Нормативтік сілтемелер



бет26/33
Дата06.02.2022
өлшемі440,98 Kb.
#81124
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   33
Байланысты:
мал ш. 15

Қауырсын мамық жүн шикізаттарын өңдеу. Денені қаптап тұратын қауырсын құстардың түрлері бойынша барлық түрінің қанат жүні мен қалдықтар секілді түрлерге бөлінеді. Шикізат сепараторларда сорғытылып, жылы сумен шайылады. Содан соң центрифугаларда 45-50 пайыз ьлғалдылық-қа дейін суы сығылып, 700С кезінде 12 пайызға дейін көтеріледі. Кептіру ұзақтығы 12-40 минут. Құстарды автоматтандырылған жүйелерде өңдеген кезде қауырсын-мамық жүн шикізаты қабылдау кабинасына ауа өткізгіштердің жәрдемімен ұша қауырсындарын жұлу жөніндегі жұмыс орнында жиналады.
Құс етінен жасалған шұжық – кулинарлық бұйымдар, жартылай фабрикаттар мен консервілер. Құс етінен мыналар дайындалады: қуырылған және буға пісірілген құс еті, дәмді балапан еті, құс етінен дайындалған жиынтық, тауық етінен сорпаға арнайы дайындалған жиынтық, тауықтың жұмсартылған етінен дайындалған котлеттер және тауық етінен қуырылған котлеттер.
Қалдықтарды қайтадан өңдеу кәсіпорындарында қайта өңдеу өңделетін еттің жалпы мөлшерінің 20-25 пайызын құрайды. Оларға қан, қауырсын, ішек-қарын, жұмыртқа жатыры, бастар, аяқ сүйектері, өңеш, асқазан, өкпе, бауыр және басқалар жатады. Бұған сондай-ақ өлген немесе тағамдық мақсатқа жарамайтын құстың ұлпалары, инкубация қалдықтары – қаншығаршақ үйгендер мен өлгендер, әлсіздер, мергіккендер, тәуліктік балапан әтештер, жұмыртқа қабыршақтары жатады. Қауырсын ұнтағы жаңа қауырсындардан немесе фабрикалардың қалдықтарынан дайындалады. Ет – қауырсын ұнтағы қауырсындар мен ішкі органдардан дайындалады. Оған тиелген шикізат салмағының 15 пайызына дейін ұшаларға қосуға болады. Ет - сүйек үгіндісі –ішкі органдардан, бастардан, ішін жарудың нәтижесінде алынған қалдықтар-дан, аяқ сүйектерінен дайындалады.
Қауырсын, ет-қауырсын, ет және ет-сүйек үгіндісін әр түрлі пісіру қазан-дарында дайындайды. Қалдықтар транспортерлердің немесе үрлемелі бактер-дың жәрдемімен қазандарға тиеледі. Қауырсын үгіндісін дайындаған кезде кератинді гидролиздеу үшін дымқыл қауырсындарға су қосылады (қазан сиымдылығының 1/5 есебімен). Кератинді сіңімді белокқа айналдыру үшін жоғары қысымды су буымен гиролиз жүргізіледі. Ет және ет-сүйек үгіндісін дайындаған кезде шикізат алдын-ала 40-50 пайызға дейін кептіріледі.
Ваккумды көлбеу қазандарда шикізатты қайтадан өңдеу режимі үш кезеңнен тұрады: бірінші кезең – шикізатты зиянсыздандыру (өңдеу ұзақтығы 1 сағат - 1 сағат 45 минут); екінші кезең шикізатты стерилизациялау (өңдеу ұзақтығы 1,5-2 сағат); үшінші кезең – үгіндіні кептіру (өңдеу ұзақтығы қазандағы температура 70-800С болған кезде 2,5-3,5 сағатка созылады). Егер шикізат майлы болса онда, оны тұндырып құйып алады.
Шикізатты қайта өңдеудің жалпы ұзақтығы 4-5 сағат. Масса 6-8 сағатта салқындайды, содан соң оны елеп, магнитті сепараторларда тазалайды, сөйтіп орап, өлшейді де, қоймаларға жөнелтеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет