Көлік логистикасының міндеттері логистикалық жүйеге қатысушылардың арасындағы байланысты қамтамсыз ету болып табылады.
Тауарды және жолаушыларды жеткізуге қатысатын көлік түрінің санына байланысты, тасымалдау жүйесі бір түрлі (унимодальды) және көп түрлі (мультимодальды және интермодальды) болып бөлінеді.
Тасымалдаудың негізгі түрлері.
Унимодальная (бір түрлі) тасымалдау – көліктің бір түрімен тура тасымалдауды қамтамасыз етеді. Мысалы, бастапқы пункттен соңғы пунктке тасымалдау логистикалық тізбектің аралық операцияларсыз қоймалау және жүк өңдеусіз өткенде автомобиль қолданылады. Көлік түрін таңдау критериіне жүк түрі, жөнелту көлемі, жүкті жеткізу уақыты, тасымалдау шығыны жатады. Мысалы, ірі тонналы жүктерді және соңғы пунктте кірме жолдардың болуы темір жол көлгінің пайдалану тиімді, ал аз партиялы қысқа арақашықтыққа тасымалдауда автомобилді пайдалау тиімді.