Нәресте гемолитикалық ауруының анықтамасы, этиологиясы, клиникасы, диагностикасы, емі, профилактикасы


Келесі терминдарға түсініктеме беріңіз: Гипогалактия. Лактациялық криз. Лактациялық аменорея. Тек омыраумен тамақтану



бет22/26
Дата14.04.2022
өлшемі10,61 Mb.
#139396
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
Байланысты:
Емтихан сұрақтары-1

Келесі терминдарға түсініктеме беріңіз: Гипогалактия. Лактациялық криз. Лактациялық аменорея. Тек омыраумен тамақтану.
Гипогалактия-сүт бездерінің секреторлық мүмкіндігінің төмендеуі
Лактациялық криздер (уақытша гипогалактия) пайда болуы мүмкін – белгілі бір себепсіз пайда болатын уақытша сүт мөлшерінің азаюы.
Лактациялық аменорея — контрацепцияның физиологиялық әдісі, және овуляцияның болмауына негізделген
Тек қана омыраумен емзу дегеніміз- анасынын жасанды, қосымша тагамдарды коспай тек омыраумен емізіп сонымен катар анасынын сауылган сүтін 6 ай бойы беру


  • Вирусты гепатит В және С анықтамасы, этиологиясы, клиникасы, диагностикасы, емі, профилактикасы.
    Жедел В вирусты гепаатит

    Жедел В вирусты гепатиті ДНҚ вирусымен (Дейн бөлшегі)тудырылатын жедел бауырдың қабынуы,адамнан адамға парентаральді немесе вертикальды жолмен жұғады.Ауру әдетте өзіндік сауығуымен аяқталады, кейбір жағдайда ұзақ созылмады вирус тасымалдаушылық пайда болады немесе созылмалы гепатит және гепатиттен кейін бауыр циррозы дамиды.
    Этиологиясы
    В гепатит вирусы (HBV) кішірек шамамен 42 нм ДНҚ вирусы.Ол қабықшадан, нуклеокапсидтен тұрады.Вирустың қабықшасында беткейлік антиген (HBsAg)орналасқан;полимеразды альбумин үшін қосымша рецопторы (p.AR); бар оның көмегімен HbsAg бауыр жасушасының ішіне енеді.Нуклеокапсидте В гепатит вирусының ядролық “core” HBсAg және “е” (HBеAg) антигендері бар,қосымша құрамында ДНҚ – полимераза (қайталамалы транскриптаза) протеинкиназа және вирус ДНҚ-сы орналасқан. В гепатит вирусының қабықшасы мен ядросы антигендерімен ажыратылады.Ауру кезінде вирустың осы бөліктеріне түрлі антиденелерінің түзіледі.HBV антигендерінің және түзілген антиденелерінің диагностикалықтұрғыда және болжам жасауда маңызы зор.
    Берілу жолдары: Табиғи және жасанды. Жасанды жолдар: теріні және шырышты қабаттарды зақымдайтын манипуляциялар (операциялар, инъекциялар, эндоскопиялық тексерулер, манипуляциялар, педикюр, татуаж). Табиғи жолмен: жарақаттанған тері қабаттары арқылы.
    Клиникасы
    Аурудың ағымының сипатына, клиникалық белгілердің көріністерінеғ вирустың фазасына, морфофункционалдық өзгерістерінің тереңдігіне, асқынулары мен аурудың нәтижесін байланысты В гепатитінің бірнеше түрлері мен оның клиникалықморфологиялық варианттарын ажыратады.
    І. Ағым циклдігіне байланысты;
    ІІ.Симптомдарының көріну дәрежесіне қарай;
    ІІІ.Ауыру дәрежесіне қарай;
    ІV.Асқынуларына қарай.
    V.Аурудың аяқталуына байланысты.
    Ағым циклдігіне байланысты:
    А-циклді (өзі жазылатын) жедел түрлері
    •Цитолитикалық компоненті басым болатын жедел вирусты гепатиті;
    •Холестаздық белгілері басым болатын жедел вирусты гепатиті;
    • В гепатитінің ұзақ мерзімді түрі;
    •Холестаздық вирусты В гепатиті.
    Б –ациклді түрлері
    1) Жедел асқынатын фульминантты В гепатиті;
    2) Созылмалы В гепатиті;
    Процестің белсенділік дәрежесі:
    Минималды белсенділікпен өтетін ( созылмалы вирус тасымалдаушылық және созылмалы персистирлеуші В гепатиті);
    Белсенділігі төмен;
    Белсенділігі орташа;
    Вирусты жұқпаның белсенділігі жоғары:репликациялық,интеграциялық.
    ІІ.Симптомдарының көріну дәрежесіне қарай:
    Субклиникалық, айқын емес, сарғыштаусыз, сарғыштанумен жүретін.
    ІІІ.Ауыру дәрежесіне қарай:
    Жеңіл, ауырлығы орташа, ауыр түрлеріне бөлінеді.
    ІV.Асқынуларына қарай.
    •Арнайы асқынулар;
    Жедел бауыр жетіспеушілігі;
    Геморрагиялық синдром;
    Порталды гипертензия
    Ісіну –асциттік стндром;
    •Арнайы емес асқынулар;
    Суперинфекция (вирусты және бактериалды),
    Эндогенді инфекцияның белсенділігінің артуы (вирусты –бактериалды – саңырауқұлақтық ассоциация);
    Қосымша ауруларының қозуы;
    V.Аурудың аяқталуына байланысты.
    •Айығу;
    -толық айығу,
    -қалдықты белгілерімен,
    •Өлім (жедел бауыр жетіспеушілігінің, бауыр циррозының гепатоцеллюлярлы карциноманы нәтижесінен болған).
    3. клиникалық көрініссіз: а) субклиникалық; б) вирус тасымалдаушылық.
    Ауырлығы: жеңіл, орташа, ауыр. Инкубациялық кезеңі 40-180 күнге дейін.
    Сарғаю алдындағы кезеңі 1-2 аптаға дейін созылады. Кейде одан да ұзақ. Бұл кездерде мүмкін болу синдромдар: артралгиялық – көбінесе тән; диспепсиялық; астеновегетативті; гриб тәріздес; аралас; сирек түрде болатын латентті кезең. Сырқат біртіндеп басталады. Әлсіздік, енжарлық, тәбетінің төмендеуі, 2-5 күннен кейін тамақтан соң жүрегі айнып, құсады. Қату не іш өту. Оң жақ қабырға астында ауырлық және ауырсыну сезімі болады. Артралгиялық синдром: сүйек – буындары ауырып, мазалайды. Астеновегетативті синдром әлсіздік, енжарлық, бас айналу, бас ауыру, ұйқысыздық байқалады. Сарғаю алдындағы кезеңнің аяғында зәр қоңырланып, нәжісі ақ түске айналады, алғашқыда склера, одан кейін теріде сарғаю байқалады. Сарғаю кезеңі 3-4-5 аптаға дейін және одан да ұзақ болуы мүмкін. Интоксикация белгілері үдейді. Сарғаю белгілері де жоғарылайды. Ұйқысының бұзылуы, эйфория, апатия, тітіркену байқалады. Брадикардия, гипотония, бауыр және көкбауырдың үлкеюі тән. Қанның жалпы анализінде: лейкопения, лимфацитоз, ЭТЖ-ң жоғарылауы байқалады. Жазылу кезеңі 12 ай бойы.
    Диагностикасы
    Жедел В гепатиттің диагнозы анамнездік, клиникалық- биохиямиялық мәліметтерге , вирустың серологиялық маркерлерін зерттеу нәтижелеріне негізделеді.Егер ауру басталуынан 45-180 күн бұрын науқасқа қан препараттары құйылған болса, операциялық, акушерлік-гинекологиялық, стоматологиялық шаралар, эндоскопиялық зерттеулер жасалынса, көптеген инъекциялар (соның ішінде, есірткілер) енгізілсе, егер В гепатитімен ауыратын науқаспен жыныстық немесе басқа тығыз қатынас болса В гепатитті болжауға болады.Қанда HBeAg, HBV –ДНҚ , анти HBc IgM және HBsAg-нің ұзақ уақыт (3 айдан көп) жоғары титрде болса, жұқпалы процестің созылыңқы ағымы туралы және созылмалы түрге айналу мүмкіндігінің жоғары болуы туралы айтады. Егер қанда 6 айдан астам HBsAg, тұрақты титрде анықталса созылмалы гепатиттің дамуы туралы, активті вирусты репликациямаркёрлері, клиникалық көріністер және биохимиялық көрсеткіштердің өзгеруі болмаса да, ойлау керек.
    Емі
    Қазіргі кезде В гепатитте қолданылатын негізгі вирусқа қарсы препарат – альфа-интерферон; нақты айтқанда оның рекомбинантты және нативті препараттары.Альфа-интерферон3-5 мл .МЕ аптасына 3 рет тері астына немесе бұлшық етке 1-3 ай тағайындалады.Емнің курсын осылай өткізгенде процестің созылмаылы түрге айналу мүмкіндігі 5 есе азаяды. Сонымен қатар этиотропты еміне химиопрепараттар жатады,мысалы:
    -Синтетикалық нуклеозидтер:фамцикловир -750 мл/тәулігіне;
    -Протеаза ингибиторлары :саквинавир -600 мг х3 рет/тәулігіне;
    -Интерферон индукторлары:неовир 250-500 мг бұлшық етке 1 күн ара
    -Иммуномодуляторлар:лейкинферон -1 ампуладан бұлшық етке -1 күн ара;
    В гепатитінің ауыр түрінде және жедел бауыр жетіспеушілігінің белгілері пайда болған да интенсивті терапия жүргізіледі.Науқастарды бақылау және олардың күтімі өте маңызды.
    С вирусты гепатиті
    С гепатиті этилогиялық белгілері жағынан В гепатитке ұқсас болып келеді.Бірақ сарғыштануымен жүретін түрлері жеңілірек өтіп, клиникалық белгілеріне тез жоғалады. С гепатиті көп жағдайда сарғыштану белгілерінсіз, субклиникалық және инаппарантты түрде өтеді.Алайда
    бұл аурудың 80-90% созылмалы түрде ауысса,20-30% бауыр циррозы тудырады.
    Бауырдағы вирус қоздырғышы
    Қанның өзгерісі
    Эпидемиологиясы
    С гепатитінің көзі тек қана ауру адам немесе вирус тасымалдаушы ғана бола алады.
    •Берілі механизімі –парентеральды.Инфекция мынандай жолдармен таралуы мүмкін:стерильді емес инелермен инъекция жасағанда,гемодиализ кезінде,татуаж жасағанда, қан немесе оның препараттарын құйғанда, құлақ тескенде жыныстық қатынас кезінде, сонымен қатар сілекей арқылы және анадан- балаға парентальды жұғады.Қауіп –қатер тобына жататындар:нашарқор,медицина қызметкерлер (инемен жұмыс жасайды) және донор қанының реципиенттері кіреді.
    •В гепатитімен салыстырғанда,С гепатитінің ауру шақырушы дозасы анағұрлым көбірек болады.
    HCV геномының ауыспалылығына байланысты, С гепатитімен ауырған адамдарда спецификалық иммунитет пайда болмайды да, адамда қоздырғыштың әртүрлі субтиптерімен генотиптері ауру тудыруы мүмкін.
    Татуаж жасағанда
    Донор болғанда
    Инелермен инъекция жасағанда
    Этиологиясы
    С гепатитінің вирусы HCV флавивирустар (Flaviviridae)тұқымдастығына жататын РНҚ-лы вирус болып
    табылады.Оның диаметрі 50 нм –дей болады және майда еритін қабықшасы бар. HCV геномы құрамдық (С,E1,E2,/NS1) және құрамдық емес белоктардың (NS2, NS3, NS4, NS5)кодын сақтайды.
    С гепатитінің қохдырғышының ең басты ерекшелігі, оның генетикалық әртектілігінде.Вирустың алты генотипі (1-6) бар,ал олардың өздері субтипке бөлінеді.Қазіргі кезде вирусты С гепатитінің
    50-ден астам субтиптері бар. Вирус 50 °С –ға температураға төзімді болады,бірақ (хлорроформ)
    сияқты липидтерді ерітетін еріткіштердің және ультракүлгін сәулелерінің әсеріне өте сезімтал болып келеді.Қоршаған ортада тұрақсыз қасиет көрсетеді.
    Клиникасы
    Инкубациялық кезеңі 20 күннен 150 күнге дейін, орташа 4050күн.Жедел С гепатиті көп жағдайда анықталмайды, себебі организмдегі патологиялық процесс жасырын (латентті) түрде өтеді. Астеновегетативті және диспепсиялық синдромдар сарғыштанумен өтетін (өте сирек кездеседі) С гепатитінің бастапқы кезеңінде және сарғыштанусыз өтетін түрінде кездеседі.Клиникалық белгілері өте мардымсыз.Науқастар әлсіздік, тез шаршағыштықтың,тәәбетсіздіктіңорын алғанына шағымданады. Сарғыштану кезеңінде жалпы улану белгілері айқын емес.Сарғаюдың айқындылығы төмен болады да, , көздің таңдайдың аздап сарғаюымен, терінің білінер-білінбес сарғыштануымен, холурия және ахолия белгілерінің бір-екі рет байқалуымен сипатталады.Кейде бауыры аздап үлкейеді,пальпациялағанда жұмсақ болады.Көкбауыры үлкеймейді.
    Диагностикасы
    С гепатитінің эпиданамнезі В гепатитіндегідей, бірақ парентералды жолы басымырақ.Жедел гепатит
    симптомсыз өтеді де тез созылмалы түрге ауысады.Диагнозды дәлелдеу үшін қанда (ПТРәдісімен)HCV РНҚ-н анықтау қаннан кей жағдайда анти HCV Ig және IgG анықтау арқылы да дәлелдейді.Созылмалы С гепатитінің диагнозын жоққа шығару үшін, гепатобиоптаттардағы өзгерістердің минималдығын, фиброздың жоқ екенін және де қанда анти NS-4 анықталмайтындығын дәлелдеу қажет.
    Емі
    Емдеу принциптері В және А гепатиттеріндегідей.Созылмалы түрге өте жиі ауысатындықтан ,
    вируске қарсы емді жедел С гепатитінің кез келген түрінде жүргізу керек.Осы кезде созылмалы түрге ауысу жиілігі 3 есе азаяды.
    Ауруханадан шығару және диспансерлік бақылау ережелері В гепатитіндегідей.Жедел HCV –жұқпасының 85-90% созылмалы түрге ауысады, ал 10-15%ғана айығады.
    Алдын алу шаралары
    В гепатитіндегідей .Қазіргі кезге дейін вакцинасы жоқ.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет