Назар аударыңыз. Басқа қосымшадан импорттау кезінде кестенің ені бет енінен асып кетуі мүмкін. Бұл жағдайда сәйкес келетін маркердің көмегі арқылы кестенің бағандарының енін қолмен орнатыңыз
Кестедегі деректерді сұрыптау Деректерді сұрыптау- бұл кестелерді ұйымдастыру үшін ерекше маңызды командалардың бірі. Егер кестедегі деректер біртіндеп терілген болса және әрбір жазба бір жол төмен жасалған болса онда көбінесе сұрыптау қолданылады. Бұндай кестеде ақпаратты табу өте қиын. Сұрыптауды қолдану деректерді реттеуге көмектеседі.
Кестедегі деректерді сұрыптау үшін келесі әрекеттерді орындаңыз:
Сұрыптау үшін бағандарды ерекшелеңіз немесе толығымен сұрыптау қажет болса кестеге курсорды орнатыңыз;
Макет қосымшасында Деректер батырмасын басыңыз және менюден Сұрыптау пунктін таңдаңыз (5.20. Сурет)
5.20.Сурет. Сұрыптау командасын таңдау
Сұрыптау диалогтық терезесінде ... бойынша басынан тізімінен кестенің сұрыптауын жүргізу қажет бағанды таңдаңыз. Бұл жерде бағандар солдан оңға нөмір бойынша түгенделіп шығарылған.
5.21. Сурет. Сұрыптау диалогтық терезесі
Сұрыптау деректерінің типін таңдаңыз: Мәтін, Сан немесе Мезгіл;
Сұрыптау типін орнатыңыз: өсуі бойынша немесе кемуі бойынша;
Екінші және үшінші бағандар бойынша екінші рет сұрыптау үшін қажет болған жағдайда параметрлер орнатыңыз;
Егер әріптердің регистрі ескерілетін сұрыптауды қолдану қажет болса, онда Параметрлер батырмасын басыңыз және Сұрыптау параметрлері аймағында Регистрді ескеру жалаушасын орнатыңыз (5.24. Сурет)