С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА
Тақырып: Бүйрек және зәр биохимиясы
Орындаған : Қанатқызы Н
Тексерген: Досымбекова Р.С
Факультет: ЖМ
Группа: 18-02
2017жыл
Бүйрек – жұп мүше, оның үлкен маңызы бар, өйткені зат алмасуының соңғы өнімдерін шығаруымен қатар, органикалық, бейорганикалық заттардың артығын және бөгде заттарды ағзадан шығарып, тазалау жұмысын атқарады. Екі бүйректің салмағы дененің 0,45-0,7%-ын құрайды. Құрамындағы судың мөлшері 83%, құрғақ заттардың үлесіне 17% келеді. Олар өте маңызды экскреторлық мүше болып табылады.
Бүйректің негізгі қызметтері:
Тазалау (депурациялық) және экскреторлық (сыртқа шығару): бүйрек қандағы барлық керек емес заттарды ағзадан бөліп шығарады. Бүйректің бұл қызметі зәр түзуге және оны концентрлеуге немесе сұйылтуға қабілеттілігіне байланысты.
Бүйректегі жұмыс істеу алаңы 50 м2 дейін жетеді. Тәулігіне 180л-ге жуық сұйықтықты сүзгіден өткізіді. Сонымен, тәулігіне бүйректің эпителий түтікшелерінен 179 л Н2О , 1кг NaCL,500г NaHCO3, 250г глюкоза, 100г бос амин қышқылдары өтеді. Бүйрек ультра-сүзгілеу принципімен жұмыс істейді. Клиренсі 125мл/мин.
1. Бірінші реттік несеп, құрамы жөнінен плазмаға жақын , ақуызы жоқ, өйткені ақуыздар коллоидты-дисперсті жүйе болғандықтан, мембраналары өткізбейді.
2. Соңғы несеп немесе екінші реттік несеп. Бұл судың глюкозаның, АҚ,Na,Ca және т.б заттардың қанға қайта оралуы нәтижесінде концентрлеу арқылы түзіледі. Бұл процесс физиологиялық , биохимияық және эндокриндік жүйелер арқылы реттеледі.