Нұрлан Сайлауұлы Әкім Алымуддинұлы


 Жұбайларымен кеңескен бе?



Pdf көрінісі
бет74/123
Дата17.09.2023
өлшемі1,29 Mb.
#181333
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   123
Байланысты:
Шаңғы күтімі,сақтау А.Назира 2

61. Жұбайларымен кеңескен бе? 
Пайғамбарымыз (с.а.с.) әйелдерімен кеңескен. Ең алғаш уахи түскенде 
қатты қорқып, бұл қорқынышын өзін әрқашан қолдап жүретін Хадиша 


анамызға барып: «Уа, Хадиша, маған бір сәуле көрінеді. Тылсымға толы 
дауыстар естимін. Пұттар мен көріпкелдерді жақтырмайтынымды білесің. 
Маған жындар келе ме деп қорқамын», – дегенде: «Уайымдама, Аллаһ сен 
сияқты құлын ұятқа қалдырмас, өйткені сен әрқашан шындықты айтасың. 
Аманатқа қиянат жасамайсың. Туған-туыстарыңмен жақсы қарым-қатынас 
жасайсың. Көршілеріңе мейірімдісің. Кембағал жандар мен сіңірі шыққан 
кедейлерге қол ұшын беріп,мүсәпірлердің басынан сипап, үйіңнің төріне 
шығарасың. Ағайындарыңның басына іс түскенде, қиындыққа ұшырағанда 
жәрдеміңді аямайсың. Аллаһқа ант етейін, сен бұл үмбеттің пайғамбары 
боласың деп үміттенемін», – деп жұбатып, көңіліндегі қорқынышты 
сейілткен (Мүслим, Иман 252; Бұхари, Бәдул-уахи 1) .
Сондай-ақ, қызы Зейнептің Әбу Аспен некелесуі де Хадиша анамыздың 
ұсынысымен, Пайғамбарымыздың (с.а.с.) мақұлдауымен болған.
Ифк оқиғасы (мұнафықтардың Айша анамызға жала жабуы) орын 
алғанда, Пайғамбарымыз (с.а.с.) бұл істің мән-жайын толық білу үшін Зәйнап 
бинт Жахштан және Айша анамыздың қызметшісі Барирадан Айша анамыз 
жайлы сұрап, олармен кеңескен (Бұхари, Шаһадат 16) .
Үммі Сәламамен болған оқиға бұл мәселені кеңінен аша түспек. 
Һижреттің алтыншы жылында Пайғамбарымыздың (с.а.с.) басшылығымен 
мұсылмандар Меккеге ұмра жасау ниетімен жолға шықты, бірақМеккелік 
мүшріктер ұмра қажылығы үшін Меккеге кіруге рұқсат бермейді, бірақ екі 
жақ Худайбия келісімін жасасады. Бұл келісім біткеннен кейін Аллаһ елшісі 
өзімен бірге кіші қажылыққа ниеттеніп келген сахабаларға «құрбан шалып, 
ихрамнан шығыңдар» деп бұйрық береді, бірақ сахабалар «қабылдаған 
шешімінде бір өзгеріс болып қалар» деген оймен іштей тынып
жайбарақаттылық танытты. Хақ Пайғамбардың бұйрығы тағы бір рет 
қайталанды, бірақ сахабалар әлі де үмітті көздерін пайғамбар тұрған жаққа 
қадап, қозғала қоймады. Бұл әсте Аллаһ елшісіне деген қарсылық емес. Олар 
бар болғаны басқа бұйрық беріп қалар деп дәмеленді, өйткені олар Қағбаны 
тауап етеміз деп ниет қылып, жолға шыққан болатын. Екі жаһан Сардары 
сахабалардың осы хал-ахуалын сезісімен, дереу шатырына кірді де, 
жарыҮммі Сәләмә анамызбен ақылдасты. Осы парасатты әйел ақылдасудың 
артықшылығына бола көкейдегі пікірін айтты, өйткені Аллаһ елшісінің 
ешкімнің ақылына мұқтаж еместігін жақсы білетін. Хақ елшісі жарымен 
ақылдасу арқылы бізге сол жерде тағы бір өнеге көрсетті. Сонда Үммі 
Сәләмә анамыз: «Уа, Аллаһ тағаланың елшісі! Бұйрығыңды енді қайталаушы 
болма. Өзіңе қарсылық білдіріп, құрдымға кетіп жүрер, бірақ өз 
құрбандарыңды шалып, оларға ләм-мим деместен барып ихрамнан шық. 
Бұйрығыңның айқындығын сонда ғана аңғарып, қаласа да, қаламаса да, саған 
бағынады», – дейді. Аллаһ елшісі (с.а.с.) де осылай ойлаған. Дереу қолына 
пышақ алып, шатырынан шықты да, өзіне тиісті құрбандарды шала бастады. 
Ол бір-екі құрбан шалысымен, сахабалар да өздерінің құрбандарын шалуға 
кірісті. Берілген бұйрықтың өзгермейтіндігіне сол кезде ғана көздері толық 
жетті (Бұхари, Шурут, 15) .


Иә, қабырғасымен кеңесу де, ақылдасу да алғаш рет пайғамбар 
шаңырағында басталды. Әйел заты бір бүтіннің жартысы. Екі жарты 
қосылғанда ғана адамзат бір бүтінге айналмақ. Пайғамбарымыз (с.а.с.) 
осылайша тәрбиені өз шаңырағынан бастаған.
Әйелдермен кеңесу жайлы біршама өнегелер мен хадистер қалдырды. 
Мысалы, «Әйелдерге қатысты мәселелерде, әйелдермен кеңесіңдер» 
(Усудул-Ғаба 4,15 ) , «Қыздарыңа байланысты мәселелерде әйелдермен 
кеңесіңдер» (Әбу Дәуіт; Никах 24) , «Жесір әйел кеңесу арқылы тұрмысқа 
беріледі, ал пәк қыздар өздері рұқсатын бермейінше, күйеуге берілмейді» 
(Бұхари, Иқрар 4) .
Бірде бойжеткен қыздың қалауынсыз, оның ойын білместен, әкесінің 
мәжбүрлеуімен болған некені Аллаһ елшісі (с.а.с.) құп көрмеген (Бұхари, 
Икраһ 4 199 ) .
Құрандағы бір сүреге «Шура» (Ақылдасу) деген ат берілгені де тегін 
емес. Бұл сүреде 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   123




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет