«НҰр отан» нақты істердің партиясы 1 Т. Есполов,


//Егемен Қазақстан .- 2013.- 9 қазан. - 3 б



бет2/7
Дата01.08.2017
өлшемі1,7 Mb.
#22454
1   2   3   4   5   6   7

//Егемен Қазақстан .- 2013.- 9 қазан. - 3 б.


Уәлихан БИШІМБАЕВ ,Парламент Мәжілісінің депутаты
Іс тетігі – маманда
Жуырда Оңтүстік өңірінде болған сапарында Елбасы Н.Ә.Назарбаев игі істерге куә болып, «Шымкент қаласы Астана мен Алматыдан кейінгі үшінші қалаға айналуы тиіс», деген еді. Бұл Оңтүстік өңірінің алдына қойған тапсырмаларының өзегі болып табылатыны сөзсіз. Бүгінде осы аймақтағы кәсіпкерлердің жұмысына дем берген Шымкент қаласынан құрылған индустриялық аймақта көптеген жобалар сәтті іске асырылып, өңіріміздің экономикасының қарқынды дамуымен қатар, халықты жұмыс орындарымен де қамтып отыр. Осы салада Елбасы атқарылып жатқан жұмыстарға сәйкес, шағын және орта бизнеске әрі қарай да қолдау білдіріп, көбейте беру керектігін тапсырды.

Оңтүстіктің өрлетіп отырған саласының бірі – ауыл шаруашылығы. Тек республика көлемінде ғана емес, соңғы кездері өздерінің табиғи таза өнімдерімен көрші елдерді де қамтуға шама-шарқы жетіп отырған Оңтүстік өлкесі көкөніс пен бау-бақша өнімдерін өндіруде еселі жұмыс жасауды қолға алуда.

Мәселен, Оңтүстік Қазақстан облысы Мәскеу облысында сауда логистикалық орталығын құруға 250 млн. АҚШ долларына дейін инвестиция құяды. Бұл келісімге Шымкент әлеуметтік-кәсіпкерлік корпо­рациясының өкілдері Мәскеуге барған арнайы сапары барысында қол жеткізді.

Былтыр облыста көкөніс пен бау-бақшадан 1 млн. тонна өнім жиналса, биыл 2,2 млн. тонна өнім алынып, былтырғыдан 250 мың тонна артық болды. Сондықтан да республиканың басқа аймақтарына кең көлемде нарықтық бағадан төмен жәрмеңкелер ұйымдастырылуда. Мал азығын дайындауда өңір шаруалары биылғы жылы 3,6 млн. тонна жем-шөп жинап, ол былтырғы жылмен салыстырғанда, 1 млн. тоннаға өсіп, жақсы нәтиже көрсетті. Жылыжайлардың көлемі ұлғайып, тамшылатып суару әдісі тереңінен меңгеріліп, республикадағы үлесі 72 пайызды құрады. Елбасы білім беру, денсаулық сақтау, оның ішінде ана мен балаға жасалып жатқан қамқорлыққа оң бағасын берді.

«Оңтүстік Қазақстан облысы көлік-логистикалық зор әлеуетке ие, бұл жерден автомобиль жолдары мен темір жолдар, газ құбырлары өтеді, Көксарай су қоймасы салынды. Облыста Қазақстан халқының 15 пайызы тұрады. Мұнда бала туу көрсеткіші жоғары және тиісінше кәсіптік-техникалық білім беру мәселесі де баса назар аударуды қажет етеді», деді Президент Нұрсұлтан Назарбаев өзінің оңтүстіктермен кездесуінде.

Бүгінгі таңда біз елімізді ғана емес, сонымен қатар, партиямызды да жаңғырту стратегиясын іске асыру үшін бар күш-жігерімізді салуымыз қажет. Ертең «Нұр Отан» партиясының талқылауға ұсынған жаңа Саяси доктринасы қабылданса, ол партия дамуындағы жаңа кезеңнің бастамасы болмақ. Доктринаның жоғары құндылықтары – адам, оның құқықтары мен бостандығы деп көрсетілген. Өз қызметінде біздің партиямыз адамның ар-намысына қолсұғылмаушылық қағидатын және әркімнің жеке тұлға ретінде дамуын, сондай-ақ, халық алдында жауапкершілікті құрметтеуді басшылыққа алады. Азаматтардың барлығы үшін мүмкіндіктердің тең болуын сақтау Доктринаның басты қағидаты болып белгіленген. Әрбір азамат үшін өзінің қоғамға пайдалы дарыны мен қабілетін еркін дамытып, іске асыруына тең мүмкіндіктер жасалатынына кепілдік беріледі. Әркімге өзінің жасампаз адал еңбегінің, өз кәсіпқойлығының, адами, ізгілікті қасиеттерінің негізінде қоғамда лайықты орын алуына мүмкіндігі зор.

Біз адам құқықтары мен заңдылықтың мінсіз сақталуын, ақысыз білім алу және мәдени даму құқығын, еңбек ету және лайықты еңбекақы алу құқығын, ақысыз денсаулық сақтау, демалу құқығын, лайықты өмір сүріп, әлеуметтік қорғалу құқығын қамтамасыз етуге басымдық беріп отырмыз. Еліміздің табысты дамуының жеті факторы да осы Доктринада белгіленген.

Қазақстан бүгінде дүние жүзі бойынша беделді, абыройы жоғары мемлекеттердің қатарына қосылды. Халқымыз тұрмысының жақсаруы мен еліміздің экономикасының нығаюы нәтижесінде халықаралық қоғамдастық бізбен санасып отыр. Әлемнің да­мыған 30 елінің қатарына кіру жөніндегі мақсатқа қол жеткізу қабілеті тек экономикалық даму ғана емес, әлеуметтік көрсет­кіштердің жақсаруына да байланысты. Ол күнделікті қажырлы еңбекті де қажет етеді. Инновациялық экономиканы қалып­тастыру үшін отандық кадрларды даярлаудың маңыздылығын атап өту жөн. Білімді, тәжірибелі, мықты мамандар жұмысты ілгерілетіп, кез келген мәселені шешеді. Сондықтан бізге бәсекеге қабілетті білім мен ғылымды дамыту қажет.


//Егемен Қазақстан .- 2013.- 17 қазан. - 6 б.

Қылышбай БИСЕНОВ, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ректоры, съезд делегаты
ТАРИХИ ШЕШІМДЕР ҚАБЫЛДАНҒАН СЪЕЗД
Кеше Астанада өткен «Нұр Отан» партиясының XV съезі тарихи шешімдер қабылданған келелі басқосу болды. Тәуелсіздік жылдарында қалыптасып, уақытпен сыналған құндылықтарды нығайтуға үндейтін партияның жаңа саяси доктринасы, партияның алдағы онжылдықтағы міндеттері талқыланды.

Партия доктринасы «Нұр Отанның» алдағы миссиясын және «Қазақстан - 2050» стратегиясын тиімді жүзеге асыруды қамтамасыз етудегі алар орнын айқындап берді. Тарихи құжатта біздің басты жетістігіміз - ел тәуелсіздігі, басты құндылығымыз - адам, оның қадір-қасиеті, құқы мен мүдделері екені көрсетілген. Отбасын нығайту, ата- баба дәстүрлерін сақтау арқылы мемлекеттілігіміз нығая түспек.

Партия құрылған күннен бастап елдегі қолайлы инвестициялық ахуалды, экономиканың дамуын әрдайым жақтап келеді. Бизнестің экономиканы дамытудағы орасан зор күш екенін халыққа насихаттап, отандық бизнесті қолдауға дайын екенін іспен дәлелдеуде.

Біздер өмір сүріп отырған жаңалыққа толы әлемде экономикалық даму білім мен инновацияға тәуелді. Доктринада жаңалыққа жаны құштар, ізденуден талмайтын, өзіне сенімді, жауапкершілігі мол азаматтар зияткер ұлттың негізін құрайтыны көрсетілген. Құжатта «Азаматтарымыздың зияткерлік әлеуетін барынша жүзеге асыру үшін қолайлы жағдайлар және инновациялық инфрақұрылым жасау қажет» деп жазылуын жастарға, елдің ертеңіне қызмет етуге талпынушыларға жасалған қамқорлық деп ұғындым.

Сонымен қатар, съезде «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясын «Нұр Отан» партиясы деп қайта атау туралы шешім қабылданды. Бұл партияның «халықтық» деген атауын дәлелдегенін, шын мәнінде жұртшылықпен біте қайнасып жұмыс істегенін білдіреді.

Жаңадан қабылданған партия эмблемасының көтерілген күн, тау шыңы, қар барысы сияқты элементтері де болашақтағы жетістіктер мен жарқын жеңістерді бейнелеп тұрғандай.


.

//Сыр бойы.-2013.-19 қазан.- 3 б.


// Ақмешіт апталығы.-2013.-24 қазан.-2 б.

Әбдіманап БЕКТҰРҒАНОВ,ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі,І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің ректоры
Серпін берген съезд

«Нұр Отан» партиясының кезектен тыс съезіне бірнеше жыл қатарынан қатысып келемін. Әр қатысқан сайын, жігерленіп, болашаққа деген сенімім нығайып қайтады. Бұл жолғы съезде партия үшін, ең бастысы – халық үшін бірнеше жарқын оқиға болды. Атап айтсам, партия атауының ықшамдалуы, Саяси доктринаның қабылдануы, партияның жаңа эмблемасының бекітілуі, алдағы онжылдықтағы міндеттер, партия Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі партияның 15 жылдағы тірлігінің өскенін, осы уақытқа дейінгі өз міндетін мүлтіксіз атқарғандығын білдірсе керек.

«Нұр Отан» – халық сеніміне ие болған еліміздегі ең үлкен саяси күш. Оны аталған партияның осыған дейінгі барлық атқарған жұмыстары мен жеткен жетістігі айқындап келеді. «Нұр Отан» туралы сөз еткенде, көпшілік оны билік партиясы дейді. Шын мәнінде, олай емес. «Нұр Отан» – басқарушы партия. Соңғы сайлауда мол сенім артып, дауыс берген халық «Нұр Отанның» басқарушы партия атануына ықпал етті. Бүгінгі таңда партияның 900 мыңнан астам мүшесі бар. Сондықтан «Нұр Отанның» негізгі міндеті – азаматтардың мүддесін қорғап, халық пен биліктің арасындағы алтын көпірге айналу. Міне, аталған партияның бастамасымен тағы да бір келешектің ұлы жоспары әзірленіп, съезде қабылданды. Ол – «Нұр Отан» партиясы ұсынған Доктрина. «Нұр Отан. Нұрлы болашақ жолында!» Саяси доктринасында партияның басты мақсат-міндеттері анық жазылған. Бұл – «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асыруда және жалпы ел дамуында «Нұр Отанның» рөлін анықтайтын партияның конституциясы іспеттес құжат. Доктрина басты идеологиялық құжат ретінде осы күнге дейін жасалған жұмыстарды қорытындылап, партия мүшелерін біріктіреді. Ең бастысы, Доктринада мемлекетіміздің дамуы мен жетістіктерінің кепілі болған Елбасының мемлекеттік бағытының негізгі қағидалары жазылған. Өйткені, тәуелсіз және мықты мемлекетті қалыптастырып, бейбітшілік пен бірлікті сақтау – Президентіміздің жүйелі саясатының жарқын жемісі.

Өз сөзінде Президентіміз «Қазақстан-2050» Стратегиясы – бұл партиялық бағдарламаның негізі. Стратегияның орындалуы тек «Нұр Отан» партиясының саяси көшбасшылығы жағдайында мүмкін екендігінде еш күмәнім жоқ», деп атап өтті. Яғни, Елбасы партияға үлкен сенім артып отыр. Партияның әрбір мүшесі мұны жақсы түсініп, «Қазақстан-2050» Стратегиясының орындалуына жұмыла кірісуі керек.

Тағы бір айтқым келгені, Елбасының жастарға қарата сөйлеген сөзі қатты толғандырды. Қызметіміз жас ұрпақпен тікелей байланысты болғандықтан, бұл – біздің жанды жеріміз. Еліміздің ертеңгі тағдыры біз оқытып, жоғары білім беріп жатқан жастарға тәуелді. Сондықтан Елбасының: «Жастар – бұл біздің алтын қорымыз. Жас қазақстандықтардың партияның, жалпы Отанымыздың бағдарын қолдауы және 2050 жылға дейінгі кезеңге арналған бағдарламаны жүзеге асыруға кеңінен қатысуы тарихи, моральдық, тұрақтандырушы зор мәнге ие», деп атап өтуі орынды. Шындығында да біз кім үшін өмір сүріп, кімнің болашағына алаңдаймыз.

Нұрсұлтан Әбішұлы: «Біздің елімізде жасалғанның барлығы да ең алдымен сіздерге жасалды және мақсат-мұратымыз, 2050 бағдарламамыз да сіздер үшін», деп жастарымыздың санасына құйып жатыр. Есептейтін болсақ, Мемлекет басшысы айтқандай-ақ қазіргі уақытта мектеп, не жоғары оқу орнын бітірген қазіргі 20 жастағы азамат 2040-2050 жылдары елімізді басқарады екен. Түсіне білген жасқа бұл тек Мемлекет басшысының сөзі ғана емес, қамқор әкенің, дана атаның сөзі.

Бұл съезде тек «Нұр Отанның» атқарған жұмысына баға беріліп қана қойған жоқ. Ел дамуына, халықтың әлеуметтік жағдайына қажетті маңызды істерді қолға алу мәселелері жан-жақты айтылып, Президентіміз біздің алдымызға үлкен жаңа міндеттер қойды. Біздің басты міндетіміз – халқымыздың бірлігін сақтап, дамыған 30 елдің қатарына енуге аянбай еңбек ету.
//Егемен Қазақстан.-2013.- 24 қазан.- 2 б.
Қазақстандағы жоғары білім

Марина ПАРХОМЕНКО,
Биомедицина: на переднем крае
В Назарбаев Университете проходит первая международная научная конференция «Персонализированная медицина и глобальное здоровье». Ведущие эксперты и ученые в области биомедицины из США, стран Европы и Азии делятся опытом с казахстанскими коллегами.

Сегодня персонализированная медицина, которая подразумевает изучение индивидуального генетического профиля, – быстро развивающаяся отрасль в биомедицине. По словам экспертов, ее рынок, на примере США, составляет порядка 230 млрд. долларов, а к 2015 году, как прогнозируют, увеличится вдвое.

– Это первая конференция по данной тематике в Центральной Азии, – говорит генеральный директор Центра наук о жизни Жаксыбай Жумадилов. – Мы взялись за нее, потому что это направление у нас практически не развито, в то время как приоритетно для многих стран мира. Есть попытки завезти технологии из США, но этим и ограничиваются, потому что нет соответствующей инфраструктуры, подготовленных кадров… Иначе говоря, проблем очень много, и их необходимо решать. На базе Назарбаев Университета два года назад приступили к их решению, и сегодня мы располагаем кадрами, инфраструктурой, необходимым оборудованием и уже осуществляем совместные проекты с ведущими университетами и центрами.

К примеру, как рассказал ученый, совместно с Университетом Питтсбурга разработана версия искусственного легкого. Этот орган сейчас находится в Казахстане, проводится его доклиническое тестирование. В области геномной медицины с коллегами Сеульского национального университета выполняются исследования по определению основных мутаций, которые приводят к развитию рака пищевода. Казахстанские ученые подчеркивают, что, занимаясь вопросами персонализированной медицины, стараются охватывать наиболее злободневные проблемы, с которыми сталкивается практическое здравоохранение, это в первую очередь детская и материнская смертность, сердечно-сосудистые и онкологические заболевания.

Индивидуальный подход в изучении геномного профиля человека нужен для того, чтобы получить новые методы профилактики, лечения, возможность прогнозировать риски заболевания. Но доступны ли нам сегодня подобные услуги? Как уверяют специалисты, услуги персонализированной медицины недешевы. Но если лет десять назад эти исследования стоили в разы дороже, то сейчас, благодаря постоянно совершенствующемуся оборудованию, есть тенденция к удешевлению.

Важен нам мировой опыт и в сфере глобального здоровья. Человечество постоянно атакуют все новые и новые вирусы, которые не признают границ и распространяются стремительно. По мнению профессора эпидемиологии Университета Питтсбурга Роналда Ла Порта, потенциал казахстанских ученых велик. И сегодня он с коллегами работает над тем, чтобы через созданное в Казахстане общество ученых-эпидемиологов увеличить продуктивность исследований в стране и Центральной Азии.

//Казахстанская правда.- 2013.- 18 октября.- С.5
Ирина ИГНАТОВА,

Быть инновационному кластеру

Заместитель Премьер-Министра РК, министр индустрии и новых технологий Асет Исекешев посетил Казахский национальный университет им. Аль-Фараби.

Глава государства поставил задачу по созданию в Казахстане исследовательских университетов новой формации для развития «умной инновационной экономики» страны. Учитывая высокий научно-инновационный потенциал ­КазНУ, А. Исекешев высказал предложение о создании научно-образовательного и инновационного кластера путем размещения третьей очереди Парка инновационных технологий «Алатау» на базе университетского кампуса.

– Так как большинство ведущих вузов находится в Алматы, а инновации сосредоточены в КазНУ, мы планируем реализовать этот проект на базе университета. Для ученых и студентов будут все условия для плодотворной научно-исследовательской деятельности в сфере высоких технологий, – отметил он.

В том же ключе высказался аким Алматы Ахметжан Есимов:

– Мы готовы поддержать это предложение, потому что 47% научных разработок страны представлены именно в Алматы. Реализация третьего этапа развития ПИТ «Алатау» на базе КазНУ станет эффективным решением в создании и продвижении инноваций.

Как сообщила пресс-служба КазНУ, проект «Инновационный кластер КазНУ им. Аль-Фараби» включен МИНТ РК в Государственную программу по развитию инноваций и поддержке технологической модернизации Казахстана. Кластер создается для внедрения наиболее перспективных разработок ученых КазНУ и научных организаций в производство, их коммерциализации, в том числе в виде создания инновационных предприятий. Этот проект предлагается осуществить на принципах государственно-частного партнерства, поскольку имеется реальная заинтересованность в его инвестировании на сумму 500 млн. долларов США со стороны ведущих компаний Кореи, Гонконга и Сингапура.

В ходе визита заместитель Премьер-Министра РК ознакомился с выставкой достижений ученых университета. По мнению экспертов высшего ранга Евросоюза, высокие достижения в научно-инновационной деятельности позволят КазНУ в ближайшей перспективе стать автономным национальным исследовательским университетом. Войдя, по оценкам авторитетного международного рейтингового агентства QS, в топ-300 университетов и заняв 299-е место среди 800 вузов мира, КазНУ уже сегодня приблизился к решению этой задачи. Основанный на принципах научного самоуправления и экономической самодостаточности, новый кластер позволит создать уникальную точку роста национальной инновационной системы.

//Казахстанская правда.- 2013.- 18 октября.- С.6

Зәмза ҚОДАР, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Әлеуметтік және гендерлік зерттеулер ғылыми-зерттеу институтының директоры
Гендерлік білімнің жас тұлғаның

қалыптасуына ықпалы

Қазіргі өркениетке ұмтылған адамзат қоғамы тек саяси-экономикалық қана емес, экологиялық, мәдени, әлеуметтік, рухани саланы дамытуға да көңіл аударып келеді. Соның бірі – соңғы уақыттарда әлемдік аренада қолға алынып келе жатқан арна гендерологиялық ілім және одан туындайтын: гендерлік саясат, гендерлік білім беру, гендерлік теңдік сияқты бағыттар болып табылады. Осыған байланысты гендерологияны дамытудың бүгінгі таңдағы маңызды бір буыны гендерлік білім болып отыр.

Осы тұста, алдымен, гендерлік ілімнің не екендігіне тоқталып өткеніміз жөн сияқты. Қарапайым тілмен айтқанда, гендер – қоғамдық өмірдің барлық саласына қатысты тұрғыдан алғанда, ер мен әйелдің тең құқығын қамтамасыз етуді көздейтін және оны іске асырудың жолдарын қарастыратын, жыныстық кемсітушіліктерге қарсы бағытталған, бір қырынан, ғылыми негізделіп келе жатқан, екінші бір қырынан, саяси-әлеуметтік сипатқа ие болатын қоғамдық қозғалыс және арнайы ілім.

Гендер ұғымын тек қана әйел теңдігін қорғайтын бағыт немесе оның құқықтарын асыра пайдалануды көздеуге бетбұрыс деп қана түсінуге болмайды. Гендер – тек әйелдің ғана емес, ер адамның да тұлғалық ерекшеліктерін қорғайтын, ал кемсітушілік болған жағдайда оның да мүддесін сақтауға атсалысатын қоғамдық үдеріс. Егер адамның биологиялық, әлеуметтік, саяси, психологиялық сияқты жан-жақты қырлары бар екендігін ескерсек, шындығында ер мен әйел абсолютті тең бола алмайды. Осы тұста, «тең» деген түсінікті кейбір батыстық көзқарастар «бірдей» деген ұғыммен алмастырып алады. Сондықтан олар екі жыныстың биологиялық болмысын да теңестіріп жібереді. Міне, соның салдарынан Ұлыбританияда бала туу санының азаюы, сөйтіп, алдағы 40-50 жылда Англияда ағылшын деген ұлттың болмау қаупі туындап тұр. Себебі, әйелдер «біз де ер адамдармен бірдейміз» деген желеумен бала туудан бас тартуда.

Гендер саласындағы сан қырлы күрделі мәселелерді түсіндіру үшін, оны біржақты таяз ұғынушылықты жою үшін, ер де, әйел де өзінің құқықтарының тең екендіктерін сезіну үшін жастарға арнайы және жүйелі ұйымдастырылған гендерлік білім беру қажеттілігі туындап отыр. Ол әлемнің көптеген елдерінде зерттеліп, нақты іс-шаралар арқылы өз деңгейінде қолға алынуда. Ал біздің еліміздегі гендерлік білім беру тек қана біржақты батыстық, шығыстық, діни сияқты парадигмаларға көзсіз еліктемей, тек классикалық негізге сүйене отырып, ұлттық таным-түсінікті басымдыққа шығаратындай болуы тиіс, яғни, оның өзіндік қазақстандық нұсқасы болуы керек және ол солай жүргізілуде.

Бүгінгі таңда жастарға гендерлік білім беру өзіндік әдіснамасы, ғылыми әдістері мен мазмұны, оқыту жүйесі негізделіп келе жатқан арнайы ілім ретінде елімізде қолға алыну үстінде және ол жастар тарапынан да қолдау табуда. Жуық арада, Қазақстанның көптеген аймақтарында жастар арасында жүргізген сауалнамалар нәтижесі бойынша олардың 65 пайызы гендер ұғымынан хабардар екендігін және 72 пайызы гендерлік білімді еліміздің оқу орындарына енгізуге қарсы еместіктерін, өздері де ол пәннен білім алғысы келетіндіктерін атап көрсеткен болатын.

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде 2003 жылдан бастап «Гендер» арнайы курсы 4 факультетте 40 мамандық бойынша 2-курс студенттеріне қазақ және орыс тілдерінде жүргізілді. Бүгінгі таңда «Гендер» арнайы курсы «Гендерлік саясат», «Қазақ аруы» атты таңдау пәндері оқу үдерісіне енгізілген. Осы университет жанынан 2000 жылы құрылған «Әлеуметтік және гендерлік зерттеулер институты» білім беру жүйесіне гендерлік білім-білікті енгізу бағытында жұмыстар атқарады.
Гендерлік білім арқылы жастар өздерінің қоғамдағы рөлін сезініп, болашақта үлкен жауапкершіліктер арқалайтындығын ұғына алады. Бірнеше жылдар бойы қалыптасып қалған гендерлік теңсіздіктердің ішінде құлдық психологияға байланысты таптаурындар да бар екендігін жоққа шығаруға болмас. Ендеше, бұл да жас тұлғаны қалыптастырудағы гендерлік білімнің өзіндік орнын көрсете алады. Себебі, бүгінгі таңдағы кейбір көзқарастар «қазақ қоғамында әйел теңсіздігі әуелден-ақ орын алған» деген сияқты пікірден арыла қоймағандығы шындық. Түркі-қазақ дүниесінің ішкі болмысына тереңдей енсек, ер-әйелдің тең құқықтығы мен қоғамдағы өзіндік орындарының, мәртебелерінің анық айшықталғандығына көз жеткізе аламыз. Ал кейінгі сырттан таңылған көзқарастар, әсіресе, батысқа тым еліктеушілік, шындығында, бізді гендерлік теңсіздік жағдайына алып келді.

Жылдан-жылға гендерлік білім беру жас ұрпақтың толыққанды тұлға ретінде қалыптасуында өзіндік оң нәтижесін беріп келеді. Бірақ бұл әйелдерге немесе ерлерге толыққанды абсолютті еркіндік беріп, жауапкершіліктерін алып тастау дегенді білдірмейді, керісінше, қоғамдағы биологиялық-психологиялық болмысын және мәртебесін сақтай отыра, игілікті-оңды, болмыс тағайындаған дәрежедегі тиісті парыздарын күшейте түсуі тиіс. Бұл екі тарапқа да бірдей қатысты мәселе. Жастарға гендерлік білім берудің басты мақсаттары мен күтетін нәтижелерінің маңыздысы да – осы.




//Егемен Қазақстан .- 2013.- 19 қазан.- 5 б.

Мария ОРЛОВА

Перспективы инженерного образования

Казахстан представлен в Европейской федерации национальных инженерных ассоциаций.

Казахстанское общество инженерного образования (KazSEE) стало аффилиированным членом Европейской федерации национальных инженерных ассоциаций (FEANI). Решение об этом принято на сессии Генеральной ассамблеи FEANI, прошедшей в столице Македонии – городе Скопье. Вступление в эту федерацию позволит проводить аккредитацию инженерных образовательных программ и сертификацию квалификации специалистов. Это еще один шаг к международному признанию казахстанского образования.

В Послании народу «Стратегия «Казахстан-2050» Президент страны Нурсултан Назарбаев поставил задачу создания на базе отраслевых ассоциаций независимой системы подтверждения квалификации специалистов. Государство не должно одновременно предоставлять образовательные услуги и оценивать их качество. Развитие инженерного образования и современных технических специальностей для экономики Казахстана, повышение профессионального уровня инженеров, их сертификация по международным требованиям – приоритетные направления деятельности KazSEE.

Принятие KazSEE в Европейскую федерацию национальных инженерных ассоциаций открывает новые возможности для Казахстана. По словам президента Казахстанского общества инженерного образования, ректора Казахского национального университета им. Аль-Фараби академика Галыма Мутанова, теперь отечественные специалисты естественнонаучной сферы, инжиниринга и технологий не только смогут подтверждать свою квалификацию и получать европейский сертификат, но и будут иметь возможность включения в Реестр европейских инженеров (EurEng). Таким образом, они станут полноправными участниками интеграционных процессов в области подготовки инженерных кадров. Обеспечивается их возможность получения инженерной карты (EngCard), позволяющей осуществлять профессиональную деятельность в странах Евросоюза.

KazSEE работает в тесной связи с ведущими вузами страны, разрабатывает и внедряет новые учебно-образовательные программы, соответствующие международным стандартам, проводит аккредитацию образовательных программ, сертификацию квалификации выпускников. А также участвует в реализации международного Казахстанско-индо-американского проекта по повышению квалификации, подготовке и переподготовке вузовских преподавателей естественнонаучных и технических дисциплин, проекта Темпус «Качество инженерного образования в Центральной Азии».

Установлено сотрудничество KazSEE с Европейской сетью по аккредитации в области инженерного образования (ENAEE), которое позволяет представлять образовательные программы на присвоение европейского знака качества EUR-ASE Label. Совместно с Международным обществом по инженерной педагогике (IGIP) начата работа по подготовке и сертификации преподавателей вузов. FEANI является членом Всемирной федерации инженерных организаций (WFEO), официально признается Европейской комиссией в качестве эксперта в области европейского инженерного образования и имеет статус консультанта при ЮНЕСКО, ЮНИДО и в Совете Европы.

//Казахстанская правда.- 2013.- 18 октября.- С.13



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет