Нысандарды кірістіру: кесте және олармен жұмыс. «Емдеу ісі» топтарына арналған



бет5/8
Дата03.11.2023
өлшемі483,5 Kb.
#189247
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Нысандарды кірістіру кесте және олармен жұмыс

Кестелер қасиеті
M icrosoft Word 2007 бағдарламасында Кестелер қасиеті диалогтық терезесіне біріктірілген өте қолайлы функциялар жиыны бар (5.16. Сурет). Оны лентада Макет қосымшасындағы Кестелер тобында Қасиет батырмасын басу арқылы ашуға болады.


5.16. Сурет. Кестелер қасиеті диалогтық терезесі
Кестелер қасиеті диалогтық терезесінде келесі параметрлерді анықтауға болады:

  • Мәтінге сәйкес кестелердің орналасуы;

  • Көлеңкелер және шекаралар;

  • Кестенің әрбір жолының және бағандарының параметрлері;

  • Ұяшыққа мәтінің орналасуы.

Кестелер автопішімі
Кестелерді пішімдеу үшін Кестелер стилі функциясы пайдаланылады. Осы функцияның көмегімен сіз кестені безендірудің стилін жылдам таңдай аласыз.Кестелер стиліне қатынау үшін Конструктор қосымшасын өтіңіз және Кестелер стилі тобындағы Қосымша параметрлер батырмасын басыңыз (5.19. Сурет)


5.17. Сурет. Кестелер автопішімі диалогтық терезесі

Өзіңіздің кесте стиліңізді құрғыңыз келсе стилдер менюіндегі Кестелер стилін өзгерту командасын пайдаланыңыз. Стилді өзгерту диалогтық терезесінде (5.18. Сурет) қаріптің кеглін, гарнитурасын, құюды, сызық түсін, түрін таңдауға болады.




5.18. Сурет. Стилді өзгерту диалогтық терезесі
К естенің жаңа стилін құру үшін стилдер менюіндегі Кестелер стилін құрукомандасын пайдаланыңыз. Стилді құру диалогтық терезесінде қаріптің кеглін, гарнитурасын, құюды, сызық түсін, түрін таңдауға болады (5. 19. Сурет)


5.19.Сурет. Стилді құру диалогтық терезесі
Кестелер импорты
Кейбір жағдайда Word бағдарламасына басқа бағдарламада құрылған кестені импорттау қажет болады (мысалы, басқа мәтіндік процессордың файлдары, Microsoft Excel және Lotus электрондық кестелері). Электронды кестелерді импорттау кезінде ұяшықтарда орналасқан формулалар және функциялар тасымалданбайды, сонымен қатар безендірілуі жоғалуы мүмкін.
Басқа қосымшаларда құрылған кестелерді импорттау үшін келесі әрекеттерді орындаңыз:

  • Қосымшада құрылған кестені ашыңыз;

  • Кестені Алмастыру буферіне көшіріңіз;

  • Word құжатында кестені қою қажет орынға курсорды орнатыңыз;

  • Басты қосымшада Алмастыру буфері тобындағы лентада Қоюбатырмасын басыңыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет