Нысандарды кірістіру: кесте және олармен жұмыс. «Емдеу ісі» топтарына арналған



бет2/8
Дата03.11.2023
өлшемі483,5 Kb.
#189247
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Нысандарды кірістіру кесте және олармен жұмыс

Ақпараттық блок:
-лекциялар конспектісі
-тақырып бойынша сұрақтар тізбегі
-тақырып бойнша практикалық дағдылар тізбегі(нені білу үйрену керек)
Оқушылардың өз бетімен жұмысы:
-Сабақ жоспарлары/технологиялық карталар/
Пәнді меңгеру бойынша Оытушыларға арналған әдістемелік ұсынымдар оқу ісінің түрлі сипатын және оқытудың ұсынылатын тәртібін ашады.
Өз бетемен жұмыс бойынша оқушыларға арналған әдістемелік құрал.(Пәнді меңгеру үшін қажет уақытты жоспарлау және ұйымдастыру бойынша ұсынымдар,әдебиеттер және басқа да ақпарат көздерімен жұмыс жасау бойынша ұсынымдар).
Бақылаушы блок:
-бақылауды іске асыру бойынша материалдарға мыналар кіреді:
а)тақырып бойынша тестілік бақылау
б)бақылаушы тарату материалдары.





Ақпарттық блок.
Лекциялар конспекті.
Кестелер
Осы дәрісте сіздер мыналармен танысасыздар:

  • Кестелерді құру және редактілеу;

  • Кестелерді импорттау;

  • Кестедегі деректерді сұрыптау.

Кестелерді құру
Кез келген кесте (электронды болуы міндетті емес) ұяшықтарды құрайтын жолдар мен бағандарға бөлінген. Бұл ұяшықтарға әр түрлі ақпараттар жазылады, мысалы, сандар, формулалар, мәтіндер және т.б.Кестемен жұмыс әдетте оны құрудан басталады.
Word бағдарламасында кесте құру үшін келесі тәсілдердің бірін пайдаланыңыз:

  • Лентада Кірістіру қосымшасындағы Кесте тобында Кестебатырмасын басыңыз (5.1. Сурет). жолдар мен бағандардың санын таңдаңыз (5.2. Сурет)


5.1. Сурет. Кірістіру қосымшасындағы Кесте тобы




5.2. Сурет. Кестенің бағандары мен жолдарының санын таңдау 

  • Лентада Кірістіру қосымшасындағы Кесте тобында Кестебатырмасын басыңыз, Кестені кірістіру командасын таңдаңыз.Кестелерді кірістіру диалогтық терезесінде жолдармен бағандардың санын таңдаңыз және ОК батырмасын басыңыз.

5 .3 Сурет. Кестелерді кірістіру диалогтық терезесі

  • Лентада Кірістіру қосымшасындағы Кесте тобында Кестебатырмасын басыңыз және Жылдам кестелер (Экспресс- таблицы) командасын таңдаңыз. Алдын ала қараудың таңбашаларымен атына бағдарлай отырып, сай келетін кесте стилін таңдаңыз (5.4. Сурет)




  1. .4 Сурет. Кестенің жылдам- стилдері

  • Құжаттың кесте қою қажет жеріне + (қосу) және – (алу) таңбаларын енгізіңіз, одан кейін Enter пернесін басыңыз. Мысалы, үш бағанды кесте құру үшін + _+ _+ _+ _+ таңбаларын енгізу қажет. Мынаған назар аударыңыз: мұндай кестені құру қосу таңбасымен аяқталуы қажет, айтпесе кесте құрылмайды;

  • Кесте батырмалары менюіндегі Кесте салу батырмасының көмегімен кестені қолмен салыңыз. Сіз Кестені салу командасын шақырғаннан лентада пайда болатын Конструктор қосымшасындағы сәйкес келетін батырмаларды пайдаланып, сызықтардын түрін және қалындығын, шекараларының түсін орната аласыз (5.5. Сурет). Кестелер стилінің параметрлері тобында кесте құрудың қосымша параметрлерін көрсетуге болады;



5.4Сурет. Кестені салу командасын шақырғаннан кейінгі Word терезесі

Сіз Кестені салу батырмасын басқан кезде нұсқағыш қарандаш пішініне айналады. Алдымен кестенің кескінін құрыңыз (5.6. Сурет), одан кейін көлденең және тік сызықтарды салыңыз (5.7. Сурет)




5.6.Сурет. Кесте құрудың бірінші кезеңі

5.7. Сурет. Кесте құрудың екінші кезеңі





    1. Сурет. Кесте құрудың үшінші кезеңі 

Жұмыс аяқталғаннан кейін құжаттың кестеге қатысы жоқ жеріне тышқанды шертіңіз. Егер сізге кестені редактілеу қажет болса, онда кестеге шертіңіз және Конструктор қосымшасына қайтадан өтіңіз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет