Шымкент қалалық Денсаулық сақтау басқармасы
Шаруашылық жүргізу құқығындағы
«№2 қалалық аурухана»
Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны.
«Бекітемін»
«№2 қалалық аурухана»
Бас дәрігері______________
С. М Пернебеков
«____» __________ _____ж
Неврология бөлімшесінің ережелері
Шымкент қаласы мен жақын аймақтағы елді мекендерге жүйке жүйесінің түрлі ауруларын соның ішінде бас ми және жұлын қызметінің бұзылуы, сонымен қатар перифериялық жүйке жүйесінің ауруларының диагностикасы және емдеуімен айналысатын маңызды мамандандырылған бөлімше.
Неврология бөлімшесі Қазақстан Республикасының ата заңымен және денсаулық сақтау басқармасының құқықтық нормативтік қаулыларын, ДСМ – нің бұйрықтарын «№450 03.07.2017ж, Қазақстан Республикасында медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы қағидалары», «№809 19.10.2015ж Қазақстан Республикасында неврологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарттарын бекіту туралы», «№764 2007ж, №165 2012ж Аурулардын диагностикасын және емдеу хаттамалары» басшылыққа ала отырып жұмыс жасайды.
Бөлімшеде бөлім менегрушісі лауазымдық міндетіне ШЖҚ «№2 қалалық аурухана» МКК бас дәрігерінің бұйрығы арқылы тағайындалады.
Бөлім менгерушісі қызметіне невролг маманы сертификаты бар жоғары санатты дәрігер тағайындалады.
Бөлімшеде барлық қызметкерлердің маман сертификаты тағайындалған және жұмыс тәжирбиесі бар.
Негізгі міндеттері
Неврология бөлімшесінің негізгі міндеттері:
Тәулік бойына қала тұрғындары мен қала маңындағы елді мекендерге неврологиялық көмек көрсет, науқастарға жедел және жоспарлы жатқызу арқылы стационарлық емдеу жүргізеді.
Науқастарға неврология бойынша жоғары квалификациялық стационарлық ем және профилактикалық іс-шараларды жүргізу.
Невралогия бөлімшесінің қызмектерлері өз жұмысын жетілдіре отврвп жаңадан шыққан емдеу тәсілдерін пайдалана отырып емнің сапасын арттыру.
Неврологиялық бөлімшеде науқастарға емдеу іс-шараларының қол жетімді және аймақ аралық халықтың талапқа сай жоғары дәрежеде ем алуына жағдай жасау.
Неврология бөлімшесі аймақтық емханалармен тығыз байланыста бірлесе жұмыс жасап, емнің дұрыс жүргізіліп науқастың толық көлемде емделуіне жағыдай жасау.
Неврология бөлімшесінде науқастардын медициналық білімін жетілдіру мақсатында санитарлық ағарту жұмыстарын үнемі жүргізіп отыру.
Әр кварталда бөлімшеде жұмыс жоспары жүргізіліп, есебін өткізіп отыру.
Бөлімшеде медициналық қызметкерлердің білім деңгейін жүйелі түрде котеріп отыру.
Еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігін сақтау, санитарлық нормалардың дұрыс жүргізілуін үнемі қадағалауда болуын қамтамассыз ету.
Облыстық және қала аралық медийиналық іс-шараларға міндетті түрде қатысып отыру.
Достарыңызбен бөлісу: |