№ 1 есеп. Науқас А. клиникаға прогрессивті семіздік туралы шағымдармен жүгінді. Бет аймағында (ай тәрізді бет симптомы), ішінің жоғарғы жағында май артық мӛлшерде жиналуына шағымданды. Одан басқа ол кісіде гирсутизм (ерлер типіндегі әйелдердің денесі мен бетіндегі шаштың шамадан тыс ӛсуі), етеккірдің бұзылуы, бел аймағындағы ауырсыну, полифагия, полидипсия байқалады екен. Соңғы кезде іріңді тері аурулары жиі байқалады деп те шағым айтты. Объективті: қандағы глюкоза мӛлшері - 7,0 ммоль/л, АҚ - 140/80 мм с. б., қан сараптамасындағы ӛзгерістер - лейкоцитоз (қанда лейкоциттер саны кӛбеюі), абсолюттік лимфопения (қанда лимфоциттер саны азаюы). Рентгенологиялық ӛзгерістер - сол жақ бүйрек үсті безінің ұлғаюы анықталды. Бас сүйегінің рентгенографиясында түрік ер-тоқымы қалыпты жағдайда.
Қорытынды: Науқаста Иценко Кушинг ауруы.
Сұрақтар:
Қызметі бұзылған бездің гормондарын атап ӛтіңіз: Иценко-Кушинг ауруында қанда кортизол және АКТГ мӛлшерi жоғарлайды және олардың секрециясының бipіңғай
бұзылысы байқалады (гормондардың түнгi кӛлемi тӛмендеуi жоғалады). Бүйрек үстi безiнiң қыртысты қабатында кортизол ӛнiмiнiң жылдамдығы 4-5 есеге кӛбейедi.
Осы гормондардың негізгі физиологиялық әсерлерін атап ӛтіңіз: Бауырдағы гликоген мӛлшерін ӛзгертпей,қандағы глюкоза мӛлшерән кӛбейтеді,
Науқастың симптомдарының пайда болу механизмін түсіндіріңіз: Патогенез негізінде гипоталамо-гипофизарлы- бүйрекүсті безі жүйесін бақылайтын реттелу механизмінің бұзылысы жатады.
№ 2 есеп. 26 жасар науқас А. клиникаға прогрессивті семіздік туралы шағымдармен жүгінді. Бет аймағында (ай тәрізді бет симптомы), ішінің жоғарғы жағында май артық мӛлшерде жиналуына шағымданды. Қосымша шағымдары - шаштары мен түтіктерінің ерлер типіне сәйкес ӛсуі, етеккір циклінің бұзылуы, жалпы әлсіздік. Объективті: жамбастарында кұрең қызыл тыртықтар анықталды. АҚ – 190/95 мм с. б., қандағы глюкоза мӛлшері – 9, 0 ммоль/л, орташа лейкоцитоз (қанда лейкоциттер саны кӛбеюі), абсолюттік лимфопения (қанда лимфоциттер саны азаюы). Рентгенологиялық ӛзгерістер – гипофиз мӛлшерінің ұлғайуы, УЗД – бүйрек үсті безінің гиперплазиясы.
Қорытынды: Науқаста Иценко Кушинг ауруы.
Достарыңызбен бөлісу: |