- -Түтікшелі түсік кезінде ұрық жұмыртқасы дамуға
- қолайлы жағдай таба алмай, жатыр түтікшесінің
- қабырғасынан сыдырылып, құрсақ қуысына
- шығады. Жатыр түтікшесінің ырғақты жиырылуына
- байланысты қан құрсақ қуысына құйылады.
- _Жатыр түтікшесінің жарылуында (етеккірдің 3-4
- аптаға тежелуінде) жатырдан тыс жүктіліктің
- бұзылуы нәтижесінде ұрық жұмыртқасының
- талшықтары жатыр түтікшесінің жұқа қабырғасын
- толық бұзады және зақымдалған тамырлардан
- қан құрсақ қуысына құйылады.
- Клиникалық көрінісі
- Үдемелі түтікшелі жүктілік ерте стадиясында өте
- сирек анықталады, клиникалық белгілері аз,
- көбінесе ерте мерзімдегі жатырдағы жүктілікке тән
- белгілермен көрінеді: жүрек айну, құсу, дәм сезудің
- өзгерістері, әлсіздік, ұйқышылдық, сүт безінің
- ұлғаюы, қынаптың шырышты қабатының көгеруі,
- жатырдың шамалы ұлғаюы, консистенциясының
- жұмсаруы, трофобласт гормондарына оң тест.
- Етеккірдің тоқтауы,қанды бөліністер болуы мүмкін.
- Түтікшелі жүктілік 51% түтікшелі түсік, 31%
- түтіктің жарылуы түрінде үзіледі. Түтікшелі
- жүктілік әдетте 4-6 немесе 7-8 апталарда үзіледі.
- Түтікшелі түсік түрінде жүктіліктің үзілуі кезінде
- әртүрлі клиникалық көрініс байқалады: жедел ішкі
- қан кету белгілері, ал кейбіреулерінде клиникалық
- белгілері аз болғандықтан оны анықтау өте қиын.
- Жүктіліктің субьективті белгілері болмауы мүмкін.
- Мұндай жүктілік симптомсыз өтуі мүмкін.
- Түтікшенің жарылуы жедел, айқын клиникалық
- көрініспен, құрсақ қуысына қан кету белгілерімен
- көрінеді: анемия белгілері, қан қысымының
- төмендеуі, бас айналу, ауырсыну (қабырға, жауырын
- астына, бұғанаға берілетін- френикус симптом),
- естен тану, перитонеальды шок. 11% науқастарда көп
- мөлшерде қан жоғалту мен геморрагиялық шок дамиды.
Достарыңызбен бөлісу: |