Нормативтік сілтемелер


Тауықтың ет өнімділігі, сапасы



бет19/33
Дата06.02.2022
өлшемі440,98 Kb.
#81124
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   33
Байланысты:
мал ш. 15
Факультатив қазақ тілі , Факультатив қазақ тілі , 641топ №4 сабақ
2.8 Тауықтың ет өнімділігі, сапасы
Ет өнімділігі – сойыс жасына жеткендегі құстың тірілей салмағымен және сапасымен, сондай-ақ тағамға лайықтылығымен сипатталады. Құстың ет өнім-ділігінің деңгейі мен экономикалық тиімділігі балапандардың өсу қарқыны-мен, құстың азықты пайдалану кабілетімен (салмақтың өсуі мен азық төлемі), балапандар мен сақа құстардың тіршілік кабілетімен, тауықтардың жұмыртқа-лауымен анықталады. Балапандардың өсу қарқыны олардың қауырсындану шапшаңдығына байланысты. Тауықтардың кейбір тұқымдарын тек етке ғана өсіреді. Табынды жаңалау балапаны мен жұмыртқалауын тоқтата бастаған тауықтарды өсірген кезде артық әтештер етке өткізіледі. Құс етін өндіру үшін, сөйтіп балапандарды (бройлерлерді), жеделдете өсіретін арнайы фабрикалар мен фермалар ұйымдастырылады. Ет өнімділігі дегенде құс салмағының өсімі мен азық қайтарымын жақсы өтей бастаған шақтағы оның жас кезіндегі анағұрлым ширақ бұлшық еттерін қалыптастыру қабілетін ұғынамыз. Құстардың барлық түрінің осы қабілеті дене құрылысының тегіне, экстерьері мен конституциясына тығыз байланысты. Олардың ерекшелігі өнімділік бағытын туғызып, еттің шапшаң жетілуіне байланысты болады.
Тұқымды асылдандыру мақсатына арналған тауықтарды іріктеп, жинау кезінде ет өнімділігі белгілері бойынша оларды кешенді бағалау жүргізу ұсынылады: 49-күндігіндегі тірілей салмағы; тәуліктік және сойыстық жасындағы қауырсындану шапшаңдығы: 49 күндігінде төс етінің жетілуі мен экстерьері; азық қайтарымын тірілей салмағының өсуімен өтеуі; балапандар мен аналық табындағы тауықтардың аман сақталуы.
Тауықтарды сойғаннан кейін еттің формалары мен ұшасының сыртқы түрі, май басқан жері, сойғаннан кейінгі салмағы, ұшаның желінетін және желінбейтін бөліктерінің арақатынасы, төс пен жілік бұлшық еттерінің ұша салмағына салыстырмалы салмағы, химиялық құрамы мен биологаялық құндылығы, бұлшық еттерінің тканьдарының (ет талшықтарының жуандығы) гистоморфологиялық құрамы, еттің нәзіктігі, нәрлілігі мен дәмділік сапалары бойынша бағалайды.
Адам-тұтынуға арналған ет пен басқадай тағамдық өнімдерінің құнды-лығы олардың сапаларымен анықталады. Ет сапасы дегенде адамның қоректік заттарға деген белгілі бір талаптарына сәйкес оны тудырып отыратын биологиялық құндылық пен органолептикалық көрсеткіштердің жиынтығын ұғынамыз. Құс еті өзінің қоректік және дәмдік лайықтылығы, биологиялық құндылығы мен диеталық қасиеттері, сондай-ақ адам организімінің сіңіру дәрежесі бойынша бағалы тағамдық өнім болып табылады.
Ет сапасы құс түріне, өнімділік бағытына, тұқымы мен жасына, сондай-ақ сыртқы ортаның факторларына (азықтандыруға, күтім жағдайларына және т.т.) байланысты. Ет сапасына рациондағы протеин, алмасу энергиясы, витаминдер мен минералды заттар деңгейінің үлкен әсер ететіндігі анықталды. Азықтағы амин кышқылы салдарынан организмдегі заттар алмасуының интенсивтілігі мен липидтер түзілуінің өзара тәуелділігі де дәлелденді. Еттің сапасына, әсіресе оның май қышқылының құрамына, сондай-ақ құс рационындағы өсімдік және жануарлар майларының қосымшалары да әсер етеді.
Клеткаларда өсірілген бройлерлердің еті далада жайылып күтілген балапандардың етіне қарағанда әлдеқайда майлы келеді. Балапандарды ультра-күлгін сәулелермен жарықтандыру ет тканьдерінде липидтер мен құрғақ зат мөлшерінің артуына ықпал етеді, мұның өзі еттің сапасы мен оның жұғымдылығын жақсартады. Еттің химиялық құрамы - оның жұғымдылығы-ның объективті көрсеткіштерінің бірі – әр түрлі қүста әр түрлі болады.
Желінетін бөліктерге – бұлшық еттері, тері астындағы және іш майы, бауыр, өкпе, жүрек, бүйрек, асқазан еті, желінбейтіндерге – сүйек, кеңірдек, көмей, көкбауыр және басқадай органдар жатады.
9-кесте. Құс етінің химиялық құрамы, %

Құстар

Мөлшері

Желінетін бөлігі

су

май

белок

күл

Тауық

66,3

13,7

19,0

1,0

52

Балапан

67,5

11,5

19,8

1,2

46

Тауық еті жұғымды келеді: бұл кұс түрлерінің балапаны, белоктардың мөлшері және олардың маймен ара-қатынасы бойынша ең жақсы көрсеткіш-терге ие болады. Тауық етінің төс және қанат еттерінің түсі ақ, жілік және қаңқа еті қоңырқай келеді. Құс етінің биологиялық құндылығы алмастырыл-майтын аминқышқылдармен: метионин, треонин, валин, лейцин, изолейцин, триптофан, фенилаланин, лизин, гистидин және тағы сол сияқты алмастырылмайтын амин қышқылдары мөлшерімен және арақатынасымен анықталады.
Оны өнімдегі треонин мен триптофан амин қышқылының формуласы бойынша анықтап, бүкіл дүниежүзілік ұйымы (БДҰ) ұсынған қолайлы формулаларымен салыстырылады.
Триптофан – адам рационындағы тым тапшы амин қышкылы. Сондықтан оның мөлшерін бір өлшемге тең етіп алады да, барлық қалған амин қышқыл-дарын сол бойынша есептейді.
10-кесте. Құс етінің амин қышқылды құрамы (белоктың 100 грамына, %)

Амин қышқылы

Балапандар

туралған

ақ етте

қызыл етте

Триптофан

1,20

1,40

1,20

Треонин

4,30

4,41

4,84

Изолейцин

5,28

3,79

3,80

Лейцин

7,28

6,73

7,48

Лизин

8,79

11,27

9,11

Метионин

2,61

2,92

2,57

Фенилаланин

3,94

3,85

3,33

Валин

4,91

4,01

4,18

Гистидин

2,89

4,16

3,33

11-кесте. Балапан-бройлердің ақ және қызыл етіндегі алмастырылмайтын амин қышқылының ара қатынасы

Көрсеткіш

Трип-
тофан

Трео-
нин

Изо-
лейцин

Лей-
цин

Ли-
зин

Метио-нин

Фенил-аланин

Валин

Триптофан формулалары бойынша

Ақ ет

9,0

3,0

2,7

4,8

8,0

2,0

2,8

3,0

Қызыл ет

1,0

2,0

4,0

6,0

7,8

2,0

2,8

3,2

Треонин формулалары бойынша

Ақ ет

0,3

1,0

0,8

1,5

2,7

0,5

0,8

0,9

Қызыл ет

0,2

1,0

0,8

1,5

1,9

0,5

0,7

0,9

Ақ еттің тағамдық және дәмдік сапалары құс түріне, оның жасына, азықтандыру деңгейіне, тұқымына, селекциялық бағыты мен күтім-жағдай-ларына байланысты. Мәселен, клеткаларда өсірілген бройлердің еті қалың төсеніш үстінде күтілген балапан етінен әлдеқайда шығымды келеді.
Құс етінің тағамдық құндылығы белоктың қоректілігімен және береке-лілігімен, май мөлшерімен, май қышқылдары ара қатынасымен анықталады. Ол тауық балапаны етінде 4%-тен аспайды. Сондықтан оны диеталық тағамға пайдаланады.
Балапан етіндегі липидтердің ерекшеліктері адамға қажетті алмастырылмайтын май қышқылдары – линол мен линоленге бай келеді. Құстың жасы ұлғайған сайын бұл қышқылдардың мөлшері азая береді. Сондықтан құс балапанының майы сақа құс майынан биологиялық жағынан анағұрлым бағалылырақ.
Құс етінде минералды заттардың едәуір мөлшері, сондай-ақ Е (5-6 пайыз) және В тобындағы витаминдер болады.
Құс етінің өзіне тән иісі мен дәмі ондағы экстрабелсенді заттардың жоғары мөлшеріне байланысты (шикі етте 1,5-2,5 пайыз), ет «піскен» кезде олардың мөлшері арта түседі. Органикалық қосылыстардың бұл тобы етті пісірген кезде сорпаға шығып, адамның ас қорыту органдарындағы бездердің секторлы қызметіне игі әсер етеді.
Құс етінің аса дәмділік сапалары бұлшық ет талшықтарының морфоло-гиялық ерекшеліктеріне және оның физикалық қасиеттеріне – нәзіктігіне және шырымдылығына байланысты.
Құс етінің нәзіктігі бұлшық ет талшықтарының гистоморфологиялық ерекшеліктеріне байланысты және анағұрлым маңызды сапалық керсеткіште-рінің бірі болып табылады. Балапанның ақ еті қызыл етінен нәзіктеу келеді, мұның өзі бұлшық ет талшықтарының неғұрлым нәзік құрылымынан және жалғастырғыш талшық мөлшерінің аздығынан. Еттің шығымдылығы дегенде аспаздық және технологиялық өңдеу кезіндегі бұлшық ет талшықтарының биологиялық байланысқан ылғалды (ет шырынын) ұстай алатын қабілетін ұғынамыз. Қызыл ет ақ етпен салыстырғанда шырынды келеді. Зерттеулер еттің нәзіктігі мен шырымдылығы құстың түріне, жасына, жынысына, тұкымдық ерекшеліктеріне, сондай-ақ оны азықтандыру мен күтім шарттарына байланысты екендігін дәлелдеді.
Құс фермасында толықтыруға арналған балапандардың өсуін бақылау топтық әдіспен: оны апта немесе ай сайын өлшеу жолымен жүргізіледі. Бір балапанның орташа салмағын жалпы салмақты өлшенген құстардың санына бөлу арқылы табады. Азықтандыру мен күтімнің бірқалып жағдайларында, түрі мен тұқымы әр түрлі құстың жақсы дамыған балапаны 5-кестеде келтірілген тірілей салмаққа ие болуы тиіс.
Балапан шығарудың есебі инкубация цехында жүргізіледі. Онда тәуліктік балапандардың әр тобына сәйкес форма толтырылады. Бір жас тобынан екінші жас тобына құсты ауыстыру, қабылдау – тапсыру актілері аркылы жүргізіледі.
Ферма немесе цех есепшісі құстың қозғалысын қадағалап, қабылдау және жөнелту документтерінің негізінде оны күн сайын құс басының қозғалысы журналына тіркеп қояды. Ай аяғында құрама есеп жүргізіліп, ол бухгалтерияға жөнелтіледі.
12-кесте. Балапандарды өсіру кезіндегі тірілей салмақтың бағдарлау көрсеткіші, г

Жасы, аптасы

Тауықтар

жұмыртқалық

еттік

тауықтар

әтештер

тауықтар

әтештер

1

55

56

-

-

2

-

-

-

-

3

-

-

-

-

4

215

260

500

500

5

-

-

-

-

6

-

-

-

-

7

-

-

1250

1400

8

560

630

1450

1650

10

1550

1750

-

-

12

-

-

1700

2200

13

920

1100

-

-

17

1200

1450

-

-

18

-

-

2100

3000

20

-

-

2300

3350

22

1400

1900

-

-

26

-

-

2800

3800

30

-

-

-

-

Еттік тізбектердегі тауықтарды селекциялаған кезде табынды негізінен алғаш жұмыртқалаған жылғы құстардан жинақтайды. Сөйтіп 10-15 пайызын ұрпағының сапасы бойынша тексергенде жоғары бағалар алған кұстар құрайды. Тауықтар мен әтештерді іріктегенде селекциялық ұяларға семьялар санын мүмкіндігінше көбірек пайдалану кажет. Селекциялық ұяларға 3-4 ағайынды әтеш ғана сұрыпталады, тіпті олар ең жақсы семьядан шыға тұрса да, осыдан артық сұрыпталмайды.
Ұрпағының сапасы бойынша өндірушілерді бағалау үшін тізбекаралық будандастыру кезінде әр тауықтан кем дегенде алты, ал әтештен – кем дегенде 50 балапан, тізбекішінаралық жұптау кезіне сәйкес 15 және 100 балапан алынады. Барлық балапан 7-8 апталығында таразыланады. Одан әрі өсіруге сұрыпталған балапан әтештердің тірілей салмағы орташа көрсеткіштен 10-15 пайыз жоғары, ал ұрғашы балапандардың тірілей салмағы шамамен орташа және ортадан жоғары көрсеткіштің көлемінде болуы тиіс. Сұрыпталған бала-панның кеудесі кең, төс және бөксе еттері жақсы жетілуі тиіс. 20 апталық ұрғашы балапандарды өнімділіктің дербес есебіне қояды да, 34 апталығында жұмыртқалағыштығы жөнінен семьяға алғашқы алдын-ала бағалау жасайды.
Шығарылған балапандар жынысы бойынша сұрыпталып, әлсіздері жарамсыздыққа шығарылады.
Шаруашылық-репродукторларда балапандар өсу кезеңінде екі рет сұрыпталып бағаланады. Құсты бірінші және негізгі сұрыптау 7 апталығында жүргізіледі. Шалажансар құстардың бәрі жарамсыздыққа шығарылады. Әтештер төсінің еттенуі мен тұяғының ширауына қарай іріктелінеді. Төстің еттенуін төс сүйегін алақанмен ұстап керу арқылы анықтайды. Осы белгі бойынша әтештер үш топқа бөлінеді: 1 – жақсы еттенген, 2 – орташа және 3 – нашар еттенген. Әсіресе 2 және 3-топтар көп жағдайда жарамсыздыққа шығарылады. Бірінші топта төс сүйегінің килі, төстің бұлшық еттері жақсы жетілуінің арқасында қолға білінбей кетеді.
Осы мерзімінде құстар қауырсындану шапшаңдығы бойынша да бағаланады. Бүйірлері мен арқасы нашар қауырсынданған барлық балапандар табыннан аластатылады. Барлық кұс, әсіресе экстерьерлік кемшіліктері бар (төс сүйегінің, саусақтарының немесе тұмсығының майысуы, аяқ пигмент-терінің әлсіреуі, кауырсынданудағы ақау) әтештер жарамсыздыққа шығары-лады.
Балапандар 17-18 апталығьшда екінші рет сұрыпталады (ересек кұстарға арналған құс қораларына оларды жеткізер кездегі), жетілмеген, арық және экстерьері ақаулы құс жарамсыздыққа шығарылады.
Шаруашылық репродукторларда балапандарды өсіріп, ересек құстарды күтуге арналған құс қоралары ішіне кем дегенде 1000 балапан мен 500 ересек құс сиятындай ұзын коридорлармен және секциялармен жабдықталуы тиіс. Құс қорасында ересек құстар үшін ұядағы жұмыртқаларды коридор жағынан жинап алу үшін қамтамасыз ететін 4-5 тауыққа арналған бір ұядан келетіндей етіп, ұялар орнатылады. Олар жерден кем дегенде 50 см биіктікте орнатылады. Дербес ұялардың өлшемі 30x30x40 см.
Ет бағытындағы тауықтар былай бағаланады:
- тірілей салмағы бойынша 34 апталық мерзіміне дейін төс еттенуі бойынша 7 апталық мерзімінде, балапандардың аман сақталуы 7 апталығына дейін және 7 апталығынан 18 апталығына дейін, 34 немесе 60 апталық тіршілі-гіндегі аналарының өнімділік көрсеткіштері (жұмыртқалауы, балапан шығару пайызы) бойынша;
- тірілей салмағы бойынша 34 апталық және одан ұзағырақ мерзімде, төсі-нің еттенуі бойынша 7 апталығында, аман сақталуы бойынша 7 апталығына дейін, 34 немесе 60 апталығындағы жұмыртқалауы, бағаланатын құстың бала-пан шығару пайызы бойынша.
Тәуліктік балапандарды бағалау. Сұрыпталғаннан кейін, 10-12 сағаттан кешіктірмей, оларды көптеген көрсеткіштер арқылы бағалай отырып, балапан-дарды (тірі салмағына, белсенділігіне, мамықтануына, аяқтарының жағдайына, тұмсығына, қарын мөлшеріне) ауа температурасы 26°-24°С және салыстыр-малы ылғалдылығы 60-65 пайыз жылы, құрғақ және жарық қораларға өсіруге жіберіледі. Тәуліктік балапандардың сапаларына қойылатын талаптар 6-кестеде келтірілген. Балапандарды бағалаудың нәтижесіне қарай оларды екі топқа бөледі: өсіруге жарайтындар және жарамсыздар.
Өсіруге жарайтын балапандар ширақ, дыбысқа сезімтал, іші жұмсақ, тартылған, кіндігі жабык, қан аққан ізі жоқ, қызғылт түсті таза, жұмсақ, бірқалыпты, жарқыраған мамық жүнді, аяқтары мен тұмсығы мықты, көздері ашық және жарқыраған, басы жалпақ, тұмсығы қысқа, жуан, қанаттары денесіне тығыз жабысқан, құс төсі ұзын және серпімді келеді.
Қарыны қабысыңқы, кіндік тұсындағы құрғаған қан ұйындысының өлшемі диаметрде 2 мм-ден аспаған, сирақтары мен тұмсығы болмашы ғана пигменттелген балапандар одан әрі өсірілуге жіберіледі.
Әлсіз, жарымжан балапандар одан әрі өсіруге жарамайды. Әлсіз балапандар жөнді қимылдай алмайды, аяғын баса алмайды, дыбысқа селт етпейді, олардың қарындары өті сорылмағандықтан салбырап тұрады, көздері күңгірттеніп, қабақтары түйіліп, қанаттары салбырап тұрады.
13-кесте. Тауықтардың тәуліктік балапанының сапасына қойылатын талаптар (жұмыртқаны жарып шыққаннан кейін бағалау жасы 12-18 сағат)

Көрсеткіштер

Жұмыртқалық

Еттік

Балапан салмағы, г

33-43

34-47

Жұмыртқаның бастапқы салмағына балапан салмағының қатынасы, пайыз

66-67

68-69

Дене салмағына қалдық сары уыздың қатынасы, пайыз

15-18

16-22

Дене салмағына Фабрицев қалташасының қатынасы, пайыз

0,14

0,13

Дене салмағына өт қалтасының қатынасы, пайыз

0,22

0,20

Дене салмағына жүректің қатынасы, пайыз

0,68-0,80

0,65-0,75

Тазартылған өт қалтасындағы шама, мкг 1 кг:
А витамині

25-70

25-70

В2 витамині

2,4-4,5

2,4-4,5

Каратиноидтар

60-140

60-140

Бауырдағы А витаминінің мөлшері, мкг 1 кг

15-40

15-40

14-кесте. Әр түрлі топтардағы балапандар мен ересек тауықтарға арналған құрама жемдердегі азықтардың үлгілік арақатынасы (%)

Азық

Балапандардың жасы, күндер

Ересек тауықтарды күту

1-30

31-150

еденде

клеткада

Тұтас дән (кем дегенде екі түрлі)

-

15-20

30-35

20-25

Ұнтақталган дән (2-3 түр)

45-50

4045

20-25

30-35

Дәнді бұршақты

10-15

10-15

5-7

5-6

Күнжара, шроттар

10-14

12-14

4-7

4-5

Жануар тектес құрғақ жем

10-12

5-7

5-6

7-10

Минералды азықтар

2-3

2-3

3-4

5-6

Басқадай азықтар (кұрғақ ашытқылар және басқа)

13-14

7-8

12-15

13-14



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет