24 Билет 1. Мезолит адамдарының өміріндегі өзгерістерді анықтаңыз. 2. Жартылай көшпелі жəне отырықшы мəдениеттердің өзара əсеріне талдау жасаңыз. 3. Қазақстанда тың игеру жүргізілген облыстарды карта бойынша көрсетіңіз. Жауабы: 1.Мезолит ададарының өміріндегі өзгерістерді анықта Мустье кезеңінде өмір сүрген адамдар неандерталь деп аталады. Ол Германия жерінен табылды. Оның бойы орташа, денесі мығым, белі еңкіштеу, маңдайы тайқы, қабақ сүйегі шығыңқы келді. Неандерталь баланың сүйегі Өзбекстанньщ Тесіктас деген үңгірінен де табылған. Неандертальдықтар жер бетінде бұдан 100- 35 мың жыл бүрын өмір сүрген. Олар тастан, сүйектен, ағаштан қүрал жасай білген. Отты өз керегіне пайдаланған.Мустье кезеңінде еңбек өнімділігі артып, алғашқы қауымдық құрылыстың белгілері байқалды. Адамдардың алғашқы ұжымы тұрақты қауымға айнала бастады. . Неандертальдықтар негізінен аңшылық жəне терімшілікпен айналысты. Ірі аңдардан бизон, мамонт, үңгір аюларын аулаған. Адам уақыт өткен сайын өзгеріп отырды. Байқағыштығы жетіліп, өз білгендерін бір- біріне үйрете бастады. Еңбек құралдарын жетілдіре түсті, қол қашауын жасауды үйренді. Ол үшін қалақ тасты екі жағынан қашады, белгілі бір пішінге келтіріп, оны таяққа бекітті. Мұндай шомбал құралдардың ұзындығы 20 сантиметрге, салмағы 1 килограмға дейін жетті. Жануарлардың терісін тазалайтын, етін боршалайтын тас шапкылар мен қырғыштар жасалды. Алғашқы еңбек кұралдарын дайындау тəжірибесі баяу жинакталды. Мустье кезеңінде құралға арналған тас жаңқалар домалак, үшбұрышты келген өзектастардан сындырылып алынды. Уақыт өткен сайын адамдар тастан үсақ əрі жұка кұралдарды жасап шығарды. Нəтижесінде теріні кесетін жəне тесетін өткір жүзді, үшбүрышты калақшалар, өлтірілген жануарлардың терісін сыдыратын пышақ тəрізді кескіштер пайда болды. Аң аулауға шокпарлармен катар найзалар да пайдаланылды. Сүйектен ине мен біз дайындалды. Сөйтіп адам бірте-бірте тастан пышак, найзаның ұштарын, бұрғы, қашау, балға, кескіш жасады.Адамдар біртіндеп тасты өңдеуді, оны бұрғылауды үйренді, еңбек құралдары үнемі жетілдіріліп отырылды. Қазақстанның орталык жəне шығыс аймақтарын адам баласы мустье заманының басында игере бастаған. Олардың осы аймактардағы Обалысай, Мұзбел, Қанай т.б. қоныстары табылды. Шығыс Қазақстан жеріндегі Қанай қонысынан табылған тас кұралдардың пайдаланылған уақыты 140-132 мың жыл бұрын екені анықталды. 2.Жартылай көшпелі жəне отырықшы мəдениеттердің өзара əсеріне талдау жасаңыз Көшпелілер мен отырықшылар арасындағы байланыс мəселесі тарих ғылымында əр түрлі пікірлер туғызып отыр. Біраз зерттеушілер көшпелілер мен отырықшылар қарым-қатынасын олардың арасындағы қырғи қабақ қақтығыстар, соғыстар, жаулап алу əрекеттерімен байланыстырады. Бұл ретте көшпелілер белсенді рөл атқарды деп есептейді. Енді бір топ зерттеушілер бұл қарым-қатынастағы көшпелілердің орнын төмендетіп көрсетуге тарысады. "Көшпелілер отырықшылардың мөдени жетістіктерін қиратушылар, не болмаса өздеріне қабылдап алушылар болды" деген пікірлер де жиі кездеседі.Көшпелі жəне отырықшы жұрттардың арасындағы қатынас əр заманда, əр түрлі аймақта əрқалай болды. Олардың карым-қатынасында кактығыс, соғыстармен қатар бейбіт сабақтастық, шаруашылық, сауда, мəдени өзара əсерлер аз болған жоқ. Мал өнімдеріне мамандандырылған көшпелі экономика егіншілік өнімдерін, қолөнер бұйымдарын отырықшылардан алса, отырықшылар мал өнімдерін, кейбір қолөнер заттарын, қолөнерге қажетті шикізаттарды көшпелілерден алып отырды. Мұндай сауда, айырбас қатынастары, əсіресе отырықшы халықтар мен көшпелі елдер көршілес орналасқан шекаралық, аймақтарда пəрменді түрде іске асып отырды. Отырықшы елдерге жылқы малы, оны мініске, жегуге үйрету көшпелі малшы тайпалардан келді. Атты əскер дəстүрі, садақтың түрлері, қылыш, ат əбзелдері де көшпелілерден келген. Мысалы, VI ғасырда түркі тайпалары пайдаланған темір үзеңгілі ертоқым келесі ғасырларда бүкіл Еуропаға таралды. Отырықшы елдер көшпелілердің қару-жарағына, киіміне еліктеді. Мысалы, VII—VIII ғасырлардағы түркілердің кісе белдіктері Қытайдан Иракқа дейінгі аралықта пайдаланылған. Таң əулеті кезіндегі Қытайда көшпелілердің киімі кең таралды, Еуропада орыс, поляк, венгр ақсүйектері киім киісінде, шаш қоюында көшпелілер үлгісіне еліктеді. Көшпелілерде б.з.д. 1-мыңжылдықта пайда болған өнердегі "аң стилі" Қытайдан Дунайға дейінгі аралықтағы отырықшы елдерге де кең таралды. Көшпелілердің өзіндік саяси мəдениеті болды. Олар ел басқарушыларын ерекше қасиетті адам, Тəңірдің жердегі өкілі деп түсінді, ерекше басқару жүйесі, империялық қызмет шендері, рəміздері, ел басқарудағы ерекше мұрагерлік дəстүрі болды. Осы мемлекеттік басқару тəртібін көшпелілер кейбір жаулап алған отырықшы елдердің саяси жүйесіне орнықтырып та отырды. Көшпелілер отырықшы халықтардың бір-бірімен мəдениет алмасуына, олардың бірінен екіншісіне мəдени үдерістердің ауысуына себепші болды. Көшпелілер миграциясы, олардың бір отырықшы елдерден кейін келесі бір отырықшы халықтарды жаулап алуы арқылы мəдени диффузия іске асып отырды. Ерте орта ғасырлар заманында көшпелілер отырықшылармен тек қана соғысып қойған жоқ, сонымен қатар өзара тығыз бейбіт байланыста болды. Көшпелілер отырықшы елдер шеберлеріне өздеріне қажетті құрал-сайман, жабдықтарға тапсырыс жасаумен қатар оларды кажетті шикізатпен қамтамасыз етіп отырды. Сонымен бірге көшпелілер отырықшылардан түрлі қолөнер түрін үйренді. 3.Қазақстанда тың игеру жүргізілген облыстарды карта бойынша көрсет
25 Билет 1. Үйсіндер жайлы жазба деректер 2. Қазақстан тарихының əлемдік тарихтың құрамдас бөлігі екенін нақты мысалдармен дəлелдеңіз. 3. Түрік қағанатының орналасқан аумағын карта бойынша көрсетіңіз. Жауабы: 1.Үйсіндер жайлы жазба деректер Үйсіндер туралы жазба деректі қытайлар қалдырды. Б.д.д. 2 ғасырда Жетісуға Чжан Цянь бастапан елші келді. Ол көптеген мəліметтер əкелді. Үйсіндер туралы (усунь- го) «уйсін мемлекеті» деп айтты. Мемлекетте 630 мың адам, 188 мың əскер барын да көрсетті. Үйсін патшасы гуньмо деп аталды. Мықты ел болған. Орталық Азия аумағындағы ертедегі алғашқы таптық бірлестіктердің бірі. Егер VIII ғасырдағы жазушылардың Бесбалықты «Үйсін князінің шекарасы» деп атайтынын ескерсек, үйсіндердің шығыс шегі бір кездерде Бесбалық ауданы арқылы өткен деген қорытынды жасау керек. Үйсіндер иеліктерінің шекарасы батысында Шу жəне Талас өзендерінің бойымен өткен. Қаратаудың шығыс беткейлеріне дейін созылып жатса керек. Үйсіндер иеліктерінің орталығы — Іле аңғары, дегенмен олардың ордасы — «Қызыл Аңғар қаласы» Ыстықкөл мен Іле өзенінің оңтүстік жағалауы аралығында орналасты. Чжан Цянның (б. з. б. II г.) хабарлауына қарағанда, үйсіндердін «бұрын» мекендеген жері шығыстағы алыс бір жерде болған, мұның шындықка жанаспайтыны анық. «Үйсін» терминінің мағынасы осы кезге дейін анықталмай отыр. Ол қытайдың иероглифтік жазбаларынан ғана мəлім, оның қазіргі айтылуы қазақ этнонимдерінің бірі — ұлы жүз қазақтарының басты этникалық компоненті болып табылатын тайпаның өзін атайтынындай «үйсін» сөзіне сəйкес келеді. Бірқатар зерттеушілер бұл транскрипцияны Орта Азия тарихынан мəлім асиан этнонимі деп білуге бейім. Алайда соңғы зерттеулерде асиан термині ятии этнонимінің диалектілік нұскалары- ның бірі болуы мүмкін деген басқаша түсініктеме айтылады, ал оның транс- крипциясының дəстүрлі ертедегі кытайша түрі казіргі қытай тілінде айтылатын (юечжи) иероглифтері болған. Үйсін терминінің транскрипциясын түсіндірудің тағы бір нұсқасы бар. Қазір үйсіен деп айтылатын екі иероглиф ертедегі қытай тілінде асман, яғни асман, «аспан» делініп айтылған деп жорамалданады. Бұл айтылғандарды үйсінн гуньмосына күйеуге берілген қытай ханшасының хатындағы: «Менің үйім мені... Аспан Еліне... күйеуге берді» деген сездер растауы мүмкін. Бұл тұрғыдан алғанда, «көк тіреген таулар» дегенді білдіретін тянь-шань деген сөздің өзі де жергілікті атаудың аудармасы сияқты екенін атап өту маңызды. Үйсіндердің ертедегі этникалық-саяси тарихына байланысты оқиғалар жеткілікті зерттелмеген. 2.Қазақстан тарихының əлемдік тарихтың құрамдас бөлігі екенін нақты мысалдармен дəлелде 3.Түрік қағанатының орналасқан аумағы
26 Билет 1. Сақтардың тəуелсіздік үшін күресі жайлы баяндаңыз. 2. Қазақстан Республикасы Конституциясы жəне оған соңғы жылдары енгізілген өзгертулер мен толықтыруларға талдау жасаңыз. 3. Батыс Түрік қағанатының орналасқан аумағын карта бойынша көрсетіңіз. Жауабы: 1.Сақтардың тəуелсіздік үшін күресі жайлы баянда Б.з.б. 530 жылы Кир бастаған парсы əскері Сырдарияға дейін келіп, сақтармен соғысты. Томирис патшайымның баласы Спаргапис парсылардың қолына түсіп, қаза табады. Геродот өз жазбаларында сақтардың парсылармен соғысы туралы баяндайды: “Басында əскерлер садақпен атысады. Садақ оғы біткеннен кейін жекпе-жекке шығып, қылыш жəне найзамен соғысады. Нəтижесінде массагеттер жеңіп шығады. Парсы жауынгерлерінің көбі қырылып, Кир өлтіріледі.” Кир қайтыс болғаннан кейін 11 жыл өткен соң, парсылар сақтарға қайта шабуылдады. Бұл жорықты Дарий патша басқарған. “Мен əскеріммен сақ жеріне жорыққа шықтым” - деген Дарийдің сөздері Бехистун жазбаларында жазылған. Б.з.б. 519 жылы Дарий бастаған парсылар сақ жеріне шабуылдады. Cақтардың көсемі Скунха жеңіліп, парсы əскері Сырдариядан өтеді. Грек тарихшысы Полиэн: “Шырақ есімді сақ денесін өзі жаралап, парсыларға қашып барып, өзін сақ көсемдерінен жəбір көрген етіп көрсетеді. Парсы əскерлерін алдап, шөлге апарып қырады” - деп жазған. Дарий көп əскерінен айырылып, Персияға қайтуға мəжбүр болды. Шырақтың ерлігі арқасында сақтар өз тəуелсіздігін сақтап қалды. Парсы патшасы Кирмен келіссөз жүргізуден бас тартқан Томирис (б.з.б. 570-520 ж.ж.) парсылармен соғысады. “Əйел болса да, жау шапқыншылығынан қорыққан жоқ. Томирис көп əскермен Кирге қарсы аттанып, 200 мың парсыны жойып жібереді” - деп жазды Помпей Трог. Б.з.б. IV ғасырда Александр Македонский (Ескендір Зұлқарнайын) бастаған гректер Орта Азияға басып кіріп, Сырдарияға аттанды. Ежелгі грек тарихшысы Арриан А.Македонскийдің Сырдариядан жүзіп өтіп, сақтармен соғысқанын жазған. Сақ батыры Cпитамен 3 жыл бойы партизан соғысын жүргізіп, грек гарнизоны орналасқан Маракананы (Самарқан) қоршауға алды. Сақтар А.Македонскийдің ірі əскери бөлімін қоршауға алып, түгел қырып салды. “Скифтер мен Спитаменнің атты əскері оларды қоршауға алды да, садақпен атып, түгел қырып салды” - деп жазады Арриан. Кейбір деректерде осы соғыста Александрға сақ сарбазының жебесі тиіп, санынан жараланды деп көрсетеді. Cақтар гректердің Шығысқа жүретін жолын бөгеп тастады. Б.з.б. 490 жылы Марафон шайқасында сақтар парсылардың құрамында болып, гректерге қарсы соғысты. Сақтар парсылармен бірігіп, Египеттегі жəне Грекиядағы соғыстарға қатысқан. 2.ҚР Конституциясы жəне оған соңғы жылдары енгізілген өзгертулер ментолықтыруларға талдау жаса Қазақстан Республикасының Конституциясы — Қазақстан Республикасының Ата Заңы. Ағымдағы Конституция 1995 жылы 30 тамыз күні жалпыхалықтық Референдум негізінде қабылданды жəне 5 қыркүйек күні өз күшіне енді. Конституция 9 тараудан, 98 баптан тұрады. Конституция мемлекеттік құрылыстың құқықтық негізін қалыптастырушы құжат болып табылады. Ол мемлекеттілік тетік, қоғамдық, саяси институттар ретінде қызметтің негізі боларлық принциптерін орнықтырды, адам мен азаматтың конституциялық мəртебесін белгіледі, экономикалық құрылыстың негіздерін айқындады. Бұл тəуелсіз Қазақстанның қабылдаған екінші конституциясы. Алдыңғы конституция 1993 жылы 28 қаңтарда қабылданған болатын. Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда қабылданды. 1995 жылы 30 тамызда республикада бүкілхалықтық референдум өтті, нəтижесінде Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданды. Дауыс беру еліміздің қалалары мен ауылдарындағы 10253 сайлау учаскелерінде жүрді. Бұл Конституцияның 1993 жылғы Конституциядан айырмашылығы оның мазмұнының сапасында еді. Жаңа Конституцияға алғаш рет азаматтың құқығына қатысты ғана емес, адам дүниеге келген сəттен одан ажырамас құқықтарына да қатысты нормалар енді. Ол бойынша Қазақстан Республикасының Президенті саяси жүйенің басты тұлғасы болып табылады, билік тармақтарынан жоғары тұрады. Бұл президенттік басқару жүйесіндегі мемлекетке сай келеді. Парламент туралы конституциялық бөлім өзгерістерге ұшырады. 1995 ж. желтоқсанда екі палаталы (жоғарғы палаталы — Сенат, төменгі палаталы — Мəжіліс) Парламентке сайлау өткізілді. 3.Батыс Түрік қағанатының орналасқан аумағын карта бойынша көрсет
27 Билет 1. Қазақ халқының этникалық тарихының қалыптасу эволюциясы мен дамуын сипаттап беріңіз. 2. «Жылымық» жылдарындағы қоғамдық-саяси жəне мəдени өмірге талдау жасаңыз. 3. Шығыс Түрік қағанатының орналасқан аумағын карта бойынша көрсетіңіз. Жауабы: 1.Қазақ халқының этникалық тарихының қалыптасу эвалюциясы мен даумын сипаттап жаз Қазақ тілі түркі тілдерінің ішінде қыпшақ тіл тобына жатады. Бұл топтың ішінде қыпшақ-ноғай тармағына кіреді. Осы тіл тармағына қазақ, қарақалпақ, ноғай тілдері жатады. Қазақ тілі қазақ этносының негізімен бірге Қыпшақ конфедерациясы заманында қалыптасты. Халықтың этностық, аумақтық, саяси жағынан біртұтас құрылымға айналуы үшін қажетті алғышарттың бірі — оның дербес мемлекеттілігінің болуы. Монғолдар жаулап алғаннан кейін Қазақстан аумағында пайда болған мемлекеттердің — əуелі монғол ұлыстарының, содан соң Ақ Орданың, Моғолстанның, Əбілхайыр хандығының, Ноғай ордасының құрылуы — қазақ мемлекеттілігінің, этностық аумағының қалыптасуына негіз болды. Сонымен қатар қазақ руларының аталған мемлекеттердің құрамында бөлшектенуі əрі қарай этностық топтасуына да кедергі болды. Қазақ рулары түрлі мемлекеттік құрылымдарға бөлініп кетсе де, бір тілде сөйледі. XIV—XV ғасырларда қазақ тілінің өзіндік ерекшеліктері қалыптаса бастады. Қазақ халқының халық болып қалыптасуының аяқталуы XV ғасырдың екінші жартысы мен XVI ғасырдың басында дербес Қазақ хандығының құрылып, қалыптасуымен байланысты. Сонымен, халық болып қалыптасудың тағы бір шарты — өз мемлекеттілігінің болуы XV ғасырдың екінші жартысында іске асты. Қазақ хандығында бұрынғы кезде басымырақ болып келген рулықтайпалық сана бірте-бірте əлсіреп, барған сайын қазақ ұғымындағы ортақ халықтық этностық санаға ұласты. Сөйтіп, қазақ жері, қазақ елі, қазақ мемлекеті деген ұғымдар қалыптасты. Этнос теориясымен айналысушы ғалымдардың пікірінше, этностық бірлестіктің əр заманда қалыптасатын үш түрі болады: 1. Ру-тайпа. 2. Халық. 3. Ұлт. Осы этностық бірлестіктердің əрқайсысының өзіне тəн этностық санасы болады. Этностық сана дегеніміз — адамның өзін-өзі белгілі бір этностық топтың мүшесімін деп түсінуі. Мысалы, "мен қазақпын" деген түсінік — этностық сананың көрінісі. Рулық-тайпалық жіктелу дəстүрі халық болып қалыптасқанда да, тіпті ұлт болып қалыптасқанда да сақталып қалған қазақ сияқты этностарда этностық сананың осы аталған үш түрі əр замандарда орқалай көрініс тапқан. Əсіресе халық болып қалыптасудың бастапқы кезеңінде халықтық этностық санамен бірге рулық-тайпалық этностық сана басым орын алған. Мысалы, ескікөз қариялар "Қай елсің?" — деген сұраққа бірінші өз руының, одан соң тайпасының, жүзінің атын атаған. Əдетте, "қазақпын" деген атауды тек сырт жұртқа шыққанда ғана айтқан. Өйткені ру тайпасының аты-ақ оның қазақ екенін білдіреді деп есептеген 2. «Жылымық» жылдарындағы қоғамдық саяси жəне мəдени өмірге талдау жаз 50-жылдар мен 60-жылдардың ортасы Қеңес елінің өміріндегі маңызды кезең болды. КСРО ОК-нің Бас секретары, КСРО министрлер Кеңесінің төрағасы И.В.Сталин 1953 жылы 5 наурызда қайтыс болды. Сталиннің өлімімен тұтас бір дəуір аяқталды. Сталин қайтыс болысымен-ақ елде болуы мүмкін өзгерістердің мəні туралы үш бағыт айқын көрінді: бірінші бағыт өкімет басына Берияның келуімен байланысты болса, екінші бағыт Молотов немесе Булганин, үшінші бағыт Хрущевтің өкімет басына келумен байланысты еді. Жағдай Хрущевтің пайдасына шешілді. 1953 жылы қыркүйекте Н.С.Хрущев КОКП Орталық комитетінің бірінші хатшылығына (1953-1964 жж.) сайланды. «Жылымық жылдары» аталған 50- жылдардың екінші жартысынан бастап елде игі істер атқарылды. 1953 жылғы шілдеде КОКП ОК-нің пленумында бұрынғы КСРО-ның Ішкі істер халық комиссариатының халық комиссары, КСРО Министрлер Кеңесі төрағасының бірінші орынбасары, қуғын-сұргінді ұйымдастырушы, саяси авантюрист Л.Берия (1899-1953 жж.) ісі қаралып, барлық лауазымды қызметтерінен босатылып, атылды. Осылай Кеңестер Одағында ширек ғасырға созылған тоталитарлық дəуір аяқталды. Бюрократ көсемдер биліктен кеткенімен, олардан мұраға қалған əміршіл-əкімшіл жүйе жойылмады. 1956 жылғы ақпанда болған КОКП XX съезінде КОКП ОК-нің бірінші хатшысы Н.С.Хрущев «Жеке адамға табыну жəне оның зардаптары туралы» баяндама жасады. Баяндамада жеке адамның басына табынудың жай – жапсарды туралы айтылды. Баяндамашы И.В.Сталин, Л.Берия, Н.Ежовты қатты сынай отырып, саяси қуғын – сүргінді жүргізудегі өз жауапкершілігі туралы ештеңе айтпады. Молотов, Каганович, Ворошиловты қорғады. Съезде «Жеке адамға табыну жəне осының салдары туралы» қаулы қабылдап, ол 1956 жылы маусымда жарияланды, ал Съездін басқа құжаттары, талқыланған мəселелері көп уақытқа (33 жыл) дейін құпия түрде сақталды. 1953- 1955 жылдарда Н.С.Хрущевтің бастамасымен ГУЛАГ жойылды. Бүл кенес қоғамын сталинизмнен қутқарудағы адамгершілік акт, маңызды қадам еді. Лагерьлерге жазықсыз отырғызылған мыңдаған адамдарды босатып, белгілі партия қайраткерлері Я.Рудзудақты, А.Рыковты, В.Губарьды актағаннан кейін мемлекеттік аппарат реформаны жалғастыруды тағыда аяқсыз қалдырды. Əлі де болса, өз қызметтерінің əділетті бағасын алмады. Кəрістердың, немістердің, қырым татарларының, месхіт түріктерінің қүқықтары қалпына келтірілмеді. Мемлекеттік дəрежедегі көптеген маселелер тек қана бірінші адамның колында болды. Одақтас республикалардың құқығын кеңейтуге бағытталған реформа толық жүзеге асырылмады. Республикалардың құзырында ештеңе болмады. Саяси көзқарасы үшін қудалау орын алып, халық жауы немесе үлтшіл айыптарының орнына өзгеше ойлайтындар айыбы тағылды. Мысалы, Шығыс Қазақстан облысы бір мектебінің мұғалімі М.Елікбаев Н.С.Хрущевке ашық хат жазады. Хатта Қазақстанның тəуелсіздігі жоқ екенін, қазақ мектептері, қазақ тіліндегі оқу кұралдары мен баспасөздің тым аз екені туралы айтылған. Осыдаң кейін М.Елікбаев МҚК тарапынан құғынға ұшырап, азап тартады. 1957 жылы М.Елікбаев партия қатырынан шығарылып, жындыханаға тығылды. Н.С.Хрущев басқарған кезде де бюрократиялық жүйе өзгермеді. 1959 жылы болған КОКП–ның XXI съезінде Н.Хрущев социализмның толық жеңгені, енді коммунизмге аяқ басқаны туралы өз баяндамасында айтты. Елде осындай қияли болжамға сүйенген утопиялық социализм сақталды, ал 1961 жылы өткен КОКП XXII съезде коммунизм 20 жылдық мерзімде орнайтындығы туралы тұжырым жасалды. 3.Шығыс Түрік қағанатының орналасқан аумағын картаға түсір
28 Билет 1. Ерте ортағасырлардың тарихи жəне мəдени ескерткіштеріне сипаттама беріңіз. 2. Тың жəне тыңайған жерлерді игерудің кезеңдері, нəтижелері мен салдарын талдаңыз. 3. Қарақытай мемлекетінің орналасқан аумағын карта бойынша көрсетіңіз. ГЛОБУС + https://vk.com/official_globus Жауабы: 1.Ерте орта ғасырлардың тарихи жəне мəдени ескерткіштеріне сипаттама бер VI ғасырдың басында бүгінгі қазақ жерінде аса күрделі бетбұрыстар болған. Алтай- Сібір, Моңғолия жерінде түрік тайпаларының үстем тап өкілдері бірігіп, əскер күшіне сүйенген Түрік қағанаты атты ерте феодалдық мемлекет құрды. Олардың жері шығыс Кореядан бастап, Орта Азияның жерінде қамтылған. Қазақстанда бұл қағандықтың құрамына кірген. Бұл мемлекет туралы жазба деректер түрік тайпаларының өз тілінде жазылған «Үлкен күлтегін», «Таныкөк» құлпытастарындағы жазуларынан белгілі. Махмұд Қашқари, Рашид-ад-диннің тарихи жазбаларынан көптеген құнды деректер алуға болады. Византия, Қытай тарихшылары да мол мəлімет береді. Қазақстанның тарихында бұл мерзім «Түрік дəуірі» (VI-XIII ғ.ғ.) деген атпен белгілі. Қазақ жерінде көрсетілген мерзімде бірнеше феодалдық мемлекеттер өздерінің саяси-əкімшілік биліктерін жүргізді. Қазақстанда алғашқы қауымдық құрылыстан кейін V ғасырдан феодалдық қатынастар орнай бастады (немісше феод- «жер», аль- «иесі», яғни жердің иесі деген ұғымды береді.). Ортағасырлық тайпалардың арасында негізгі екі тап: феодалдық табы мен шаруалар табы қалыптасады. Феодалдар мал мен жердің негізгі иесі болады. Феодалдық қатынастардың орнауы Қазақстанның оңтүстігінде басқа өңірлерге қарағанда жедел жүрді. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихының басты ерекшеліктерінің бірі осы феодалдық-патриархаттық қатынастардың орнауы болды. 2.Тың жəне тыңайған жерлерді игерудің кезеңдері, нəтижелері мен салдарын талдаңыз Тың игеру, тың жəне тыңайған жерлерді игеру — КСРО-да (Қазақстан, Сібір, Орал, т.б.) 1954 – 1960 ж. жүргізілген науқан. КСРО бойынша жалпы 41,8 млн га жер жыртылса, соның 25,5 млн га-сы қазақ жері болды. Тың игеру нəтижесінде Қазақстан КСРО-дағы ең ірі астықты республикаларының біріне айналды. Тың игеру. Кеңес үкіметі тұсында ең көп тəжірибе жасалған сала – ауыл шаруашылығы. Жасалған реформалар аграрлық саланы дамытудың орнына, көбінесе үлкен қиындықтарға алып келді. Ауыл шаруашылығымен қазақ халқы тығыз байланысты екені белгілі. Сондықтан қазақ халқының басым бөлігі ауылдарда тұрғандықтан реформалардың зардабы бірінші кезекте қазақтарға тиді. Ауыл шаруашылығындағы тəжірибелер 1950 жылдары өз жалғасын тапты. 1953 жылы қыркүйекте КОКП ОК пленумы ауыл шаруашылығында қалыптасқан жағдайды талқылады. Пленумда мемлекет басшысы Н.С.Хрущев баяндама жасады. Баяндамада аграрлық саланың артта қалу себептері талданды. Күштеп ұжымдастырудың зардаптары, миллиондаған шаруалардың ашаршылық пен саяси қуғын–сүргіннің құрбаны болғандығы атап көрсетілді. Сонымен бірге, өнеркəсіпті ауыл шаруашылығы есебінен дамыту ауыл тұрғындарының тұрмыс жағдайының төмендеуіне əкелді. Қыркүйек пленумы ауыл шаруалығының артта қалуын жою жөніндегі нақты шараларды белгілді. Мал шаруашылығының артта қалу себептері: матералдық-техникалық негізінің əлсіздігіне, жайылымдардың тың игеру кезінде егістікке айналуына тікелей байланысты болды. Ауыл шаруашылығындағы жағдайды жақсарту үшін жемдік дақылдар егісінің көлемін ұлғайту жүзеге асырылды. Техникамен жабдықтау жəне малшыларды материалдық тұрғыда ынталандыру жұмысы жүргізілді. Еліміздегі 47 колхоз бен 225 совхоз ет өндіруге бағытталып қайта құрылды. Осы шараларды жүзеге асыру нəтижесінде мал шаруашылығының жағдайы біршама жақсара бастады. 1950 ж. басында колхоздарды ірілендіру нəтижесінде олардың саны республикада екі есе қысқарды. Сол себепті Қазақстан колхоздары материалдық тұрғыда жарақтанған ірі шаруашылықтарға айналды.. Шаруашылықты нарықтық қатынастарға көшіру социализм идеологиясына қайшы келетін еді. Сондықтан, азық-түлік мəселесін шешуде Кеңес үкіметі осы екінші жолды таңдады. Қаулы бойынша тың игерілетін аймақтар: Қазақстан, Сібір, Орал жəне Солтүстік Кавказ, Еділ өңірі. Бұл аймақтарда егіс көлемін арттыру көзделді. Қазақстанда тың игерілетін аймақтарға солтүстік облыстар енді. Кеңес Одағы бойынша 1954 жылы 13,4 млн гектар тың жерлер жыртылды. Оның ішінде Қазақстанда 6,5 млн гектар, яғни барлық жыртылған жердің 50%. Ал жоспар бойынша Қазақстанда 1954-1957 жылдары егіс алқабының көлемі 2,5 млн га. артуы тиіс еді. Осылайша, жаппай тың игеру қозғалысы басталды. Тек 1954- 1955 жылдары Қазақстанда жаңа 337 совхоз құрылды. Бұл совхоз атауларының өзі көп жəйтті аңғартып тұрса керек: «Москва», «Ленинград», «Киев», “Кантемировец”, “Тамановец” «Ростов», «Одесса» т.б. Жаңадан құрылған совхоздарда тұрғын үйлермен бірге жаңа мектептер, бала бақшалар, мəдениет үйлері, спорт алаңдары, кітапханалар салынды. Бұл республиканың əлеуметтік жəне мəдени дамуындағы оң істердің бірі еді. 1954 жылы тамызда КОКП ОК мен КСРО Министрлер Кеңесі «Астық өндіруді молайту үшін тың жəне тыңайған жерлерді одан əрі игеру туралы» жаңа қаулы қабылдады. Осы қаулыға сəйкес ауыл шаруашылығының техникалық базасын нығайту ісі қолға алынды. Қазақстан совхоздары сол кезеңде 169 мың трактор, 98 мың комбайн, 73 мың жүк машинасын жəне басқа да көптеген ауыл шаруашылық техникасын алды. КСРО Министрлер Кеңесі 1954 жылы қыркүйекте тың игерілген жерлерде темір жолдар мен автомобиль жолдарының құрылысын дамыту туралы қаулы қабылдады. Қаулы бойынша Қазақстанда 2.600 шақырым автомобиль жолы төселуге тиісті болды. Тың игеру барысында Тобыл–Жетіқара, Есіл–Арқалық темір жолдары іске қосылды. Тың жəне тыңайған жерлерді игерудің үлкен зардаптары да болды. Билік басындағылар ғалымдардың пікірімен санаспады. Экология мен жергілікті халықтың ерекшеліктерін ескермеуі үлкен зиян əкелді. Қазақстанның тың өлкелерінде жер эрозияға ұшырады. 1960 жылдарға қарай Қазақстанның тың өлкелерінде 9 млн га жер жел эрозиясына ұшырады. Тың игерудің рухани жəне демографиялық зардаптары да зор болды. Қазақстанға 1954-1962 ж. тың игеруге КСРО-ның еуропалық бөлігінен 2 млн адам келді. Сол себепті қазақ халқы өз жерінде азшылық жағдайына түсті. 1959 жылғы халық санағы бойынша республикада тұратын жергілікті ұлт өкілдерінің саны 2 миллион 787 мың, яғни барлық халықтың 29 % ғана құрады. Тың игерілген облыстарда 700 қазақ мектебі жабылды. Енді қазақ балалары мектеп–интернаттарда оқытыла бастады. Олардың басым көпшілігінде оқу орыс тілінде жүргізілді. Бұл біріншіден, қазақ жастарының ұлттық тілі мен мəдениетінен қол үзуіне əкеп соқтырды. Екіншіден, Қазақ елінің елді-мекендері мен жер–су атаулары орысша атала бастады. 1962 жылы Н.Хрущевтің бастамасымен Қазақстанның солтүстік облыстарын тың өлкесіне біріктіріп, Ақмола қаласы Целиноград деп өзгертілді. Тың игеру 1964 жылға дейін жалғасты. Оның негізгі нəтижесі: сол уақыттан осы кезге дейін Қазақстан халқын нанмен қамтамасыз ету мəселесі шешілді. Сонымен бірге, Қазақстан астықты шет елдерге экспорттаушы елге айналды. Тың игерудің экологиялық жəне рухани зардаптары болғанымен, ол XX ғасырдың аса ірі экономикалық жобаларының бірі болды. 3.Қарақытай мемлекетінің аумағын карта бойынша бейнеле