Несеп-жыныс жыныс жүйесі


Жатыр түтігі қабырғасының құрылысы



бет5/8
Дата01.12.2023
өлшемі5,37 Mb.
#194458
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Әйел жыныс мүшесі 2

Жатыр түтігі қабырғасының құрылысы
  • Ішкі қабығы, шырышты қабық, tunica mucosa- жатыр түтігінің барлық деңгейінде қатпарларға жиналады.
  • Жатыр түтігінің іштік тесігінің тұсында шырышты қабық қалыңдап, өте көп қатпар түзеді. Әсіресе, қатпарлар жатыр түтігі құйғышында көптеп кездеседі.
  • Шырышты қабық эпителиймен қапталған, оның кірпіктері жатырға қарай қозғалады.

Ортаңғы бұлшықеттік қабық, tunica muscularis- сыртқы бойлық және ішкі дөңгелек қабаттардан тұрады.

Жатыр түтігінің қанмен қамтамасыз етілуі
  • Жатыр түтігін жатыр артериясының (a.uterina) тармағы- түтік тармақтары, r. Tubarius, және құйғышын аналық без артериясының (a.ovarica) тармақтары қанмен қамтамасыз етеді.
  • Жатыр түтігінен веналық қан аттас веналар арқылы жатырдың веналық өріміне ағады.
  • Жатыр түтігінің лимфа тамырлары бел лимфа түйіндеріне ашылады.
  • Жатыр түтігін аналық без және жатыр-қынап өрімдері нервтендіреді.

Аналық без
Аналық без,ovarium- жұп ағза, атабезге ұқсас әйел жыныс безі болып табылады. Ол- жалпақ сопақ пішінді, ұзындығы 2,5 см, ені 1,5 см, қалыңдығы 1 см болатын дене. Оның екі шетін ажыратамыз: жоғарғы, біршама дөңгелектенген шеті жатыр түтігі жағына қарайды және түтік шеті, extremitas tubaria, деп аталады, қарама-қарсы төменгі, үшкір шеті, extremitas uterina, жатырмен меншікті байлам арқылы байланысады.
Аналық бездің 2 беті
Fascies lateralis
Fascies medialis
Анабез латералды бетімен жамбас астауының бүйір қабырғасына үстіңгі жағынан vasa iliaca externa мен m. psoas major арасында, алдынан Lig.umbilicale laterale және артынан несепағар арасында жанасып жатады. Анабездің ұзындығы вертикалды орналасқан.
Медиалды жағы жамбас астауы қуысына қараған, бірақ біраз жерде жатыр түтігі мен жабылған, түтік алдымен анабездің шажырқайлық жиегімен жоғары жүріп, содан кейін оның түтіктік шетінде бұрылып , анабездің бос жиегімен төмен қарай кетеді.
Анабездің екі беті бір-бірінен жиектермен бөлінген:
  • Артқы бос жиегі, margo liber, дөңес, ал алдыңғы, шажырақайлық жиек, margo mesovaricus тік, шашырқайға бекиді.
  • Бұл жиекте анабез қақпасы hilus ovarii, орналасады, өйткені бұл жерде анабезге тамырлар мен нервтер кіреді.

Жалпы анабез жатырмен меншікті байлам Lig. Ovarii proprium , арқылы байланысқан, ол- жатырдың жалпақ байламының екі жапырақшасы арасында орналасқан жатыр бұлшықетіне созылатын негізінен еріксіз бұлшықет талшықтарынан тұратын дөңгелек сіңірлі жіп.Анабез жаңа жасалған препаратта көрінетін жетілген анабез түйіншелері, болады, олардың әр қайсысында дамып келе жатқан әйел жыныс жасушасы- ооцит жатады. Даму кезеңіне қарай түйіншелер дің шамасы әр түрлі- көзге көрінбейтін шамадан диаметрі 6 мм-ге дейін жетеді.
  • Аналық без гормондар және жыныс жасушаларын бөледі.
  • Жаңа туған қыз балада 400 мың жасушалары болады.
  • Аналық безде қыздарда 8 жасында жұмыртқа жасушаларының саны 25 000, 10 жасында — 20 000, ал 18 — 5 000 - 700.
  • Көптеген жасушалары өледі де жыныстық даму кезінде 200—300 дамиды.
  • Өмір бойы ұрықтанатын жасушалардың саны—20—50, тіпті одан да аз



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет