Вегетативті жүйке жүйесінің симпатикалық және парасимпатикалық бөліктері, сондай-ақ жұлын нервтері әйелдің жыныс мүшелерінің иннервациясына қатысады.
Жатыр симпатикалық нерв талшықтарын құрсақ өрімнен алады.Жатырдың эндометрінде көптеген рецепторлы нерв талшықтарының ұштары болады.Бұл нерв ұштары тек қана қоймай, онымен қоса ағзадағы қан қысымын, зат алмасу, эндокринді бездер, орталық нерв жүйесінің қызметін, гипоталамус пен гипофизден бөлінген гормондардың әсерінің көрсеткіші болып табылады.
Бартолинит - қынап кіреберісінің үлкен безінің қабынуы.Стафилакокктармен, ішек таякшасымен, стрептококктармен,протеймен,сирек гонококктармен, трихомонадтармен,микоплазмалар және басқа микроорганизмдермен қоздырылады.
Клиника. Микробтар бездің шығару өзегін зақымдауы мүмкін(каналикулит), сонымен бірге бездің өзегінде каналикулитте (жиі этиологиясы гонорея) әйелдің жалпы жағдайы аз зардап шегеді.Бездің сыртқы шығару өзегінің сыртқы тест айналасында қызыл түсті валик анықталады: өзекті қысқан кезде іріңді тамшы шығады, оны бактериоскопиялық зерттеуге алады. Шығару өзегінің бітелуі кезінде бездің жалған абсцессі дамиды. Жалған абсцессте үлкен жыныс еріндерінің ортаңғы және теменгі үштен біріндегі шекарада овоид пішінді ісіну, гиперемия, көгеру пайда болады. Ісіну үстіндегі тері қозғалмалы. Жалпы абсцесс үлкен жыныс ернінің сыртқы жиі ішкі бетінің ісінуін тудырып, кіші жыныс ерніне таралып қынапқа кіруді жабады. Дене қызуы субфебрильде жүрген кезде ауырсыну байқалады.
Кольпит
• Кольпит - қынаптың кілегей қабатының қабынуы. Арнамалы емес кольпит стафилакоккпен, ішек таяқшасымен, стрептококкпен қоздырылуы мүмкін. Сирек емес кольпитті аралас инфекция, сонымен қатар трихомонадтар тудырады. Кольпит дамуына бейімдеуші факторларына қосалқылардың созылмалы қабынулары кезінде байқалатын аналық безінің эндокриндік функциясының төмендеуі, пубертатты және қартайған жаста эпителиальды жабындының бүтіндігінің бұзылуы. Жатыр мойны каналынан патологиялық бөліністің болуы қынапты екіншілік қабыну процесіне ұшыратады. Қабыну реакциясы ошақты және диффузды болады жиі жатыр мойнының қынаптық бөлігіне және вульвага тарайды.