Нұрлан Сайлауұлы Әкім Алымуддинұлы


«Раббың саған береді және сен разы



Pdf көрінісі
бет91/123
Дата17.09.2023
өлшемі1,29 Mb.
#181333
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   123
Байланысты:
Шаңғы күтімі,сақтау А.Назира 2

«Раббың саған береді және сен разы 
боласың» 
(«Духа» сүресі, 5) делінген қасиетті аяттар да бар.
Хазірет Пайғамбар (с.а.с.) иман етпегендерге ақиреттегі қиын 
жағдайды ескертіп, жұртты һидаятқа шақырудан жалықпады. Көпшілігінің 
иман етпегенін көргенде іштей қатты қынжылып, қайғыдан айыға алмай 
қалатын. Оның таңғы шықтай мөлдір жанын осы кірбіңнен арылту үшін 
Аллаһ тағала қасиетті аяттар түсірді: 
«Олар Құранға сенбесе, жаныңды 
қоярға жер таппайсың»
(«Кәһф» сүресі, 6) , 
«Олар Құранға сенбеді деп, 
жаныңды жегідей жейсің»
(«Шұғара» сүресі, 3) .
Һидаят пен адасудың Аллаһтың қолында екенін айтты: 
«Жасаған 
жамандығы өзіне жақсы көрінген адам ізгілік істеген, тура жолды 
ұстанған адаммен бірдей бола ма? Аллаһ қалағанын адастырады, 
қалағанын хақ жолға салады. Олар иман етпеді деп таусыла берме. 
Аллаһ олардың барлық ісінен хабардар»
(«Фатыр» сүресі, 8) .
Расулаллаһ (с.а.с.) өте сезімтал кісі болатын. Кісінің жан қиналысын 
көргенде байыз тауып отыра алмайтын. Кедей-кембағал жандарға мейірім-
шапағатын төгетін. Кешірілмес ағаттықты кешіретін биязы мінезі оның 
ерекше рух иесі екенін айқындап тұратын. Көркем мінездің озық үлгісін 
танытқан Аллаһ елшісіне (с.а.с.) үмбет болу біз үшін шексіз бақыт, шүкір 
қылатын ұлы нәсіп. Үлгі-өнегесін өмірімізге темірқазық ету – жаннатқа 
апарар соқпаққа түсу.
Намазды созып, жұртты шаршатқан адамға ескерту жасаған. Намаз 
үстінде жылаған баланың даусын естігенде, сапта тұрған анасы қиналмасын 
деп намазды тезірек бітіретін. Балаларды еркелетіп жақсы көруді өсиет етті. 
Күнәһар әйелдің итке су бергені үшін жұмаққа барғанын айтып, көп ғибадат 
еткенімен, мысықты аштан-аш қамап қойғаны үшін тозаққа түскен әйелдің 
оқиғасын баяндап, өмірдің тылсымынан сыр шертетін.
Мейірім сұлтанының мына сөздері де мейірімнің жаңа қырын байқатса 
керек: «Аллаһ мейірімді құлдарына ғана мейірім танытады» (Бұхари, 32) , 
«Сендер жердегілерге мейірім көрсетсеңдер, көктегілер де сендерге мейірімді 
болады» (Тирмизи, Бирр 16.) деп баршаның зәредей жан қиналысын 
қаламаған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   123




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет