Жалпы лексикология тiлдегi сөздердiң негiзгi мағыналарын, жалпы лексикологияның ұғымдарын, заңдылықтарын және олардың теорияларының байып-дамуларын зерттейдi. Тiлде жалпы қатынас құралы ретiндегi тiл аталуының лексикалық жағынан тән құбылыстармен жалпылама занды ұғымдар жалпы лексикологияда қарастырылады.
Ал, жеке лексикология жалпы теориялық қағидаларына негiзделедi де нақты бiр тiлдің лексикасын зерттейдi. Лексикологиялық құбылыстар мен заңдылықтардың жеке нақтылы тiлдердiң лексикасына икемдiлiк көрiнiсте болып, әрбiр тiлдiң сөздiк құрамы мен оның даму жалпы лексикологияда қарастырылады.
Бiз жоғарыда қазақ тiлi лексикологиясының өзiнiң даму тарихы болады дедiк, бiз оны екi салаға бөлiп қараймыз:
Тарихи лексикология.
Сипаттама лексикология.
Тарихи лексикологияда тiлдiң сөздiк құрамы, шығуы замандар бойында қалыптасуы, дамуы, лексикасын құрастырушы арналар тарихи тұлғалармен зерттеледi.
Тарихи лексикологияның күрделi саласы – этимология.
Халықтық этимология.
Ғылыми этимология.
Этимология сөздердiң шығу төркiнiн зерттеп, олардың ең алғаш қандай болғанын айтады. Этимологиялық зерттеулер жеке сөздiң шығуын зерттеп қоймай жалпы тiлдiң тарихын танып бiлуге де маңызы өте күштi. Бiз сөздердiң номинативтi қызметi мен қатар грамматикалық қызметi болатынын бiлемiз. Тiл ғасырлар бойы түрлi тарихи оқиғаларды бастан өткiзуiнен тiл дамиды немесе сөздер қолданудан шығып қалады. Яғни сөздер бiр жағынан грамматикалану процесi жүрiп жатса, екiншi жағынан лесикалану процесi жүрiп жатады. Бұл жағдай сөз жасалған процесiнде айқын пайда болады. өазiргi қазақ тiлiнде күнiге деген немесе жазға жақын, басында, аяғында, арқасында, күнде, бiрден, түнiмен, бетiмен т.б. сөздер бар. Бұлар шығу төркiнi жағынан есiм сөздер.
Сипаттама лексикология қазақ тiлi лексикасындағы бүгiнгi күнгi жалпы мағынасының құрамы лексикасын құрастырушы арналар мен қат-қабаттар, сөздерiң активтi және пассивтi топтары, сөздiк құрамның даму жолдары, лексиканың стилистикалық жақтан қарастырылуы, сөз мағыналарының топтастырылуы сияқты мәселелердi қарастырады.
Қазiргi қазақ тiлi лексикологиясының мынадай зерттеу салалары бар: салыстырмалы және салғастырмалы лексикология.
Түркi тiлдердегi сөздердi бiрiмен салыстыруды салыстырмалы лексикология деп аталды, яғни өзара туыс тiлдердiң лексикалық ерекшелiктерiне негiзделедi.
М: қазақ тiлi – он, шөп, үй
саха тiлi – уон, от, дылғ
чубаш тiлi – он, қурак, кил
туба тiлi – он, от, бажын.
Салғастырмалы лексикология өзара туыс емес тiлдердiң лексикалық ерекшелiктерiн салыстырады.
М: колбаса – күлбаса
стакан – ыстақан
сумка – сөмке
ботинка – бәтiңке
I.2. Қазақ тілінің негізгі қоры мен сөздік құрамы
Қазақ тiлi лексикасының құрамын негiзгi сөздiк қор мен сөздiк құрамды белгiлейдi.
Сөздiк құрам тiлдегi мыңдаған сан алуан сөздердi қамтып, бiрнеше салалардан және лексикалық қат-қабаттардан тұрады. Сондай-ақ арнаулы терминдер белгiлi бiр кәсiпке, шаруашылық түрiне байланысты сөздер енедi.
Бұдан басқа да қазақ лексикасында басқа тiлден енген көптеген сөздер яғни араб, парсы, иран, монғол, орыс,т.б. енген сөздер де бар.
Негiзгi сөздiк қор. Негiзгi сөздiк қорға қазақ тiлiне ертеден өмiр сүрiп келе жатқан байырғы сөздер, кейiн жасалған туынды сөздер жатады. Бұлар халық тiлiнде әбден қалыптасып жалпыға түсiнiктi болады. Негiзгi сөздiк қор жаңа сөздердiң жасалуына ұйытқы болады, М: етiк-етiкшi, жұмыс-жұмысшы, күн-күндiк,т.б.
Тiлде туынды жаңа сөздер негiзгi сөздiк қордағы сөздердiң базасы түрлi тәсiдер жасалып отырады. Ек, өт, iс, су көк деген түбiр сөздерде, егiн, орақ, деген туынды сөздернегiзгi сөздiк қорға жатады. Негiзгi сөздiк қорға жататын сөздер мен сөз тудырушылардың қабiлетi бiрдей емес. М: есiмдiк, сан есiм, үстеу, сөздерге қарағанда зат есiм мен есiмдiк тобындағы сөздердiң сөз жасам мүмкiншiлiктерi әлдеқайда басым. Тiлдегi трактор, комбайн, электр, радио, агроном сияқты сөздерден қолдана келiп жалпы халықтық сипат алып, негiзгi сөздiк қорға енедi.
Негiзгi сөздiк қор талай ғасырды басынан кешiрген байырғы көне сөздер болады. Негiзгi сөздiк қор тiлдегi сөздердiң барлық жиынтығын қарайды.
Осы сөздерге және шығу тегiне талдау жасаймыз.
Қазақ лексикологиясының құрамын тарихи жақтан алып қарасақ, ертеден келе жатқан арна қазақ тiлiнiң байырғы төл сөздерi. өазақ тiлiнiң байырғы төл сөзi негiзгi сөздiк қорға енумен бiрге шығу төркiнi жағынан туыстас түркi тiлдерiне ортақ сөздер болып табылады.
Онымен бiрге қазақ халқының басынан кешiрген ұзақ тарихында талай-талай халықтармен мәдени шаруашылық қарым-қатынастар болған мен монғол, араб, парсы, орыс т.б. енген сөздер де қазақ тiлi лексикасын құраған қат-қабаттар мен арналар болып табылады. Осы лексикадағы қай қабаттар мен арналардың бәрi түркi тiлдерiне ортақ сөздер.
Қазiргi қазақ тiлiнiң негiзгi сөздiк қорына енетiн байырғы және түркi тiлдерiнiң әрқайсысына тән ортақ сөздердi негiзгi түрлерi мыналар:
Мал шаруаларына байланысты атаулар:
қой, жылқы, ат, байтал, түйе, бота, қозы.
2. Аң-құс атаулары: аю, қарға, бүркiт, бұлбұл, түлкi,
3. Адамның дене мүшелерiне байланысты атаулар:
бас, аяқ, қол, көз, мұрын, ауыз, т.б.
4. Табиғаттағы құбылысқа байланысты атаулар:
тау, жер, су, өзен, көл, тас, жел, ай, күн.
5. Еңбек құралдары атаулары:
пышақ, ара, бiз, тырма, күрек.
6. Егiн шаруашылығына байланысты атаулар.
бидай, арпа, тары, жүгерi.
7. Адамның туыстық қатынасына байланысты атаулар:
қыз, ата, шеше, аға, әйел, күйеу.
8. Тамаққа байланысты атаулар: ет, май, сүт, айран.т.б.
9. Тұрмыс қажетiне байланысты атаулар:
Үй, киiз, кiлем, алаша.т.б.
10. Заттың сапасын,белгiсiн көрсететiн сөздер:
ақ, сары, қызыл, көк, ыстық,т.б.
11. Есiмдiк сөздер: мен, сен, ол.
12. Сан есiмдер: бiр, екi, үш, т.б.
Қазақ тiлiнiң лексикалық құрамның баю жолдары. Қазақ тiлiнiң сөздiк құрамы негiзiнен екi жолмен байиды, тума және кiрме жолдармен толығып отырады.
Тума жолмен баю тәсiлi морфологиялық және синтаксистiк жолдар болып, әрбiрiнiң қызметi ерекше.
1.Морфологиялық тәсiлдiң сөздiк құрамды байытудағы рөлi.
туынды зат есiмнен: келiншек, кiтапша, дәрiгер, еңбекшi, өнерпаз, аялдама, тұрмыс, көрермен, балалық, ұғым, түйiн.
туынды сын есiмдер: Өнiмдi, табиғи, қызба, оймақтай, айдай, сергек, бiлгiш, сыйлы.
сан есiмдер: екiлiк, бiрлiк, мыңдаған, жарым, ширек, жарты, үшеу, жүздеп, т.б.
туынды үстеулердiң түрлерi: ауызша, кеңiнен, жазғытұрым, кейде, осылайша, әдейлеп, қайтадан, соңынан, өлердей, шарасыздан.
туынды етiстiктерден: қарамау, сөйлеу, кештету, суғару, төбелеу, сығалау, күлiмсiреу, бүктеу.
есiмдiктерден болған туынды сөздер: әнекей, мұнша, соншама, Өзiмшiл, барлық, барша, әнекүнi.
2. Синтаксистiк тәсiлдiң сөздiк құрамды байытудағы рөлi
бiрiккен сөздер: қарақат, бүгiн, биыл, әкел, тоқсан, өйткенi, ағайын, бiлезiк, т.б.
қайталама қос сөздер: әрең-әрең, бара-бара, қолма-қол, т.б.
қосарлама қос сөзер: (комноненттерi мағыналы)
а) қайшы мәндес сыңарларынан тұратын: бар-жоқ, ақ-қара, үлкендi- кiшiлi, оңды-соңды, қысы-жазы.
ә) мәндес сыңарлардан: қауып-қатер, күш-қуат, әл-ауқат, үлгi-өнеге. т.б.
қосарлама қос сөздер: (компонентерi мағынасыз)
а) бiр сыңары мағыналы, бiр сыңары мағынасыз: тоқты-торым, бала-шаға, дәрi-дәрмек, келiн-кепшiк, жора-жолдас, жас-жосық. т.б.
ә) екi сыңары да мағынасыз сыңарлардан жасалған: ағыл-тегiл, быт-шыт, алай-дүлей. т.б.
- күрделi сөздер: тау ешкi, қой жуа, бас киiм, аяқ қап, қол алысу.
Сөздiк құрамның тағы бiр баю жолы кiрме сөздер жолымен толығып отырады. Қазақ тiлiне қоғам, дәуiр әсерiнен өзге тiлдерден бiрнеше сөздер енген. Олар қазiргi тiлiмiзге етене енiп, сiңiсiп кеткен.
Араб-парсы тiлдерiнен енген сөздер: абырой, бақыт, дос, емтихан, мәлiмет, нан, ас, ұстаз, арба, дәрiгер, пән.
Монғол тiлiнен енген сөздер: нөкер, нұр, жыл, маңдай, жорға, мешiн, т.б.
Орыс тiлiнен енген сөздер:
а) тұрмыс қажетiне енген сөздер: керуерт, бөтелке, бөшке, кәмпит, шЎйнек.
ә) Әкiмшiлiке байланысты сөздер: шен, ауылнай, контор, пима, түрме.
Интерноционал терминдер:
а) ағылшын тiлiнен: комбайын, трактор, бокс, футбол, тренир, финиш, торт, т.б.
б) француз тiлiнен: люстра, компот, билет, гектар, атака, такси, аванс, т.б.
с) италян тiлiнен: балкон, дуэт, студия, касса, т.б.
д) немiс тiлiнен: папка, кран, цех, штраф, штаб, курорт, т.б.
Түркi-монғол тiлдерiне ортақ сөздер мен монғол
тiлдерiнен енген сөздер
Түркi тiлдерi сияқты монғол тiлi де жалғамалы тiлге жатады. Түркi тiлдерi мен монғол тiлдерiнiң ара қатынасы жақын екендiгiн тiл ғалымдары әлдеқашан дәлелденген. Түркi және монғол тiлдерiне ортақ сөздердiң түрлерiн көрсеткенде оларды төмендегiше топтарға бөлуге болады:
1. Антонимдiк атаулар мен туыстық қатынастарды бiлдiретiн атаулар: қазақ, қырғыз, өзбек тiлiндегi бен сөзi монғол тiлiнде бел түрiнде кездеседi.
Сондай-ақ, қазақ, башқұрт, татар, қырғыз тiлдерiндегi бажа сөзi монғол тiлiнде база түрiнде кездеседi.
2. Еңбек құралдарының атаулары: қазақ, қарақалпақ тiлiндегi бұрынғы сөзi, қызғыз тiлiнде бұрғу, ал монғол тiлiнде бурын түрiнде ұшырайды.
3. Малға байланысты атаулар: қазақ тiлiндегi бура сөзi қырғыз тiлiнде буура, монғол тiлiнде бугра түрiнде кездеседi.
4. Кейбiр түбiр және туынды етiстiктер: қазақ, қарақалпақ, өзбек тiлдерiнде сұра етiстiгi, татар тiлiнде сора, мон¬ол тiлiнде сура тЇрiнде кездеседi.
5. Сондай-ақ, монғол және қазақ тiлдерiндегi сөздердiң дыбыстық үйлесiмдiлiгi төмендегiдей болып келедi: қазақ тiлiнде жә және жоқ сөздерi, монғол тiлiнде заа және зақ түрiнде, тарау-тарақ, төлеу-толох, төл-дош, дала-тал түрiнде кездеседi.
II.Тарау Қазақ тілі лексикасының стильдік мәні мен қолдану шеңбері
II.1. Тілдік стиль туралы ұғым
Қазақ тiлi лексикасының стильдiк топтары мыналар: жалпы халықтық лексика, арнаулы сөздер, бейнелi (эмоционалды-экспрессивтi) сөздер, көнерген сөздер (архаизмдер, историзмдер), неологизмдер, кiтаби лексика, диалектизм, варваризмдер, iс-қағазы және ресми документтiк сөздер, публицистикалық сөздер.
Жалпы халықтық лексика. Жалпылама сөздер әр алуан стильде әдебиеттiң барлық жанрында қолданыла беретiн бүкiл жұртқа бiрдей. Жалпы халықтың лексикаға белгiлi бiр тiлде сөйлейтiн халықтың жазу тiлiнде болсын, сөйлеу тiлiнде болсын, барлығында бiрыңғай бiртектес үлгiде қалыптасқан, нормаға түскен сөздер жатады. Жалпы халықтық лексикаға тән қасиет табиғилық, қарапайымдылық, ашық айқындылық және т.б. сөздерге ұйтқы болушылық. Қазақ тiлiнде жалпылама лексикаға да осы айтылған қасиеттер тән. Оны С.Торайғыров шығармаларының мына бiр өлең шумағында да байқауға болады. М:
Жаз жетiп, қар кеттi, сулар ағып,
Күн де тұрар жарқ-жұрқ етiп, нұрын шашып
Құлпырып, жүз құбылып,жердiң жүзi
Қуанбас жан-жануар бұған неғып.
Поэтикалық лексика. Поэтикалық сөздер өзiнiң табиғаты жағынан басқа лексикалық қатпарға қарағанда әуездi, әсем, эстетикалық кәркем сөздер. М: ләззат, нәзiк, дидар, сағым, т.б. Абайдың мына өлеңiн алып қарайық: Иығымда сiздiң шаш, Айқайласып, тайталас, Ләззат алсаң болмай ма?
Термин сөздер. Термин сөздер деп ғылым мен техниканың мәдениет пен шаруашылықтардың түрлi салаларында қолданылған арнаулы сөздердi атаймыз. Қазiргi қазақ тiлi сөздер құрамында өндiрiс пен техниканың, ғылым мен өнердiң алуан түрлi салаларында қолданылған, алуан түрлi салаларында қолданылатын көптеген термин сөздер бар. Термин сөздерге байланысты ғылым - терминалогия деп аталады. Термин сөздер әр түрлi жолдар мен жасалды.
Әдеби тiлде бұрынан бар кейбiр төл сөздер терминдiк мағынаға ие болып, белгiлi бiр саланың терминологиясына тиiмдi де, әбден орнығып қалыптасады. М: қазақ тiлiндегi айналым (аборот), нұсқау (инструкция), екпiн, тырнақша сияқты сөздер ғылымның әр саласында термин сөздерге айналып, қалыптасып кеттi.
Iс-қағаздар, ресми документтiк сөздер. Ресми документтiк сөздерге iс-қағаздарының үлгiлерi кiредi. Қоғамдағы адамдардың және олар қызмет iстейтiн мекеме, өндiрiс орындарының бiр-бiрiмен қатынасы көбiнесе iс-қағаздары арқылы iске алады. Сондай-ақ үкiмет орындары жалпы халық арасындағы түрлi қатынастар және бiр ел мен екiншi ел арасындағы қарым-қатынас та ресми документтер арқылы жүзеге шығарылады. Iс-қағаздар тобы әр түрлi мекемелерде жүргiзiлетiн жазу үлгiлерi жатады. Олар негiзiнен мыналар: Өтiнiш, сенiм хат, жедел хат, қол хат, анықтама, мiнездеме, т.б. Ic-қағаздарының әрқайсысының бұрыннан жаттанды бiрыңғай сөздерi мен сөйлемдерi бар. М: Өтiнiш қағаздар: Өтiнемiн, сұранамын, хабарландыруда: мәжiлiс болады, қаралатын мәселе, қол хаты: мен алдым, мен бердiм, анықтамада: анықтама берiлдi, растаймын, сенiм хат: ұсыну үшiн берiлдi, протоколда: жиналыс болды, актта: қол қоюшы, мына жағдайда жасалды, шартта: мәсела жөнiнде шарт жасап отырмыз, мiндеттемеде: мiндеттеме алынады, көмектесемiз сияқты бiрыңғай сөздер мен сөйлемшелер үлгiлерi қолданылады.
Публицистикалық сөздер. Қазiргi қазақ тiлi әдебиетi тiлiнiң үлкен саласының бiрi газет, журнал, күнделiктi баспасөз тiлi басқалардан өзiнiң сөздiк құрамы мен жазу стилiнiң көп түрлiлiгiмен ерекшеленедi.
1. Газет, журнал, күнделiктi баспасөз тiлiнiң басты ерекшелiктерiнiң қатарына бiршама қалыптасқан, дайын сөз тiркестерi мен сөйлемдердiң грамматикалық формаларының қолдануына да жатқызуымызға да болады.
2. Публицистикалық сөздер мен сөз тiркестерiне мыналар жатады: табысқа жету, шабыт беру, жарысқа шақыру.
3. Публицистикалық афоризмдерге мыналар жатады: жарыс-табыс, еңбегiне қарай өнбегi, күте бiлген ұта бiледi.
4. Етiстiктiң -у-да, -ү-де формасының сөйлемде баяндауыш қызметiнде шақтық мағынада бiлдiру фактiлерi публицистикалық сөздерге тән қасиеттер: жүргiзiлiп отыр, жүргiзiлiп келедi деп жұмсалады.
Кiтаби лексика. Қазақ халқында XVII-XIX ғасырларда тiлдi одан арғы кезеңдердегi жазу, сызу мәдениетiнiң бiрi кiтаби тiл болады.
Кiтаби лексика жөнiнде пiкiрлер сан-алуан кiтаби тiлдiң Орта Азия халқына тән деп қарасақ, ал кейбiреулер татар, шағатай, түркi тiлдерiнiң қоспасы деп те атайды. Бұл екi пiкiрдiң де азды-көптi шындығы бар. Орта Азия халықтары, қазақ халқы,бұлардың бәрiнiң 1940 жылдарға дейiнгi жазуы араб жазуы болған. Өйткенi сол халықтың жалпыхалық тiлiнiң негiзiнде емес басқа тiлдiң негiзiнде құралады. Сонымен кiтаби лексикаға татар, башғұрт, өзбек, жалпы түркi тiлдерiнiң және араб, парсы, т.б. тiлдерi араласуынан туған жалпы қазақ халқына түсiнiксiз түрлi қоспа тiлдiң элеметтерiн жатқызуға болады. Бұған Абайдың қара сөздерiнде көп мысалдар бар. М: Бiлiм-ғылым үйренбекке, талап қылушыларға әуелi бiлмек керек. Оларды бiлмей iздегенмен табылмас, - дейдi. Осылардың барлығы кiтаби лексиканың сөздерi.
Варваризмдер. Тiлде баламасы бола тұрса да шет тiлден ырықсыз сөздер қосып сөйлеу не сол тiлдегi сөздi бұзып сөйлеу варваризм деп аталады. М: 1896 жыл «Известия казахскогого университета» журналында мынадай Өлең басылған.
Астымда мiнген атым генадушка
С утра работаем қара кешке,
Көп айдың көрмегелi болды лица
Жүрмесiң здрави милый душка.
Жаргон сөздер. Шағын ғана әлументтiк топтар пайдаланатын арнаулы сөздер мен сөйлемдердi жаргон сөздер деп атаймыз.
Жаргондарды көбiнесе дворяндық аристократия мен буржуазияның топтары арасында қолданған Жаргондардың өз алдына сөздiк қоры, граматикалық құрлымы жоқ.Бiрақ жалпыхалықтық тiлдегi сөздердi өз мақсатына қарай мағынасын өзгертiп басқаша түрде қолданады. Шын мәнiнде қазақ тiлiнде жаргондық дәрежеге жеткен сөз болған емес. Бiрақ әр кезде белгiлi әлеуметтiк ортада пайда болып қазiр бiржола жоғалып бара жатқан жаргондық сипаты бар сөздер мен сөйлемдер элементтерi болады. Тiлде арготизм сөздер де қолданылады. Арго кейбiр әлеументтiк ортада және топтардың тiлiнде кездеседi.
Мұнда жалпыхалықтық сөздер шартты түрде әдейi бiр шамаланып алынады. Жаргон үстем таптың жоғарғы топтарына тән болса, арго-төменгi әлументтiк топтарға тән, бүркемелеу мақсатынан туған. М: үй таза ма? дегенi үйде кiсi жоқ па? деген мағынаны бiлдiредi.
Диалектизмдер. Диалект, говор деп халықтың я ұлттық тiлдiң өзiндiк ерекшелiктерi жергiлiктi тармақтарын, бөлшектерiн атаймыз. Барлық тiлдерде бiреуiнде аз, бiреуiнде көп мөлшерде диалектiлiк ерекшелiктер сақталған.
Диалектiлiк сөздер ерте замандағы рулық, тайпалық тiлдерден қалған. Диалектiлiк сөздер тек бiр аймақта тұратын адамдар арасында ғана қолданылады. Соларға ғана түсiнiктi болады және олар сөйлеу тiлiнде қолданылады.
Кәсiби сөздер. Кәсiби сөздер жергiлiктi жерде әр алуан кәсiптiң, Өндiрiстiң туып дамуымен қалыптасады. Соларға байланысты заттардың, Өндiрiс еңбек құралдарының процесiнiң атауларын бiлдiредi. Кәсiби сөздер деп белгiлi бiр кәсiппен шұғылданған адамдардың арасында қолданылатын лексикалық атауларды айтамыз.
М: Арал, Каспи балықшылар тiлiндегi шола деген сөз бар. Шола балықтың азаюы деген сөз. Мұны балықпен шұғылданбайтындар түсiнбейдi.
Кәсiби лексика көркем шығармаларда да кезеседi. Кәсiби сөздi қолданушы жергiлiктi халықтар. өазақ тiлiнiң төл сөздерi мен термин сөздер жасауда кәсiби сөздердiң мәнi бар.
Термин ретiнде қалыптасып кеткен кәсiби сөздер де белгiлi бiр ұғымның нақты, дәл мағынаны анықтайды. Сөйтiп кәсiби сөздер терминдiк лексиканы қалыптастыруда негiзгi арналардың бiрi болып табылады. М: бағбан, дақыл сөздерiн басқа сөздермен атауға болмайды. Бұлар белгiлi бiр ұғымның дәлдiлiгiн бiлдiредi.
Эмоционалды – экспресивтi сөздер. Жалпы халық тiлiнде көңiл күйiне байланысты сөздер мол. Адамдардың көңiл күйi және бергiлi бiр құбылыстарға қарайтыны жайындағы сөздердi эмоционалды-экспрессивтi сөздер деймiз.
Адамдардар мен құбылыстардың көзқарасын бiлдiретiн мынадай сөздер бар: көсем, шешен, дала,ақын, арам, адал.
Мұндағы сөздердiң қуаттылығы оның өз бойындағы мәнi мен реңiне байланысты. Сөздiң семантикасына тән қасиетi, әсерлiгi эмоционалды-экспрессивтi сөздер болып табылады. Сөздердiң реңi мен күйiн бiлдiретiн негiзгi тәсiлдер морфологиялық формалар: -шық, -ша, -ше, -ке, -тай, -жан, -қан жұрнақтары зат есiм сөзiне жалғанып эмоционалды-экспрессивтi рең бiлдiредi.
Сайып келгенде адамның көңiл күйiн, iшкi сезiмiн бiлдiретiн және қасиеттi жағымды, жағымсыз реакция туғыза алатын ерекшелiгi бар сөздердi эмоционалды сөздер деп атаймыз.
Экспресивтi сөздер көркемдеушi, бейнелеушi сөздердi бiлдiредi. Экспрессия - латын сөзiнен алынған сөз болып көркемдеушi, бейнелеушi деген мағананы бiлдiредi. М: С.Торайғыровтың мына бiр өлеңiн алайық:
қорлықты зорлықпенен көрген қамар,
Амалсыз бәрiне де көнген қамар,
Осындағы қорлық, зорлық деген сөздер кейiпкер басындағы ауыр көңiл күйдi көрсетудегi эмоционалды сөздер.
Эмоционал-экспресив сипаттағы сөздерге түрлi морфологиялық қосымшалар жалғау арқылы да берiледi.
М: Әсемпаз болма әр неге
Өнерпаз болсаң әрқалан
осындағы –паз қосымшасы сөзге эмоционалды қасиет үстеп мейлiнше әсерлi етiп көрсетiп тұр.
II.2. Қазақ тілінің ауызекі және жазба формалары.
Эгзотикалық лексика. Эгзотикалық лексика қазақ тiл бiлiмiнде тiптi зерттелмеген тың сала. Эгзотикалық сөздер баспа сөздерде жиi кездеседi. Осыған қарай олар мынадай түрге бөлiнедi:
*қоғамдық саяси әкiмшiлiктi басқару iсiне байланысты эгзотикалық лексика , Мыс: сұлтан, әмiр, би.
*Ақша, Өлшем, қаражатқа байланысты эгзотика Мыс: фунт, динар, рупия.
*өсiмдiк жәндiк атауларына байланысты эгзотикалық лексика Мыс: жидек, ағаш, құмырсқа.
Көнерген сөздер. Қазiргi қазақ тiлi лексикасының актив және пассив топтары бар. Пассив топтарға көнерген сөздер кiредi де, актив топтарға неологизмдер кiредi. Сонымен бiрге негiзгi сөздiк қордағы термин сөздер, профессионалды сөздер, эмоционалды-эксрессивтi сөздер жатады. Бұл сөздер негiзiне актив сөздерге енедi. Көнерген сөздер тарихи орнына қарай екi топқа бөлiнедi: архаизмдер мен историзмдер.
Заттар мен құбылыстардың бұрынғы атаулары архаизмдер деп жүрiгiзіледi.
Тiлдегi кейбiр сөздердiң белгiлейтiн заттар мен құбылыстары бiр жола жоғалып кетпей, олар қазiрде басқа сөздермен аталып келедi. М: ескi ай аты: желтоқсан-декабрь, қаңтар-январь, қараша-ноябрь.
Тiлдегi кейбiр сөздер өздерi белгiлейтiн заттар мен құбылыстар жоғалуымен байланысты көнередi де, сөздердiң пассив тобына айналысып мүлде қоланудан шығып қалады. Мұндай сөздердi историзмдер деп атаймыз. М: М.Әуезовтың «Абай жолы» эпопеясынан мынадай сөздердi көруге болады: «Абайдың келiсi ұрын келу деп, жыртыс сала келу деп, кейде есiк көре келу деп, қол ұстату деп те аталады. Ең алғашқы келiс осы». Бұл тарихи эпопеядағы келтiрiлген үзiндiден ұрын келу, жыртыс сала келу, қол ұстату ескi әдет-ғұрыптан туған көне пассив сөздер. Бұл көпшiлiк жастарға түсiнiксiз қолданудан қалып бара жтқан сөздер болып табылады.
Қазақ тiлiнде историзмдер мағынасына қарай төртке бөлiнедi:
1.Материалдық мәдениетке байланысты историзмдер. М: «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырында мынадай тiркестер кездеседi: «Қаба жүндi қайың оқ, қарға жүндi қамыс оқ» дегенде қаба деген сөз сақал және жал деген сөздер мен тiркесiп келедi. М: қаба жал-қаба сақал.
2.Әкiмшiлiк басқаруға байланысты термин сөздер историзмге жатады. М: қазы, би, атшабар, болыс, хан.
3.Қоғамдық өмiрге байланысты өткен дәуiрдiң ерекшелiгiмен туған сөздер: М: ханым, ханша, ханзада, бикеш, бЎйбiше, тоқал.
4.Төңкерiстен кейiн туған сөздер историзмге жатады.
Қазақ тiлiндегi историзмдердi лексика-морфологиялық ерекшелiктерiне қарай мынадай топтарға бөлуге болады:
1. Қазақтың көнерген байырғы сөздерi өзара iштей 3 түрге бөлiнедi.
а) қарапайым сөздер м: жақ, жебе.
ә) күрделi сөздер м: ат ұстар, ат шабар.
б) сөз тiркестерi: м: босаға аттау, шұбар төс.
2. Ескi түркi тiлдерiне тән көнерген сөздер. М: будун(халық), бек, мырза.
3. Араб, иран тiлiнен кiрiп келген көнерген сөздер: М: жаназа, дуа, дозақ.
4. Орыс тiлiнен енген сөздер. М: синдикат, губсоюз.
5. Көнерген сөздердiң күрделi түрлерi де кездеседi. Мұнда күрделi сөздiң бiр компонентi байырғы қазақ сөзi болса да, екiншi компонентi ауысып келген сөз болады. М: шар айна, шар - мықты, берiк деген қазақ сөзi, ал айна - иран тiлiнен енген сөз.
Неологизмдер. Неологизмдер деп тiлде жаңа ұғымдарды бiлдiретiн тың сөздердi айтамыз.
Неологизм сөздер жаңадан пайда болған зат атауын және жаңа ұғымды бiлдiретiн сөздер болып табылады. М: депутат, коллектив, т.б.
Қазiргi өзiмiз қолданып жүрген компьютер, слайд, қолтелефон, интернет т.б. деген сөздер тiлде кiрiккен жаңа сөздер болып келедi.
III.Тарау. Ауыспалы мағыналы сөз және оның 5-сыныпта оқытылуы
Әрбір сөз белгілі бір ұғымды білдіреді. Сөз бен ұғым өз ара тығыз байланысты, бірақ сөз бен ұғым бір-бірімен тепе-тең емес, өйткені сөз – тілдік категория, ал ұғым – ойлаудың формасы. Қандай ой болса да, тілдік материал арқылы, сөз арқылы айтылады. Тілсіз ойлау мүмкін емес. Сондықтан да тіл мен ойлау өте байланысты болады.
Сөз ұғымының атауы екендігіне жеке мысалдар келтіріледі: жер, су, темір, шөп, қағаз, ет, сүт, май, тері, көз, қол мұрын, аяқ деген сияқты сөздер белгілі бір ұғымның аты болады. Әрбір сөз белгілі бір мағынаға ие болады. Ол мағына сөйлем ішінде анықталады. «Сөз –халықтың қымбаттан қымбат кені» (С.Мұқанов). сөзде тура және ауыспалы мағына болатыны салыстырылып көрсетіледі3.
Сөздің тура мағынасы
|
Сөздің ауыспалы мағынасы
|
1. Жылан шағып алды.
2. Торғай балапандарын ұшырып жүр.
3. Етікті сыздық салып киеді.
4. Қара бура өрісте жүр.
5. Терезенің шынысына қырау тұрады.
6. Қабаған ит жақындасаң, қабады.
7. Көзіңе шаң түскен жоқ па?
|
1. Алты ай жазжібергенде, жаңбарлағын жаппайтын жылын қабырға жылқылар болады екен (Ғ.Мустафин).
2. Қартайғанда көңіл, шіркін, қоң торғай екен (сонда).
3. Табыстарың талапқа сыздық та болмайды (Ғ.Мустафин).
4. Оның есіне қарабура деген сөз түсе қалды. Сырдың бойында қарабура деп суға жасайтын бөгеттің бір түрін айтады (С.Мұқанов).
5. Еріп көңіл қырауы, жанады от маздады (Қ.Мырзалиев).
6. Семізден жарап жүрген кер ат ауыздығымен алысып жер қабады (С.Бегалин).
7. Шырағым, малың аман ба, ол жақта біздің шал көзіңе түскен жоқ па? (С.Бегалин).
|
Бірінші сөйлемдегі жылан деген арық мәнінде, екінші сөйлемдегі қоң торғай жүдеу мағынасында, үшінші сөйлемдегі сыздық деген сай, тығын мәнінде, төртінші сөйлемдегі қарабура деген су бөгеті мағынасында қолданылып тұр.
Сөздің тура және келтірінді мәнде қолданылуы оның көп мағыналы болуына әсерін тигізеді. Мысалы: қара сөзінің бірнеше мағынасы бар: 1) қара түсті білдіреді: қара сиыр; 2) мал мәнінде қолданылады: Колхоздың ірі қарасы жайылымда жүр; 3) көрінген белгісіз бір зат мағынасмында айтылады: Дөңде бір қара көрінеді; 4) қара суық, қара жел деген сөз тіркесінде қатты деген сөзбен мәндес болып тұр; 5) қара таныған деген сөз тіркесі хат таныған мәнінде айтылады және тағы басқа мағыналарда қолданыла береді.
Тамақ сөзінің үш түрлі мағынасы бар: 1) анатомиялық атау; 2)теңіздің тамағы деген мағынада; 3) ас мәнінде қолданылады: «Тамақ тоқ, көйлек көк», «Тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық, аздырар адам баласын (Абай); тамақ ішу, тамақтан қалу секілді сөз тіркестерді де бар.
Әрбір сөздің тура және келтірінді мағынасын әбден біліп, дұрыс қолдануымыз керек.
Сөздің көп мағыналығы омонимдермен бірдей емес. Омонимдер дегеніміз – дыбыстық құрылысы жағынан бірдей болып келген, мағына жағынан әр түрлі ұғымды білдіретін сөздер. Мысалы: Түс деген сөз бірнеше ұғымды білдіреді: 1) етістік мағынасында: Таудан төмен түс: әңгімеңді айта түс; 2) зат есім мағынасында: Көрген түске сенуге болмайды; 3) заттың, малдың түсін білдіруі: қоңыр, қара, қызыл, ала көк түс т.б.; 4) мезгіл мағынасында: түске дейін, түстен кейін, шаңқай түсте, тапа тал түсте, түс ауа т.б.
Халық күннің ұзарған кезін, қара өзек шақты, «ұзын сары» деп атайды. Бұл мезгілді «жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілген кезі» деп те айта береді.
Қазақ тіліндегі шұбар деген сөздің екі мағынасы бар. Шұбар түсті білдіру үшін қолданылады. Мысалы: шұбар сиыр бұзаулады. Бытырай өскен сирек жас ағаштар да шұбар деп аталады.
Өлең деген сөздің де екі мағынасы бар, оны мына мысалдар айқын дәлелдейді. Данышпан ақын Абайдың:
Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы, -
деп басталатын өлеңі бар.
Өлеңді жерде өгіз семіреді (Мақал).
Бірінші мысалдағы өлең мен екінші мысалдағы өлеңнің мағыналары екі басқа. Алғашқы мысалда ақын шығаратын өлең туралы айтылып тұр, ал соңғы мысалда өлең шөп мәнінде қолданылған.
Қазақ тілінің сөздік құрамындағы кейбір сөздердің күнделікті өмірде қолданылуы өте сирек кездеседі. Мысалы: ұлық, болыс, мырза, тақсыр, ояз, би т.б.
Сөздің мағынасы тарылуымен қатар кеңейеді де, кейбір сөздердің мағыналары өте кең. Сөздің мағынасы кеңгейгенде, оның негізгі мағынасы өзгеріп кетпейді. Мұны сөздің ауыспалы мағынасымен шатастырмау керек.
Қазақ тілінде зат, нәрсе, іс, істеу деген сөздер кең мағынада қолданылады.
Негізгі сөздік қорға туынды сөздер де жатады. Мысалы: бүгін, биыл т.б.
Негізгі сөздік қордың жаңа, туынды сөздер жасауға негіз болатынына мысал келтірейік. Су деген сөз негізгі сөздік қорға жатады. Осы су сөзінен көптеген туынды сөздер мен сөз тізбегін жасауға болады. Мысалы: суат, сусын, сушы, сушыл, сулық, суару (суғару), сулау, судай, сулы, сусыз, су жаңа, салы суға кетті, жүрегі су ете түсті, су төккісіз жорға, орысшаға судай, мойнына су кетті, ініне су құйылды, сусыны қанды, сутегі т.б.
Су деген сөзден жасалған сусын, суару сияқты сөздер негізгі сөздік қорға жатады.
Жаргондар, мамандыққа байланысты терминдер негізгі сөздік қорға кірмейді. Олар тілдің сөздік құрамына жатады.
Қазақ тіліндегі ежемен сөйлесу (тәжіке, кері сөйлеу) жаргонға жатады. Мысалы: Бала деген сөзді ежемен айтсақ мынадай болады: Базалаза, басқаласқа, бапалапа, бақалақа т.б.
Ғабит Мүсрепов «Оянған өлке» романында былай деп жазады: Қазақ тілінде көп нәрселердің аты жоқ, бұрын өзі жасап, өзі пайдаланып көрмеген нәрселерді өз тілінде атайда алмайды (Ғ.М.). сондықтан тіліміздегі термин сөздердің көпшілігі сол күйінде, аударылмай алынады: Экскаватор, трактор, комбайн, шофёр, программа т.б.
Омонимдерді өткенде олардың тұлғалары бірдей болып келгенмен, әр түрлі мағыналарда қолданылатыны мысалдармен дәлелденеді. Мысалы: таяқ деген сөз үш түрлі мағынада қолданылады: 1) тіке сызық, 2) қолға ұстап жүретін ағаш, 3) жазалау, сабау. Таяқ сөзінің осындай мағыналарын мына мысалдардан аңғаруға болады:
Мен қазір ондамын. «Әліпті таяқ деп білмейсің», - деп, ауылдың балалары мазақтай беретін еді, жазғытұрым қолыма сиыршының таяғы түсті (Ғ.М.).
Ойында сиыршының таяғына әліптің таяғын айырбастауда бар (Ғ.М.).
Осындай мәпелегеннің арқасында мен таяқтан сау болдым (Б.Майлин).
Антоним сөздердің мағыналары бір-біріне қайшы мәндес болатыны салыстырылып нақты мысалдар мен көрсетіледі. Мысалы: биік – аласа, қатал – жұмсақ, шешен – сараң, ащы –тұщы, қауіп – үміт т.б. мысалдары мүмкіндігінше көркем әдебиеттен алған жөн.
Ол (Мейрам) бірде биік, бірде аласа, бірде қатал, бірде жұмсақ мінезді, бірде шешен, бірде сараң сөзді еді.
Жас өспірім арта өмірдің ащы – тұщысын ерте татты.
Архаизмді үйреткенде, олардың қазіргі тілімізде тарихи жағдайға байланысты өте сирек қолданылатыны айтылуға тиіс. Мысалы: Көләпәра деген сөз архаизмге жатады. Бұл сөз бақшылық мән інде қолданылғаны мына сөзден аңғарылады: Сырма бешпент, шалбар, тон, олардың сыртынан күләпәралы презент сулық киді (Ғ.Мустафин).
Кеусен, зекет, үшір деген сөздер архаизмге жатады. Олардың ерте кезде қандай мағыналара қолданылғаны С.Мұқановтың «Сырдария» романында түсінік беріледі. Бұл үзіндіні оқушыларға мысал ретінде оқып берсе, олардың архаизм жөніндегі ұғымы тереңдей түсер еді.
Кеусен сұрап жүрген сырбай жоқ осы күні.
Немене дедіңіз? – деді Рахмет, кеусен деген сөзге түсінбей қап.
Кеусен сұрап жүрген Сырбай жоқ дегенімді айтасынба?
Ол не кеусен деген?
Білмейтін бе едің?
Бірінші естіп тұрмын.
Зекет пен үшір дегенді білетін бе едің?
Зекет деген малдан дін жолына беретін алым-салық емес пе?
Сол, ал үшір ше?
Үшір дейсіз бе? Үшір. ... ия, ия... білдім, ғұшыр деген арапт ың сөзі. Ол – егіннен дін жолына беретін – алым салық.
Таптың ал кеусен?
Баяғыда бірен – саран кісі егін егіп онысы шыға қалса, зекетімен үшірін беріп болған кезде, қоржынын бос байлап, көңіл жетер дос жарандары кеусен сорайды екен (С.Мұқанов).
Архаизмге байланысты Абайдың «Ескілік киімі» жөнінде өлеңін оқушыларға оқып беріп, онда кездескен архаизмдерге түсінік берілуге тиіс.
ЕСКІЛІК КИІМІ
Ойланып ойға кеттім жүз жылғы өткен,
Тон қабаттап кигенім – шидем шекпен.
Жиде-дамбал ақсаңнан, жарғақ шалбар,
Жырым балақ матамен әдіб кеткен.
Мықшыйма аяғымда былғары етіп
Киіз байпақ тондырмас ызғар өтіп.
Үлкен кісі белімде жез қалдырған,
Шақпағым, дәндәкуім жарқ-жұрқ етіп (Абай).
Неологизмді үйретпес бұрын мұғалім неологизм жөнінде мына мәліметті біліп алғаны жөн.
Неологизм деген сөз грек тілінен алынған: Нео – жаңа, логос – сөз . неологизм дегеніміз жаңа сөздер немесе жаңа фразеологиялық тіркестер. Неологизмдер қоғамдық қатнастардың дамуымен байланысты мәдениеттің, ғылым мен техниканың өркендеуімен пайда болады.
Неологизмдер, негізінде, мына жолдармен жасалады:
1. Ескі сөздердің негізінде жаңа сөздер (нелогизмдер) жасалады. Мысалы: аялдама, көрермен, оқырман, балмұздақ, оқулық т.б.
2. Жаңа терминдер нелогизмге жатады: телевизор, верталёт т.б.
3. Басқа тілдерден алынған сөздер алғашқы кезде неологизм болады. Мысалы, орыс тілінен қазақ тіліне енген көптеген сөздер: трактор, комбинат, космонавт, электр, спутник т.б.
4. Жаңадан қысқарылып қолданылған сөздер (аббретбиатура) неологизм болады: .
5. Кейбір неологизмдер аударылып та алынады. Мысалы: орыс тілінен қазақ тіліне мына сияқты нелогизмдер аударылып алынады: семилетка – жеті жылдық, целенник – тың көтеруші т.б
Достарыңызбен бөлісу: |