Нерв жүйке жүйесінің құрылысы мен маңызы



бет4/10
Дата07.02.2022
өлшемі0,6 Mb.
#97466
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
000908ec-d1d3a625

Синапс құрылысы

Нейрондардың бір-бірімен байланысы синапс деп аталатын арнайы ерекше құрылым арқылы іске асады. Синапс 3 бөлімнен тұрады: пресинапстық (синапстың алдындағы), синапс саңлауы және постсинапстық (синапстың соңындағы) бөлімдер. Пресинапстық бөлімнің пресинапстық мембранасы бар. Пресинапстық мембрана неиронның аксонының жуандаған ұшы — синапс түймешесінің қабығы. Синапс түймешесінің іші синапстық көбікке толы болады. Бұл көбік медиатор деп аталатын белсенді химиялык заттан тұрады (лат.медиатор - делдал, арада жүруші). Қабылдаушы нейронның пресинапстық бөлімімен жалғасатын жерінің қабығын постсинапстық мембрана деп атайды. Пресинапстық және постсинапстық мембраналардың арасында синапс с а ң л а у ы болады. Ол — клетка аралық сұйыққа толы кеңістік.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет