Адамның миы ми сауытында орналасқан. Ми сопақша ми, көпір, мишық, ортаңғы ми, аралық ми және екі ми сыңарларынан тұрады.
Шеткі жүйке жүйесі
Шеткі жүйке жүйесі ми мен жұлыннан шығып, бүкіл мүшелерге, олардың ұлпаларына, клеткаларына тараған нерв клеткалары мен нерв талшықтарынан тұрады. Шеткі жүйке жүйесі соматикалық және вегетативтік жүйке жүйелері болып бөлінеді.
Соматикалық жүйке жүйесі
Организмнің сыртқы ортамен байланысын қамтамасыз етеді. Соматикалық жүйке жүйесі сезім (көру, есту) органдары мен тері рецепторлары арқылы сыртқы тітіркендіргіштерді қабылдап, оларға көлденең жолақты бұлшық еттерді жиыру арқылы жауап береді. Бұл қаңқа және кейбір ішкі органдардың (тіл, көмей, жұтқыншақ) көлденең жолақты бұлшық етті жүйкелендіруі арқылы іске асады. Соматикалық жүйке жүйесінің вегетативтік жүйке жүйесінен айырмашылығы – адамның еркіне бағынатын органдарды (мысалы, мимикалық бұлшық еттерді) жүйкелендіреді.