8.1. Несиелік саясат, оның элементтері Несиелік саясат банктің несиелік қызметінің міндеттерін, оларды іске асыру құралдары мен əдістерін, сондай-ақ несиелік процесті ұйымдастыру қағидаттары жəне тəртібін белгілейді. Несиелік саясат несиелік механизм көмегімен жүзеге асырылады.
Несиелік саясат – банктің несиелік жұмысын ұйымдастыру негізін жəне несиелеу процесіне қажетті құжаттар жүйесін жасау шарттарын білдіреді. Кең мағынасында, несиелік саясатты несие беруші банк пен қарыз алушылар тұрғысынан қарастыруға болады.
Тар мағынасында, несиелік саясат – бұл несиелік процесті ұйымдастыру барысындағы банктің стратегиясы мен тактикасын сипаттайды.
Несиелік саясат банктің несиелік жұмысын, оның жалпы стратегияларына сай ұйымдастыру негізін жəне несиелеу процесін қалыптастыруға қажетті құжаттар жүйесін (ұйымдастыру) жасау шарттарын білдіреді.
Жалпы несиелік саясат мынадай сипатта болуға тиіс:
-нұсқаулық емес, яғни директивті нұсқауларды қамтиды;
-несиелеудің мақсаттарын нақты жəне мағыналы анықтауға мүмкіндік
береді;
-нақты мақсаттарды іске асырудың бірнеше ережелерін қамтиды;
-оны іске асыруды қамтамасыз ететін стандарттар мен нұсқаулықтарды қамтитын құжаттардан тұрады.
Несиелік саясат банктің стратегиясын, оның тəуекелді басқару облысындағы саясаттарын ескере отырып жасалады. Несиелік саясат несиелік қызметтің төмендегідей негізгі бағыттарын анықтауға мүмкіндік береді:
•несиенің берілуіне жəне несиелік портфельді басқаруға жауап беретін банк қызметкерлері жетекшілікке алатын объективтік стандарттар мен критерийлерін;
•несиелеу облысындағы стратегиялық шешімдерді қабылдайтын тұлғалардың басты іс-əрекеттерін;
•сыртқы аудит қызметтерінің жұмысын жəне банктегі несиелік қызметтің сапалығын;
•ішкі бақылау қағидаларын.
Несиелік саясат банк қызметін диверсификациялаудағы іс-əрекеттердің тізбектелуін қамтамасыз ету үшін жəне несиелік қызметкерлердің лауазымды міндеттерін анықтау үшін қажет. Несиелік саясатты іске асырудың белгілі бір тəртібі болмайынша несиелеудің біртұтас ережелерін тəжірибеге енгізу мүмкін емес. Сондықтан да, жазбаша түрде жазылған несиелік саясат пен оны іске асырудың соған сəйкес ережелері несиелік процесті жүргізудің негізін құрайды.
Несиелік саясат, банк қызметкерлерінің бүгінгі таңда несиелеуге болатын экономика секторын дұрыс таңдай білуіне, сондай-ақ, несие беру мүмкіндігі туралы сұрақты шешуде банк үшін бірінші реттік маңызы бар басқа факторлар
203
мен қарыз алушының несиелік қабілетіне қарап “өз клиентін” таңдаудағы біліктілігіне негізделеді. Сондай-ақ, несиелік саясат банктің бүгінгі иелігіндегі немесе ертең енгізуді дұрыс санайтын несиелік өнімдермен анықталады. Мысалға, кəсіпорындарға қысқа мерзімді несиелер (айналым қаражаттарын толықтыруға) жəне ұзақ мерзімді инвестициялық несиелер (өндірісті кеңейтуге, жаңғыртуға, техникалық жағынан қайта қаруландыруға, ғылыми-техникалық инновацияларды енгізуге) берген қолайлы.
Несиелік саясаттың маңызды элементі банктегі бақылауды ұйымдастыру болып табылады (потенциалды қарыз алушыны несиелеу мүмкіндігі туралы сұрақты шешу барысында несиелік стандартты дұрыс қолдануға бақылау жасау; жекелеген несиелік қызметкерлердің құзыретін сақтауға бақылау жасау; банктің несиелік портфелінің жағдайына жəне оның ішінде проблемалық несиелерге қойылатын жалпы бақылау).
Ішкі несие саясатын жасау банк жетекшілерінің несиелеу мақсатын қалыптастыруды жəне бұл мақсаттардың банктің жалпы міндеттері мен стратегиялық мақсаттарымен қаншалықты сай келетінін анықтауды талап етеді. Несиелеу мақсаттары анықталғаннан соң, соның негізінде банк қызметкерлерінің қажетті несиелік операцияларды атқаруына мүмкіндік беретін банктің несиелік саясатын жəне оған қоса несиелеу стандарты мен несиелік нұсқаулықтары жасалады.
Несиелік стандарттар мен нұсқаулықтарды жасаудың бастапқы кезеңі аяқталуына байланысты, бұл құжаттардың бірінші редакциясы тəжірибелі қызметкерлерге сараптауға берілуі тиіс. Сараптаушылардың талдауы жəне ұсыныстары енгізілгеннен кейін несиелік саясат бойынша комитет (немесе директорлар кеңесі, несиелік комитет) саясатты жəне соған сəйкес нұсқаулықтарды бекітеді.
Несиелік саясат несиелеу лимиттерін, тəртібін, кейде несиелеу бойынша жекелеген ережелерді де қамтиды. Мысалы, несиелік саясатта бір қарыз алушыға келетін тəуекел лимиті анықталады. Сонымен қатар, несиелік саясатта барлық несиелердің несиелік құжаттарда көзделген мақсаттарға сай берілуі де қарастырылуы мүмкін.
Несиелік саясатта несиелік комитет туралы ереже де қамтылады. Несиелік комитет несие беру барысында қорытынды жасап, несиені беруге байланысты мəселелерді қамтиды.
Отандық банктер тəжірибесіндегі несиелік комитеттің шешетін мəселелері мынадай:
-несие алуға берген клиенттің өтінішін жəне несиелік қызметкердің несие беру туралы қорытындысын қарайды;
-несие беру немесе одан бас тарту туралы шешім шығарады;
-несиелік тəуекелдерге байланысты несиелеу формаларын анықтайды;
-несие сомасы мен мерзімін анықтап, пайыз мөлшерлемесін бекітеді;
-несиені қайтаруды қамтамасыз ету тəсілдеріне талаптар белгілейді;
-несиелеу шартын бектеді (несиелік лимит, несиелік желі);
-берілген несиелерге мониторинг жүргізу тəртібін бектеді;
-банктің несиелік стратегиясын жасайды;
204
-несиелеу бойынша бөлімшелердің жұмысын талдайды;
-несиелік комитеттің мəжілісінің хаттамаларына қол қояды жəне хаттамаларды тіркеу кітабын жүргізеді.
Несиелік саясатта қарыз алушылардың негізгі қызметіне байланысты тəуекелдігі жоғары операцияларды немесе жобаларды қаржыландыру үшін тағайындалатын несиелер туралы да айтылуға тиіс.
Несиелік саясатпен банк қызметкерлерін таныстыру, оларды соған сай келетін ережелермен жəне нұсқаулықтарға үйрету, банкте несиелік саясатты енгізудің негізгі элементі болып табылады.
Несиелік саясат несиелік қызметтің басты бағыттарын анықтайды. Оларды, өз кезегінде, несиелік саясаттың қабылдаған бағыттарын іске асыру жүйесі ретінде тұжырымдауға болады. Несиелік саясатта төмендегідей элементтер көрсетілуге тиіс:
•несиелік қызметті ұйымдастыру; •несиелік портфелді басқару; •несиелеуге бақылау жасау; •құзіретті бөлу қағидаттары; •несиелеуді таңдаудың жалпы критерийлері; •несиелеудің жекелеген бағыттары бойынша шектеулер; •несиелермен жасалатын ағымдық жұмыстардың қағидаттары; •несиелер бойынша зиян шегу жағдайларына резерв жасау. Іс жүзінде несиелік саясатты іске асыру тəсілдері мен əдістерін белгілі бір формада, яғни соған сай келетін төмендегідей үш құжат түрінде көруге болады:
1.несиелеу саясаты; 2.несиелеу стандарты; 3.несиелеу нұсқаулықтары. Сондай-ақ аталған үш құжат ерекше бір құжатта - “Несиелік саясат бойынша жетекшілік ету” - біріктіріледі.
Несиелеу саясатында несиелеуді жүзеге асыратын бөлімшелер жұмыскерлерінің қызметтерін нақтылайтын несиелік нұсқаулықтар мен несиелеу стандарты, несиелеудің жалпы бағыттары мен бағдарлары анықталады.
Несиелеу стандарты – бұл банкте несиелік қызметті жүзеге асыратын барлық қызметкерлердің жетекшілікке алатын құжаты.
Несиелеу стандартында мынадай сұрақтар қарастырылады:
•қарыз алушының қаржылық ақпараттарын жинау жəне талдау тəртібі;
•несиенің кепіл-хаттар жəне кепілдемелермен қамтамасыз етілуіне қойылатын талаптар;
•əкімшілік стандарттар жəне несиелік процесті ұйымдастыру ережелері;
•қарыз алушының несиелік қабілетін талдау тəртібі;
•құжаттардың толтырылуына қойылатын талаптар;
•несиелеудің айрықша түрлері бойынша ережелер (мысалға, ипотекалық немесе тұтыну несиелері бойынша).
205
Барлық банктер бойынша құжаттар айналымын стандарттау мақсатында несиелеу стандарттарына əр түрлі құжаттар үлгілері жатуға тиіс. Ондай құжаттарға: несиелік келісім-шарт, кепіл туралы шарт, кепілдеме туралы шарт жəне т.б. жатады.
Несиелік нұсқаулық – несиелеу процедураларын іске асырудың жалпы алгоритімін бекітетін кезектіліктің қадамдарын суреттеуді білдіреді. Басқаша айтқанда, ол несиелік қызметтің нақты бір бағыттарына жатады. Жалпы, несиелік саясатта қарыз алушын туралы қажетті ақпараттар жинау жəне несиелік қабілетіне талдаудан бастап, несиелік талдау жəне аудит, ссудалар бойынша мүмкін болар зиян процесін қамтитын несиелік процестің
барлық кезеңдері көрсетіледі.
Несиелік саясат мынадай қызметтерді атқарады:
•банктегі несиелеу процесін ұйымдастыруға бақылау жасауға негіз ретінде болу;
•несиелеуді жүзеге асыратын бөлімдердің қызметкерлері үшін анықтама материал жəне нұсқаулық ретінде болу;
•несиелік бөлімдердің жетекшілері үшін несиелік нұсқаулықтардың талаптарының орындалуына бақылау жасау құралы;
•несиелік талдау жəне аудит бөлімі жұмыскерлерінің тексеруді жүзеге асыруына негіз болатын талаптарды анықтау.
Коммерциялық банктің несиелік саясатын іске асыру процесінде проблемалық ссудалармен жасалатын жұмысқа ерекше көңіл бөлініп жəне қосымша бақылау жасалуға тиіс.