Номинациясы: «Интерактивтік жабдықты қолданатын үздік бастауыш сынып мұғалімі»



бет5/5
Дата23.08.2017
өлшемі0,71 Mb.
#24898
1   2   3   4   5

Зевс мүсіні

Зевс мүсіні Олимпия қаласындағы Зевс ғибадатханасында болған. Оны әйгілі грек мүсіншісі Фидий жасаған. Мүсіннің биіктігі 17 метр. Оның беті мен кеудесі,қолы піл сүйегінен,көзі асыл тастардан жасалған.

Зевстің шашы мен сақалы,басындағы гүлдесте таза алтыннан жасалған.Оң қолында жеңіс құдайфы әйелдің мүсіне және самұрық басты асатаяқ.Оның аяқ киімі де алтыннан жасалған.




Родос алыбы

Мүсінші Харес салған мүсін – Родос аралында салынған теңдесі жоқ ескерткіштердің бірі.Родос аралына жау шауып,родостықтарды жеңе алмайды.Аралды күшті жаудан қорғаған қаһарман ерлердің құрметіне Родос алыбы ескерткіші орнатылған.Мүсін қоладан жасалған,биіктігі 36 метр.



Галикарнас кесенесі

Қазіргі Түркияның Бодрум қаласында орналасқан.Кесенені 4 ғасырда патшайым Артемиссия салдырған.Биіктігі 60 метр.Бұл үш қабатты құрылыс кірпіштен тұрғызылып,ақ мәрмәрмен қапталған.патша табыты 1-қабатта орналасқан,2-қабат мәрмәр бағаналар тізбегімен көмкерілген,3-қабат баспалдақты пирамидаға ұқсас жасалған.Оның ұшар басында 4 ат жеккен күймеде отырған Мавсол патша мен Артемиссия патшайым мүсіндері бейнеленген.


Артемиданың ғибадатханасы

Кіші Азияның Эфес қаласындағы грек құдай-анасы Артемиданың ғибадатханасы.Ғибадатхана ағаш пен тастан шаршы үлгімен тұрғызылып,айналдыра екі қатар 127 бағаннан тұратын тізбектермен қоршалған.6 ғасырда

салынған.

Алайда Артемида ғибадатханасының ғұмыры ұзаққа бармады. Біздің заманымызға дейінгі 356 жылдың 21 шілдесінде атаққа шөлдеген есер Герострат деген біреу түн ішінде ұрланып келіп, сәулетті сарайды өртеп жібереді. Аңыздар желісі бойынша, Ескендір Зұлқарнайын дәл осы ғибадатхана жалын құ-шағына оранған түні өмірге келеді. 25 жылдан кейін Ес-кендір патша ғибадатхананы қайта тұрғызуға әмір береді. Сәулетші Дейнократтың басқаруымен салынған жаңа құрылыс алғашқы ғибадатхананың жобасын сақтаған-мен, одан сәл биіктеу болатын. Ғибадатхананың ауданы 110х55 метр, құрылысты қоршап тұрған бағаналардың биіктігі (барлығы 127) 18 метр болған. Артемида сарайы мәрмәр тастармен әшекей-ленген. Әйгілі грек шеберлері құрылысқа белсенді түрде ат салысқан: бағаналарды безендіру жұмысымен Скопас айналысса, ғибадатхана ішіндегі картиналар Апеллес суретшінің қолынан шыққан. Қаладан қасиетті орынға қарай арнайы порт салынған. Бұл ғибадатхананың да ғұ-мыры ұзаққа барған жоқ. III ғасырда, дәлірек айтсақ, 263 жылы Кіші Азияға басып кірген гот тайпалары ғибадатхананы қиратып кетеді. 1869 жылы ағылшын археологы Дж.Т.Вуд жүргізген қазба жұмыстары кезінде ғибадатхана болған жерден тірек тақталар мен сарайға әкелінген біраз нәрселер табылған.





Мысыр пирамидалары

Жеті кереметтің ең ежелгісі де, әрі біздің бүгінгі дәуірімізге жеткені де – осы Мысыр пирамидалары. Пирамидалар Нілдің солтүстік батыс жағалауындағы сансыз қабірлер мен ғибадат-ханалар тұрғызылған өлілер қаласының үстіне салынды. Пирамидалардың ең көнесі – 5000 жыл бұрын тұрғызылған Джосер пирамидасы. Сәулетшісі ежелгі Египетте дәрігерлік, фило-софиялық және ғылыми еңбектерімен танылған Имхотеп атты шебер еді. Джосер пирамидасы – көп сатылы құрылыс. Сансыз басқыштар арқылы аспанға өрлей береді. Мұның идеясы перғауындардың жердегі қарапайым халықтан биік, құдіретті екенін бар әлем-ге паш ету еді. Қаншама қажырлы еңбек пен адам өмірі жұмсалған бұл құрылыс Хеопс, Хефрен және Микрен пирамидаларымен жалғасын тапты.

Көлемі жағынан ең үлкен пирамида – Хеопс пирамидасы. Бүкіл жиған-тергеніне көзінің тірісінде Хеопс перғауын 20 жыл ішінде осы пирамиданы салдырды. Биіктігі 147 метр, әр қырының ұзындығы 232 метр бұл құрылысқа 2,5-3 тонналық 2 миллион 300 мың тас блоктары қолданылды.





Александрия манары

Фарос аралының шығысындағы Египеттің эллиндік орталығы Александрия қаласының маңында орналасқан. Қала атын әлемге танытқан Фарос маягы біздің заманы-мыздың III ғасырында салынды. Тұтастай мәрмәр тастан қашалған, асқан шеберлікпен қаланған маяктың биіктігі – 150 метр. Сол заманда бұдан биік құрылыс жоқ еді. Бүкіл грек әлеміндегі мұндай үлкен көлемдегі құрылыстың авторы – Книдтен шыққан Сострат. Мәрмәрдан соғыл-ған құрылыстың бір қабырға-сына ол: «Книдтен шыққан Дексифананың ұлы Сострат, бұл құрылысты теңізшілерді құтқарушы құдайларға арнадым», - деп ойып жазған. Оның үстіне саз балшықтың жұқа қабатымен патша Птоломей Состердің жорық жырынан үзінді келтірген. Уақыт өте келе сылағы түсіп қалған соң, ұлы инженердің аты белгілі болады. Маяк құрылысын салу кезінде Александрия ғалымдары ойлап тапқан құрылғылар пайдаланылған. 120 метрлік үш қабатты мұ-нараның төменгі қабаты төрт қырдан тұрады. Бұл төртеуі төрт бағытқа – батысқа, шығысқа, солтүстікке және оңтүстікке қараған. Екінші қабаттың сегіз қыры сегіз жақтан соққан жел бағытына ыңғайластырылған. Үшінші қабатта биіктігі жеті метр Посейдон мүсіні мен күмбез арасын жалғаған шырақ тұр. Металл айналардың күрделі жүйесі шамның шырағын ұлғайтып, жарқырата түседі. Бұл теңіз кеңістігін бақылауға мүмкіндік берді. Бұл ғажайып құрылыс ХIV ғасырға дейін сақталып келген.






Семирамиданың аспалы бағы
Тигр және Евфрат жарыса аққан қосөзен аңғарын жайлаған Месопотамия өз қойнауында талай кереметті жасырды. Тарихы бай Шумер мен Аккад мәдениетінің керемет туындысы – Вавилон патшасы Навуходоносордың (б.з.д. 605-562) сүйікті жары Семирамидаға арнап салдыр-ған аспалы бағы. Оның тарихы былай еді: кәмелетке толған Навуходоносор патша алыстағы тау елі – Мидияның ханшасы Шамурматқа (грекше Семирамида) құда түсіп үйленеді. Сүйікті жарымен бірге Вавилон шаһарына оралады. Бірақ көркіне ақы-лы сай ассириялық ханша сол елге келгелі бір жадырап күлмейді, ешкіммен сыр ашып сөйлеспейді. Жатса-тұр-са елін, жерін аңсайды. Көк шалғын желектері мен хош иісті райхан гүлдерін, кәусар бұлақ суларын сағынады. Ал Вавилон шаһарында аңызақ жел мен аптап ыстықтан өзге ештеңе жоқ. Күндіз де ыстық, түнде де ыстық. «Қайткенде сүйіктімнің бабын табам» деп көп ойланған патша «туған жерін көз алдына келтірем» деп, айрықша әсем бақ салуды бұйырады. Сөйтіп, патша сарайының кең ауласында кірпіштен әсем террасалар орнатылады. Кірпіш үстіне жанартаудың лавасын құйып, оның үстіне қорғасын плиталар қояды, оған қоса құнарлы май то-пырақ төгіледі. Құнарлы то-пыраққа әлемдегі бар әдемі жасыл желекті отырғызады. Мыңдаған құлдар күн сайын төменнен жоғарыға су айдап, жасанды тоғандарды толтырады. Бақшаның беті солтүстік батысқа қарайды, күнбатыстан соққан самал жел Семирамида ханшайымның жабырқаған көңілін жадыратады...

Вавилонның құлдырауынан кейін су тасқыны бүкіл елді шайып кетеді. Кейіннен 1898 жылы Роберт Кольдевейдің қазба жұмыстарының нәти-жесінде аспалы бақтың қал-дықтары Ирактағы Хилла қа-ласынан табылады.



5 - тапсырма

5.1. Топтастырып, айырып ал да, дәптеріңе жоспарла:

а) Әлемнің жеті кереметін атап көр: ....................................................................................................................



5.2. Топпен жұмыс.№1Флипчартпен жұмыс.8-9-10 беттер.Тақтадағы оюдың артында жасырылған суреттерді қарай отырып,Қазақстанның жеті кереметі не екенін тауып ал.Оған қысқаша өз білімдеріңді,ақпарат көздерін пайдалана отырып,қысқаша мәлімет жаз.

5.3. «Жұмыртқамен тест». Алдыңдағы жұмыртқаларды қолдана отырып,тест тапсырмаларының жауабын белгіле.

Тестік тапсырмалар

1.Алғашқы адамның ақыл-ойын,қиялын жетелеуші не болды?

а)аспан


ә)жұлдыз

б)таулар


в)табиғат

2.Алуан түрлі ғимараттарды салуды неге қарап зерделеді?

а)құстың ұшуына

ә)бал арасының ұясына

б)табиғат құбылысына

в)балықтың жүзуіне

3.Мысыр еліндегі алып кереметтің бірі?

а)Хеопс пирамидасы

ә)Александрия манары

б)Зевс мүсіні

в)Родос алыбы

4.ЮНЕСКОНЫҢ есебіне алынған тарихи өнеріміздің озық үлгісі?

а)Республика сарайы

ә)Айша бибі кесенесі

б) «Алтын адам»

в) «Медеу» мұз айдыны

5.Біздің елімізде қай жылдан бастап тарихи-өнер мұралары есепке алына бастады?

а)1997 ж


ә)1953 ж

б) 2010 ж

в)1991 ж

6. 2009 жылы 20 қазанда Қазақстан мемлекеттігінің басты бейнесі ретіндегі жасалған монумент?

а)А.Бибі кесенесі

ә)Арыстанбаб кесенесі

б)Қазақ елі монументі

в)А.Йасауи кесенесі

7. «Қазақстанның жеті кереметіне» нелер жатады?

а)сүт,қаймақ,жент,қымыз,шұбат,құрт,айран

ә)Ер тӨстік,Ер Тарғын,Қамбар,Қобыланды,Алпамыс,Райымбек,Наурызбай

б)Қазақ елі монументі,Үш би ескерткіші,Алматы қонақ үйі,Республика сарайы,Медеу мұзайдыны,Бәйтерек,домбыра

в)домбыра,киіз үй,таңбалы тас суреттері,Қ.А.Йасауи,Маңғыстау жер асты мешіттері,Бәйтерек,Алтын адам

8.Алтын Адам қай жерден табылды?

а)Қостанай облысы

ә)Алматы облысы

б)Есік обасы

в)Маңғыстау облысы

9. Қожа Ахмет кесенесі қай жерде орналасқан?

а)Түркістан қаласы

ә)Астана қаласы

б)Тараз қаласы

в)Қызылорда қаласы

10. Бәйтеректің биіктігі неше метрді құрайды?

а)90 метр

ә)100 метр

б)97 метр

в)68 метр



6 – тапсырма:

6.1.Әлемнің жеті кереметіне жатқызамын деп Қазақстан елінен қандай тарихи мұраларды айта аласың?Неліктен?
............................................................................................................................................................
............................................................................................................................................................
6.2. Мәдени-тарихи мұраларды өз тарапыңнан қорғау жөнінде оқушыларға қандай кеңестер берер едің?

1. ............................

2. ............................

3. ...........................



6.3.Адамның ақыл-ойы мен талғамының жоғары екенін қандай туындылардан көргеніңді қысқаша жаз:

..................................................................................................

..................................................................................................

..................................................................................................



«Өз біліміңді бағала: »

Осы тұсқа оқушы өзінің жұмысын бағалайды,

ал оны мұғалім тексеріп өзінің бағасын жанына

сызықша арқылы қояды.


.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет