Инсульттан кейін алғашқы күннен бастап науқастың АҚҚ әр 34 сағат сайын өлшеніп арнайы күнделікке тіркеліп, дәрігерге көрсетіледі. Егер науқас АҚҚ-мын бақыламаса, яғни дәрігер тағайындаған дәрілерін уақытында қабылдамаса инсульттің қайталану аралығы жиілейді.
Егер науқас зонд аркылы тамақтануды кажет етпесе,бiрақ кейде жұтқан кезде шашалатын болса,тамақ уақталған болуы тиiстiгiн кадағалаңыз. Инсульттан кейiн тамақты сұйык ботқа, пюре, кисель,сорпа, суфле түрiнде болғаны дұрыс. Инсульттан кейiнгi диета көптеген витаминдер мен минералдарды қажет етедi,сондықтан жемiс-жидектiң,жемiс шырындарының болғаны абзал. Егер жемiс-жидектi қажеттi көлемде алуға мүмкiндiгiңiз болмаса?Ол кезде поливитаминдер мен минералды қосылыстар кешенi болғаны тиiс. Жемiстер(әсiресе қызылша), кептiрiлген жидектер,қышқыл сүт өнiмдерi (айран,...) төсек тартқан науқастардың iш кебуiн алдын алуда пайдасы мол екендiгiн естен шығармаған жөн. Сiздiң бақылауыңыздағы науқастың күнделiктi үлкен дәретке шығуын қадағалаңыз!Қажет болған жағда iш өткiзетiн препараттарды бергенiңiз абзал.
Қандай (қай) препарат? Емдеушi дәрiгерiңiзбен кеңесiңiз!