Пайғамбарымыз (с.а.с.) өзіне сиқыр жасалғанын білген бетте дұға
оқып, Аллаһ тағаладан шипа сұраған. Көп кешікпей Жәбірейіл (а.с.) мен
Микайыл (а.с.) келіп не істеу керек екенін көрсетеді. Аллаһ расулының
(с.а.с.) шашы мен сақалын, сондай-ақ құрма гүлін қолданып сиқыр жасаған
Ләбит ибн Асам артынша түйіншекті Зәруан құдығына тастаған екен.
Жанына бірнеше саха- басын ертіп барып құдықтың аузын жаптырып
тастайды. Хазірет Айша анамыз (р.а.) «Сиқырды алдың ба?» – деп сұрағанда,
Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Жоқ, алмадым. Оны алып шықсам, ел арасында
сиқыр жайылып кете ме деп қорықтым», – деп жауап қайтарды. Шипаны
Аллаһтың өзі беретінін, сиқырдан құтылу үшін міндетті түрде сиқырланған
затты алып шығудың керек еместігін айтқан. Осы оқиғаға қатысты «Фәлақ»
және «Нас» сүрелері түскен.
Достарыңызбен бөлісу: