2.7 Балапандардың жынысын және жасын анықтау Етті бағыттағы құс шаруашылығында балапандардың жынысын анықтауға үлкен мән береді. Өйткені жыныстарына қарай балапандардың өсіп-дамуы әр түрлі болады
Сақа құстардың жыныстық айырмашылықтары бірден аңғарылады: еркегі ұрғашысынан едәуір салмақтырақ, денелі келеді, басы үлкендеу, апайтөс, бөксесі жүдеу болады. Әтештер, мекиендер тауықтармен салыстырғанда аяқтары анағұрлым биіктеу. Қауырсыны түрлі-түсті еркектері ұрғашыларынан гөрі айқын бояулы келеді. Әтештің құйрығында бұрымы, желкесінде жалы болады.
Құс балапанының жынысын бірқатар белгілері бойынша анықтайды.
Балапан жынысын жұмыртқадан шыққан соң 10-12 сағаттан кейін-ақ анықтауға болады. Балапанды сол жақ алақанға ұстап, аяқтарын сұқ саусақпен ортаңғы саусақтың арасына қыстырып қояды, ал мойнын аты жоқ және шынашақ арасына қыстырады. Сол қолдың бас бармағымен еппен қатпаршақ-ты ашады. Еркегінде рудиментті көпіршік пен тарамданған екі қабат кішкен-тай белдеулер көрінеді. Қатпаршақты тексерген кезде балапандардың жыны-сын анықтау үшін арнайы стол, үш жәшіктің (ұрғашы, еркек балапандар мен жарамсыз үшін) және жарықпен жақсы қамтамасыз ету қажет. Тәжірибелі маман бір сағатта 900-1000 балапанды байқаудан өткізе алады.
Жұмыртқадан шыққанына бір тәулік болған балапандардың жынысын Чиктестер құралы көмегімен де айырады. Оның бір жағында окуляр, екінші жағына – ұшы үшкір емес шыны ине орналастырылған тубусы бар. Тубустың ішінде электр лампасы мен линзалар және жарықты инеге бағыштайтын айнасы болады. Инені балапанның қатпаршағына кіргізеді: окуляр арқылы балапанның жынысына байланысты аналық немесе аталық бездері айқын көрінеді. Бір сағатта 600-800 балапанды қарайды.
Ет бағытындағы да, жұмыртқа бағытындағы да асыл тұқымды шаруашы-лықтар мен құс фабрикаларында балапан әтештер мен тауықтарды алғашқы күннен бөлек өсіру үшін балапандарды бір тәулігінде сұрыптаудың өте мәні зор.
Құстың жасын жұмыртқадан шыққан күннің жазылуымен, аяқ сақинала-рындағы немесе қанат белгілерімен белгілейді, және шамамен интерьері бойынша, мысалы топшының ұзындығы бойынша анықтайды. Шапшаң жетілетін тұқымды әтештердің топшысы алты айлығында шамалы шодырайып шығып тұрады, ал бір жасқа толғанда топшының ұзындығы 1 см-ге жетеді; бір жылда ол құстың тұқымдық ерекшеліктеріне байланысты 1-2 см-ге ұзарады. Жас тауықтарды жылтыраған тығыз мамық жүні мен нәзік терісі бойынша сақа тауықтардан жеңіл ажыратып алуға бодады.
Балапандардың жасын мамық жүнінің жетілуі бойьшша анықтайды. Тез жетілетін тұқымдары 8-күндігінде қанатының қауырсындары құйрығына дейін жетеді. Төртінші аптасының соңы мен бесінші аптасының бас кезінде ювенальды түлеу басталады. Ескі жүні түсіп, жаңа жүн біртіндеп өседі. Қанатының сыртқы ең шеткі қауырсыны бірінші болып түседі, келесі қауырсындары әрбір 7-8 күннен кейін түседі. Кеш жетілетін тұқымды балапандардың тулеуі кешірек басталып, ұзаққа созылады, алғашқы қауырсыны 6-апталығында түседі, келесілері кезекпен әрбір 10-12 күннен түседі.