78. Пайғамбарымыздың (с.а.с.) әлемге рақым болып келуін қалай
түсінеміз?
Он сегіз мың ғаламның Сардары – дүниеге адамзат пен жын қауымына
Аллаһты таныту үшін әрі жа- ратылыс атаулыға рақымдылық жаршысы.
Құран аяты бұл сырды паш етіп:
«Біз сені әлемге рақым етіп қана
жібердік»
(«Әнбия» сүресі, 107) дейді.
Мұхаммедтің (с.а.с.) жарық дүниеге жіберілуі – Жаббар Иенің болмыс
атаулыға жасаған үлкен қайырымы, рақымы. «Рақым» сөзі есіркеуге мұқтаж
жандарға мейірім мен жақсылық жасау дегенді білдіреді. Негізінен
аяушылық бірінші кезекте кісі тәрбиесімен айналысатындарға керек қасиет.
Жүрек – иманның бастауы. Тас жүрек адам нағыз тәрбиешілікке лайық емес.
Ал мейірбан жүрек бейбіт өмірдің ұйытқысы. Ендеше, көңілдің төрінен орын
алып, әркімнің аңсарына айналғанына қарағанда, таудан құлап аққан кәусар
бұлақтай мейірім мен рақым сезімі ең алдымен Пайғамбарымыздың (с.а.с.)
бойында менмұндалап жатса керек.
Бұл рақымдылық ақиретті де, дүниені де қамтиды. Мүшріктер Қағба
ішін пұт атаулыға толтыру арқылы көңіл жұбатып, жабайы һәм надан
әрекеттеріне желеу іздеп, адам баласы ар-ожданнан айырыла бастаған кезде,
сүйікті Пайғамбарымыз дүниеге келген еді. Рақымның жер бетіне орнауымен
тағылық пен соқыр сенімге тосқауыл қойылды, бейбақтардың көңіліне жан
тыныштығы қонып, сіңірі шыққан кедейлер қанды сүліктей сорған
қаныпезерлердің қақпанынан құтылып, жаугершілік жайбарақат тіршілікке
айналып, дертке дауа, жанға шипа болған парасат майданының арқасында
аяққа тапталған адамгершіліктің аспаны шұғылаға қайта бөленді.
Расулаллаһтың рақымы мұсылман мен мұнафықты, кәпірді, дос пен
дұшпанды, үлкен мен кішіні, тіпті жануарларды да түгел қамтиды. Мүминге
һидаят, кәпірге иләһи азаптың кешіктірілуі, мұнафықтар өмірі үшін
тыныштық әкелген бұл рақымның аясында Аллаһқа қарсы шыққаны үшін
бірден жойылып кету азабы тоқтады. Құранда
Достарыңызбен бөлісу: