Нәстілек Сәменбетов Алғабас – ауылым Малкелді – мекенім (тарихи-шежірелік жинақ) Алматы – 2017 ж «Алғабас – ауылым Малкелді – мекенім»


«Алғабас» совхозының директорлары



бет6/49
Дата26.01.2018
өлшемі13,67 Mb.
#34037
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49

«Алғабас» совхозының директорлары


  1. Уәсіл Сатаев – 1961-1965 ж.ж.

  2. Бекен Әмірбеков – 1965-1972 ж.ж.

  3. Махметқали Мұхамедияров – 1972-1977 ж.ж.

  4. Нәсіпбек Сәменбетов – 1977-1983 ж.ж.

  5. Амангелді Әбдіхалықов – 1983-1985 ж.ж.

  6. Әлібек Райымқұлов – 1985-1987 ж.ж.

  7. Аманжол Оразбеков – 1987-1989 ж.ж.

  8. Ділдахан Мақашев – 1989-1993 ж.ж.

  9. Болат Ботабеков – 1993-1995 ж.ж.


Совхоз партия ұйымының хатшылары

1961-1991 ж.ж.

  1. Изатов Төкен

  2. Доғамбеков Әтім

  3. Серіков Қуатжан

  4. Қазымбетов Қуанышбек

  5. Шүйіншин Мырзақасым

  6. Садықов Ерқара

  7. Мақашев Ділдахан

  8. Қуанышбеков Естай


Ауылдық кеңес төрағалары 1961-1994 ж.ж.


  1. Балықбаев Қожан – 1961-1967 ж.ж.

  2. Шаяхметов Ермахан – 1967-1970 ж.ж.

  3. Бейсенбаев Санақбек – 1970-1972 ж.ж.

  4. Ожықов Алшынбек – 1972-1975 ж.ж.

  5. Байғожин Төлеуғазы – 1975-1977 ж.ж.

  6. Сабырбаев Нұрхасым – 1977-1979 ж.ж.

  7. Шайкенов Мақсұтбек – 1979-1982 ж.ж.

  8. Бижанов Бахты – 1982-1991 ж.ж.

  9. Сарқытбаев Аманбай – 1991-1992 ж.ж.

  10. Әзімбаев Нұрғали – 1992-1994 ж.ж.

Осы шаруашылық басшыларынан отыз жыл ішінде бір адам – Оразбеков Аманжол, ол 1989 жылдың аяғында Шұбартау ауданының атқару комитетінің төрағасы болып жоғарылатылып тағайындалған, 1995 жылы совхоздар таратылып, жойылған. Осы жылы совхоздың орнына бір жыл ауылшаруашылық кооперативі істеді, ал 1996 жылы бұл кооператив таратылып, ауылшаруашылық серіктестігі және көптеген шаруа қожалықтары пайда болды.

1997 жылы Семей облысы таратылып, Шығыс Қазақстан облысына, Шұбартау ауданы таратылып, Аягөз ауданына қосылды.

Бұрынғы «Алғабас» совхозының аты «Малгелді ауылдық округі» болып аталды.


Ауыл әкімдері болып істегендер


  1. Әзімбаев Нұрғали – 1994-2002 ж.ж.

  2. Кенжеғалиев Серікжан – 2002-2004 ж.ж.

  3. Жұмағұлов Бату – 2004-2010 ж.ж.

  4. Мұқашев Бауыржан – 2010-2011 ж.ж.

  5. Аяпбергенов Дәулет – 2011 жылдан.

«Күні кеше социализм шекпенінен шықтық. Бүгінгі тауқыметтеріміздің тамыры сонда жатыр. Сонымен, біз кешегі әлемдегі «ең әділетті», «ең бақытты» делінген елден шықтық. Бала күнімізде «тым жақын, әне бір қыр астында тұрған коммунизмді» көргіміз келіп көкжиекке мойын созатынбыз. «Партия қайда болса, жеңіс сонда» деп ұрандататынбыз. Есейе келе сол ұрандардың бәріне күмәнмен қарадық. Бұл ұрандардың қиялға құрылғанын аңғара бастадық. Біз табынып жүрген көсемдер, партия халық қанын кешкен қылмыскерлер екенін естіп білдік. Уәде еткен жұмағын қайдам, бірақ олар өз заманында жер бетінде тозақты орната біліпті. «Байлардың қанауынан құтқарамыз» деп халықты өзара қырылыстырып қойып, одан кейін аман қалғанын мемлекеттің өзі қанапты. Күллі Кеңес елі үлкен-үлкен бір еңбек лагеріне айналыпты. Большевиктер осымен тынышталмапты. «Халықты байдан ғана емес, құдайдан да азат етеміз» деп лепіріпті. Адам жанына қол салыпты, қолдан құранды түсіріп, жүректен иманды ұшырыпты. «Құдайсыздар қоғамын» құруға кірісіпті. «Бұлардың Құдайда әкесінің құны бар ма?» деуіңіз мүмкін. Орынды сауал, жауабы: «Қызыл көсемдер халық жүрегіндегі құдайдың орнын өздері иеленгісі келген».

Қызылдар төңкерістің елең-алаңына «Теңдік», «Бостандық» деп айқай салыпты. Қандай ұран? Оған кім қуанбасын! Барлық халықтар қуанышты. Патшалық құлдықтан құтылдық деп қайран аңқау халық «Теңдік тиді» деп қол соғыпты. Республика – теңдік кепілі деп біліпті. Бірақ, қызылдар көп ұзамай көрсетіпті, «теңдікті». Теңдік сұрағандардың көзіне көк шыбын үймелетіпті. Республикалар Орталық езгісіне түсіпті. «Қуыршақ республикалар», басқасын былай қойғанда, өз елінің тілін де қорғай алмапты. Төңкеріс әкелген «теңдік» осымен бітіпті.

Орталыққа «теңдік» емес, қол қусырып тұратын «құлдық» керек екен. Республика басшылары соны ұғыпты. Дәл солай жасапты. Бірақ іште тұншығып наразылық қалыпты. Бұл ішке бұқтырылған наразылық баяу жарылатын бомба еді. КСРО (Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы), сөйтіп, республикалардағы «теңдікті» тұқыртамын деп өз көрін өзі қазыпты. Егер, КСРО конституциясында жарияланған «ұлттар теңдігі» іс жүзінде жүзеге асқан болса, кім біледі, Кеңес Одағы 1990 жылдардағы күйреуден аман қалып, конферациялық қалыпта өмір сүре беруі де мүмкін еді. Бірақ қызыл Кремль көсемдері 1917 жылы патшадан құтыла алса да, Кеңес заманында ұр да жық империяшыл кеселден құтыла алмапты. Бұл империяшыл кесел, әлемдегі екі алыптың бірі болған Кеңес Одағының ажалына көрініпті. Сырттан бір оқ атылмай, бұл Одақ іштен жарылған бомбадан күлі көкке ұшыпты.

КСРО ажалының тағы бір себебі – қарғыстан. Халық қарғысынан. Қызылдар 1920-шы, 1930-шы, 1940-шы жылдар миллиондардың қарғысына ұшырады. Қарғыс жібермеді. Адресін тапты. 20-шы, 30-шы жылдар Құдайды мансұқ еткен қызылдар кеңестік кеңістікке сайтанның салтанат құруына жол берді. Жалшы байға қарсы шықты. Дос досты сатты. Мұндай сайтанның салтанат құруына жол берген жүйе күйдірмеуі мүмкін емес еді. Нәтижесінде қанша қару жинаса да, бұл өкімет құдайдың қарғысына ұшырап, жау жаппай жайрады. Біз бір нәрседен аулақпыз. Социализм заманында бәрі жаман болды деуден аулақпыз.

Бір жақсысы – социализм ешкімді жұмыссыз қалдырмады. Бір жақсысы – кезекпен болса да жұрт баспана ала алатын. Бір жаманы – кең үйде тұруға құқың болмады. Бір жақсысы – барлық Республикалар Кеңес Одағының қауіпсіздік шатыры астында болды. Бір жаманы – әр халықтың өз тарихы, өз менталитеті қағажу көрді. Бір жаманы – әлем қақ жарылып, текетірес жағадайында тұрды. Бір жақсысы – Кеңестік интернационализм қалыптасты. Бір жаманы – ол интернационализм ұлтжандылыққа қарсы ұртоқпаққа айналды. Бір жақсысы – кіші ұлттар орыс тілі арқылы әлем мәдениетінен, әдебиетінен сусындады. Бір жаманы – сол әдебиетті өз ана тілінде оқитындар саны миллиондап кеміді. Өйткені, бір тілде – орыс тілінде сөйлейтін Кеңес халқын қалыптастыру КОКП ұраны еді. Қазақстан коммунистері бұл ұранды орындауда алдына жан салмады.

«Бұл рас па, өтірік пе?» деп сенер-сенбесімізді білмедік. Үміт пен күдік құшағында тұрдық. Бұл жолы, бірақ, бұйрық тікелей Жаратушының өзінен келсе керек. Сондықтан, оған ешкім қарсы тұра алмады. Горбачев бастап, коммунистік элита қанша шыр-пыр болғанымен, Жаратушы бұйрығын өзгерте алмады. Тарих доңғалағы алға басты. КСРО атты алып кеме бір күнде құрдымға кетті» - Міне, қазақтың белгілі жазушысы Смағұл Елубай «Тәуелсіздік тағдыры» деген толғауында осылай деп жазды.

Қазақтың ұлы классик жазушысы, жерлес ағамыз Мұхтар Мағауин: «Советтік Социалистік жүйе орнатқан «Социализм» - тарихтағы ең былық қоғам болса, оның коммунистік қызыл саясаты тарихтағы ең қырғын қызыл қан төккен саясат болды» - деп анықтама береді.

«Книги скорби (Расстрельные списки), Восточно-Казахстанская область 2001 год» - деген кітапта берілген тізімде қырыққа тарта ғана адамдардың аты-жөндері бұрынғы Шұбартау ауданы бойынша берілсе, соның сегіз адамы қазіргі Малгелді ауылынан:


  1. Әбілдин Төлеубек – 1903 жылы туған. Алматы облысы, Шұбартау ауданы, «Алғабас» колхозының қойма меңгерушісі. Ату жазасы 28.05.1930 жылы орындалған.

  2. Есенқұлов Бәкей – 1897 жылы туған. Шығыс Қазақстан облысы, Шұбартау ауданы, «Алғабас» колхозында еңбек еткен. Ату жазасы орындалған (дерек жоқ).

  3. Мақамбаев Әкімжан – 1889 жылы туған. Семей округі, Шұбартау ауданы, «Алғабас» колхозының төрағасы. Ату жазасы үкімі орындалған (дерек жоқ).

  4. Мақанов Толымбек – 1902 жылы туған. Семей облысы, Шұбартау ауданы, «Алғабас» мектебінің мұғалімі. Ату жазасы үкімі орындалған (дерек жоқ).

  5. Молдаханов Әмірхан – 1897 жылы туған. Семей округі, Шұбартау ауданы «Алғабас» колхозының есепшісі болып жұмыс істеген. Ату жазасы үкімі орындалған (дерек жоқ).

  6. Смағұлов Бозай – 1903 жылы туған. Алматы облысы, Шұбартау ауданы, «Малкелді» колхозында колхозшы болып істеген. Ату жазасы үкімі орындалған (дерек жоқ).

  7. Тәнкібаев Қасымбай – 1907 жылы туған. Шығыс Қазақстан облысы, Шұбартау ауданы, Малкелдіде тұрып, еңбек еткен. Ату жазасы үкімі орындалған (дерек жоқ).

  8. Шойынбаев Доғал – 1873 жылы туған. Алматы облысы, Аягөз ауданы, Аягөзде еңбек еткен, өмір сүрген.

Ату жазасы үкімі орындалған (дерек жоқ).
Міне, жетпіс жыл өмір сүрген советтік қызыл саясаттың бір беті осындай.

300 жыл бойы аңсаған Тәуелсіздікке асқан қиыншылықпен қолымыз жетіп, қазақ халқының көк байрағын көтергенде, «халқымыздың өткен тарихын естен шығармаймыз», «өлі разы болмай, тірі байымайды» - деп, тоталитарлық кезеңде көлеңкеде қалған қазақ ұлтының ең бір қасіретті жылдары 1931-1933-тегі аштықты, 1930-1938 жылдардағы қуғын-сүргінді, Ұлы Отан соғысының (1941-1945 ж.ж.) ардагерлерін мәңгі есте қалдыру мемлекеттік деңгейде көтерілгені көңілге қуаныш әкеледі.

Әр аудан, әр ауыл орталықтарында осы оқиғаларға кешенді ескерткіштер орнатылса, аттары қашалып жазылса, келер ұрпаққа үлгі-өнеге болары сөзсіз.

«Тоталитаризм қапасында өмірі қиылған жандардың, сондай-ақ бастан кешкен қасіреті өле-өлгенше санасында жаңғырып, сол қорқынышты шындықты бізге жеткізген, азап көрсе де, аман қалу бақытына ие болған жандардың қай-қайсысы да біз үшін ерекше қымбат, айрықша қастерлі. Олар ұрпақ санасында мәңгі өмір сүреді» - Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті (31 мамыр, 1997 ж.). Осындай қиыншылықтарды бастарынан кешіп, елге тірі оралып, осы Малгелді ауылында еңбек етіп, өмір сүрген мына төмендегі адамдардан да арттарында із қалған.

Ошыбек Қапан – 1912-1993 жылдары өмір сүрген, 1938 жылы «Халық жауы», 18 жыл Сібірде айдауда болып тірі оралған адам. Өмірінің соңына дейін осы ауылда сатушы, жанар жағар май қоймасының меңгерушісі болып, адал еңбек еткен.

Сейілбеков Төлеухан – 1919-2001 жылдары Малкелдіде өмір сүріп, еңбек еткен. Ұлы Отан соғысында неміс фашистерінің тұтқынына түсіп, азап көрген адам. Тірі оралып, осы ауылда механизатор, шопан болып еңбек еткен.

Елекенов Сапарғали – 1911-1984 жылдары өмір сүрген. Ұлы Отан соғысында неміс фашистерінің тұтқынына түсіп, елге тірі оралғаннан кейін де советтік қызыл саясаттың кесірінен қудалауға түсіп, 18 жыл айдауда, қуғын сүргінді басынан кешірген, өмірінің соңғы оншақты жылын осы Малгелді ауылында өткізген адам.

Смағұлов Ахметжан – 1898 жылы Семей губерниясы, Қарқаралы дуаны, Дағанды болысында туған. 1937 жылы «Халық жауы» болып 10 жылға сотталған. 1947 жылы елге оралған. 1972 жылы Емелтауда қайтыс болған.

Баяндин Шопай – Малгелдінің тумасы, тағдыры белгісіз.

Ұлы Отан соғысы кезінде еңбек армиясына алынып, Ресейдің Новосібір, Барнауыл, Бийск сияқты қалаларында еңбек еткен Малкелді ауылының азаматтары:



  1. Смағұлов Қабдыхалм

  2. Кәріпбаев Шәми

  3. Сайынов Бодаубек

  4. Лжебаев Лақ

  5. Собыханов Болысбай

  6. Трайсов Нұртөлеу

  7. Құрақбаев Жедел

Бұл адамдар елге, туған ауылына аман-есен оралып, колхоз бен совхозда адал еңбек еткен, туған жердің топырағы бұйырып дүниеден өткендер. Ұрпақтары Малгелдіде тұрады.

Ауылда колхоз ірілендірілген және совхоз құрылған кездерде қызмет істеген ауылшаруашылығы мамандары

(1960-1995 ж.ж.)
Шаруашылықта бос зоотехниктер мен фермаларда зоотехник болып істегендер
Қуанышев Дүйсенғали, Өзбеханов Амангелді, Рахым Білялов, Төкенов Төлеуғазы, Досжанов Шәштіғали, Мұхамедияров Айдарбек, Тілеубаев Еділ, Балташ Тұрлыбеков, Әміреев Бақыт, Шырайымбеков Ермек, Ахунов Ахметбек, Жақытаев Тілеукен, Иманжанов Әскер, Ахтаев Жақсыгелді, Ахтаев Жаңагелді, Мажрин Секіш, Қуаныш Өмірбеков, Қуатов Рәтай.
Бас мал дәрігерлер мен веттехниктер
Қашымашынов Кенже, Ахаев Әлтай, Шаяхметов Тілеуғали, Мүсілім Жүнісов, Мұхамедияров Махметқали, Түскенов Тілеуғали, Хасенов Келіс, Байсымақов Хамит, Сарқытбаев Аманбай, Сейфуллин Рымғали, Әсербаев Әсербек, Сейілханов Меңдіғали, Искаков Кәкімсейіт, Әзімов Әбіләкім, Қанатова Мәрия, Қағазтаев Нұржан, Омарғалиев Аман, Тобықтиев Жұмахан, Шыңғысбеков Қалқаман, Тайпақов Тілек, Ахунов Арман, Мұқанов Әлімжан.
Бас агрономдар мен бөлімше агрономдары
Әнуар Сәлімбаев, Қайрат Тілемісов, Қаскен Тобықбаев, Сайлыкен Қабдуалиев, Жақан Балтаев, Құнанбай (фамилиясы ұмыт), Баймұхан Ғабдуллин, Халықберген Төлеуов, Ілияс Аманов, Құсайын Сабырбаев, Жеңіс Нақыпбаев, Серіктөлеу Мыңбаев.
Бас инженерлер мен механиктер
Ахметов Рымқұл (ауылдағы әр үйге су шығаратын қол насосын орнатқан адам), Айғазин Шәмен, Қожахметов Жалғасбай, Ошыбаев Жанұзақ, Кенжеғалиев Серікжан, Төлеуов Жәкен, Мұқашев Амантай, Нұрсалямов Жұмаш, Омар Сейфуллин, Талғар Төлеуов, Гузенко И.Т., Жұмағұлов Бауыржан, Нұртөлеуов Қайрош, Әбдіреев Қайрат.
Бас экономистер
Гузенко Любовь Трофимовна, Қанатов Жұмагелді, Махметов Нұрмағанбет, Төкенова Еркетай, Шрайымбеков Ермек, Оразаев Талғат.
Бас бухгалтерлер мен есепшілер:
Хамизада Күсемісов, Сейітбек Сұлтанбеков, Әбдіреев Мұханғалы, Нұрмұхан Жақыпов, Сағымбала Жексембаев, Тілеуғал Әшкенов, Мұхаметқали Мақанбаев, Әбен Семізбаев, Жолбек Орынбаев, Әскержан Рахымберлин, Ауғанбек Арпабаев, Серіктай Жұмағұлов, Бекен Нұртөлеуов, Нығмет Нұртөлеуов, Дәмеш Тезекбаева, Қалдыбала Есілбаева, Күлзәкен Нұртөлеуова, Иманғалиева Алтыния, Нұрзәкен Ахаева, Зәмен Шыңғысбаева, Өріктай Нақыпбаева, Жақсыгелді Ахтаев, Төкенғали Қажығапбасов, Нұртөлеу Мыңбаев, Уган Шәмиев, Нұржан Халықбергенқызы, Сағынтай Төленбаев, Айтқали Төленбаев, Омарғалиев Сағымбек.
Құрылыс саласының инженерлері мен шеберлері
Ахметзиянов Ахмет, Арпабаев Кәрімбек, Тұңғышбаев Жұмагелді, Ахметжанов Үркімбай, Құнанбаев Рахметолла, Мақалов Мұратжан, Қырықбаев Ержігіт, Ұзақбаев Әділғали, Шаяхметов Әлібек, Шоманов Аян.


Ферма меңгерушілері
Төлеуғазы Байғожин, Сәттібек, Алшынбек Ожықовтар, Қалиақбар Бибатыров, Кәшсыздық Мұсабаев, Мақсұтбек Шәйкенов, Дәкен Қарсыбеков, Тілеуғали Түскенов, Қазбек Құрманғалиев, Бекен Мырсейітов, Ілияс Аманов, Әртель Шаяхметов, Кенжеғали Суықбаев, Дәлел Жаркеев, Санақбек Бейсенбаев, Сайлауғали Суықбаев.
Трактор бригадасының бригадирлері
И.Кинт, Төленбаев Сейсенбай, Тілеубалин Жолдатай, Манасбаев Тұмархан, Бибасов Мұрат, Исаханов Марат, Мамырбаев Есжан, Кенжеғали, Адамғали Суықбаевтар, Мерекин Бікен, Байғожин Болат, Тілек Мұқанов, Алматай Түстікбаев, Мейрамғали Төрегелдин, Әшөк (Асқарбек) Сапарғалиев, Дәлелхан Тобықтин, Иманғалиев Дүйсенғали, Жеделов Ораз, Әбеуов Мұрат, Бірталаев Сәулебек, Бөжеев Жамбыл.

Ауыл мектебі
Ауыл мектебінің тарихын Шұбартаудағы алғашқы ағартушы-ұстаздардың бірі, Ұлы Отан соғысының ардагері, ұзақ жылдар аудан мектептерінде мұғалім болған Мұқан Мағауин ағамыздың хатынан бастағанды жөн көрдім.
«Құрметті Алғабастық жолдастар! Қадірлі әріптесім Берікболов Қағазшай!

Сіздердің жазған хаттарыңызды 24/ ІV-67 алдым. Алдымен даңқты Отанымыздың 50 жылға толған Советтік Социалистік Октябрь революциясының Ұлы мерекесіне әзірліктерінің табысты болуына, мектебіңіздің құрылғаннан бергі тарихи жолынан із қалдыру ниеттеріңізге тілектестігімізді білдіріп, жүрегімнен шын алғыс айтамын.

Сіздердің хаттарыңызды оқи отырып, Алғабастағы шәкірттерімен ұстаз қарым-қатынастарын, олардың ата-аналарымен шүйіркелесе отырып берген педагогикалық кеңестерім еріксіз еске түсті.

Ол кездегі жағдайларды еске түсіру, бағалау, айту бағалы іс болмақ. Менің ол кездегі оқытқан шәкірттерімнің көпшілгі өз ауылы, сол «Алғабас» совхозында еңбек етті. Олар коммунистік қоғамның құрылысшылары, бүгінде ер жетіп есейген, советтік семья құрған.

Міне, осы шәкірттеріме, кешегі ұстазы Мағауин Мұханның қазіргі сәлемін сіздер жеткізеді деп сенемін.

Енді сіздердің сұрауларыңыз бойынша есте қалғандарын айтып берейін:

Мен «Алғабас» бастауыш мектебінде 1/ІХ-1948-1951 жылдары мектеп меңгерушісі және оқытушы болып үш оқу жылын аяқтадым.


  1. 1948-49 – оқу жылында 28 бала

  2. 1949-50 – оқу жылында 33 бала

  3. 1950-51 – оқу жылында 36 бала

  4. Әр класта 6-10 баланың мөлшерінде оқыды.

Менің алдымда ертеректегі шәкіртім, Сейілбекова Қапипа істеген екен. Осы үш оқу жылында оқыған мына шәкірттерім есімде қалған.

  1. Бейсенбаев Санақбек

  2. Боғаев Әлтай (Ахаев)

  3. Тақаев Олжатай

  4. Тақаева Қағазтай

  5. Тұрысбеков Бекет

  6. Тайпақова Дәметия

  7. Төкенова Нұркамал

  8. Тәуірбекова Қоныс

  9. Манекин Базартай

  10. Мансуров Егізек

  11. Мағауин Мұхтар

  12. Шайкенов Блок

  13. Шамиева Күлзия

  14. Шамиев Тілек

  15. Есенова Свет

  16. Есімжанов Төлеуғали

  17. Омарбаев Рахым

  18. Омарғалина Жаңылтай

  19. Сейфоллин Кенже

  20. Сықатаева

  21. Ыбыраева Тілеуия

  22. Ыбыраев Бахан

  23. Ыбыраева Зейнеш

  24. Исаханов Марат

  25. Қашымашымова Тома

  26. Қаймолдина Маруся

  27. Қаймолдина

  28. Құрманғалиев Әйкен

  29. Мәдіханның баласы Нұрбике

Осы баланың фамилиясы ойымнан шығып кетіпті, оның сабақты жақсы оқып, әдепті, жуас, таза өскен бейнесі есіме түсті. Ол ІV класты бітіргенде жалғыз кәрі анасы Мәдіхан құнан өгіз сойып той жасаған еді.

Қашымашым қарт: «Мәдіхан Алғабастың еркесі» - деп замандасына қалжыңдағанын сан рет естіген едік. Сол жалғызын ұзатқанда да ауыл-аймақ болып Мәдіханға қамқорлық жасаған. Бұл сол кездегі ауыл бірлігінің бір көрінісі ғой.

Бүгінде мектеп оқушылары қарт ана Мәдіханға қамқорлық жасап, Нұрбикесін жоқтатпай жүрген шығар – деп ойлаймын.

Мен оқытқан кездегі оқу озаттарынан есімде қалғандары мыналар:



  1. Бейсенбаев Санақбек

  2. Боғаев Әлтай

  3. Мағауин Мұхтар

  4. Шайкенов Блок

  5. Қашымашымова Тома

  6. Есенова Свет

  7. Есімжанов Төлеуғали

  8. Манекин Базартай

Сол кездегі оқу озаттарымен жақсы оқығандардан қазір білетіндерім мына қызметтерде істеп жүр:

  1. Боғаев Әлтай – Алғабаста ветврач

  2. Бейсенбаев Санақбек – Алғабаста зоотехник

  3. Мағауин Мұхтар – Алматыда филология ғылымының кандидаты. «Қазақ әдебиеті» газетінің сын бөлімінде істейді.

  4. Шайкенов Блок – Алматыда микробиология ғылымын зерттеу жолындағы аспирант

  5. Есімжанов Төлеуғали – Баршатаста «Жаңа өмір» газетінде істейді

  6. Құрманғалиев Әйкен – Горныйда шофер

  7. Есенова Света

  8. Қашымашымова Тома – бұл балалар мединститутқа түскенін білетінмін, қазір қайда екенін білмеймін.

Бекет, Кенже, Олжатай, Егізек шофер болып ітейді. Басқаларын жете білмеймін. Бірлі-жарымы болмаса көпшілігі Алғабастың өзінде болса керек.

Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ауыртпашылық Алғабасқа да әсерін тигізген, өрлеудің жаңа басталып келе жатқан кезі екені айтпаса да белгілі. Міне, сондықтан да мектептің материалдық базасы төменгі сатыда болды.

Мектепте 12 парта, 1 стол, 2 орындық, 1 тақта, 1 есеп шот болды. Там-тұмдаған көрнекті құралдармен мұғалімнің қолдан жасаған фотомонтаж, схема, стенділерінен басқа көзге көрінерлік мүліктер осылар ғана еді.

1949 жылдан бастап мектеп жанында, ортасында құдығы бар, 5 сыныптық бастауыш кластарға арналған тәжірибе участогі болды. Мұны жазғы каникулда балалар бар ынтасымен күтіп, қорғайтын.

«Алғабас» бастауыш мектебі кустовой методикалық бірлестіктің орталығы болды. Бұған «Социал», «Шат» және Тельман атындағы бастауыш мектебінің мұғалімдері қатысатын. Оның жетекшісі мен едім. Кезінде істеген жұмыстарым мектеп жұмысында болатын.

Ол кезде ІV класқа емтихан жүретін. Емтихан жүретін орталық «Алғабас» бастауыш мектебі болып, емтихан комиссиясына аудандық оқу бөлімінің инспекторы қатысып отыратын.

Мектептің жанынан сауатсыздарды оқыту жұмысы ұйымдастырылып отырды. Әсіресе, 1950 жылға қарсы жаппай сауатсыздықты жою қолға алынғанда аудандық партия комитетінің ұйымдастырылуымен 30-ға тарта адам бір ай жұмыс істемей, мектепте оқып, хат танып шықты. Осының 18-20-сы коммунистер еді.

«Алғабас» бастауыш мектебі 1934 жылы 1 сентябрьден бастап ашылған. Қазіргі сол мектептің мұғалімі Сейілбекова Қапипа, Ұзақбаев Нұртөлеу 1933-34 оқу жылында «Жаңа талап» бастауыш мектебінде (Ахметтің қыстағында) қазіргі «Горный» совхозының жерінде оқыды. Келесі жылы мектеп өз ауылынан ашылғанын білсе керек.

Мектепті салғызуда Шымыров Тілеубек, Омарбаев М., Кәріпбаев Шайкендер көп еңбек еткен. Мектеп үйі шатырсыз 8 бөлмеден тұрған. Оған керекті тақтайлары «Өгізтау», «Жорға» төңірегіндегі бұрынғы байлардың үйлерінен бұзып алынған.

Бастауыш мектеп ең алғаш ашылғанда істеген мұғалім Молдияров Садуақас, қазір Баршатас селосында тұрады. Онан кейін Төлегенов Мұқаш, онан кейін бірнеше мұғалімдер істеген, кішігірім коллективі болған.

Мен қызмет істеген кезде қазіргі «Алғабас» совхозының территориясында 3 колхозда 3 бастауыш мектеп болды.


  1. «Алғабас» бастауыш мектебінде Мағауин Мұқан істеді. Қазір «Жорға» сегізжылдық мектебінде істейді

  2. «Социал» бастауыш мектебінде Ахметжанова Нұрғантай істеді. Қазір «Горный» сегізжылдық мектебінде істейді. Онан кейін Сейілбекова Қапипа істеген. Қазір «Алғабас» сегізжылдық мектебінде істейді

  3. Тельман атындағы бастауыш мектепте Төлегенов Мұқаш істеді, қазір «Жорға» сегізжылдық мектебінде істейді. Онан кейін Бейсембин Сәрсенбі істеді, қазір Шоқан атындағы совхозда пенсионер. Онан кейін Абдрахманов Сәбихан істеді. Қазір басқа қызметке ауысқан, «Шұбартау» совхозында. Мектептің бұрынғы корпусы 1964 жылға дейін пайдаланылып келгенін білетінмін. Қазір тозығы жетсе керек.

Мен тұрған кезде интернат болған жоқ. Балалардың барлығы да үйде тұрып оқыды. Мектеп 1950-51 оқу жылының аяғында бастауыш мектепті бітірушілердің атынан үлкен той жасады. Мектептің құрылғаннан бергі жағдайынан баяндама жасадым. Мектеп өзін бітіруші жас ұрпақтарды тәрбиелеп, 15 рет орта мектепке жіберіп отырғаны айтылған. Көптеген оқушыларға мақтау грамоталары мен заттай сыйлықтар берілген. Ата-аналардың еңбегі айтылып, оларға құрмет көрсетілген.

Аудандық советтің председателі Акішов Жақия құттықтау сөз сөйледі. Ойын кезінде өлең айтып, көптеген ән салған. Ол күні әр түрлі ұлт ойындары, әсіресе жарыс, көкпар тарту, теңге алу, қыз қуу сияқты ат ойындары да болған.

Осы естеліктерде айтылғандардың барлығын жазып мектеп жұмысында қалдырғанмын.

Естелігімнің ақырында менің кешегі шәкірттерім:

Ұзақбаев Нұртөлеу, Сейілбекова Қапипа ұзақ жылдар ұстаздық жасап, жемісті еңбек етіп, өз оқыған мектебінде істеп жүргеніне мақтанышымды білдіремін.

Қадамдарыңыз құтты болсын, жолдастар!

Сәлеммен Мұқан Мағауин.

30.ІV.-67

Бұл хатты Сейілбекова Қапипадан оның сіңілісі Мәкен алған түп нұсқасынан 1998 жылы тамыз айында көшіріп алдым.

Ал, хаттың түп нұсқасын Мұхтар Мағауин ағамызға 2000 жылы шілдеде өз қолымнан тапсырдым.

Хат қазіргі Төлеуғали Есімжанов атындағы орта мектептің тарихынан нақты деректерімен қымбат.

Хаттағы «осы баланың фамилиясын ұмыттым» - деп отырғаны Нұрбикенің әкесі Бақаш – конституция деген сөзге тілі келмей «қантөксия» - деп айтқаны үшін «халық жауы» болып ұсталып кеткен адам. Мұқан ағамыз өзі де совет заманында талай тауқыметті басынан кешірген адам, сақтықпен атын атамай отыр.

Ауыл мектебінің алғашқы тарихы туралы естелікте осылай басталса, ал мына төмендегі кестеден кейінгі тарихты көруге болады.

Кешегі ұстаздар:

Ошыбаев Нәскен – Шалабаева Қапиза (ерлі-зайыпты), Бейсембаев Сәрсенбі, Мырзахметов Молдаш, Сейфуллин Еңбек – Асайынова Көкен (ерлі-зайыпты), Шәйкенов Мақұлбек, Кенжебаев Бейсенбай – Тайпақова Советия (ерлі-зайыпты), Тайғуллин Амангелді – Базарбекова Сәуле (ерлі-зайыпты), Базарбеков Жомарт, Аманбаева Роза, Оразханова Мәкен, Бейсембаева Шара, Шәйкенова Нүрзия, Хамитова Орынша, Сегида Валентина, Жәкеева Есенғайша, Рахымбаева София, Сүлейменова Орал, Ахметов Тоқтарбай – Омарғалиева Мәкен (Зекен) (ерлі-зайыпты), Ахметова Сәуле, Шыңғаева Зәуреш, Сабурова Жанна, Шәйкенов Қанатбек, Қалиева Күлпан, Бижанова Мағиза, Мұқашев Қалдыбек – Майткина Гүлнәр (ерлі-зайыпты), Терлікбаев Тұрсын – Асаубаева Гүлжан (ерлі-зайыпты), Сейфуллина Гүлжанат.


Мектеп түлектері
Шұбартау өңірінің Малгелді ауылындағы Төлеуғали Есімжанов атындағы орта мектепті 1993 жылы бітіріп, үлкен өмірге қадам басқан ұлдар мен қыздар араға жиырма жыл салып туған елде, өскен жерде 2013 жылы қауышты. Мұндай шаралардың басқа жерлерде де өткізіліп жүргенін білеміз. Дегенмен, бұл кездесудің ас ішіп, аяқ босату үшін өткізілмегенін, тәлімдік-тағылымдық сәттері мол болғанын айтқымыз келеді.

Отбасы, бала-шағасымен бірге елдің түкпір-түкпірінен ат арытып келген сыныптастар ең алдымен «өлі разы болмай, тірі байымайды» - деген аталы сөзді ескертіп, дүниеден озған ұстаздары мен құрдастарының рухына құран бағыштату мақсатында зират басында және мешітте құран оқып, артынан үлкендерді жинап тойханада ас берді. Артынан өздері түлеп ұшқан мектептерінде бас қосты.

Саламатты өмір салтын үлгі еткен түлектер спорттық жарыстар ұйымдастырды. Оған ауыл жастары түгел дерлік қатысты. Кешінде гала концерт беріп, ауыл халқын риза етті. Әртістер түгел қаладан, осы түлектердің шақыруымен келгендер, ауыл кешін ән мен биге бөледі.

Ал, келесі, күні ауылдың жас-кәрісі Малкелдінің орталығындағы мәдениет үйінде тоғысты. Бәрінің жанарында қуаныш. «Биылғы кездесу қалай өтер екен?», «Бұл жолы қандай қызықты сәттер болар екен?», «Түлектер жиырма жылда өзгеріп кеткен болар?» - деген сауалдар жүректі тербейді.

Кешікпей жүргізушілер Ернұр мен Толқын ортаға шықты да салтанатты жиынды бастап кетті. Әдемі тілек әнмен, бимен алмасып, көптің көңілін баурады. Ауыл ақсақалдары кеңесінің төрағасы Нәсіпбек Сәменбетов, ардагер-ұстаз Дүкенбай Дармурзин, ауыл әкімі Дәулет Аяпбергенов сынды ел ардақтылары келелі ой қозғап, жүрекжарды тілек айтты.

Сондай-ақ мектеп директорының оқу ісінің орынбасары Қалдыбек Мұқашев түлектер жайлы тебірене сөз бастады.

Жиналғандар «балапандарым», «шөжелерім» - деп сөз бастаған сынып жетекшілері мен мұғалімдер Гүл, Гүлжихан, Рыскүл, Дәрияш пен Күміс, мектеп директоры Балтабек Дармурзиннің тілектерін де ұйып тыңдады. Түлектер болса өз кезегінде әрбір сөз иесіне арнайы сыйлық дайындаған екен. Бұл да ұстаздар қауымының мерейін өсіріп, қуанышына қуаныш қосқаны анық.

1993 – түлектер: Бақытжан – Гүлзира, Ербол – Зәуре, Есбол – Райгүл, Ернұр – Индира, Асылан – Майгүл, Қанат – Күлзира, Серікжан – Гүлім, Рысбек – Айсұлу, Талғат – Қарлығаш, Айдын – Сайра, Мұрат – Шынар, Кенже – Толқын, Ерғали – Дана, Серіктай – Гүлмира, Нұржан – Баршагүл, Ерзат, Серік, Әйгерім, Манаргүл, Дәулет осы кездесуге ат салысып, ұйымдастырып, дұрыс өтуіне бар қабілеттерін жұмсады.

Түлектер мектепке музыкалық аппаратура сыйласа, тойхананың терезелерін ауыстырып, ішкі перделерін жаңадан жабдықтап, электр шамдарын орнатып жарқыратты.

Осы түлектер Бабаң мазарын, Еңке ана күмбезін әшекейлі темір шарбақпен қоршап, игілікті іс атқарды. Бақытжанның ұйымдастыруымен үш күнге созылған кездесу аяқталды. Түлектер бірімен бірі, ауылдастарымен «келесі кездескенше» - деп қимай қоштасты. Иә, олардың араға уақыт салып тағы да кездесетіні, туған ауылдарын қызық-қуанышқа бөлейтіні анық.



Ауылдағы жер аттары мен қыстақтардың орны
Ұжымдық және кеңестік шаруашылық немесе кешегі 1933-1991 жылдар аралығындағы – колхоз, ал 1961-1995 жылдарда – совхоз болып аталған кездерде қазіргі «Малкелді» ауыл округінде мынадай жер аттары мен қоралардың орны немесе қыстақтар болды.

«Тельман» колхозында немесе кейінгі совхоз кезінде №1 ферма аталған Құрда «Бас самсы», «Орта самсы», «Аяқ самсы» және «Ауыз шағыл» қоралары Самсы өзенінің бойында; «Тельманның шолақ өзегі» - колхоз орталығы, «Көмей», «Байыстың шолақ өзегі», «Айнабұлақ», «Ақ сораң», «Бас құр», «Құр» - ферма орталығы.

Қорықтың бойында – «Тәкі», «Арпабай», Құлықбай, «Қарашат» немесе кейін «Салтанат» қой өсіруші комсомол-жастар бригадасы аталып, үйлер мен үлкен қой қоралары салынған жер. Бұрынғы осы №1 фермадағы жайлау мен күзектер: «Талтүстің бұлағы», «Бегеш бұлағы», «Сәменбет бұлағы», «Араптың бұлағы», «Бидайқатын», «Шорқашқан», «Үш соғыс», «Тоғыс сай», «Майқараған», «Қорашағыл» және «Қалыбай» - деп аталады. «Көк дала», «Шұбар төбе», «Көкшұңқырда» кезінде көпжылдық шөп егілген.

Ақсораң мен Көмейдің ортасында «Мәмбетейдің бұтағы» - деп аталатын жер бар, осы жерде көптеген адамдар жерленген, қабір қорымдар да осында.

№2 ферма орталығы қазіргі ауыл орталығынан төмен 3-4 шақырым жерде «Шөңгел» қорасына қарай, ал совхоз кезінде орталықта болды, кейінде қырға қарай «Самал» бригадасы салынды.

Мал қоралары Қарашатауда: «Ақ шоқы», «Қарақия», «Қарашатау» (кейінде «Алау» қой өсірушілер бригадасы), «Қарағандыжал» деп аталса, «Үш құдық», «Еңке» (Еңке – ананың күмбез зираты сол жерде), «Орта қора» және «Малгелді» (бұрынғы «Социал» колхозының совхоз кезінде №3 ферманың орталығы), одан жоғары «Қауқай» (Құлқай), «Аққияқ», «Тұяқбай», «Қоңыр өгіз» («Ақбасмола»), «Бекбосын», «Ақөзек» деп аталса;

Бабаң-Жайна өзенінің бойында: «Тас құдық», «Балпаң» («Жас қайрат» бригадасы), «Бабаң» («Жас дәурен» бригадасы), «Жайна», «Құсмұрын», «Масақбай», «Шоқыбас», «Меңдібай» және «Қаупеке» қораларының орны;

Жайлау мен күзектер: «Қос апа», «Қара өлең», «Үрімші», «Ақбастау», «Жосалы», «Шет бұлақ», «Қызылқұдық», «Борлыхақ», «Шөптіхақ», «Бидайық», «Тасшоқы», «Бөрлі қойтас», «Балакөк сеңгір», «Икенің бұлағы», «Жауыртағы», «Жамбас бұлақ», «Ақбасмола», «Қарамола», «Үштай», «Сәбденнің бұлағы», «Сексенбай», «Жырық», «Ақтомар», «Игісіннің тұмасы» болып кете береді.

Қазақ даласының әр сайының, әр төбесінің аты бар десек, сол даланың шағын бір бөлшегі Малгелді ауылында да солай. «Тектұрмас», «Тазқызыл», «Қаранай», «Айсұлудың ақ тасы», «Шолпан өлген», «Мәмейдің қара суы», «Жымба», «Қожағұл бейіті», «Ешкі өлмес», «Қоңыр өгіз», «Әйелбек өзегі», «Алқамжан», «Байжан ашасы», «Қалақтас», «Сымтас», «Секітас», «Ержеткеннің суық бұлағы, «Сәдуақас шағылы», «Қайқының зираты» (шын аты Нүрпейіс), «Саяқ», Байжанның зираты, «Қызыл жар», «Құрымбай бейіті», «Жұрымбай басы», «Тұрсынбек басы» - деп аталады.

Осы жерлердің әр өзегімен сайында қоралардың орны, әр төбесінде белгісіз бейіттер бар. Мысалы: Қорықта ауылдан төмен Аққұйрық қажының (руы – Керей қасқа аталығынан) зираты, Самал қорасынан жоғары Дәуітбайдың бейіті. Орта қорадан жоғары Малкелдіге қарай Бөрібай мен Тоқаш бейіті, ал қырдың үстінде Уақбай қажының (руы – Керей – Сарыбай аталығынан) зираты, Тасқұдықта Бөпебай қажының баласының шағын күмбезі, Үшқұдықта белгісіз адам бейіті, Бекбосын мен Құлықбайдың ортасындағы өзекте Сұлтанғазының тас бейіті бар. Бұл зираттардың бірде-біреуінде аттары жазылып, тас орнатылмаған.

Қауқай мен Аққияқ қыстағының ортасында Мыңбайдың зираты, Төлеуов Жәкеннің анасы Несиенің зираты (кейінде ақ кірпіштен соғылған) бар.

Малкелдіден төмен қарай соғылған бейіттерде Досымжан бәйбішесі Қадиша және ұлы Кеңесқали әйелі Жайна екеуінің, Отарбай ақсақал бәйбішесі Нұржәмилаға соғылған бейіттер бар. Сонымен бірге, Шәкуан мен Садуақас, Иманғали мен Мария, Туаржан мен Төлеусары, Тілеген, Ысқақ Сатай ұлы, Әбдуәли қызы Зубила, Қалкен ақсақал, оқушы кездерінде қайтыс болған Баяновалар Айтжамал (1962-1970) мен Күлбағира (1960-1970) осы зиратта жерленген.

Құрдың ауыл шетіндегі жарқабақта Әбен молда мен Нұртай бәйбішесінің, Өмеш пен Болаттың, Рымбайдың зираттары болса, өзеннің арғы бетінде көкдалаға қарай Иманжан, Нұрқасан, Оқап, Қожабек, Қасым, Рамазан, Кәрібай сияқты адамдар жерленген.

Бабаң күмбезінің қасында Солтанбек, Манапбай сияқты адамдар жерленген т.б. ескі зираттар бар, іргесінде Боғай жерленген.

Шоқыбастағы ескі зираттардың қасына Ақбастаудағы 6-7 адамның бұрын жерленген мүрделері 2008 жылы әкелініп, қызыл кірпіштен бейіттер соғылып, қайта жерленді. Өйткені, «Ақбастау - Құсмұрын» кен орнының ұлғайтылып игеруге байланысты «Қазақ мыс» - корпарациясы өз қаржысына ескі зираттарды осылай көшірді.

Ал, Жарымбай аталып кеткен қазіргі ауыл шетіндегі қорым-зиратта: «Декеннің күмбезі», әкелі-балалы Әбеу мен Тыныбектің, Ахаев Әлтайдың, Суықбаев Кенжеғалидың, Хасенов Келістің, Алтын Нұрқысанқызының және Әблахат Оразаев ақсақалдың еңселі зираттары бар. Бәрінде де тас орнатылып, аты-жөндері жазылған.

Елін сүю, жерін сүю барлық адамдарға тән қасиет секілді.

Жер мен Еліне деген сүйіспеншілік бұл Отанға деген махаббат!

Отан деген не?

Отанды қалай сүйеді?



Ол саған несімен ыстық? – деп сұрай қалса, аз ойланып барып жауап қайтаруға болады. Менің көз алдыма бала кезде жалаң аяқ табанымды күйдірген Шақпақ пен Тазқызылдың тастары, «Үшбұлақ» пен «Кеңбұлақтың» бұлақтары, Бақанас, Байқошқар мен Балқыбектің сулары, Қаракүңгейдің таулары елестер еді. Менің Отаным – бір бөлігі Шұбартау деп аталатын – Қазақстан!

Советтік заманда үкімет наградаларымен марапатталғандар

(1961-1991 жылдар аралығы)


  1. Мотышев Манеке – шопан, «Еңбек Қызыл Ту» ордені;

  2. Смокин К.Г. – механизатор, «Ленин» ордені, «Құрмет белгісі» ордені;

  3. Богачев И – механизатор, «Еңбек қызыл ту» ордені;

  4. Данилов И – механизатор, «Құрмет белгісі» ордені;

  5. Ахметжанов Базартай – шопан, қой өсіруші комсомол-жастар бригадасының жетекшісі, «Октябрь революциясы» ордені (1976 ж.), «Еңбек Қызыл Ту» ордені (1973);

  6. Шәмиев Тілек – механизатор, «Еңбек Қызыл Ту» ордені, «Құрмет белгісі» ордені;

  7. Ыбыраев Бақан – механизатор, «Еңбек Қызыл Ту» ордені;

  8. Манекин Базартай – шопан, қой өсіруші комсомол-жастар бригадасының ұстаз-жетекшісі, «Еңбек Қызыл Ту» ордені;

  9. Кемпірбаев Нұрсағат – шопан, «Құрмет белгісі» ордені;

  10. Тулақбаев Рамазан – шопан, «ІІІ дәрежелі Еңбек даңқы» ордені;

  11. Таукенов Ферметай – бақташы, «Құрмет белгісі» ордені;

  12. Қашқынбаев Тілеген – механизатор, «Еңбек қызыл Ту» ордені;

  13. Дармурзин Дүкенбай – мұғалім, мектеп директоры, «Құрмет белгісі» ордені;

  14. Шәйкенов Мақұлбек – мұғалім, оқушылар бригадасының ұстаз-жетекшісі, «Құрмет белгісі» ордені;

  15. Әбенов Әубәкір – механизатор, «Еңбекте үздік шыққаны үшін», «Еңбектегі ерлігі үшін» медальдары;

  16. Омарғалиев Қуанышбек – механизатор, «Еңбекте үздік шыққаны үшін» медалімен;

  17. Суықбаев Кенжеғали – трактор бригадасының бригадирі, «Еңбек Қызыл Ту» орденімен екі рет марапатталған;

  18. Суықбаев Адамғали – механизатор, «Еңбектегі ерлігі үшін» медаль;

  19. Төлеуов Халықберген – агроном, «Еңбекте үздік шыққаны үшін» медаль;

  20. Мұхамедияров Махметқали – совхоз директоры, «Құрмет белгісі» ордені, «Еңбек Қызыл Ту» ордені;

  21. Бірталаев Өнертай – механизатор, «ІІІ дәрежелі Еңбек Даңқы» ордені;

  22. Нұрланов Нұрлыбек – механизатор, «ІІІ дәрежелі Еңбек Даңқы» ордені;

  23. Мейірбеков Саят – механизатор, «ІІІ-ІІ дәрежелі Еңбек Даңқы» ордендері;

  24. Ахтаев Әскербек – механизатор, «Еңбекте үздік шыққаны үшін» медаль;

  25. Нұртөлеуов Мақсатбек – шофер, «Еңбектегі ерлігі үшін» медалі;

  26. Бибасов Мұрат – бригадир, «ІІІ дәрежелі Еңбек Даңқы» ордені;

  27. Өлеңбаева Гүлғана – шопан, қой өсіруші комсомол-жастар бригадасының ұстаз-жетекшісі, «Құрмет белгісі» ордені;

  28. Манасбаев Тұмархан – механизатор, «Еңбек қызыл ту» ордені;

  29. Солтанбеков Демеуғали – шопан, қой өсіруші комсомол-жастар бригадасының ұстаз-жетекшісі, «Еңбек Қызыл Ту» ордені;

  30. Тұрысбеков Бекет – шофер, «Еңбектегі ерлігі үшін» медалі;

  31. Иманғалиев Қойшығали – шофер, «Еңбекте үздік шыққаны үшін» медалі;

  32. Исағұлов Қуантай – Ақбастау-Құсмұрын алтын өндіру кен орнының бастығы, «Еңбек Қызыл Ту» ордені;

  33. Сәрсембаев Мұрас – Ақбастау-Құсмұрын алтын өндіру кен орнының тракторшысы, «Еңбек Қызыл Ту» ордені;

  34. Ыбыраев Тоқан – механизатор, «Еңбек Қызыл Ту» ордені;

  35. Кәріпбаев Егінбек – пошта-байланыс мекемесінің электромонтері. «ІІІ дәрежелі Еңбек Даңқы» ордені

  36. Баяндин Амантай – шопан, қой өсіруші комсомол-жастар бригадасының мүшесі, мал дәрігері, «Құрмет белгісі» ордені;

  37. Қабдуәлиев Сайлытай – механизатор. Ш.Уәлиханов совхозында, «ІІІ дәрежелі Еңбек Даңқы» ордені;

  38. Бітікбаев Сақтапберген – шопан, «Құрмет белгісі» ордені;

  39. Мұсабаев Кәшсыздық – ферма меңгерушісі, «Еңбекте үздік шыққаны үшін» медалі;

  40. Иманғалиева Алтыния – есепші, «Еңбекте үздік шыққаны үшін» медалімен;

  41. Жақытаев Өміртай – шофер-комбайнер, «Еңбектке үздік шыққаны үшін» медалімен;

  42. Сәменбетов Нәсіпбек – совхоз директоры, «Еңбекте үздік шыққаны үшін» медалі;

  43. Қағазтаев Қажыкен – аудандық мәдениет бөлімінің механигі, «Алғабас» совхозында комбайншы, «Еңбекте үздік шыққаны үшін» медалімен;

  44. Сейілбеков Төлеухан – механизатор, «Еңбекте үздік шыққаны үшін» медалі;

  45. Сматаева Күлзада – шопан, «Еңбекте үздік шыққаны үшін» медалі (1971);

  46. Тобықбаев Қасымғали – совхоз директоры, «Құрмет белгісі» және «Еңбек Қызыл Ту» ордендерімен;

  47. Тамара Блинова – аспазшы, «Еңбекте үздік шыққаны үшін» медалімен;

  48. Тұңғатаров Елеукен – Ақбастау-Құсмұрын кен орнының эксковатор машинисі, «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен.

Осы үкімет наградаларын алған адамдардың көпшілігі ауыл азаматтары болса, ал Смокин К.Г., Богачев И. және Данилов И. сияқты адамдар совхоз алғашқы құрылған кезде келген тың игеруші механизаторлар, басқа ұлт өкілдері.

Осы наградаларына қосымша жоғарыдағы адамдардың көпшілігі «Тың және тыңайған жерлерді игерудің 10 жылдығы» медалімен (1965 жылы), «Лениннің туғанына 100 жыл» - мерекелік медальдарымен (1970 жылы) марапатталған.



Қазақстан тәуелсіздік алған 1991 жылдан бері үкімет наградаларын алғандар
І. «Тың және тыңайған жерлерді игерудің 50 жылдығы» мерекелік медальдарымен марапатталғандар, 2004 жыл:

1. Дармурзин Дүкенбай – мектеп мүдірі, зейнеткер;

2. Асаубаев Боранбай – механизатор, зейнеткер;

3. Ыбыраев Бақан – механизатор, зейнеткер.


ІІ. «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығы» мерекелік медалімен:

  1. Таукенов Есентай – ауылшаруашылық қожалықтың басшысы, фермер, 2011 жылы марапатталған, ҚР Президентінің жарлығымен.

ІІІ. Шоманов Аян – ішкі істер бөлімінің ауылдағы учаскелік инспекторы – «Ішкі істер органдарының мінсіз қызметі үшін» медалімен ІІ-ІІІ дәрежелі.


ІV. Аяпбергенов Дәулетқали – Малкелді ауылының әкімі, «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» мерекелік медалімен – 2005 жыл.
V. Қазақстан Республикасының Президентінің 2015 жылғы 19 қаңтардағы жарлығымен «70 лет Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.» мерекелік медалімен марапатталғандар:


  1. Шөкеева Әйкен – 1925 жылы туылған;

  2. Сихымбаева Бағи – 1933 жылы туылған;

  3. Болысбаев Төлеутай – 1934 жылы туылған;

  4. Иманғалиев Қойшығали – 1935 жылы туылған;

  5. Тобықбаев Қасымғали – 1935 жылы туылған;

  6. Бірталаев Өнертай – 1936 жылы туылған.



Ардақты аналар
Ауылдағы «Батыр ана» атағын алғандар «Алтын жұлдыз» иегерлері


  1. Тобықбаева Рысалды – 11 балалы ана

  2. Тобықбаева Рысқайша – 10 балалы ана

  3. Әзімбаева Секен – 11 балалы ана

  4. Өлеңбаева Бижамал – 10 балалы ана

  5. Тұрғанбаева Рухия – 11 балалы ана

  6. Имашева Көкен – 10 балалы ана

  7. Жауғашарова Жайна – 10 балалы ана

  8. Қазыбаева Бинұр – 10 балалы ана

  9. Бейсенбаева Рабиға – 10 балалы ана

  10. Асайынова Жаңылтай – 10 балалы ана

  11. Бижанова Мағиза – 10 балалы ана

  12. Тайпақова Дәметия – 10 балалы ана

  13. Қажығапбасова Еркетай – 10 балалы ана

  14. Жұмабаева Қайнижамал – 10 балалы ана

  15. Ілиясова Бану – 10 балалы ана

  16. Шөңгелова Қаламия – 10 балалы ана

  17. Мекебаева Аманғайша – 10 балалы ана

  18. Ахажанова Үміт – 10 балалы ана

  19. Ыбыраева Тілеуия – 10 балалы ана

  20. Сқатаева Кеңесия – 10 балалы ана

  21. Орынбаева Несіп – 10 балалы ана

  22. Тауықбаева Бақша – 10 балалы ана

  23. Мұсанова Рахила – 10 балалы ана

  24. Жақыпбаева Серікболсын – 11 балалы ана

  25. Әзімова Нухан – 10 балалы ана

  26. Қабдуллина Макура (Мәкіш)– 10 балалы ана


«Күміс алқа» иегерлері атанған аналар


  1. Әліпбекова Қатира Мөрәнқызы – 6 балалы ана

  2. Қашқынбаева Мархаба Тілеген қызы – 6 балалы ана

  3. Қызайбаева Мәрзия Кәрім қызы - 6 балалы ана

  4. Туғанбаева Гульмира Советқызы – 6 балалы ана

  5. Базылханова Нұргүл – 6 балалы ана

  6. Уақбаева Рая Қажығапбас қызы – 6 балалы ана

  7. Тілеубалина Кенжеғайша – 6 балалы ана

  8. Ахметбекова Зекения – 6 балалы ана

  9. Садуақасова Нарқаш – 6 балалы ана

  10. Таукенова Сайлауғайша – 6 балалы ана

  11. Қасымова Нұрила 6 балалы ана

  12. Омарбекова Қалия Оразхан қызы – 6 балалы ана

  13. Қалиева Сара – 6 балалы ана

  14. Бодаубекова Алтын – 6 балалы ана

  15. Қалиақбарова Люда – 6 балалы ана

  16. Қасымова Нұриман – балалы ана

  17. Ахунова Бақжамал – 6 балалы ана

  18. Қалиева Алматай (Алмаш) – 6 балалы ана

  19. Қожабаева Кентай – 6 балалы ана

Осы аналардың ішінде әншілері де, ақын жанды өлең жазатындары да бар. Солардың бірі Кеңесия Сқатай қызы


Ауылыма

«Алғабас» - атамекен, дархан далам,

Өзіңде еркін өскен мен бір балаң.

Сендерді ойлап көңілім құлазиды,

Аялап еркелеткен ата-анам.

Қорығым, Құлықбайым – Аршалы тау,

Оң жағыңда жатыр әне Қарашатау.

Әкемнің қыс қыстағы Ақыжаным,

Жауыртағы, Құсмұрын, Ақбастауым.

Көксеңгір - көк шалғынды кең жайлауым,

Қотанында қосақтап қой сауғаным.

Құлын байлап желіге бие сауып,

Пісіп-пісіп ішетін сар саумалын.

Тұрсын, Берік екеуің де туған жерің,

Кір жуып, кіндік қанды жуған жерің.

Қартайғанда арттарыңа тастап кетіп,

Ақ бетімді көз жасыммен жуған жерім.

Берігім, бұлғақтаған балам едің,

Қолымда ұстап қалған панам едің.

Добыңменен домбыраң қайда қалды,

Қара жерге қалайша ерте ендің?

Тәуба дедім, қалғандары аман болсын,

Халқымызға тыныштық заман болсын.

Көп қайғымен ештеңе өнбейді екен,

Қалған балам алдымда панам болсын.

«Алтын алқа» иегерлері атанған аналар
Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылы шілденің 19-дағы Жарлық бойынша «Алтын алқа» алқасымен наградталғандар:


  1. Қонышева Рыскен – 8 балалы ана

  2. Қасымова Мағау – 8 балалы ана

  3. Құрманғалиева Алдаукен – 8 балалы ана

  4. Сахариева Күлән – 8 балалы ана

  5. Сихымбаева Бағи – 8 балалы ана

  6. Тұрысбекова Орынбасар – 8 балалы ана

  7. Хисамитова Рәшилә – 8 балалы ана

  8. Шәмиева Күлзия – 8 балалы ана

  9. Тобықбаева Күлжамал – 8 балалы ана

  10. Тілеубалина Төкітай – 7 балалы ана

  11. Анафина Баян – 8 балалы ана

  12. Жұмабаева Қайнижамал – 10 балалы ана

  13. Шөңгелова Қаламия – 10 балалы ана

  14. Сқатаева Кеңесия – 10 балалы ана

  15. Ақажанова Үміт – 10 балалы ана

  16. Орынбаева Несіп – 10 балалы ана

  17. Имашева Көкен – 10 балалы ана

  18. Ахметжанова Дина – 9 балалы ана

  19. Әмірханова Рыскүл – 8 балалы ана

  20. Елеусізова Күлбағдан – 8 балалы ана

  21. Әзімова Нухан – 10 балалы ана

  22. Балғабаева Жеңіс – 8 балалы ана

  23. Жақыпбаева Серікболсын – 11 балалы ана

  24. Бейсенбаева Рәбиға – 10 балалы ана

  25. Мекебаева Аманғайша – 10 балалы ана

  26. Бәкішева Гүлғайша (Көкен) – 9 балалы ана

  27. Бөжеева Қияш Мұхаметханқызы – 8 балалы ана

  28. Бижанова Мағиза – 10 балалы ана

  29. Қажығапбасова Еркетай – 10 балалы ана

  30. Тауықбаева Бақша – 10 балалы ана

  31. Тұрғанбаева Рухия – 11 балалы ана

  32. Кабдуллина Макура (Мәкіш) – 10 балалы ана

  33. Қажымолдина Биғайша (Биған) – 8 балалы ана

«Батыр ана» атағы мен «Алтын жұлдыз» медалі совет заманында КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының жарлығымен тағайындалып, 10 және одан да көп бала тауып, тәрбиелеген аналарға ең жоғарғы атақ болып есептелсе, Тәуелсіздік алғаннан кейінгі Қазақстандағы аналарға берілетін ең жоғарғы атақтар: «Күміс алқа» - 6 бала тауып тәрбиелеген аналар, ал «Алтын алқа» 7 бала тауып тәрбиелеген аналар, Президент жарлығымен наградталды.

Алтын құрсақ аналарымыз аман болсын!

Ауылдың ақын келіні Әлияның сөзімен айтқанда:

«Әжелері ғасырдың,

Мақтау айтып асырдым.

«Алтын алқа» тағынған



Қасиетіңе бас ұрдым!»
Ауылда туған егіздер


  1. Күмісхан Тоқанова мен Бейсенбай Садықовтың отбасында: Ерлан-Нұрлан 1973 жылы туған.

  2. Тұрысбекова Орынбасар (Шорман) мен Нақыпбаев Серікболдың отбасында: 1) Дәурен-Дәрмен 20 маусым 1973 жылы туған; 2) Айнагүл-Жайнагүл 25 мамыр, 1984 жылы туған.

  3. Аманбаева Роза мен Бибасов Мұраттың отбасында: Гүлнұр-Айнұр 17 тамыз, 1973 жылы туған.

  4. Демесінова Кәдірхан мен Кенжеғалиев Серікжанның отбасында: Ұлан-Ұлжан 22 желтоқсан, 1980 жылы туған.

  5. Жұмаханова Зайраш пен Аманов Ілиястың отбасында: Ғабит-Сәбит 1971 жылы туған.

  6. Гүлмира Тұрдығұлова мен Серікбаев Серікқалидың (Секей) отбасында: Ернұр-Гүлнұр 4 қыркүйек 1990 жылы туған.

  7. Гүлнұр Тұрысбекова мен Нұртөлеуов Ғаділеттің отбасында: Арманай-Толғанай 23 тамыз, 1997 жылы туған.

  8. Ләззат Жамбыл қызы мен Айтбай (Айтон) Құсайыновтың отбасында: 19 қаңтар, 2005 жылы туған, Ақерке-Назерке.

  9. Альмира Дәлелхан қызы мен Берік Станбековтың отбасында: Гүлайым-Жанайым 30 маусым, 2007 жылы туған.

  10. Әспет Жубәлиева мен Ұлан Рымғожиннің отбасында: Эльмира-Эльвира 10 наурыз, 2009 жылы туған.

  11. Күлшара Райханова мен Құрманғазының отбасында: Ерлан мен Нұрлан 1971 жылы туған.

  12. Төрегелдина Нұрхан мен Шарипов Серіктің отбасында: Айман-Шолпан 1996 жылы туған.

  13. Бәкішева Гүлғайша (Көкен) мен Қоқаев Сейітқалидың (Секен) отбасында: Ерлан-Анар желтоқсан, 1972 жылы туған.

  14. Рымғожин Асау мен Таукенова Сайлауғайшаның отбасында: Маржан-Түзубек 1 ақпан 1958 жылы туған.

  15. Смағұлов Қабыхалым мен Шәмшина Қазиланың отбасында: 1) Марат-Нәзира 1940 жылы туған; 2) Әмір-Темір 1947 жылы туған (Шын аттары: Әміртай-Теміртай).

  16. Солтанбеков Балтабай мен Темірғалиева Мұхадестің отбасында: Айнұр-Жаннұр 1989 жылы туған.

  17. Қажыбиева Ыбырай мен Қажыбиева Тұрарбектің отбасында: Серіктай-Жаңылтай 1951 жылы туған.

  18. Мұқанов Тілек пен Нұрқасенова Күлпәштің отбасында: Айдын-Айдар, 1979 жылы туған.

  19. Ахунова Күләш пен Мұхамедияров Махметқалидың отбасында: Эльмира-Элеонора 1977 жылы туған.

  20. Сқатаева Бәдилә мен Әбдіреев Мұқанғалының отбасында: Көкен-Сәкен 1954 жылы туған.

  21. Меңдібаева Нүрилә мен Меңдібаев Тұраштың отбасында: Айман-Шолпан 1961 жылы туған.


Ауыл ауруханасы
Адам өміріндегі ең басты құндылық – денсаулық екені баршамызға аян. Міне, осы денсаулық күзетіндегі дәрігерлік мамандықтың қай-қайсысы болмасын білім мен біліктілікті, кәсібилікті бірдей қажет ететін жауапты қызмет қой. Дегенмен, солардың ішінде жұмыс көлемі ауқымды, науқасқа ең алғашқы медициналық көмек көрсететін жауапкершілігі жоғары буын – учаскелік дәрігер болса керек. Олай дейтініміз, ыстығыңыз көтеріліп, болмаса басыңыз ауырып, балтырыңыз сыздап үйге дәрігер шақыра қалсаңыз, жылдың қай мезгілі: қыстың қақаған күні бола ма, шілденің шіліңгір аптабы бола ма, есікті қағып учаскелік дәрігеріңіздің келіп тұрғаны.

Ауылда 1970 жылға дейін тек қана фельдшерлік пункт қана болып, бір орта буынды фельдшер медбике ғана жұмыс істесе, осы 1970 жылы мемлекеттік бюджет есебінен 25 төсектік аурухана типтік жобамен мердігерлік әдіспен салынып, пайдалануға берілген.

Ауылда қызмет істеген жоғары білімді адам дәрігерлері мен медбикелер:


  1. Рахымжанова Хасен

  2. Бейсенбаев Советбек (Марат)

  3. Сүйесінов Берікбол

  4. Жайық Мүсіров

  5. Алтын Базарбекова

  6. Амангелді Қалиев

  7. Бәти Жауғашарова

  8. Болат Ожықов

  9. Бақыт Мұқанова

  10. Қайыржан Мұқанов

  11. Жомарт Мұқашев

  12. Қанат Мәшербаев

  13. Қымбат Құсайынова

  14. Айгүл Тұмархан келіні

  15. Бақытгүл Бәдиева

  16. Мерей Шәпиев

  17. Жайдарбеков Бейсен

  18. Кәрімова Алмагүл

Ұзақ жылдар істеген медбикелер: Күлшара, Шорман, Кәдірхан, Алдаукен, Дәметия (Даша), Зайраш, Сейсегүл, Кенже, Назгүл, Бақыт, Тілеутай, Бинан, Назира, Зәуре істесе, осы ауыл ауруханасында Ұзақбаев Өмірғали ұзақ жылдар санитарлық дәрігер болып қызмет атқарды. Өмірғали шаруашылықтың шөп шабу, егін ору және қой қоздату сияқты науқандық жұмыстарынан қол үзбей қатысатын еңбекқор азамат.

Бүгінде ауыл ауруханасында «дипломмен ауылға» бағдарламасымен жоғары білімді жас маман Шапиев Мерей Тұрсынұлы бастаған ұжым, медбикелер: Самал, Гүлнар мен Дидар күндіз-түні ауыл адамдарына қызмет көрсетсе, олармен бірге жедел жәрдем машинасының жүргізушісі Бөкен, тазалықшы Нұргүл, Айжандар еңбек етуде.

Бұлар ауыл халқының алғысына бөленген жандар.

Осы ауылда істеген дәрігерлерінің ішінде ақынжанды адам Советбек ел есінде сақталған. Оның ақындығын мына өлеңі дәлелдейді:

«Келемін жүріп, алдымда әлі жол ұзақ,

Аттаған сайын жеткізер емес, ол ұзап.

Аяулы жандар, қимастарым сағынар,

Қалып жатыр, ұзатып салып, қол бұлғап.

Көңілім қаяу, өкінішім көп тоқтау жоқ,

Асығыс күндер, асығыс өмір, тоқтау жоқ.

Өткендерім көп тораптың біріндей,

Ұмытылған, өкінішті жоқтау жоқ.

Белгісіз менің қай дөңге шығып тоқтарым,

Тауысам қалай белгісіз белдің соқпағын.

Жолаушылап келемін, әлі жол ұзақ,

Өшпесін үміт, алдымнан шырақ оттарым».


Ауылдан шыққан «Халық емшілері»


  1. Солтанбек Серікбайұлы – 1905 жылы Қазақстанда Семей губерниясы, Қарқаралы дуаны, Дағанды болысына қарасты Қожагелді ауылында туып, үш жасынан бастап Қытай Халық Республикасында өмір сүрген. Қазақстанға 1962 жылы қайта оралып, Шұбартауда «Алғабас» совхозында шопан болып еңбек еткен. Қытай, Тибет медицинасын және халық емін өте шебер де тиімді пайдаланған емші. Халық арасында «Солтанбек бақсы», «Солтанбек емші» аталып кеткен. 1972 жылы Малкелді ауылында қайтыс болған, зираты «Бабаң күмбезінің» қасында.

  2. Қоқышева Рыскен – 1937 жылы желтоқсан айында Шұбартауда Қосағаш ауылында туған, білімі орта. Сегіз баланың анасы, «Алтын алқа» иегері. Ұзақ жылдар Малкелді ауылындағы ауруханада аспазшы болып істеген, халық емімен түрлі ауруларды, әсіресе, балалар ауруын дәрілік шөптермен, мал майларымен емдейді. Шебер оташы, бұл кісінің салған сынықтары рентген сәулесімен тексергенде «өте дәл салынған, дұрыс орнына түскен» деп табылады. Бүгінде ауылдағы ел құрметтейтін әже.

  3. Қалиева Сара – 1944 жылы Шұбартау ауданы, Сталин атындағы колхозда туған. Аудан орталығы Баршатастағы орта мектепті бітірген, білімі орта. Алты баланың анасы, «Күміс алқа» иегері. Ұзақ жылдар Малкелді ауылындағы пошта-байланыс мекемесінде қызмет істеген. Дәрілік шөп өсімдіктерін, түрлі майларды балаларды ұшықтауға, емдеуге жақсы пайдаланатын емші. Ауылда «Сара апа - емші» аталып кеткен адам. Қазақстан халық емшілерінің ассамблея қоғамынан 1993 жылы куәлік алған, №00933 санды және осы қоғамның №00719 санды халық емшілерінің білімін және мамандығын көтеру мектебінің дипломын алған. Халық емшілерді шипа деп атап, оның шипасы жазады, қонады, дариды, айықтырады деп сенген. Емші науқас адамның ауруының себебін анықтап, емдік дәріні, оны қолдану мезгілін, бақылау уақытын ұсынады.


Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет