Несептің жалпы қасиеттері
Мөлшері: тәулігіне бөлінген зәрдің көлемін диурез деп атайды. Ересек адамдарда тәулігіне 1000-2000мл-ге тең . Ер адамдарда зәр көбірек бөлінеді.
Патологиялық жағдайда 500мл-ден төмен 2000 мл-ден жоғары несеп бөлінеді.
Полиурия- несептің көп бөлінуі. Физиологиялық (көп мөлшерде су ішкенде, қыста-себебі тер аз бөлінеді), патологиялық (қантты және қанытсыз диабет, созылмалы нефрит, пиелонефрит).
Олигоурия- несептің аз бөлінуі. Физиологиялық шөлдегенде, жазда, ауыр қара жұмыс істегенде, патологиялық диарея, токсикоз, ісіну, жедел бүйрек жетіспеушілігі.
Анурия- зәрдің бөлінуінің тоқтауы. Бүйрек паренхимасының ауыр зақымдалғанда, қуықта тастардың пайда болып бітелуінде.
Никтурия- зәрдің күндізге қарағанда түнде көбірек бөлінуі, жүрек жұмысының бұзылуында, жедел нефритте байқалады.
- Меншікті салмағы немесе зәрдің салыстырмалы тығыздығы. Зәрдің қалыпты жағдайдағы меншікті салмағы 1,010-1,025.
- Түсі. Қалыпты жағдайда түсі ақщыл-сарыдан қою сарыға дейін өзгереді. Зәрдін түсін құрамындағы пигменттер қалыптастырады: урохром, урозеин, уроэритрин, стеркобилин.
- Мөлдірлігі: жаңадан шығарылған кезде ол мөлдір, ал тұрып қалған кезде жеңіл лай сияқты бұлыңғырт болады.
- Иісі- қалыпты жағдайда зәрдің арнайы жаңадан қайнатқан еттің сорпасының иісіне ұқсайтын иісі болады.
- Зәрдің РН 5-7 арасында, яғни әлсіз ортадан бейтарап ортаға дейән болады.
Несептің химиялық құрамы
Қазіргі кезде несепің құрамында барлық химиялық ингриденттер бар екендігі анықталған. Несептің тәуліктік мөлшері 60г жуық тығыз заттары органикалық және бейорганикалық заттардан тұрады.
Тәуліктік мөлшері: Na-130-260ммоль, K-38-82ммол, Ca-2.5-6.2ммоль, аммиактың азоты-36-71 ммоль, несеп қышқылы 1,2-7,1 ммоль, мочевина 333-583 ммоль, индикан 0,047-0,056ммоль, креатинин ер адамдарда 8,8-17,7 ммоль, әйел адамдарда 7,1-15,9 ммоль.
Зәрдің химиялық құрамы
Несеп
Су
Құрғақ қалдық (42-62 г/таул)
Органикалық заттар 35-45г таул
Бейорганикалық заттар 15-25г таул
Азотты
Азотсыз
Достарыңызбен бөлісу: |