұмыс істеді. 20-30 жылдары Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердиев шығармалары кеңінен қолданылды. Сонымен бірге кеңестік əдебиет пен өнердің қалыптасуына жағдай жасалды.Осы кезде социалистік əдебиеттің негізі қаланды.С.Сейфуллин, С.Торайғыров, Б.Майлин, И.Жансүгіров, М.Əуезов, С.Мұқанов, М.Əуезов т.б. қазақ əдебиетінің көрнекті өкілдері қалыптасты. Алайда кеңес саясаты таптық мүддені ұлттық мүддеден жоғары қойды.Мəдениетті екіге бөлді: буржуазиялық жəне пролетарлық. Сондықтан да қазақ мəдениетінің қалыптасқан тұстары ескі феодалдық құрылыстың қалдықтары ретінде қаралды. Кеңес үкіметінің өлкедегі айыптау науқаны жаппай саяси қуғын- сүргінге ұласты.Қуғын-сүргінді ұйымдастыру кезеңі 1920 жылдың аяғы мен 1930 жылдың ортасына келеді. Қуғын-сүргін саясаты нəтижесінде қазақ халқының таңдаулы азаматтары атылып кетті. 3.Түркеш қағанатының аумағын карта бойынша белгілеңіз.

  • 15-билет 1. «Протекторат»,«геосаясат»,«экспансия»,«еуроцентризм» терминдерінің мағынасына түсінік беріңіз. 2. 1867 ж. «Жетісу жəне Сырдария облыстарын басқару туралы Уақытша Ереженің» мақсаты мен міндеттерін анықтаңыз. 3. 1929-1931 жж. Қазақстанда ұжымдастыру саясатына қарсы қарулы қақтығыс орын алған аудандарды карта бойынша белгілеңіз Жауабы: 1.«Протекторат», «геосаясат», «экспансия», «еуроцентризм» терминдерінің мағынасына түсінік беріңіз. Протекторат – (лат. protector - қорғаушы, қамқоршы) - күшті мемлекеттің əлсіз елге ресми қамқорлық жасауы. Геосаясат- адамдардың белгілі бір мақсатқа жету үшін билікті қалайша тудырып оны сақтауын бейнелеу үшін қолданылатын əдіс болып табылады. Мемлекет деңгейінде бұл əдіс мемлекеттің мүдделеріне жету жəне қызметін атқаруда саясат, экономика жəне əскери күшті қалайша қолданатынын көрсетеді. Бұл пікірлер алғашында аймақтың жалпы географиялық жəне тарихи жағдайын қарастырады, жəне сонымен қатар бес мемлекеттің саяси, экономикалық жəне əлеуметтік дамуын жеке-жеке қарастырады.Евразия континентінің төрінде орналасқан Орталық Азия көне Жібек жолындағы ең маңызды жерге ие болып, бірнеше ғасырлар бойы стратегиялық маңыздылыққа ие болды. Орталық Азия аймағының үш тарапында мықты мемлекеттер орналасқан – солтүстікте – Ресей, шығыста – Қытай жəне батыста – Еуропа. Орталық Азия бұл мемлекеттер арасындағы қатынас жолы жəне сонымен қатар бұларды бір-бірінен қорғайтын аймақ ретінде пайдаланылды. Атақты Британ ғалымы сэр Хэлфорд Маккиндер (1861-1947), геосаясаттың маманы келесідей пікір ұсынған болатын. Кімде кім Орталық Азияға билік орнатса, Евразия континентіне билік етеді, ал кім Евразия континетіне билік орнатса, онда ол əлемді билеуге мүмкіндік алады. Бұл Орталық азияның ғаламдық геосаяси қатынастардағы маңыздылығын көрсетеді. 1991 жылы Кеңес үкіметінің ыдырауы нəтижесінде Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменстан жəне Өзбекстан мемлекеттері тəуелсіздікке қауышты. Дегенмен, бұлардың халықаралық саяси жəне экономикалық қатынастардағы орны қырғи-қабақ соғысының аяқталғанына қарамастан əлсіз болатын. Олардың бай мəдениеті мен түрлі-түсті дəстүрлері басқа мықты мəдениеттер тарапынан қабылданбады. Алайда, жағдай Америкадағы 11-і қыркүйек лаңкестік шабуылдарынан соң өзгерді. Бұл шабуылдан соң АҚШ Ауғанстанға əскер енгізді, нəтижеде Орталық Азия аймағы анти-террористік шаралардың базасына айналып, халықаралық қауымдастықтың назарын өздеріне аударды. Экспансия- (лат. expansіo – таралу, тарату) – монополистік бірлестіктердің, мемлекеттердің, əлеуметтік топтардың экономикалық əдістермен де, басқа əдістермен де (аумақтарды қарулы күшпен басып алу, дипломатиялық қысым жасау, т.б.) ықпал ету аясын кеңейтуі. [ Еуроцентризм- ғылым, білім, мəдениет, əдебиет, өнер жəне т.б. нағыз жетістіктері тек Еуропада ғана дамыды деп дəлелдеуге тырысатын ғ ылыми тұжырым. Бастауыш кəсіпкерлерге көмек 2.1867 ж. «Жетісу жəне Сырдария облыстарын басқару туралы Уақытша Ереженің» мақсаты мен міндеттерін анықтаңыз. 1822-24 ж.ж. қабылданған реформалар ХІХ ғ. 60 жылдарына қарай жарамсыз болып қалды. Сондықтан,реформа қабылдаудың бірнеше себептері болды: -Сұлтандардың билігі патша үкіметінң отарлау саясатына кедергі болды; -Жаңа аумақтардың қосылуына байланысты əкімшілік-аумақтық бөліністерге өзгеріс енгізу қажет болды; -Арзан шикізат пен жұмысшы күші қажет болды; -Бірыңғай салық жүйесін енгізу керек болды; -Ресейдегі жері жоқ шаруаларды Қазақстанға көшіру көзделді; Өлкенің ерекшеліктерін зерттеп,оны басқару туралы ережені дайындау үшін 1865 жылы Ішкі Істер Министрі Гирстің басшылығымен «Дала комиссиясы» құрылды. 1867ж 11 шілдеде ІІ Александр «Сырдария мен Жетісу облыстарын басқару» туралы Ереже бекітілді. 1868 ж. 21 қазанда «Торғай,Орал,Ақмола жəне Семей облыстарын басқару туралы» уақытша Ережеге қол қойылды. Реформа бойынша қазақ жері 3 генерал-губернаторлықтың құрамына кірді: -Орынбор генерал-губ-на- Торғай мен Орынбор -Батыс-Сібір ген-губ-на- Ақмола мен Семей -Түркістан ген-губ-на – Сырдария мен Жетісу облыстары енді. Түркістан генерал-губернаторлығына Иранмен,Қытаймен дипломатиялық келіссөз жүргізуге рұқсат берілді. Сырдария облысына енген уездер: Қазалы,Шымкент,Ташкент,Əулиеата,Перовск,Түркістан,Ходжент жəне Жизақ; Жетісу облысына енген уездер: Сергиополь,Қапал,Верный,Ыстықкөл жəне Тоқмақ; Реформа бойынша 5 сатылы басқару жүйесі құрылды: 1.Ауыл-ауыл старшыны (100-200 шаңырақ) 2.Болыс-болыс сұлтаны (1000-2000 шаңырақ) 3.Уезд-аға сұлтан 4.Облыс-əскери –губернатор 5.Генерал-губернаторлық- генерал-губернатор басқарды. Реформа бойынша Қазақстанның бүкіл аумағында міндетті «түтін салығы» енгізілді. Түркістан ген-губ.. қазақтар 2 сом 75 тиыннан, басқа ген-губ.. 3 сомнан төлеуге тиісті болды. Реформаның ең түйінді жері əскери-азаматтық билік генерал-губернаторлықтардың қолына шоғырланды. Қазақ жері Ресей үкіметінің меншігі болып жарияланды. Құнарлы жерлер Ресейден қоныс аударған шаруаларға бөлінді. Қазақстан қазба байлықтарын патша үкіметі еркін пайдалануға жол ашылды,өлке арзан шикізат көзіне айналды. Уақытша Ереженің мақсаты-отарлық басқаруды, билікті күшейту; 3. 1929-1931 жж. Қазақстанда ұжымдастыру саясатына қарсы қарулы қақтығыс орын алған аудандарды карта бойынша белгілеңіз


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет