Нұргүл Оқашева
Болашағын ойлаған озады
Студент десе көз алдымызға кім елестейді? Оларға жұртшылық анықтама да беріп үлгерген. Біреулер: “Студент – сабақтың құлақ күйін келтіруге тырысатын жағымпаз сарбаз”, – десе, енді біреулер: “Студент – түзу жолда сүрінетін, жаман баға алса өмірден түңілетін, кейбіреуіне білім жұқпас, білім жұқса да сабақтың тілін ұқпас, кейбіреуінен мін де таппас ғылым жолындағы ізкесушілер”, – дейді.
buying generic cialiscialis free sample couponwebmed generic generic cialis pillsbuy cialis cialiscialis soft tabs cheapgeneric cialis and us online pharmacycialis purchase ukgeneric cialis us pharmacycialis costcobuy cialis otc
argaiv1989
Әлдекімдердің “Студент – қоғамның кешегісі мен бүгінгісін саралай отырып, келешегін жасайтын жеке тұлға. Студент – өз сөзін ғана жөн деген, өмір шындығын білмеген, сессия кезінде терлеген, әр күнде білімге шөлдеген, сонда да шөлі қанып көрмеген болашақ маман иесі” дегендері ғаламтордағы оқырманның таңданыстарын да тудырып жүр. Десе де, студент дегенде көз алдымызға сабақпен күнін өткеріп, қалайда сессиядан тұтылмай шығудың амалын іздеп жүретін, ұстаздың көңілін табу үшін инемен құдық қазғандай білімнің көшіне ілескен талапкер жандарды елестетеміз. Шәкіртақы алғанда немесе ата-анасы ақша бергенде өзін әлемдегі бай адамдардың қатарына қосып масаттанатын, былайғы күндері қалтасы жұқа, ашқұрсақ, қара жаяу жастарды ойға аламыз тағы да. Алайда, олардың барлығын бірдей қара жаяу деуге де болмайды екен. Қалың қатарларында адал еңбегімен қымбат көлік мініп те, жақсы жерде жұмыс істеп те, тіпті, банктердің біріне салымшы болып тіркеліп, болашақ баспанасына қаржы жинап жүргендер де кездеседі.
М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін заңтану мамандығы бойынша бітіріп, аталмыш білім ордасының магистратурасында оқып жүрген Жәнібек Оразбаев “Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі” акционерлік қоғамының Петропавлдағы филиалы арқылы жақын арада пәтер сатып алмақ. Оның болашақтың қамына кіріскеніне екі-үш жыл уақыт болды, яғни екінші курста оқып жүргенде-ақ тапқан-таянғанын банкке жинай бастаған.
Петропавл қаласында өмірге келсе де ауылдың ала шаңында ортекедей ойнақтап өскен Жәнібек Қызылжар ауданына қарасты Сумское елді мекенінде тұратын ата-әжесінің тәрбиесін көреді. Көнекөз қарттардың құшағында халқымыздың салт-дәстүріне, ертегі-жырына, өнегелі сөзіне қанық болып өседі.
Күйбің тірліктің қамымен жүрсе де, ауыл тұрғындарының бір-бірлерін жол-жөнекей жолықтырғанда амандық-саулық сұрасып, жағдайларының жай-жапсарына қанық болу әдеттеріне куә болған оның бойында мейірімді әрі ізетті болу сынды қасиеттер бала күнінен қалыптасады. Ауыл адамдарының негізгі күнкөрісіне айналған мал, егін одан өзге үйрек, қаз, тағы басқа да үй құстарын бағу сынды шаруашылықтарды реттеуде ата-әжесіне қолғабыс етеді, көмектесе жүріп олардан көп нәрсе үйренеді.
– Кейін ата-әжем Қызылжар қаласына көшіп келген соң мені тәрбиелеп, мәпелеп, еркелетіп өсірген ауылдан көз жазып қалдық. Алайда, елді мекеннің таза табиғатына, мөлдір суына, алаңсыз, бейқамдығына бір кісідей еті үйренген асыл әжем мен ардақты атам қалаға көш түзегенде де табанымыз жердің бар екенін сезіп тұрсын деп, жер үй салдырды. Сөйтіп, бүгінгі күнге дейін үйреншікті кәсіптерінен қол үзбей келеді. Әр сенбі, жексенбі сайын барғанымызда сексеннің сеңгіріне шыққан олар мықшыңдап үйдің кем-кетігін бүтіндеп, үй айналасындағы бақшаның керек-жарағын дайындап жатады, – дейді Жәнібек.
Қазақ халқының мемлекетін құрған Жәнібектей хан болсын деген ниетпен немересінің есімін Жәнібек қойған да сол ауыл тіршілігімен біте қайнасқан атасы. Бала күнінен еңкейіп еңбек етудің маңыздылығын түсіндірген олар еңбектенген адамның болашағының жарқын, келешегінің кемел болатынын балдай немересіне үнемі айтып отырудан жалыққан емес. Ата мен әженің ақылымен бойына сіңірген жақсы әдеттері оның алдағы өмір соқпағына жарық сәуледей жол нұсқайды. Аста-төк дастарқанның басында тамақтанып, тоқшылықта өскен Жәнібек молшылыққа масаттанбай бір тілім нанның қадірін түсініп, барға қанағат етуді бала жасынан үйренеді. Оқу жолын Петропавлдағы “БЭСТ” гимназиясынан бастап, №8 мектепті тамамдаған соң болашақта өзін мемлекеттік немесе әскери қызметші ретінде көруді армандап, М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-дің заңгерлік мамандығына оқуға түседі. Екінің бірі құқықтану саласына атын оздырып жатқан сол кезде Жәнібектің мемлекеттің білім грантына қолы да, жинаған балы да жетпей, ақылы бөлімге оқуға қабылданады. Әрине, жыл сайын оқу ақысына 370 мың теңге төлеп, бауыр етін оқыту – ата-ананың арқалаған жүгі. Одан өзге білім қуған студенттің киімі, жол қаражаты деген қажеттіліктер де жетерлік. Оның үстіне өзінен үлкен ағасы Алматы қаласындағы беделді университеттердің бірінде ақылы негізде оқиды.
“Ата-анаңыздың екеуіңізге бірдей көңіл бөліп, оқу ақыларыңызды төлеу қиындық тудырмай ма?” – деп сұраған едік әңгіме барысында.
– Олардың қосымша табыс көзіне айналдырып отырған жеке кәсіптері жоқ. Айсайынғы жалақыларымен күнелтіп отыр. Біздің де оқуымызға ақша тауып, қатарымыздан кем қылмаудың амалын жасауда. Бар тапқан-таянғандарын екеумізге бөліп беріп, кейде тұрмыстық қажеттіліктерімізге, тамағымызға қаржы тапшы болып қалатын кездер де кездесті. Сондай шақтарда олар біздің көңілімізге қаяу түсіріп, қолымызды, бетімізді қайтарып көрмепті. Үнемі әлденеге алаңдап, күйзелмеуіміздің әрекетін жасайтын. Үшінші курстың белортасында жүргенде ойлана бастадым. “Бір-екі жылда диплом аламын, қайда жұмысқа орналасамын, одан кейін маңдайыма жазылған аққуымды айдыныма қондырып, балаларым пайда болады” деген сияқты ойлар санамда пайда болды. Сессия кезі болатын. Анамның тірнектеп жинаған қаржысын біздің оқуымызға ожаулап құйғанын есіме алдым да, өз бетіммен жұмыс істеп, ақша табуды ұйғардым. Сөйтіп, қаладағы біраз мекемелерді араладым. Көбі “Біздерге студенттердің қажеті жоқ. Олар сабақ пен жұмыстың ортасында түк бітіре алмайды”, – деген сылтаумен бетімді қайтарды. Біраз табанымды тоздырып, әйтеуір, “Нан плюс” супермаркетіне күзетші болып жұмысқа орналастым. Оқуыма да, жұмысыма да бірдей үлгеруге тырыстым. Алғашында анам жұмыс істеп жүргенімді естіп, қарсы болды. Кейін рұқсатын берді, – деген Жәнібек жұмыс істеп жүрген алғашқы айларда 50 мың теңгеге жуық еңбекақы алады. “Адам болатын бала алысқа қарайды” дегендей, тапқан табысын пайдалы іске жұмсаудың жолын ойластырады. Оңтайлы жолын да табады. Ол “Тұрғын үй құрылыс жинақ” банкі арқылы баспанаға қаржы жинау еді. Сөйтіп, оның Петропавлдағы бөлімшесіне салымшы ретінде тіркеліп, қажетті құжаттарды рәсімдейді. Ең алғаш салған қаржысы да есінде. Айлығының 30 мың теңгесін екінші курс оқып жүргенде болашақ баспанасына төлейді. Содан бері тапқанының тең жартысын, кейде жетпіс пайызын асыл арманына, биік мақсатына қол жеткізу жолында аянбай жинап келеді. Бүгінде құны 6 миллиондық екі бөлмелі пәтердің жартысынан көбін жинап үлгеріпті.
Үнемі өзіне “Мен не нәрсеге қабілеттімін?” деп сұрақ қойып және сауалдың жауабына ісімен жауап беруді дағдыға айналдырған Жәнібектің қыстың қамын жазда ойлауы, бос уақытын тиімді жұмсай білуі қазақы тәрбиені тал бойына сіңірткен ата-әжесінен дарыған. Ол өзге ғылыммен, технологиямен, ақыл-ой ұшқырлығымен әлемнің үлкен державаларына айналып отырған Жапония, Қытай сынды алпауыт елдері жастарының жаңалықтарына да құлақ түріп жүреді. Өткеннен сабақ алады, бүгіннен бастап еңбектенеді, ертең үшін қарекет жасайды.
Бүгінде ол заңгерлік мамандығының магистратурасында білім алуда. Университет қабырғасынан шықпай жатып, үй сатып алуға жақындап қалған Жәнібектің тізгіндеп жүрген “темір тұлпары” да кісі қызығарлықтай. Қымбат “темір тұлпар” мініп жүргенін көрген таныстары, сабақ беретін мұғалімдері оны қалтасы қалың шенеуніктің немесе табысы мол кәсіпкердің баласы деп ойлайтын кездері де көп болыпты. Оқи жүріп, екі-үш жерде жұмыс істейтінін, қажеттіліктен туындаған соң несиеге сатып алғанын көп адам біле бермейді.
Жәнібек үстіміздегі жылдың шілдесінде оқуын бітіріп, қолына магистр дәрежесін растайтын диплом алмақ. Одан кейін алысқа арманмен аттанған жігіттің жеке баспанасына қол жеткізіп, қоныстойын тойлар күні де алыс емес.
// Солтүстік Қазақстан. - 2015. - 18 маусым.
Достарыңызбен бөлісу: |