Нұрлан Сайлауұлы Әкім Алымуддинұлы


 Миғражға денесімен шыққан ба?



Pdf көрінісі
бет50/123
Дата17.09.2023
өлшемі1,29 Mb.
#181333
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   123
Байланысты:
Шаңғы күтімі,сақтау А.Назира 2

42. Миғражға денесімен шыққан ба? 
Пайғамбарымыздың (с.а.с.) миғражға шыққандығы рас. Өте қысқа 
уақытта Құдыс мешітіне барып, пайғамбарларға намаз оқытып, аспанның 
жеті қабатында болып жатқан оқиғаларды көріп, Аллаһтан намаз міндеттеліп 
қайта үйіне оралуы Аллаһ тағаланың құдіретімен жүзеге асты. Бұл жерде 
Аллаһ елшісі (с.а.с.) миғражға рухымен шықты ма, әлде тәнімен шықты ма 
деген ой туындауы мүмкін. Бұған жауап рухымен де, денесімен де шықты 
деп, мынадай дәлелдер келтіреміз:
1. Құранда осы туралы айтылғанда қолданылған сөздер расулаллаһтың 
денесі мен рухының бірге шыққанын көрсетеді, өйткені «
Құлымды бір түні 
Харам мешітінен Ақса мешітіне...
» – деген аяттағы «абд» (құл) сөзі 
адамның жанын да, тәнін де қамтитын ұғым. Құранның басқа аяттарына 
қарағанымызда «абд» сөзі айтылғанда, дене мен рухқа қатысты екенін 
көреміз. Настың (аят-хадис) сыртқы мағынасы анық көрініп тұрғанда ішкі 
мағынасын іздестіру қажет емес. Оның үстіне, бұл сапар ұйықтап жатқанда 
немесе рухани түрде жүзеге асқанда «құлымды» деген сөздің орнына 
«құлымның рухын» деп айтар еді.
2. Исра-Миғраж оқиғалары айтылған «Исра» сүресі 
« Субханәлләзи 
әсра би-абдиһи ...»
деген сөйлеммен басталған. Арабтар таңғажайып оқиғаға 
куә болғанда, Ұлы Аллаһтың құдіретіне бас иіп «Субханаллаһ» дейді. 
Сүренің осы сөзбен басталуы адам ақылы жетпейтін таңғажайып оқиғаның 
орындалғанын көрсетеді. Әсіресе, Құран тұрғысынан қарағанда миғраж 
оқиғасына қатысты аяттар «мүбһәм» (астарлы мағына) түрде баяндалғанын 
көруге болады, өйткені бұл – имани мәселе. Имани тұрғыдан назар салмаса, 
мұны ақылмен түсіну мүмкін емес. Бәлкім, адамның ерік-күшін елеусіз 
қалдырмау үшін Аллаһ тағала исра және миғражға қатысты аяттарда тек қана 
кәміл бір иманмен қарай алатындар ғана түсінетіндей бір тәсілмен мәселені 
тілге тиек еткен. Сонымен қатар, бұл мәселеге ақыл тұрғысынан қарап, 
түсіне алмай дал болатындар үшін мейірімділік танытып, бұл мәселені 
ұғынуды белгілі бір дәрежеде әркімнің өз ықтиярына қалдырған. Әйтпесе, 
аят «сарих», яғни анық айтылған болса мұндай аятты теріске шығарған адам 
күмәнсіз мұндай мейірімнен мақұрым қалып, осы арқылы құрдымға кетуі де 
ғажап емес-тін.
3. Тақырыпқа қатысты аятта 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   123




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет