Вялотекущая шизофрения
#54
*!25 жастағы қызда ыңғайсыз, ауыр сезіммен жүретін, дұрыстығы бұзылған көп ой ағымы болды. Осы кезде өзінің жұмысын атқара алмайды, әңгімеден назары ауып кетеді. Жағдайын айтып түсіндіре алмайды. Ой ағымын біреу басқарып тұрғандай, ойы біресе қозғалып, біресе тоқтап қалғандай сезім болады.
Төменде көрсетілген диагноздың қайсысы дұрысырақ?
Мыслительный автоматизм
# 55
*!13 жастағы науқас. Әкесі отбасын тастап кетіп қалған. Тууы дер кезінде, бала кезінен бастап тыныш, 3 жасынын бастап сөйлей бастаған, 7 жасынан бастап өзі киініп үйренген. Бала бақшасында ешкіммен араласпаған, өзімен өзі ойнайтын. 6.5 жасында басынан жарақат алып, миы шайқалған. Мектепке барар алдында өзі оқып, өзі санап үйреніп алған. Достары жоқ. Суретті жақсы салады, әсіресе әскери тақырыпқа байланысты, оқ ату, адам өлімі туралы және дарға асылу туралы сурет салады. Жанурларды азаптап өлтіруді, оларды «жерлеуді» жақсы көреді. 11 жасынан бастап ызалы бола бастады, анасымен сөйлеспейді. Мектепке бармай, қаңғырып кететін болды немесе ұйықтайды. 13 жасынан бастап мектепке баруды қойды, ешкіммен араласпайды, күні бойы жата береді, жуынбайды, өз еркімен құрғақ тамақты жейді, шешесі әзірлеген тамақты жемейді. Дәрігер қараған кезде контактіге түспейді, жауап беруі формальды түрде, ешкіммен сөйлеспейді, шешесін «тумаған», нағыз шешесі басқа адам екенін айтты.
Сіздің диагнозыңыз?
Шизофрения
#56
*! Пациент Л., 35 жаста. Сыртқы келбеті жинақы, таза, жүріс тұрысы сабырлы. Уайымы туралы сөйлесу кезінде қозу байқалады, қатты сөйлеп, қолымен жестикуляция көрсетеді. Өзін көп уақыттан бері біреу аңдып жүргенін айтады. Оның көп «дәлелерін» келтіріп, шарашамайды. Оның айтқан әңгімесіне күдік және сенімсіздік білдірген кезде ашуланады, дөрекіленеді. Коррекциялау тіпті мүмкін емес. Өз өмірінің, қоғам өмірінің күндерін жақсы есіне сақтаған және өз уайымы туралы көп мәлімет сақтаған. Туыстарының айтқанына қарамастан, тұрған жерінен кетіп, пәтерін ауыстырмақшы.
Психикалық статусты анықтаңыз, алдын ала диагнозын қойыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |