Неотложные состояния в гинекологии. Задачи сестринской службы в оказании неотложной гинекологической помощи. Алгоритм оказания доврачебной помощи при неотложных гинекологических состояниях



бет6/6
Дата01.06.2023
өлшемі0,53 Mb.
#178116
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Гинекологиядағы іштеспе

ауырсынады, алдыңғы құрсақ қабырғасының бұлшық еттері қатаяды, Щеткин-Блюмберг симптомы оң. Қанда лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарлайды. Диагностикасы. - шағымдары - анамнез - обьективті зерттеу - УДЗ сканирлеу - қынаптық артқы күмбезі арқылы пункциялау - лапароскопия

Дифференциальды диагностика - жедел аппендицит - бүйрек ұстамасы Емі - оперативті Жатыр қосалқыларын алып тастау, егер аналық бездің ишемиясы мен венозды тоқырау жойылса- аналық безді резекциялауға болады.

Миоматозды түйіннің некроздалуы Жатыр миомасымен миоматозды түйіннің аяқшасының бұралуы 7% кездеседі. Этиологиясы мен патогенезі Миоматозды түйіннің некроздалуы жатыр миомасының серозды түйінінің аяқшасының бұралуы, немесе қанмен қамтамасыз етілуінің жеткіліксіздігімен байланысты болады. Жүктілік кезінде миоматозды түйіннің некроздалуына қолайлы жағдай туады: тамырлардың тонусының жоғарлауы мен венозды ағыстың бұзылыстарынан миометрийдегі қан ағысы төмендейді. Некроз ісінуге, қанталауға, түйіннің асептикалық қабынуына әкеледі. Ауру өршіген жағдайда перитонит дамиды.

Клиникалық көрінісі Миоматозды түйіннің аяқшасының бұралуы кенеттен басталады- іштің төменгі жағында толғақ тәрізді ауырсыну, жүрек айну, құсу, қалтырау, ауыздың құрғауы, ішек қызметінің бұзылыстары пайда болады. Қанмен қамтамасыз етілу жеткіліксіз болғанда клиникалық көрінісі айқын емес, біртіндеп пайда болады. Науқастар іштің төменгі жағының және бел аймағының тартып ауырсынуына шағымданады. Ауырсыну кезеңді күшейіп, бәсеңдеп, немесе жойылады. Ауырсыну ұстамасы кезінде жүрек айну, қалтырау, дене қызуының көтерілуі, тахикардия болуы мүмкін. Физикалық қараған кезде тері құрғақ, тілі ақ жабынмен жабылған. Іші кепкен, қатайған, пальпациялағанда

іштің төменгі жағы ауырсынады, іштің тітіркену симптомы оң болады. Гинекологиялық тексергенде үлкейген миоматозды жатыр анықталады, түйіннің некроздалған жері пальпациялағанда ауырсынады. Қанда лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарлайды. Диагностикасы. - шағымдары - анамнез - обьективті зерттеу - УДЗ сканирлеу - лапароскопия Емі. -Жедел операция

Операция көлемі некроздық өзгерістердің айқындығына байланысты. Репродуктивті жастағы әйелдерде, қыздарда перитонит белгілері болмаса консервативті миомэктомия жасауға болады. Пре және постменопауза жасындағы әйелдерде қынапүстілік ампутация немесе экстирпация жүргізіледі. Су-электролиттік балансты қалпына келтіріп, улануды басу үшін инфузионды терапия жүргізіледі. Микроциркуляцияны жақсартатын препараттар, спазмолитиктер, қабынуға қарсы препараттар тағайындалады. Консервативті емнің нәтижесін 24-48 сағаттың ішінде бағалайды. Егер науқастың жағдайы нашарлап, перитонит белгілері пайда болса жедел түрде операция жасалады.

Назарларыңызға рахмет!



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет