«Бұлар пайыз жегендер, өздеріне-өздері шайтан
шақырған адамдар сияқты»
(«Бақара» сүресі, 275) деп түсіндірді. Одан
кейін әйелдердің бір қарасы кеуделерінен, енді бірі аяқтарынан ілмекке
ілінген күйі бастары төмен салбырап тұр екен. «Бұлар зина жасаған және
балаларын өлтірген әйелдер», – деді» (Бұхари, Саләт 1; Әнбия 5, 22; Мүслим,
Иман 263-264 ) . Міне, осылайша тозақтың шынайы бейнесін көрген Аллаһ
елшісі (с.а.с.) бір хадисінде: «Егер менің білгенімді білгендеріңде, аз күліп,
көп жылар едіңдер» (Ахмед ибн Ханбал, Мүснәд, 3 т. 210 б; Бұхари, Сахих, 5
т,190 б; Тирмизи, Сүнән, 5 т, 557 б.) деген.
44. Пайғамбарымыз (с.а.с.) уланғандықтан шейіт болып
дүние салды ма?
« Аллаһ сені адамдардан қорғайды »
(«Мәида»,
67) деген аят
түскеннен соң дінді адамдарға жеткізу жолында барын салды. Ешбір
дұшпаны оған зиянын тигізе алмады. Мысалы, Умайр ибн Уаһб, Сафуан ибн
Умайя, Амир ибн Туфайл секілділердің қастандықтарынан Аллаһ тағала
құтқарған. Мұсылмандар Хайбар соғысында жеңіске жеткен болатын.
Ойсырай жеңіліп, іштері күйген яһудилер қысастықпен тағы бір зымиян айла
ұйымдастырмақ болып, хазірет Мұхаммедті (с.а.с.) у беріп өлтіруге
әрекеттенеді. Яһуди Сәлам ибн Мишкәмның қызы Зейнеп у беруді мойнына
алды. Сосын жаңа сойылған ешкіні жақсылап пісірді де, барлық жерін улап
тастады. Пайғамбардың (с.а.с.) ешкінің қол етін жақсы көретінін біліп, сол
жеріне уды көбірек септі.
Пайғамбар кешкі уақытта намазды жамағатпен оқып, қайтатын уақыт
болған сәт еді. Қайтарда яһуди әйелдің жолда отырғанын көріп қалады да, ол
әйелден не үшін отырғанын сұрайды. Ол: «Сендерге сыйлығым бар еді», –
деп, дәмді піскен ешкінің етін сыйға тартады. Пайғамбарымыз етті
дастарқанға қойып, сахабаларымен бірге отырады. Аллаһ елшісі бір жапырақ
етті аузына салып, біраз шайнағаннан кейін: «Тез қолдарыңды тартыңдар!
Мына сүйек маған улы екенінен хабардар етті», – деп айтып үлгерді.
Сахабалар тартынып қалды, тек Бишр ибн Бәлта бір үзім етті жұтып қойып
еді. Отырған жерінде тіл тартпай кетеді.
Артынша етті пісірген Зейнепті шақырып, бұл ісінің себебін сұрады.
Сонда Зейнеп: «Егер сен шынымен-ақ Аллаһтың жіберген пайғамбары
болсаң, бұл у саған әсер етпейді. Ал егер пайғамбар болмасаң, адамзатты
сенің кесіріңнен құтқаруды қаладым», – деп жауап бергені айтылады
(Мұхаммад ибн Сағд «Табақатул-кубра», Бейрут: Дарус -садр, 2 т, 201 б. ) .
Бұл әйелдің өмірінің соңы жайлы екі риуаят бар. Біріншісі, Бишрдің
мирасқорлары қысас жасап әйелді өлтірді дегенге сайса, екіншісі, әйел иман
етіп, мұсылман болып, азат етілді делінген (Бұхари, Һибә, 27; Әбу Дәуіт,
Диәт, 6, Ибн Кәсир, 4/237) .
Пайғамбарларды өлтірумен даңқы асқан, әсіресе, адамды улап өлтіруде
алдына жан салмайтын яһудилердің бұл жолғы айласы да іске аспады.
Осылайша Аллаһ тағала Пайғамбарды түрлі қастандықтардан қорғады, әрі
дінді толығымен халыққа жеткізгенге дейін дұшпандарынан қорғайтынын
жоғарыдағы аятпен уәде еткен болатын.
Дін толығымен 23 жылда түсіп біткеннен кейін, шариғатты толығымен
адамдарға жеткізгеннен соң, дінді ұстануды толығымен мойнына алған, одан
әрі жеткізуге бел буған сахабалар дайын болғаннан кейін Аллаһ елшісі (с.а.с.)
дүние салды. Аллаһтың белгілеген: «Барлық тірі жан өлімнің дәмін татады...»
деген заңдылығы бойынша 63 жасында қайтты. Тіпті Пайғамбарымыздың
(с.а.с.) науқастанып, екі адамның ыстығындай ыстығы көтеріліп, басы
ауыруы, өлім Аллаһтың өзгермейтін қағидасы екендігін ұқтырады.
Расулаллаһ (с.а.с.) өзінің өмірдегі пайғамбарлық міндетінің
аяқталғанын білді.Міндетінің орындалғанын, ақиретке кететінін білгендіктен
қоштасу қажылығында:: اذه يماع دعب اذه يعضوم يف مكاقلأ لً يلعل « Келер жылы
сендермен қайта жолыға алмайтын шығармын », – деп хабар берген болатын.
Сондай-ақ Пайғамбарымызға (с.а.с.) өлім күтпеген уақытта емес, өз
таңдауымен келген. Өлім мен өмірді таңдау келгенде Пайғамбарымыз (с.а.с.)
Аллаһтың құзырын таңдағандығы жайлы былай дейді: «Аллаһ тағала бір
құлына дүниенің рақаты мен өзінің иелігіндегіні таңдауға еркіндік берді.
Құлы оның иелігіндегі нығметті таңдады», – деп Аллаһпен қауышуды
таңдағандығын айтқан. Олай болса, Аллаһ елшісі (с.а.с.) күтпеген жағдайда
дүние салған жоқ. Оның (с.а.с.) қайтыс болуы Аллаһтың қалауымен болды
және қарапайым адамдар секілді дүние салды. Дүние саларында Хайбар
соғысынан кейінгі уланған етті аузына салғандықтан ыстығы көтеріліп, басы
ауырған болуы мүмкін. Алайда Пайғамбарымыз (с.а.с.) дінді толық жеткізіп
біткенше бұл у еш әсерін тигізе алмады. Бұл улы етті аузына салғаннан кейін
де Аллаһ елшісі (с.а.с.) әскерлерге басшылық етіп үлкен соғыстарға қатысты,
жауластарымен келіссөз жүргізді, өкілдерді қабылдады, осылайша
қарапайым дені сау адамның күнін кешті. Аллаһ елшісі (с.а.с.) дінді толық
жеткізіп болған соң, Аллаһтың белгілеген сағаты келіп, ақиретке аттанар
сәтінде ол жеген у күшіне еніп, науқасын арттыруы мүмкін, өйткені
Пайғамбарымызбен бірге уланып қайтыс болған Бишрдің анасы Умму
Мубашшир Аллаһ елшісі (с.а.с.) науқастанып, дүние салар сәтінде қалын
сұрап келіп: «Мүмкін сіздің науқастануыңыздың себебі менің ұлымның
уланған уы болар», – деген. Сонда Пайғамбарымыз (с.а.с.): «
Менің
науқастануымның себебі сол нәрседен басқа еш нәрсе емес. Сол мені
құртатын (ажалыма себеп болатын) секілді
», – деп жауап берген (Ахмад
ибн Ханбал, Мүснад, Бейрут, Дарус-садр, 6 т 18 б) .
Жалпы әр қиындықтың бір сыйы болғаны секілді Пайғамбарымыздың
(с.а.с.) дін жолында уланып, одан ауырлық сезініп дүние салуы оның
ақиреттегі сауабының артуы, дәрежесінің жоғарылауы, тіпті шейіт болуына
себеп болады десек қателеспейміз, өйткені кейбір ғалымдар осы пікірді
бірауыздан мақұлдайды. Аллаһ жолында жүріп, төсекте қайтқан адам да
шейіт кететініне мына хадисі дәлел: «
Кімде-кім Хақ тағаладан шынайы
ниетімен шейіт болуды сұраса, төсегінде жатып жан тапсырса да, Аллаһ
оны шейіттердің мәртебесіне жеткізеді
»( Мүслим, Имара 157) .
Шейіт болу мұсылман үшін үлкен дәреже. Ақиретте есеп-қисапқа
түспей жаннаттың төрінен орын алу деген сөз. Алайда Пайғамбарымыздың
(с.а.с.) шейіт болып немесе болмай дүниеден өтуі оның ақиреттегі дәрежесін
төмендетпейді. Оның ақиреттегі орны Аллаһ жолында құрбан болған
шейіттердің деңгейінен де жоғары екендігі бесенеден белгілі. Бұған дәлел
Құрандағы:
Достарыңызбен бөлісу: |