Неврология модуль


Тәжірибе кезінде бөтен тітіркендіргіш ісер етпеуі керек



бет27/83
Дата13.11.2023
өлшемі0,56 Mb.
#191352
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   83
Байланысты:
Неврология модуль-emirsaba.org

Тәжірибе кезінде бөтен тітіркендіргіш ісер етпеуі керек

39. Екі иттер - күшті, ұстамды, икемді ( тірі Павлов бойынша) және күшті, ұстамсыз, икемді (қозушы, немесе ұстамсыз Павлов бойынша ) типтегі иттерге тамаққа деген шартты рефлексін тербеліс 800 Гц және дифференциалдық тежелуге тербеліс 820,880 Гц тудырды . Тәжірибелердің шарттары бірдей болды.


№1 сұрақ. Әр итке қойылған міндеттері қалай шешіледі?
№2 сұрақ. Түсіндіріп беріңіз.
40. Химик Кеккуле бензолдың формуласын түсінде көргені белгілі. Менделеев периодтық кестені, математиктер Декарт, Пуанкаре, Гаусс, Маньян жаңа жүйелер мен теоремаларды, Грибоедов «Горе от ума» пьесасының жоспары мен 1-ші актісінің бірнеше көріністерін түсінде көрген . Түсінікте Тартини «Ібіліс» деп атаған сонаттарының мотивтерін түсінде «естіген», Рафаэль түсінде өзінің танымал мадоннасының бейнесін «көрді» және т.б.

№1 сұрақ. Физиология тұрғысынан осы фактілерді қалай түсіндіруге болады?


№2 Сұрақ Ұйқы туралы негізгі теорияны жазыңыз.

Физиология 7 апта

№ 1 есеп


М. сырқат адамқалыпты салмақпен қалыпты бойы бар ата-анасынан туылған. 6 айында оның салмығы13,5 кг тең болды, 9 жасында оның бойы 186 см тең болды, салмағы – 80 кг. 18 жасында бойы 243 см тең болды. Дене пропорциясы қалыпты, бет әлпетінің қатайуы байқалмайды, физикалық тұрғыдан ол кісі ӛте күшті болып келеді.
Қорытынды: Пациентте акромегалия ауруының симптомдары байқалады. Соматотропты гормондардың шамадан тыс кӛп мӛлшерде бӛлінуіне байланысты адам бас сүйектерінің (жақ, қабақ сүйектерінің) және аяқтар мен қол сүйектерінің, сондай-ақ, ішкі мүшелердің шектен тыс ӛсуі
Сұрақтар:
Қызметі бұзылған бездің гормондарын атап ӛтіңіз:
соматотропты гормон - ӛсу гормоны (СТГ)
фолликулды ынталандыратын гормон (FSH) (гонадотропты гормон) лютеинизациялайтын гормон (ЛГ) (гонадотропты гормон) тиреотропты (ТТГ)
адренокортикотропты гормон (ACTH)
лактотропты гормон (LTG) — пролактин.Соматотропты гормон
Осы гормондардың негізгі физиологиялық әсерлерін атап ӛтіңіз: Соматотропин гипофиздің алдыңғы бӛлігі гормонының бірі. Пролактин мен плацентарлық лактоген сияқты пептидтік гормон тобына жатады.Соматотропин гормонын ӛсу гормоны деп атау себебіне сүйектердің жабылмаған аймақтары бар балалар, жасӛспірімдер мен жастарда ол ұзын қуысты сүйектердің ӛсуін қамтамасыз етеді. Соматотропин қуатты анаболитикалық және анти- катаболитикалық әрекет жасай отыра, нәруыз синтезінің қарқынды болуын, нәруыз ыдырауының және тері асты майы қыртысы түзілуінің тежелуін, ағзадағы бұлшық ет массасының майға қатынасының артуына әкеледі. Оған қоса, соматотропин кӛмірсулық алмасу реттеуіне қатысады - ол қандағы глюкоза мӛлшері деңгейін арттырады, контринсулярлық гормон ретінде инсулиннің кӛмірсулық алмасуға әрекетіне кереғар әрекет жасайды
Науқастың симптомдарының пайда болу механизмін түсіндіріңіз.

Соматотропин егер шектен тыс кӛп болса,адамның бойы тез ӛсіп 240-250 ми-ге, ал салмағы 150 кг-ға дейін жетуі мүмкін. Адам денесінің ӛсіңкі шығыңқы жерлері ӛседі,гипофизбен қызметтес бездердің жұмысы ӛзгереді.

№ 2 есеп
С. - 30 жастағы сырқат адам, бойы - 120 см. Дене пропорциясы3-4 жасар баланың денесіне ұқсас.Терісі бозғылт. Басы мен бет әлпеті кішкентай, бетінің жеке бӛліктерінің пропорциясы жас баланың пропорциясындай(жоғарғы жақ пен иектің мӛлшері салыстырмалы түрде кішкентай).
Кеудесі мен ішінде май артық мӛлшерде жиналған. Даусы жіңішке. Беті мен денесінде түктері жоқ. Психофизикалық дамуы қалыпты.Мінез-құлықта кейбір нәрестелік қасиетттер, есте сақтау қабілетінің тӛмендеуі байқалады. Негізгі алмасу қалыпта. Репродуктивті салада ауытқулары бар (жыныстық қалаудың бұзылуы, сперматогенездің тӛмендігі).
Қорытынды: Бұл ауруды гипофизарлық ергежейлік деп атаймыз.

Сұрақтар:

Қызметі бұзылған бездің гормондарын атап ӛтіңіз: Гипофиздің алдыңғы бӛлігінің соматотропин, яғни ӛсу гормоны бұзылған. Сонымен қатар басқа без гормондары да әсер етеді, әсіресе глюкокортикоидтар, тироксин және инсулин жеткілікті болуы маңызды.
Осы гормондардың негізгі физиологиялық әсерлерін атап ӛтіңіз:
Денеде биосинтезді күшейтеді, барлық органикалық заттардың алмасуына, минералдық алмасуға әсер етеді, жасушалар мен тіндердің ӛсіп дамуын қамтамасыз етеді. Сонымен қоса, гликогенолиз үрдістерін тездетеді, коллагендер түзілуін үдетеді, бүйрек тінінің ӛсіп, дамуын, қатаюын тездетеді.
Осы гормондарды химиялық тұрғыдан қай топқа жатқыза аласыз? Полипептидті гормондар тұқымдасына жатады. Соматотропин жай белок ацидофилдік жасушаларда түзіледі.
Қызметі бұзылған бездің жоғарыда аталған симптомдарды туғызатын гормонын жазыңыз. Соматотропин

№ 3 есеп


Р. - 25 жастағы сырқат адам. Шағымдары: бойы аласа, екінші жыныстық сипаттамалары әлсіз дамыған, етеккірдің болмауы.3 жасынан бастап оның ӛсуі баяулаған. Тексеру кезінде анықталды: бойы 105 см, дене бітімінің пропорциясы қалыпта, терісі бос, бетінде қартаю белгілері бар.Жыныс мүшелері дамымаған.Кеуде бездері дамымаған. Интеллект сақталған.Негізгі алмасу 12% -ға тӛмендеген. Қандағы глюкоза мӛлшері – 3,0 ммоль/л. Несепте17-кетостероидтар мӛлшері азайған, эстрогендер мен андрогендер жоқ.
Қорытынды: Гипофизден бӛлінетін самототропин гармоны ӛз нормасынан аз бӛлінсе гипофиздік ергежейлік ауруына шалдығады. Бұл бойдың аласа болуы бір метрден аспауы мүмкін,дене бітімінің пропорциясы нормада болады,жыныстық дамуы баяу жетілмеген болады.

Сұрақтар:


Қызметі бұзылған бездің гормондарын атап ӛтіңіз:
Жауап:
Соматотроптық,тиреотроптық,адренокортикотроптық,гонадотроптық, фоллитропин лютеиндеййтін пролактин бағыттаушы гормондар
Осы гормондардың негізгі физиологиялық әсерлерін атап ӛтіңіз:
Жауап:
Соматотропин-гликоген ыдырауын,май ыдырауын күшейтеді,қандағы кетоденелерді кӛбейтеді,бұлшықет тонусын және күшін ӛсіреді.
Тиротропин-қалқанша тінін ұлғайтып,сӛл бӛлінуін күшейтеді.
Адреноеортикотропты-бүйрекүсті безінің қыртыс қабатындағы жасушаларын ӛсіреді және мінез құлық,яғни,ашу-реніш,кӛңіл-күй жақсы болуын реттейді.
Гонадотропин –жыныс бездерін дамуын реттейді
Науқастың симптомдарының пайда болу механизмін түсіндіріңіз. Жауап:

Соматотропинның гипофункциясының нәтижесінде ағзада тіндер мен жасушалар,сүйек жасушалары қалыпты жағдайда функция жасамайды,бұлшықет тонусы әлсізденеді,белок биосинтезі дұрыс жүрмейді,липидтер мен майлардың ыдырауы дұрыс жүрмей етке сіңбейді,жыныс мүшелері тіндері дұрыс қалыптаспайды


№ 4 есеп


40 жасар ауру кісі поликлиникаға келді. Шағымдары: басы қатты аурады,
жалпы әлсіздік, сыртқы келбеттің ӛзгеруі (мұрынның, құлақтың, қолдың, аяқтың ұлғаюы).Объективті: қасұсті доғалардың, бет сүйектерінің және иегінің қалыптан тыс ӛсуі байқалады. Бетініңжұмсақ тіндері гипертрофияға ұшыраңан,тіл мен тіс аралық кеңістіктері ұлғайған. Білезіктері мен табандары ұлғайған.
Қорытынды: Акромегалия ауруы. Адам денесінің шығыңқы мүшелерінің ӛсуі,жыныс бездерінің қызметі нашарлап кетеді. Бұл гипофиз бӛлетін самототропин гормонының бӛлінуі тоқтау себебінен болады.

  1. Қызметі бұзылған бездің гормондарын атап ӛтіңіз: Гипофиз безінің самотропин гормоны


  2. Осы гормондардың негізгі физиологиялық әсерлерін атап ӛтіңіз:


Жауап: Соматотропин жәй белок ацидофилдік жасушаларда түзіледі, денеде биосинтезді күшейтеді, барлық органикалық заттардың алмасуына, минералдық алмасуға әсер етеді, әсіресе белок түзілуін, айталық РНҚ синтездік қасиетін күшейтеді, амин қышқылдарының қаннан жасушаларға ӛтуін, сіңуін тездетеді, сӛйтіп жасушалар мен тіндердің ӛсіп дамуын қамтамасыз етеді. Гормон сондай-ақ, азот тепе-теңдігін ӛзгертіп, денеде азот кӛбейеді, кальций, фосфат,


натрий тұздарының сақталуына себепкер, бүйрек тінінің ӛсіп дамуын, қатаюын тездетеді. Коллагендер түзілуін де (коллагенезді) үдетуі мүмкін.
Науқастың симптомдарының пайда болу механизмін түсіндіріңіз. Акромегалия

№ 5 есеп.


Жасӛспірім, 15жаста, бойы 193 см, дене салмағы 88 кг, шағымдары - жалпы әлсіздік, тез арада шаршап қалады. Объективті: қолының және аяғының саусақтары, иегі, мұрыны қатты ӛсіп кеткен. Қорытынды: Гипофиз аденомасының байқалатын белгілері болмауы мүмкін. Алайда, белгілер гипофиз безі шығаратын әр түрлі гормондардың шамадан тыс / басылған ӛндірісінен немесе қоршаған тіндерге үлкен ісіктердің қысымынан туындауы мүмкін. Гипофиз аденомасын дамытудың бірнеше түрлі механизмдері бар. Осыған байланысты ісінудің әртүрлі белгілері пайда болады. Мысалы: қолайсыз даму кезінде мидың қоршаған жүйке және тамыр түзілімдеріне әсер ету мүмкін. Бұл факторлар гипофиз аденомасының белгілеріне де әсер етеді.
№ 6 есеп. Гипофиздың артқы бӛлімі зақымдалғанынан оның қызметі тӛмендеген. Бұл зәр түзілу ұрдісіне әсер ете ме? Механизмін түсіндіріңіз.
Жауап: Иа әсер етеді.

Себебі:гипофиздің артқы бӛлімі бӛлетін вазопрессин гормоны антидиурездік қызмет атқарады Яғни несептің кӛлемін азайтуға,бүйректің несеп жиналатын түтігінде судың денеге қайта сіңуін қамтамассыз етеді. Бұл гормонның қызметі бұзылса зәрдің түзілу үрдісі зақымдалған.


№ 7 есеп.Дене ыстығы ӛте жоғары кӛтеріліп кеткен (t= 40,5 ) адамды организмді тез салқындату үшін оны суық ваннаға салған (t= 14 ). Бірақ ваннаға салған сәтте ол кісінің жағдайы кұрт нәшарлап кеткен, дене қызуының салдарынан пайда болатын милық симптомдары артып кеткен. Осы кісінің жағдайы не себепті нәшарлаған?


Жауап: Себебі, ол адамның температурасы 40,5 ℃ болып тұр. Ондай жағдайда салқындату үшін салқын суға шомылдырудың қажеті жоқ еді. Милық симптомдарының артып кетуі ми нервтерінің механикалық зақымдануына алып келеді. Сол үшінде ол адамның жағдайы күрт тӛмендеді.

8 есеп.
Эндокринолог дәрігерге бойы ӛспей қалған жас бала қаралуға келіп отыр. Зерттеуден кейін эндокринолог ол балағабәр қатар гормондар жазып берді, онығ ішіндесоматолиберин жәнесоматотропин гормондары бар.


Сұрақтар:
  1. Бұл балада қай бездің қызметі бұзылған? Жауап:


Гипофиздің қызметі бұзылған.


  1. Неге дәрігер соматолиберин және соматотропин гормондарын екеуін бірдей жазып берді? Жауап:


Соматотропин гормоны адамда бойдың, яғни сүйектің бойлап ӛсуін қамтамасыз етеді Соматолиберин гормоны соматотропин гормонының реттеуші гормоны болып табылады.


  1. Адамның бойы ӛспей қалғанда соматотропин гормонының шеткі физиологиялық әсерлерін жазыңыз.


Жауап:
Соматотропты гормондар ағзада аз түзілетін болса адамның бойы ӛспей қалады. Мұндай адамды гипофиздік ергежейлі дейді. Ергежейлі адамдардың дене бітімі дұрыс қалыптаспай, аяқ-қолының , бастың кӛлемінің, кеуденің ұзындықтары бір-біріне сәйкес болады, жыныс мүшелері дамымайды. Соматотропты гормондар жетіспейтін адамдар індет ауруларға қарсы тұра алмайды және ӛмірі қысқа мерзімді қамтиды.


9есеп. Науқас адамның жүрегіне наркоз қолданып ота жасалып жатыр.
Жүрекке хирургиялық араласу уақытын ұзарту үшін басқарылатын гипотермия қолданылды.
Сұрақтар:

Сұрақтар:


1. Адам терморегуляцияның қандай түріне жатады? Жауап: Гомойотермді
2 . Медициналық тәжірибеде басқарылатын гипотермияны қолдануды негіздеңіз. Жауап:
Гипотермия қан жеткіліксіз болғаннан кейін ишемиялық тіндердің зақымдану қаупін азайту үшін
қолданылады . Қанмен жеткіліксіз кезеңдер, әдетте, инсульт кезінде жүректің тоқтап қалуы немесе эмболия кезінде артерияның бітелуі нәтижесінде пайда болуы мүмкін. Терапевтік (терапевтік) гипотермияны инвазивті әдістермен жүргізуге болады, онда науқастың тӛменгі қуыс венасына феморальды вена арқылы арнайы жылуалмасу катетерін енгізеді немесе инвазивті емес әдістермен жүргізеді, әдетте сумен салқындатылған кӛрпе немесе кеудешені денеге және аяғындағы тікелей жанасатын аяқтарға жағады. науқастың терісі. Зерттеулер кӛрсеткендей, мидың ишемиялық зақымдану қаупі бар науқастар терапевтік гипотермияны қолданған кезде неврологиялық нәтижелері жақсарады. Гипотермия токсикологияда табиғи детоксикация процестерін ынталандыру үшін де қолданылады.

10есеп.Жылываннағабатып бара жатқанадамалдыменсуық, соданкейінжылусезімінсезінеді. Сұрақтар:


  1. Адамның температуралық сезімдерін түсіндіріңіз.



Жауап:
Адамның қалыпты дене температурасы – 36,6 С болады. Жылы ваннаға адам түскен сәтте денеде тітіркеніс болады, сол сәтте адам суықты сезінеді. Кейінірек денеде жылу сезімі пайда бола бастайды, яғни қайта қалыпқа келу болады.

  1. Терморегуляция орталықтары қай жерде орналасқан?



Жауап: Гипоталамуста орналасқан.

  1. Жылу шығару мен жылу ӛндіру орталықтарының арасында қандай байланыс бар? Жауап:


Дене температурасының тұрақтылығы- жылу ӛндіру мен жылу шығару және олардың ӛзгеруіне байланысты болады. Дене қызған сәтте қан тамырларының кеңейіп, тер бӛлінуі және тыныс алудың жиілеуінен жылудың сыртқа шығуы байқалады , ал дене салқындай бастағанда қан тамырлары тарылып, тер шығуы тоқтайды, сондықтан жылу сыртқа аз бӛлінеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   83




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет