Неврология модуль



бет63/83
Дата13.11.2023
өлшемі0,56 Mb.
#191352
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   83
Байланысты:
Неврология модуль-emirsaba.org

Өткізгіш бөлімі: көру жүйкесінің талшықтары құрайды,олар ми негізіндегі қиылыс (хиазма) құрап,ортаңғы ми (4 төмпешіктің жоғарғы бұдырлары) және аралық миға (латералды имек дене) барады.
Орталық бөлімі: ми қыртысының шүйде бөлігі болып табылады.
4. Торлы қабықтың құрылымы, қызметінің маңызы (соқыр дақ, сары дақ).
Торлы қабық - бұл көздің ішкі қабығы.Торлы қабықта әрекеттік мағынасы өзгеше екі түрлі көру қабылдағыштары –таяқшалар мен сауытшалар орналасқан.Осы қабылдағыштар көздің негізгі жүйке жүйесін құрастырады,ол арқылы көру ақпаратын мида орналасқан орталыққа жеткізеді және оның талдануы мен өңделуіне қатысады.Сөйтіп көздің торлы қабығы мидың шеткі бөлімі болып табылады.Осы таяқшалар мен сауытшалар жарықтың әсеріне сезімтал,көру пигменті бар сыртқы сегменттен және ядро мен митохондрийлер бар ішкі сегменттен тұрады.Адам көзінің торлы қабығында шамамен 6-7млн сауытша,110-125 млн таяқша болады.Таяқщалар мен сауытшалар торлы қабық бетінде әркелкі орналасқан.Торлы қабықтағы орталық шұңқырда тек қана сауытшалар болады,осы жерді сары дақ деп атайды.Торлы қабықтың шеттеріне қарай сауытшалар азайып таяқшалардың саны көбейеді.\
Сауытшалар заттардың іртүрлі түстерін жақсы қабылдайды.Сауытшалар торлы қабықтың ортасынан алыстаған сайын заттардың түсін ажырату нашарлайды.Бұл қабықтың шетінде таяқашалар болғандықтан,ол заттың түсін қабылдай алмайды.Сауытшалардың жарық сезгіштігі таяқшаларға қарағанда бірнеше есе аз болады.Көру жүйкесінің көз алмасына кірген жерінде жарық қабылдағыш жасушалар болмайды,сондықтан ол жарықты сезбейді,осы жерді соқыр дақ деп атайды.


5)Көру аймағы. Анықтау әдісі. Көру аймағының шектелуі.
Көру аймағы - бір жерге тесіле қарап тұрғанда, ол жерден басқа, оң және сол жағындағы жерлерді де қамти көріп тұрады. Тік қарамаса да белгілі бір жердегі нәрсені көріп-сезіп тұру, көру аймағына жатады. Көру аймағы – шүйде бөлігінде, одан көру жүйкелері арқылы қозу өтеді.
Көру аймағын біз Форстер периметрімен анықтаймыз.Яғни жарық периметрге біркелкі түсіріледі. Зерттелуші периметрдің алдына периметрге қарап отырады,сонда жарық,зерттелуші адамның арт жағынан жоғары түскені жөн.Әр көздің көр аймағы жеке анықталады.Зерттелуші бір көзін алақанмен жауып иегін иек тірегіне қойып, көз қарашығын периметр доғасының қақ ортасына қойылған ақ нүктеге қарап тұруы керек.Бізде көру аймағы қалыпты немесе қалыпты емес жағдайда екендігін анықтаймыз.Периметр жоғарғы жағынан қалыпты жағдайда 60 градустан,төменнен 75 градустан,сыртынан 80 градустан, ішінен 60 градустан кеміп кетсе бізде көру аймағы қалыпты жағдайда болмай қалады.Яғни көру аймағымыз тар жағдайда болып қалады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   83




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет