Бройлерлерді еденде өсіру. Еденде өсірілген кезде стандартты бройлерлер қорасы «Бройлер-10» немесе «Бройлер-20» комплектілерімен жабдықталады. Бірінші комплект 10 мың балапан, ал екіншісі етке арналған 20 мың балапан сиятын құс қораларын жабдықтауға арналған. Бұл жабдық құрғақтай азықтан-дырған кезде өндірістің негізгі процестерін механикаладырып, автоматтан-дыруға мүмкіндік береді.
Тәуліктік будан балапандар жақсы тазартылып, дезинфекцияланған құс қорасына көбірек топтастырыла орналастырылады. Бройлерлерді қалың төсе-ніште өсірген кезде отырғызу тығыздығы алаңның әр шаршы метріне 12-14 құстан келеді. Соңғы уақытта отырғызу тығыздығын арттыра түсу тенденциясы байқалуда. Бұл бройлерлердің 49 күндік мерзімінде сойылуына байланысты болып отыр. Сонымен бірге отырғызу тығыздығын арттыру қораның алаңын тиімдірек пайдалануға мүмкіндік береді. Құс фабрикаларында бройлерлерді өндірудің әр түрлі технологиясы қолданып, союға тірілей салма-ғы жеткен балапандар алынады. Осыған орай әр шаршы метріне келетін балапандар саны емес, өсірудің соңғы кезеңінде бройлерлердің орташа салмағы, яғни алаңның әр шаршы метріне тірілей салмақ есебімен өндірілген еттің мөлшері есепке алынады. Озат бройлерлер фабрикаларында пайдалы алаң еденінің әр шаршы метрінен 49 күнде 22-26 кг, жыл ішінде 100-120 кг-нан ет өндіріледі. Тәуліктік мерзімінен өсірудің аяқталу кезеңіне дейін балапандар орын ауыстырмайды.
Балапандарды орналастырар алдында еденге құрғақ сөндірілгеи әктелген-мамық жүн себіледі де (1 шаршы метрге 0,5-1 кг есебімен), содан соң қалыңдығын 10-15 см етіп, төсеніш төселеді. Төсеніш ретінде ағаш жаңқалары, жүгері собығының үгінділері, талшықты шым тезек, күнбағыс қауызы, сабан қиындылары, ал ересек тартқан кезде – ағаш ұнтақтары пайдаланылады. Төселетін материал құрғақ (ылғалдылығы 22-24 пайыздан жоғары болмауы тиіс), әрі таза болуы қажет. Балапандарды қабылдауға дейінгі 1-2 күнде, қорадағы ауа температурасы 24-250С, брудердегі температура 33-350С болуы үшін бүкіл жылыту жүйесі іске қосылады. Алғашқы 2-3 аптада қорада балапандардың физиологиялық талаптарына сай келетін ауа температурасын сақтаудың өте зор маңызы бар. Өйткені осы кезеңде олардың температураны реттеу жүйесі толық жетіле қоймайды. Температура төмендеген кезде балапандар өзара ұйысып, біріне бірі жабыса түседі, жоғарылаған кезде жемге зауқы соқпай, суды іше береді, олардың өсіп жетілуі тежеледі. Балапандардың қораның ішінде жүгіріп жүрмеуі үшін брудерлерді қоршап қояды. Қоршау-ларға құстарға арналған азықтандырғыштар мен суарғыштар орналастыры-лады.
Өсірудің 10-шы күні қоршаулар алынады, сөйтіп балапандар қораның бүкіл алаңына жайылады. 14-16 күндерінен бастап олар автосуарғыштарды, 18-20 күндерінен бастап автоазықтандырғыштарды пайдаланады. Бройлерлер-дің тез өсуіне, бұлшық еттерінің жетіліп, жоғары сапалы ет түзеуіне әсер ететін арнайы құрама жеммен еркін азықтандырады.
Бройлерлерді өсірген кезде ет және ет-жұмыртқа бағытындағы жүйелер-дің толықтырғыш балапандарын өсіру кезінде сақталатын таза ауа мен жарық беру режимі қолданылады. Автоматтандыру мен механикаландырудың жоғары деңгейі қызметшілердің жұмыс көлемін арттыра түседі. Қазіргі бройлерлер фабрикаларында бір оператордың өзі 3-4 құс қорасында еңбек етеді (60-30 мың балапан). Жұмыс көлемі көбейген кезде барлық технологиялық талап-тарды орындау үшін күн тәртібін қатаң сақтау қажет (21-кесте).
21-кесте. Құс фабрикасында бройлерлер өсірген кездегі күн тәртібі, сағат- минут