Нұрболат Альфина 101 топ Қазақ тілі мен әдебиеті


Қазақ АССР және Түркістан Республикасы



бет3/3
Дата17.02.2022
өлшемі42,57 Kb.
#132152
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
Н рболат Альфина 101 топ аза тілі мен дебиеті

3. Қазақ АССР және Түркістан Республикасы.

Түркістан АКСР-і (1918-1924 жылдарда өмір сүрген автономиялы республика) Кеңестерінің Орталық Атқару Комитеті (Түрікатком) жанында қүрылып, қызмет атқарған Қазақ бөлімінің тарихы отандық тарих ғылымы тарапынан әлі күнге дейін толық зерттелініп, ғылыми түрғыдан таразыланған жоқ. XX ғасырдың 20-жылдарының басында Түркістан өлкесі қазақтарының саяси, әлеуметтік, қоғамдық, мәдени өмірінде үлкен орны мен ықпалы болған аталған бөлімнің сан-саналы қызметін жан-жақты да толық ашып көрсету үшін іргелі монографиялық зерттеудің қажет болатындығын ескерте отыруды жөн көрдім.
Түрікатком жанында қызмет атқарған Қазақ бөлімінің қүрылуының өзіндік тарихы бар, ол 1917-1920 жылдары Түркістанда орын алған қым-қиғаш саяси процестердің нәтижесінде дүниеге келген еді.Тарихтан белгілі, 1917 жылы қарашада Ташкент болыпевиктерінің қарулы төңкерісінің нәтижесінде Түркістан өлкесінде Кеңестердің саяси билігі орнайды. Аталмыш кеңестер өлке халқының небары 5 пайызынан аспаған орыс-еуропалық келімсектердің жүмысшы - мүжық - солдат бүқарасының мүң-мүқтажын жоқтаған, мүддесін күйттеген, сойылын соққан саяси-әскери органы болды. Қүрылған кеңестердің қүрамында алғашында Түркістанның жергілікті мүсылман - түркі халықтарының өкілдері саусақпен санарлықтай болса, ал Ташкенттегі Орталық билік орындарында (Комиссарлар Кеңесінде) бірде-бір жергілікті үлт өкілдері болмады. Қара шекпенді патшалық империяны қызыл түсті кеңес империясы алмастырды.Орыс болышевиктері билеп-төстеген кеңестердің билігіне балама түрде Түркістанның мүсылман-түркі халықтарының зиялылары 1917 жылы күздің соңында Қоқан қаласында, Түркістанның жергілікті халықтарының еркін орындай отырып, «Түркістан Мүхториятың» (Түркістан автономиясын) дүниеге әкелді, бірақ бүл қүрылым 1918 жылы ақпанда Ташкент большевиктерінің агрессиясы нәтижесінде қанға бөктеріліп, қиратылды [1].
Түркістанда монополиялы саяси билікке ие болған орыс большевиктері ұзақ уақыт бойы өлкенің саяси статусын анықтау мәселесі бойынша ешқандай нақты қадам жасамай, саяси көрсоқырлық танытты. Тек 1918 жылы сәуір айының аяғында ғана Түркістан өлкесі - революцияға дейінгі Ресей империясының Түркістан генерал-губернаторлығы «Ресей Социалистік Федерациясының Түркістан Республикасы» деп жарияланды. Бірақ республиканың барлық ресми құжаттарында қысқаша «Түркістан Республикасы» деген атау қолданылды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет